Тараз мемлекеттік



Pdf көрінісі
бет14/27
Дата16.02.2017
өлшемі6,7 Mb.
#4225
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   27

АннотацияВ статье рассматриваются мнения мажарских ученых ХІХ века Ш.Брашшаи, А.Вамбери, 
И.Тури, В.Радлова об устном народном творчестве казахского народа. 
Annotation.  In  this    article  are  given  the  opinions    of  Majar  scientists  of  the  XIX  century  Sh.Brushshy, 
A.Vambery, I.Turi, V.Radlov  about  folklore of Kazakh  people. 
______________________ 
1.
 
Brassai Samuel.Kirgiz kozakok (Қырғыз қазақтар). Vasarnapi Ujsag.1935. №87. 749-750 бб. 
2.
 
Varberi  Armin.  A  torok  faj.Ethologiai  es  ethnografiai  tekintetben    (Түркі  нҽсілі.  Этнологиялық  жҽне 
этнографиялық кҿзқарас). Вр. Magyar Tudomanyos  Akademia.1885 . 355-бет 
cонда, 356-бет 
сонда 358-359 -бб  
сонда, 359-бет  
сонда, 360-бет  
сонда, 360-361-66 
3. Тһuгу Jozsef. Kozep Azsiai torok irodalom. (Орта Азия түркілерінің ҽдебиеті). Budapest. 1904. 1-бет. 
сонда 98-99 66. 
сонда, 103-бет. 
 
 
 
Б.А. Мҧртазаева 
 
ҦЛБИКЕ ЖАНКЕЛДІҚЫЗЫНЫҢ АҚЫНДЫҚ ОРТАСЫ 
 
ӘОЖ 82.0.2 (5Қаз) 
       М-1079  
 
Ұлбике ақынның ҽдеби ортасын, ақындық  айналасын аңғару мен анықтау ісінің  ғылым үшін, 
ҽдебиеттану  үшін,  айтыс  ҿнері  үшін  маңызы  үлкен  екендігінде  сҿз  жоқ.  Тап  қазіргі  сҽтте  оның 
ортасы, ақындық айналасы мынандай еді деп, кесіп-пішіп айту оңай емес. Ҿйткені ақын қыздың  

 
 
103 
 
ақындық  айналасы,  ҽдеби  ортасы  туралы  нақты  дерек  кҿзі  боларлық,  нақты  мҽлімет  берерлік 
материалдар ҿте аз. Қолда бар азын-аулақ деректерге қарағанда, ақын  қыздың алғашқы ҽдеби білім 
алған  мектебі  оның  ҿз  от  басынан  басталады.  Қыздың  ҽкесі  Жанкелді,  анасы  Жаңыл  –  екеуі  де  ҿз 
заманында,  ҽдеби  тұрғыдан  алғанда,  білімді,  ақындық  ҿнерге  жетік,  уақытының  ҽдеби  үлгілерін, 
халық ҽдебиетін жете меңгерген кісілер. Ҽдетте, ақын болар жас үшін оның ҿскен ортасының ҽдеби 
бағыты,  ҽдеби  жолы  мен  жҿні  жоғары  қызмет  атқаратынында  сҿз  жоқ.  Оның  маңызы  мен  мҽнін 
тҿмендетуге болмайды. Ал  енді осындай ҽдеби білім мен біліктілік ортасы ақынның ҿз от басынан, 
үйінен  басталып  жатар  болса,  онда  мұның  маңызы  мен  мҽнін  тағы  да  ескермеуге  болмайды. 
Ұлбикенің ақындық ҿнері, айтыскерлік таланты, олардың бастау кҿздері туралы сҿз бастай қалғанда, 
алдымен,  оның  ҿз  отының  басын,  ҽкесі  мен  анасының  ойы  мен  бойынан  ауысқан  нҽрді,  содан 
жұғысты  болған,  сҿйтіп,  солардың  қалаған  бағытында  қалыптасып,  дамыған  қабілет  пен  қасиет 
сырын  назардан  тыс  қалдырмау  керек.  Халық:  «Ұяда  не  кҿрсең,  ұшқанда,  соны  ілерсің»  деп  бекер 
айтпаған.  Ұлбикенің  ұяда  кҿргені,  ұққаны,  ұядан  жанына  қабылдағаны  ақындық,  ақындық  ҿнердің 
ҽсем  ҽлемі,  сұлу  сыры  мен  сҽулетті  сымбаты  болды.  Ақындық  ҿнер  кісінің  бойына  біреудің  айтуы 
бойынша,  біреудің  кеңесі  немесе  қалауы,  насихаты  бойынша  қонбайды.  Ақындық  ҿнер  де  бір  дҽн 
сияқты.  Топырағы  құнарлы,  күні  нұрлы,  ҿзі  сулы,  нулы  жерге  ғана  тамыр  жаяды.  Ұлбикенің,  ең 
алдымен, ҿз үй-іші, ата-анасы, ауыл-аймағы болып құрайтын ортасы, мектебі жарық болды, ақындық 
ҿнердің жаны мен жүрегі ол үшін сол жерден табылды, содан басталды. Ұлбикенің ҽкесі Жанкелді де, 
анасы  Жаңыл  да  ҿз  дҽуірінің  белгілі  ақындары,  ел  билігін  ұстаған  белгілі  билермен,  батырлармен 
бірге  жүрген,  қатар  кеңес  құрған  кісілер  болған.  Оған  дерек,  айғақ  болатын  материалдар  Қазанғап 
Байболұлының  «Тҿле  бидің  тарихы»  дастанында  кездеседі.  Дастан  ел  аузында  сақталған  ҽңгімелер 
негізінде  жазылған.  Қазанғап  Байболұлы  (1890-1946)  –  ақын,  жырау  болумен  бірге  ауыз  ҽдебиеті 
үлгілерін  кҿп  жинаған.  «Тҿле  бидің  тарихы»  1941  жылы  жазылған,  1947  жылы  Орталық  Ғылыми 
кітапхананың қолжазба қорына тапсырылған. 
Тҿле би баласына қыз таңдап жүрген шағында билердің біреуінің жақынының қызы бой жетіп 
отырғаны,  сол  қызға  құда  түсу  туралы  сҿз  болып  қалады.  Оны  Тҿле  бидің  қасындағы  Ниязбек 
ұнатпай,  мҽнісін  Жанкелді  ақынға  айтыпты.  Жанкелді  ҿлең  арасында  кҿпшілікке  мынандай  толғау 
айтқан екен: 
...Кҿлдің сҽйкес келмесе, қоңыр қазы. 
Ҽйел, еркек ҽр істі дана қылар, 
Іс болар ма жаманға шара қылар? 
Қандай еркек ақылды болғанменен, 
Бір-ақ ҽйел ҿмірін ада қылар. 
Дастанда  Жанкелді  Тҿле  би  бастаған  қазақ  халқының  белгілі  билері,  батырлары,  ақындары 
арасында  жыр  айтып,  ҿлең  толғайды.  Мұның  ҿзі  оның  ҿз  дҽуірінің  білікті,  білімді  ақыны,  жүйрік 
жырауы  болғанын  аңғартады.  Жанкелдінің  ҿлеңі  тұтастай  суретті  ҽрі  тұспалды.  Тұспалдай  айтып 
отырған  ҿлеңіне  ақын  үлкен  мҽн,  терең  мағына  дарытады.  Ол  қызды  жақтырмай  немесе  жаратпай 
отырған  жоқ.  Жігіт  пен  қыз  туралы,  екі  жақсының  қосылуы  немесе  екі  жаманның  қосылуы,  оның 
аяғы  туралы  жалпы  жұртқа  ортақ  ғибратты  ой  тастайды.  «Бейнет  болар  жігітке  ҿмір  сауда,  Кҿлдің 
сҽйкес келмесе, қоңыр қазы» секілді жыр жолдарында терең мҽн жатыр. Ақын айтайын деген ойын 
бүркемелеп,  астарлап,  тіпті  тұспалдап  жеткізіп  отырғанында  дау  жоқ.  Бұл  жерде  «қоңыр  қаз»  деп 
ақын  жігітке  жар  болар  қызды  айтып  отыр.  Тұспалды  ойын  ақын  кҿркемдік  бейнелеу  құралдары 
жүйесінінен таңдап  алған ауыстыру тҽсілі, құралы арқылы шебер жеткізген. «Қандай еркек  ақылды 
болғанменен, Бір-ақ ҽйел ҿмірін ада қылар» сияқты тармақтар да маңыздылығымен, ҿмірлік мҽнінің 
тереңдігімен жҽне анық та айқын сипаттағы дҽлелділігімен, негізділілігімен ерекшеленеді. 
Берілген  жыр  жолдары  Жанкелді  ақынға  тҽн  деп  отырғанымыз  негізсіз  емес.  Жыр  жолдары 
Қазанғап Байболұлының дастанында берілгенімен, ол жолдарды Қазанғап Байболұлы шығарған деу 
ретсіз. Қазанғап Байболұлы бұл жырларды ел аузынан жазып алып, оларды ҿз дастаны үшін қажетті 
мҽтін  ретінде  пайдаланған.  Ұлбикенің  анасы  Жаңылдың  ҿлеңмен  айтқан  кҿңіл  сұрауы  туралы  да 
осыны айту дұрыс.  
Мҽшһүр Жүсіп Кҿпейұлы Ұлбикенің ҽкесі Жанкелдінің де, анасы Жаңылдың да ақын болған 
кісілер  екендігін  жазады  [7,118].  Сонымен  қатар  Мҽшһүр  ақын  «Жанкелді  ақынның  қартайғанда 
айтқан  ҿлеңі»  деген  сегіз  тармақтан  тұратын  ҿлеңін  ел  аузынан  жазып  алған.  Жанкелді  ақын  бұл 
ҿлеңінде  де  сҿзге  жүйрік,  бейнелі  сҿйлеуге  шебер  екендігін  кҿрсетеді.  Ҿлең  ақынның  балаларына 
арналып айтылғанмен, онда қарттық туралы үлкен ой, шыншыл таным бар. Қазанғап Байболұлының   

 
 
104 
 
дастанында ауырып тҿсек тартып жатқан Тҿле бидің кҿңілін сұрап келген Жаңылдың ҿлеңмен айтқан 
сҿзі берілген. Онда ақын Жаңыл былай дейді: 
Жан аға, сұрамақпын аманыңды-ай, 
Есітіп тұра алмадым хабарыңды-ай. 
Жатырсың, аға, нардай енді кҿлбеп, 
Тоздырған қарсы жауды табаныңда-ай. 
Сай болып жаралған жоқ дүние бастан, 
Тұлпар жоқ танбай шапқан шаршамастан. 
Кҿшпе бақ, аумалы аруақ ҽркімде бар, 
Билеген жеті ықылымды хан мен сұлтан, 
Соның да кҿңілі ҿтті тына алмастан... 
Жаңыл ақын ағасының кҿңілін сұрай келіп, онымен қоштасқандай, ағасына жұбату айтқандай, 
ҿмірдің жалғандығына дау жоқтығын еске салғандай бағытта ой толғайды. 
Қазақтың Алатаудай айсеркесі, 
Дүние-ай, кҿшетұғын кҿрінеді. 
Жалған-ай, бір кҿшкен соң, толу қайда, 
Ҽділ би Тҿле бидей болу қайда? - деп, Тҿле бидің дүниеден ҿтуге бет алған жайын ашық айтып, 
ҿмірдің ҿтпелілігіне, баянсыздығына ҿкінішін білдіреді ҽрі ел билігінде Тҿле бидей дана, ҽділ бидің 
болар не болмасына күмҽнмен қарап, кҿңілі алаң болады. Бұл  секілді ҿлең жолдарынан Жаңылдың 
ауыл  айналасындағы  ойдың  емес,  үлкен  ақылдың,  ел  болашағы,  ел  бастаған  жақсының  ҿмірі  мен 
ҿнегесін қадір тұтқан биік парасатын байқауға болады.  
Ерім-ай, екі елуді жасамаған, 
Жемеген бір пұл пара нашарлардан. 
Бір аттап аманыңда кетейінші, 
Дариға-ай,  ҽділ  жапсар  босағаңнан,  -  деген  жыр  жолдарынан  да  Жаңылдың  жанының 
шындығы, сезім нұры анық кҿзге түседі. Бұдан ақын Жаңылдың ағасы Тҿле бидің ҿнегесіне бас иген 
ниеті,  ағасының  қара  шаңырағын,  босағасын  қасиет  тұтқан  бауырлық  сүйіспеншілігі  мен  құрметі 
соншалықты таза, адал күйде суреттелгенін байқауға болады. 
Қазанғап  Байболұлының  дастанында  Жаңылдың  басқа  да  жырлары,  ҿлеңдері  келтірілген. 
Солардың бҽрі, айналып келгенде, Жаңылдың ақындық, адамдық келбетін, қоғамдық құлқын белгілі 
дҽрежеде  анықтап,  айқындай  түседі.  Жаңылдың  да,  Жанкелдінің  де  ақындық  ҿмірі,  қоғамдық  ойы, 
айналасы олардың маңындағы жастар үшін, ақындық ҿнер жолына түскен, ақындық қабілеті, таланты 
бар  талапкерлер  үшін  мҽнді  де  мағыналы,  арналы  бағыт  екенін,  нҽрлі  ҿріс,  кең  ҿріс  екенін  осы 
айтылған жайлардан байқауға болады.  Мұндай орта, ҽрине, Ұлбике үшін, оның тҽрбиесі, білімі мен 
білігі, ақындық ҿнері үшін мейлінше жемісті, нҽтижелі болғаны сҿзсіз. 
Ұлбикенің  ақындық  айналасының  бір  саласы  оның  ҿзі  тұсындағы  айтыс  ақындарынан 
құралған.  Елдің  ҿнеріне,  мҽдениетіне,  билік  ісіне  ерекше  мҽн  берген,  ҿздері  де  осы  бағытта  еңбек 
еткен Жанкелді мен Жаңыл қыздары Ұлбике үй тҽрбиесін алып болғанда, елдің белгілі ақындарының 
ҿнерін  тамашалауға  кҿңіл  бҿледі.  Бірте-бірте  Ұлбике  ауыл  арасындағы  той-томалақта  ҿз  бетінше 
ҿлең айтып, қыз-бозбалалармен айтысқа түседі. Ақын қыздың ҿнерінің ұшталуына, ҿсіп-ҿркендеуіне 
зор ықпал еткен ҽдеби мектептің бірі осындай болды. Осындай мектепте Ұлбикенің ақын аты алғаш 
шығады.  Ақын  қыз  аты  ерте  шыққан  Ұлбикеге  енді  ҿзге  ауылдың  ақындары  ҽдейі,  іздеп  келіп 
айтысатын  болады.  Осыдан  бастап  Ұлбикенің  ақындық  айналасы  кеңіп,  оның  маңында  бірыңғай 
кҽсіби  ақындар  шоғырланады.  Мұның  ҿзі  Ұлбикенің  ақындық  талантын  ашып,  айтыстағы  ҿнерін 
шырқау биікке кҿтерген еді. 
Ұлбикенің  ақындық  ортасындағы  басты  ақындар  –  оның  ҿзі  айтысқан  ақындар  тобы.  Олар 
мыналар: Мҽделі Жүсіпқожаұлы (1816-1888), Күдеріқожа Кҿшекұлы (1820-1858), қарақалпақ Жанкел 
(ХІХ ғ.), Таспақожа Кҿшекұлы (ХІХ ғ.), Ҿске (ХІХ ғ.), Ізтілеу (ХІХ ғ.). «Алты ақын мен Ұлбике» атты 
айтыста  кҿрініс  тапқан  ақындар  тобында  ілгеріде  аталған  Күдері,  Мҽделі,  Жанкелден  басқа  тағы 
бірнеше ақындардың аты аталып, сҿздері берілген. Олар – Майлықожа, қыпшақ Бұдабай, Құлыншақ 
ақын.  Бұлар  да  ҿз  дҽуірінің  үлкен  ақындары  екені  даусыз.  Аталған  ақындар  мен  Ұлбикенің  ҿмір 
сүрген  аймағы,  уақыты  сҽйкес  келгенмен,  олардың  қазіргі  ғалымдар  кҿрсетіп  жүрген  туған  жҽне 
ҿлген  жылдарында  алшақтықтар,  айырмашылықтар  бары  кҿзге  түседі.  Бұлай  дегенде,  Майлықожа 
мен  Құлыншақтың  жас  шамаларының  Ұлбикеден  кҿп  кіші  екендігін  негізге  алып  отырмыз.  Бұған 
қарап аталған ақындар мен Ұлбике ұшыраспады, оларды білмеді немесе бұл ақындар Ұлбикені   

 
 
105 
 
кҿрмеді, оның ҿлеңдерін естімеді деген ұғым тумайды. Бұл ақындардың ақын қыздан бірі кіші, бірі 
үлкен,  ал  енді  бірі  онымен  қатар  болғаны  белгілі.  Сондықтан  Ұлбикенің  ақындық  ортасы,  ҽдеби 
айналасы дегенде, осы аталған ақындарды тұтас қамту дұрыс. 
Алты ақын мен Ұлбикенің сҿз жарыстырған айтысы ҽуелде Мҽделіқожа, Күдеріқожа, Жанкел, 
Бұдабай, Майлықожа, Құлыншақ болып Тҽшкен  –  Шыршық жаққа барып, ҿлең айтып, одан қайтып 
келе  жатқан  жолында  бір  мал  жеп  кетпек  болып  Мұсабай  байдың  үйіне  түсуінене  басталады.  Бұл 
ақындар  сҿз  ҿнерінің  асқан  майталмандары  екендігінде  сҿз  жоқ.  Олардың  бірқатарымен      Ұлбике 
айтысқа  түскен,  қайсыбіріне  ҽзіл  ҿлең  арнаған.  Басқаша  айтсақ,  Ұлбике  осы  аталған  ақындардың 
бҽрінің  де  ҿнерін  ҿлшеп-пішіп,  олардан  үйренетінін  үйренген,  олардың  шығармашылық  талантын 
жете  танып,  айтыс  ҿнеріндегі  машық-мҽнерлерін  де  терең  пайымдап,  олардан  ұққаны  мен  қабыл 
алғандарын ҿзінің ақындық ҿнерін дамытуға, жетілдіре түсуге пайдаланған.  
Осы  айтыста  Күдеріқожа  келінге  арнап  айтқан  бір  ауыз  ҿлеңінде  қонақ  болып  келіп  қалған 
алты ақынды таныстыра отырып, былай дейді: 
Алтауымыз Сырдарияның қушығымыз, 
Шығарар тисе қанды тұмсығымыз. 
Гармонның мҽскеуский ҽуезіндей, 
Келінжан, жақсы екен дүмпуіңіз. 
Дауысы сырнайыңның ҽсем екен, 
Келінжан, тағы біраз сілкініңіз. 
Даусына сырнайыңның балқығандай, 
Келінжан, бетіңізді шымшыдыңыз. 
Келгеннен шиқ-шиқ етіп маза бермей, 
Есейіп қалып па еді шымшығыңыз? [8,53]. 
Берілген үзіндіден Күдеріқожаның ақындық қуаты, ҽрине, толық ашылып тұр деуден аулақпыз. 
Ҽзіл мен қалжың, қуақылық, ҽжуа толып тұрғаны рас болғанмен, бұл жолдардан айтарлықтай келісті 
кҿркемдік кесте табу қиын. Бастысы,  аталған алты ақынның бҽрінің де Сыр бойынан екендігі анық 
кҿрсетілген.  Күдері  ҿздерін  «Сырдарияның  қушығымыз»  деп  бекер  айтып  отырмаса  керек,  бұдан 
олардың сҿз ҿнеріндегі, айтыс сарынындағы басты бағытты анық байқауға болады. Ол  – қушыкеш, 
қушық  сҿздерінің  мҽнінен  тарайтын  ҽзіл-қалжың,  оспақ,  келеке-келемеж.  Олардың  шығармашылық 
ҿнерінің, ҽсіресе, айтыстарының басты эмоциялық мазмұнын осындай белгілер түзеді.  
Ұлбике ҿз тұсында жасаған, ҿзімен айтысқан немесе ой бҿліскен ақындардан қандай кҿркемдік 
амал-тҽсіл үйренді немесе Ұлбике ҿз айналасындағы ақындарға қандай үлгі берді – оны дҽл кҿрсету, 
нақты  түрде  жіктеп  айтып  беру  мүмкін  емес.  Олай  жасау  қажет  те  емес.  Ақын  қыз  үшін  ҿзінің 
айналасындағы ақындардың жалпы деңгейін, негізгі дҽрежесін білудің ҿзі оның ақындық талантының 
ҿсіп-ҿркендеуіне,  ақындық  кемел  күйде  болуына  үлкен  септігін  тигізгені  сҿзсіз.  Екінші  жағынан, 
басқа  ақындардың  ақындық  ҿнерінің  жетілуі  үшін  оның,  Ұлбикенің,  ақындық  шеберлігі  мен 
даралығының  да  есепсіз  зор  қызмет  атқарғанын  жоққа  шығармау  қажет.  Ақынның  ақындық 
айналасына, шығармашылық ортасына осындай екі арна болып қалыптасқан егіз қасиет тҽн. 
Аттары  аталған  алты  ақынның  ішінде  халық  ауыз  ҽдебиетінің  неше  алуан  үздік  үлгілерін 
жырлаған,  жыршылығымен  бүкіл  бір  аймақты  аузына  қаратқан  ҿнерпаздар  да  бар.  Олар  қазақ 
халқының  батырлық  дастардары  мен  ғашықтық  жырларын  тұтастай  жатқа  жырлаумен  бірге  діни 
сюжеттегі, шығыс сарынындағы қисса-дастандардың да асқақ білгірі, озық  жыршылары еді. Ұлбике 
үшін  аталған  ақындардың  бұл  саладағы  білімі  мен  білігі,  жыршылық  ҿнері  де  тиісінше  ҿнеге 
болғанын, танымын байытқанын жоққа шығаруға болмайды. Ұлбикенің танымын, білімін, ақындық 
ойлау  даралығын  қалыптастыруда  бұл  секілді  ҽдеби  үлгілердің,  сҿз  ҿнерінің  інжу-маржандарының 
кҿркемдік-эстетикалық, тарихи-танымдық қызметінің зор болғаны рас. Сонымен қатар Ұлбике де тек 
айтысып  қана  қоймай,  халықтың  бай  ауыз  ҽдебиетінің  асыл  үлгілерін  жаттап  ҿскендігінде  күмҽн 
болмаса керек. Ақын қыз халық ҽдебиетінің түрлі үлгілерін жаттап қана қоймай, жатқа жырлағанын 
да  ескеруге  тура  келеді.  Той-думан,  тамаша  үстінде  айтысуға  лайықты  ақын  болмаған  жағдайда, 
қаумалаған қалың жұрт ақын қызға неше түрлі қисса-дастандарды жырлатқаны сҿзсіз. Ақын қыздың 
айтысы мен ҿлеңдеріндегі кҿркемдік бейнелеу құралдарының жүйесі, ойлау сипаты оның халық ауыз 
ҽдебиетінің майталман білгірі екендігі туралы ойға алып келеді. 
Ұлбике  Мұхаметжан  Сералиннің  ҽкесі  Серҽлі  Еруҽліұлымен  де  айтысып,  ҿнер  жарыстырған. 
Б.Кенжебаев  Мұхаметжан  Сералин  туралы  зерттеулерінде  Серҽлінің  ҿмірі  туралы  дерек  кҿздерін 
кҿрсете отырып, оның 1915 жылы «Айқап» журналында жарияланған екі ҿлеңіне сипаттама береді,  

 
 
106 
 
ақынның  шешен,  пысық,  ҿлең  шығарғыш  болғанына  назар  аударады.  Серҽлінің  ақындық  ҿнеріне 
С.Мұқанов  та  жоғары  баға  берген.  М.Жармұхамедов  Серҽлінің  ҿмірі  мен  шығармашылық  ҿнеріне 
арнап жазған зерттеу мақаласында оның ақындық талантын лайықты бағалайды.  Ғалым Серҽлі мен 
Ұлбикенің  айтысы  туралы  да  пікір  білдірген.  «Оның  ҿлең  сҿзге  тоқталып,  мүдірмеген  ҽйгілі 
Ұлбикемен  айтысы  ұзақ  жылдарға  созылған  тҽрізді»  [4,181],-  деген  пікірінде  жан  бар.  Серҽлі 
Ұлбикеге айтқан ҿлеңінде: 
Жаз болса қоңырлатып келеді күз, 
Ұлбике, кҿп сҿйлестік сені мен біз... [8, 50 ],- 
деген.  Бұдан,  ҽрине,  Ұлбике  мен  Серҽлі  арасында  болған  айтыстың  аумағын  дҽл  білу  қиын.  Бірақ 
ақынның  «кҿп  сҿйлестік»  дегеніне  қарағанда,  екі  ақын  бір-екі  ауыз  ҿлеңмен  ғана  қағысып  қоймай, 
едҽуір айтысқаны, ой таластырып, ҿнер жарыстырғаны анық. Ҿкінішке орай, Ұлбике мен Серҽлінің 
айтысынан бүгінге бар болғаны екі-ақ шумақ ҿлең жетіп отыр. Қалай дегенде де, Ұлбике мен Серҽлі 
айтысында  қыз  үстем  түсе  берген.  «Қанша  рет  қапысын  тауып,  тар  жерде  тоспақ  болса  да,  Серҽлі 
қызды  сҿзден  мүдірте  алмаған»  [5,328],  -  деген  пікірде  шындық  бар.  Серҽлі  Ұлбикемен  кездейсоқ 
кездесіп айтыспаған. Ҿзі де айтыс ҿнерінің тайпалған жорғасы бола тұрып, Серҽлі ҿзі білетін белгілі 
айтыс  ақындарымен  айтысуды  арнайы  мақсат  еткен.  Серҽлі  Ұлбикені  ҽдейі  іздеп  келіп,  онымен 
айтысқа  үлкен  дайындықпен  шыққан.  Ақын  қызды  ҽдейі  іздеп  келіп  айтысу  қазақ  ақындарының 
салтында  бар  дҽстүр  болса  керек.  «Ҽдейі  іздеп  келіп  Ұлбикемен  Күдеріқожа  да,  Майлықожа  да, 
Мҽделіқожа  да,  Жанкел  де,  Мұхаметжан  Сералиннің  ҽкесі  Серҽлі  де  айтысқан»,  -  дейді 
М.Жолдасбеков  [5,328].  Мұның  ҿзі  Ұлбике  қыздың  ақындық  ҿнерінің  қазақ  даласына  кеңінен 
таралып  кеткенін    кҿрсетеді.  Бір  ғажабы,  ақын  қыз  ҿзімен  айтысуға  арнайы  келген  ақындардың 
ешқайсысына дес бермей, олардың бҽрін де жеңіп отырған. 
Ұлбике  мен  Серҽлі  арасында  болған  айтыстың  бір  үзігі  ретінде  «Ел  аузынан»  деп  аталатын 
кітапта мынандай бір мҽлімет берілген: «Серҽліқожамен айтыста Ұлбике мына бір қызықты жұмбақ 
ҿлеңін кҿлденең тартады: 
Ҽптиектің ішінде «пе» болады, 
Қос ноқат қойса үстіне «те» болады. 
Білгіш болсаң, айта ғой, ей, Сереке, 
Құс атасын сұраймын, не болады [8, 50]? 
Екі жақ болып отырған ел-жұрт қыздың ҿлеңіне бірден  қайран қалады. Қазығұрт хикаясында 
түйе атасы – Уҽйіс ата, жылқы тегі  – Қамбар ата, сиыр атасы  – Зеңгі баба, қойдың тегі  Шопан ата 
болатынын білетіндер құс атасын, яғни құсбегілер пірін қапелімде еске түсіре алмайды. Сонда біреу 
Серҽліге «Баян» деген сҿзді сыбырлап айта қояды. Ақын оны тез іліп ҽкетеді: 
Ұлбике, жақын отыр бері таман, 
Тҽңірдің жаратқаны маған аян. 
Кем ақыл сен білмесең, мен айтайын, 
Құс атасы болады шегір Баян» [8, 50]. 
Берілген  ҿлеңдер  Ұлбике  мен  Серҽлінің  айтысына  жаңа  бір  тыныс,  жаңа  бір  ҿрнек  қосатыны 
рас.  
Қазақ – табиғатынан ақын, жыршы халық.  Екеуара бас қосса, айтыса кету, ат сабылтып іздеп 
келіп, ҿнер жарыстыру, шешендік сҿз таластыру – қазақ халқына тҽн, жарасымды дҽстүрлердің бірі. 
Ата-бабаларымыз  үшін  сҿз  ҿнері  ерекше  қадірлі,  баға  жетпес  қазына  болды.  Ҿнер  дарыған, 
сауықшыл  халық ғасырлар бойы бар асылын жоғалтпай, аялап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отырған. 
Ақындық талант табиғаттың адамға берген асыл сыйы болса, ерте заманнан-ақ «ҿнер алды – қызыл 
тіл»  деп  сҿз  ҿнерін  қадір  тұтып,  қастерлеген  қазақ  халқы  ҽдеби  мұраға,  оның  ішінде  ақындар 
айтысына  ерекше  мҽн  беріп,  оны  ҿзінің  рухани  ҿмірінің  мазмұны  мен  мҽні,  арман-мұратының 
жарқын кҿрінісі ретінде таныған. 
Ақындық ҿнердің табиғатын дҽл танып, оның тарихы мен болмысын терең зерттеген М.Ҽуезов: 
«Қазақ халқында ерекше дамыған айтыс ҿнері ХІХ ғасырдан бергі жерде басқа ҿңірлерде бірте-бірте 
саябырсып, Жетісу ҿңірі, Оңтүстік, Сыр ҿлкесінде шоғырлана бастады», - дейді [2, 402]. Шынында да 
сол  кездегі  ҽдеби  процеске  кҿз  жіберсек,  ХҮІІІ-ХІХ  ғасырларда  Жетісу  ҿңірі,  оның  тҿменгі  Шу, 
Талас бойлары ҽн мен жырдың алтын бесігінде болатын. Осындай жырдың тұнып, дҽуірлеп тұрған 
шағында  Сыр  бойында  –  қазіргі  Қызылорда  Облысы,  Тереңҿзек  ауданында  1825  жылы  Ұлбике 
Жанкелдіқызы дүниеге келеді. Болашақ ақын қыз Сыр бойы жырауларының жүйрігі Базар, Марабай,  
 

 
 
107 
 
Ешнияз,  Орынбй,  Нысанбай,  Жанкісі,  Тұрмағамбет  тҽрбиеленген  дҽстүрлі  мектептен  дҽріс  алып, 
бойжеткен шағында Талас ҿңіріне қоныс аударған. 
Ҿмірде  болған  жеке  дарындар  жайында  деректі,  ҿмірбаяндық  жұмыс  жазудың  ҿз 
қиыншылықтары  бар.  Бұл  тұста  нақты  алынып  отырған  ақынның  ҿз  басынан  кешкен  тарихи 
шындықтарымен  қоса  ел  аузынан  жазылып  алынған  ҽңгімесі,  ҽрбір  қаламгердің  ойдан  қосар 
«шындықтарымен»  ара  қатынастары  қандай  деген  мҽселе  басты  назарда  болуы  керек.  Оның  үстіне 
жазылып  алынған  деректердің  уақыты,  жазып  алған  адамдардың  кҽсібі,  ақын  туралы  естелік 
айтушының руы, ол адамның тұратын жері – осылардың барлығы ескерілуі қажет. 
Ұлбике  Жанкелдіқызының  ҿмірбаяндық  дерегінің  хатқа  түсіп,  бізге  жетуінде  ҿлең-жырдың, 
басқа да сҿз асылының халық ҿміріндегі рҿлін жете түсінген, ел алдында ерен еңбегі бар, қазақ ауыз 
ҽдебиетін  жинаудағы  үлесі  мол,  ҿлеңді  құлай  сүйіп,  жаттап  ҿскен,  хатқа  түсіріп  сақтай  отырып, 
кейінгі  буынға  жеткізген  ғалымдар  М.Ж.Кҿпеен  пен  Ҽ.Диваевтың  еңбегі  зор.  Қазақстан 
Республикасы  Ғылым  Академиясы  Орталық  Ғылыми  кітапханасының  қолжазбалар  қорында 
ғалымдардың жинаған қыруар мұралары бар [1167-1177 п]. Олардың кҿне мұраны жинаудағы орасан 
еңбектерінің  бір  саласын  ХҮІІІ-ХІХ  ғасырларда  ҿмір  сүрген  сҿз  ҿнерінің  ірі  ҿкілдерінің  ҽдеби 
мұралары,  ҿмірбаяндық  деректері  құрайды.  Осы  ғалымдардың  жазбаларындағы    Ұлбике 
Жанкелдіқызының  ҿмірі  мен  айтыстары  туралы  пікірі  біз  үшін  құнды.  Ұлбикенің  ғылыми 
шығармашылық  ҿмірбаянын  жасау  үстінде  осы  деректер  негізге  алынды.  Қолда  бар  аз  ғана 
деректерден  асқақ  ҽнімен  бүкіл  Сыр  бойы  ҿнерлі  қауымының  назарын  ерте  аудартқан  ҿрімдей  жас 
қыздың  ақындығы  елге  ерте  танылғаны  белгілі.  Айтыста  сҿз  сайысына  түскен  жүйріктердің  кейде 
бір-бірінің бағасын ҽділ танып, мақтап айтса, енді бірде тұқыртып, кейде тіпті жоқ жерден ілік тауып, 
іске  алғысыздай  етіп  тастайтын  кездері  болады.  Мұны  ҽріптесінің  тауын  шағып,  меселін  қайтарып, 
жасытып алу үшін ҽдейі істейді. Басқаша айтқанда, психологиялық шабуылға шығады. Айтыс үстінде 
ақындар  ҿздерін  ҿздері  мадақтап,  ҽрқайсысы  ҿз  бағасын  ҿздері  кҿтеріп  жататыны  да  осыған 
байланысты.  Мұндайда  субъективтік  баға  басым  десек  те,  жалпы  алғанда,  ақын  бейнесінің 
ашылуына,  оның  ҿмірінің  кейбір  тұстарын  анықтауда  мҽні  зор.  Ұлбикенің  Мҽделіқожаға  айтатын 
ҿлең жолдарында осындай деректік маңызы зор мҽліметтер бар: 
Моншағымның ҽр тасы бір ҿлең-ді, 
Бесігімде үйренгем бар ҿлеңді. 
Балапандай кезімде қайран шешем, 
Тал бойыма дарытқан күллі ҿлеңді [8, 42]. 
Ҽке-шешесі  ақын  болған  Ұлбикенің  ҿлеңге  бесік  жырынан  бастап  құлағы  үйренгенін, 
анасының  мҿлдіреген  кҿзінен  де,  айналып-толғанып  айтқан  сҿзінен  де  жыр  ҽуенді  тыңдағанын 
тебірене айтуы оның ҿмірінің сыры ғана емес, шыны да болып табылады. Туған ұядағы тҽрбие, ата-
ананың  ақындық  ҿнегесі  Ұлбикенің  санасына,  жаны  мен  жүрегіне  жас,  балған  кезінен  дарыған. 
Мҽделіқожамен айтыс үстінде ақын қыз ҿнер жолына түсуінде ата-анасының ықпалы мен тҽрбиесін 
кең баяндайды: 
Ҽке сҿзін жасымнан жаттап алғам, 
Тал бойыма жинақтап қаттап алғам. 
Жеке шығып бҽйгеден тұлпардай боп, 
Ҿлеңімді ҽніммен баптап алғам [8, 42]. 
Ақын  қыз  қарсыласына  ҿзінің  ҿлең  ҿнеріне  жастайынан  жетіктігін,  ата  мен  ана  ҿнегесі  оны 
ҿлең  жолына  түскен  замандастарынан  оқ  бойы  алға  шығарғанын  айта  отырып,  сес  кҿрсетеді,  ҿзіне 
ҿлеңмен  тең  түсер  жанның  жоқтығы  туралы  ойын  сыпайылап  жеткізеді.  Айтылған  жайларға 
қарағанда, Ұлбикенің ҿнеге, үлгі алған алғашқы ҿнер мектебі - ҿз үй-іші, талантын ұштаған алғашқы 
ұстаздары - ҿз ата-анасы. 
Ұлбике  –  асқан  сҿз  зергері.  Ол  ауылдың  алты  аузымен  азықтанып,  ҿлеңді  айтқан  сайын 
шабыттанып,  іріленіп  отырған.  Ұлбике  жайлы  М.Ж.Кҿпеев:  «...  Ол  ҿмірінде  қара  сҿз  сҿйлемеген, 
біреуге жауап берсе, біреуге ҽңгіме айтса, ҿлеңмен толғаған. Осы себепті кҿзінің тірісінде-ақ жұрт: 
«Ұлбикенің  таңдайында  ҿлеңнің  ұясы  бар»  деп  аңыз  етіседі  екен»  [7,  145],-деп  жазады.  Тҿңірегіне 
осылай аңыз болған, қалың  халықтың бел ортасында жүріп, рухани  азығын жасынан жинаған ақын 
қыз  жыр  сайысында  түлейді,  айрықша  дарындылығымен  дараланады.  Ұлбикенің  ҿзімен  айтысқан 
Мҽделіқожаға айтқан: 
Ҽудемжармен ҽуелі үнімді аштым, 
Он екімде ҿлеңмен тілімді аштым. 

 
 
108 
 
Он үшімде ҿзіңдей бозбаламен, 
Жұмбақ айтып ҿлеңмен жағаластым [8, 15],-  
деуі ақын қыздың алқалы топқа қай уақыттан түсіп, ақындық жолға қалай келгендігінен хабар 
береді. Ұлбике Мҽделіқожаға ҿзінің ҿлеңді бесігінде үйренгенін айтады. Енді бірде қыз: 
Балапандай кезімде қайран шешем, 
Тал бойыма дарытқан күллі ҿлеңді [8, 15], - дейді.  
Одан ҽрі қыз бес жасында шешесіне шырақ болғанын, сегізінде ҽкесіне құлақ қойғанын айтады. 
Бұл – Ұлбикенің ҿмірінің бала кезі үшін бағалы дерек.  
Ұлбикенің  туындылары  мен  олардың  шығу  тарихы  жайындағы  мҽліметтерді  ҿзара 
сабақтастықта, байланыста қарау ақын ҿмірінің кейбір мезеттерінің шындығын тануда үлкен септігін 
тигізеді. 
Ұлбикенің  даңқын  шығарған  ҿнер  сайысының  бірі  –  оның  Күдеріқожамен  айтысы.  Осы 
айтыстың негізінде Ұлбикенің ҿміріне қатысты кейбір жайларды анықтауға болады. 
Ішінде жүрмін жұрттың аман-есен, 
Ҿлеңді халқым қоймас, қойдым десем. 
Қожеке, сен айтқанда мен де айтайын, 
Жанкелді - ҽкем аты, Жаңыл – шешем [8, 15],-  
деуінен  оның  ҽке-шешесінің  аттары  белгілі  болады.  М.Ҽуезовтің:  «Кҿп  кезеңдерде  ақындар  бірінің 
бірі қапысын аңдып жүреді. Ҿмірдегі қысталаң, қиын шақта тұрған ақынға, ҽдейі сол қыспақ шағын 
аңдып келіп, тұтқиылдан соқтығатын ҽдеттер де болады» [2, 427], - деген сҿзінде үлкен шындық бар. 
Ғалым  бұл  пікірін  Жамбылдың  ақындық  ҿнеріне  қатысты  түйген.  Ұлбике  мен  Күдеріқожа 
айтысының  желісіне  қарасақ,  айтыс  ҿнеріне  тҽн  осы  ерекшелік  Жамбылға  дейін  де  болғаны  кҿзге 
түседі. Күдеріқожа да Ұлбикеге бір жиында қатты шүйлігіп, ҿлеңмен соқтығады. Себебі бұл жиында 
Ұлбикенің айттырған жігіті Бойтан бар екен. 
Ұлбике, қара қияр, қара қияр, 
Сыдырсаң, қара қамыс қолың қияр. 
Сенен сұрар, Ұлбике, бір сҿзім бар, 
Мынау тентек некеңді қашан қияр [8, 16]? - деп сұрайды. Оған Ұлбике: 
Қожеке-ау, ҿзің йтқан қара қияр, 
Сыдырсаң, қара қамыс қолың қияр. 
Ақсақ пенен тоқсақтың бірін берсе, 
Сен секілді қожаның ҿзі-ақ қияр [8, 16], -  
деп,  жігіттің  аузын  ары  қарай  ашпастай  етіп  буып  тастайды.  Қыздың:  «Сен  секілді  қожаның  ҿзі-ақ 
қияр»  деуінде  үлкен  мҽн  бар.  С.Мұқановтың  пікіріне  сүйенсек,  «Ҿздерін  Мұхаммед  пайғамбардың 
ҽулеті санаған қожалар бертінде қожырап, қайыр-садақа жинау, үшкіру, дем салу, баланы сүндетке 
отырғызу  сияқты  ұсақ  «кҽсіптермен»  айналысқан.  Сҿйтіп  ҿздерінің  «ҽулиелік»  қасиеттерін 
жоғалтқан»  [7,  186].  Қыздың  меңзеп,  астарлап  жеткізіп  отырғаны  –  осы  ақиқат  шындық.  Ҽрине, 
қарсыласын тізе бүктіру үшін, сҿзден жеңіп, ойдан ұту мақсатында қай ақын да екінші жақтың мінін 
дабырайтып, ұлғайтып, түймедейді түйедей етіп  кҿрсетуге тырысатыны белгілі. Күдерінің кҽсібінің 
таза еместігін баса айтып, оны сҿзден ұтуға реті келгенде, оңдырмай соғуға Ұлбике де жүйрік.  
Фольклорлық экспедицияларда жиналған материалдар [ОҒК, ҼҾИ, 251, 258, 263, 335, 642 п., 2, 
3 дҽптерлер] арасында Ұлбике мен Күдеріқожаның айтыстары кҿп кездеседі. Олардың айтысы едҽуір 
уақытқа  созылған,  оған  біздің  кҿзіміз  олардың  қолда  бар  айтыстарының  нұсқаларын  салыстыру 
арқылы жетті. Қазір қолымызда екі ақын айтысының бір-біріне ұқсамайтын тҿрт түрлі нұсқасы бар.  
Ұлбикемен айтысқан ақындардың барлығы - ҿмірде болған, аты елге мҽлім, ҿмір сүрген дҽуірі 
анық, түрлі жинақтарда шығармалары басылып жүрген атақты адамдар. 
Мҽделіқожа  –  ел  татулығын,  жұрт  тыныштығын  тілеген  ақын.  Ол  осы  тыныштыққа  жетер 
жолда  талай  жорық  азабын  басынан  кешті.  Қоқанға  бағынышты  болмау  мақсатында  аянбай  күрес 
жүргізді.  Бұхара  хандығынан  ҿзі  мақұл  кҿрген  ісіне  медет  болар  таяныш  та  іздеген  кездері  болған. 
Бірақ  Бұхара  ханы  оған  ҿзінің  адамы  секілді  қошемет  кҿрсетсе  де,  ақын  оның  есепті  қошеметін, 
алдамшы  пиғылын  аңғарып  қойып,  еліне  кері  қайтады.  Мҽделіқожаның  Сыр  бойын,  Арқаны  түгел 
аралаған, қазақ елін, кҿрші ҿзбек жерін, олардағы сҿз ҿнерін қуған кісілерді жақсы білген. Ҿзі тұстас 
ақындармен  кездесіп,  айтысқа  да  түскен.  Бізге  Мҽделіқожаның  Айым  қызбен,  Апақаймен, 
Ұлбикемен, Майлықожамен айтыстары белгілі. Кезінде ол арғынның аға ақыны Жанақты да кҿрген, 
оның ҿнерін құрмет тұтқан. Дінге біртабан жақын болғандықтан, оның жырларында дидактикалық  

 
 
109 
 
үгіт,  ақыл,  сын  басым.  Ақын  шығармалары,  негізінен,  құдай  жолына  берік  болып,  ешкімге  қиянат 
жасамауға, иманға, адамгершілікке, ар-ұятты біліп, адал ҿмір сүруге үндейді. Мҽделіқожа Ұлбикемен 
айтыс үстінде де осы жолдан таймай, ақын қыздың арына, намысына тиетін сҿзге бармайды, ҿзгелер 
қылжақтап айта беретін жеңіл ҽзілге де салмайды, қайта қызды кҿтермелеп, ардақ тұтып сҿйлейді: 
Сұлу қызға тұс-тұстан кҿз түседі, 
Қысылса да аузына сҿз түседі. 
Ҿлең айтып отырған Ұлбикенің, 
Кеудесінде бұлбұл құс тілдеседі [8, 14], -  
деп, Мҽделіқожа Ұлбикенің айтыс үстіндегі келбеті мен жай-күйін ҽдемі суреттейді. Мҽделіқожаның 
қызға,  айтыс  ҿнеріне  деген  мұндай  кҿзқарасы,  айтысу  ҽдебі  оның  басқа  ақындардан  адамгершілік 
тұрғысы, эстетикалық  нысанасы жағынан  кҿш ілгері  екендігін  кҿрсетеді. Айтыс барысында  Ұлбике 
Мҽделіқожаға  белгілі  жас  кезеңдері  мен  ҿзінің  ҿнерінің  жетілу,  толысу  сатылары  туралы  айтады. 
Мҽделіқожа қыз сҿзіне орай ҿз тарапынан былай дейді: 
Бақ-құт деген бармақтай болады екен, 
Қыз бен жігіт басына қонады екен. 
Еркін ҿссе, екеуі он алтыда, 
Аспандағы айдай боп толады екен [8, 42]. 
Мҽделіқожаның  бұл  сҿзіне  қозғау  салып,  түрткі  болған  Ұлбикенің  ҿзінің  он  екі  мен  он  үш 
жастардағы  қылығы  туралы  айтқан  ойлары  деп  болжаған  дұрыс.  Ал  Мҽделіқожаның  «он  алтыда 
аспандағы  айдай  боп  толады  екен»  деуі    Ұлбикенің  ҿзінің  он  екі  мен  он  үш  жастардағы  қылығы 
туралы ойларының жалғасы деуге лайықты. Сонда  Ұлбике ҿзінің ҿткен шақтардағы, он екі мен он 
үш жстағы ҿнері мен қылығы жайын баяндағанда, Мҽделіқожа оның ендігі он алты жастағы сипатын 
баяндап отырған болып шығады. Осы болжамға сүйене отырып, Ұлбике мен Мҽделіқожаның айтысы 
1840  жылы  ҿтті  деп  шамалуға  болады.  Бұл  шақта  Ұлбике  15-16  жаста,  ал  Мҽделіқожа  24-25  жаста 
болады.  Сҿйтіп  Ұлбике  мен  Мҽделіқожаның  айтысында  Ұлбикенің  15-16  жастағы  шағының 
шындықтары  кҿрініс  тапқан.  Ұлбикенің  Мҽделіқожаға  арнап  айтқан  ҿлеңдерінде  де  қыздың  осы 
шақтағы ойлау деңгейі, осы кездегі таным дҽрежесі кҿрінеді.  
Ұлбике Таспақожамен Мҽделіқожадан кейін айтысады. Ақын қыздың Таспақожаға: 
Ҿлең айтқам сен түгіл Мҽделіге, 
Қалың қожа ішінде кҽделіге [8, 45], -  
деуі  осындай  тұжырым  жасауға  толық  негіз  бола  алады.  Осы  айтылған  жайларға  сүйене  отырып, 
Ұлбике мен Таспқожаның айтысы  1840-1841 жылдар шамасында, қыздың 15-16 жастардағы кезінде 
ҿтті  деуге  болады.  Бұл  тұста  Таспақожа  18-19  жастар  шамасында  болса  керек.  Айтыс  үстінде  қыз 
Таспақожаға Бойтанға жастайынан атастырылғанын, басқаға кҿңілін аудармайтынын, тіпті қожа оны 
қанша  кеміткенмен,  тҿрт  мүшесі  түгел  еркекте  мін  болмайтынын  айтып,  ҿзінің  болашақ  күйеуін 
қорғап сҿйлейді. Енді бірде шындығын айтып: 
Қайда барсам жолымды кес-кестейтін, 
Құрып қойған Бойтанның тұзағы бар [8, 45], -  
деп, басындағы жағдайын жасыра бермей, сырын ашады.  
Ұлбике  мен  Таспақожаның  айтысы  қыздың  бой  жетіп,  ұзатылар  шағында  болған.  Ҿзін 
айттырып қойған адамға наразы болып жүрген қыз кішкентайдан бірге ҿскен құрбысына екі-үш ауыз 
лебізін ҽн сазын бҿлеп айтады. Кҿптен таныс ақынның ҽдейі іздеп келгеніне ризашылығын білдіреді.  
Айтыстың  қайымдасу  үлгісінде  жеңу,  жеңілу  секілді  қорытындылар  жасалмайтын 
болғандықтан, ҽріптес екі ақын қалаған тақырып тҿңірегінде еркін жарысқан. Ұлбикенің Күдеріқожа, 
Мҽделіқожа,  Таспақожа,  Серҽліқожа,  Жанкел,  Ҿске  ақындармен  айтыстарының  тақырып  аясының 
кеңдігі  осыны  дҽлелдейді.  Бұл  айтыстардың  барлығыда  ақан  қыз  еш  уақытта  қарсыластарына  дес 
беріп, сҿзден ұтылған емес. 
Дүйім  қауымды  аузына  қаратқан  адуын  ақын  табиғаттың  айрықша  жаратқан  құдіретіндей. 
Оның ақындық ҿнері бҽрінен биік тұрады. Бұл – Ұлбикенің қыз ғұмырының ең басты ерекшелігі.  
Қолда бар айтыстарынан біз Ұлбикенің асқан зейінді, терең ойлы, алғыр, зерек ақын екендігін 
аңғарамыз.  Күдеріқожа  албырт  бозбала  күнінде  Ұлбикемен  айтысамын  дегенде,  Күдеріқожаның 
ҽкесі:  «Балам,  Ұлбикемен  айтысамын  десең,  Бұхараға  барып  үш  жыл  оқып  кел.  Ҽйтпесе  онымен 
айтысуға  жарамайсың»,  -  деген  екен  [3,  16].  Бұл  –  Ұлбикенің  білімін,  ақындық  талантын  ел  болып 
мойындаудың басты дҽлелі. Айтылған жайдан біздің байқайтынымыз – Ұлбике ҿз заманының білімді 
де білікті, ҽдебиетті терең игерген қызы болған. Ұлбикенің айтыстарында, ол туралы ел аузынан  

 
 
110 
 
жазылып  алынған  материалдарда  оның  белгілі  бір  оқу  мекемесінде  білім  алғаны  туралы  мҽлімет 
ұшыраспайды. Қыздың ҿз сҿзіне қарағанда, оның білімінің де, ҿнерінің де бастауы – ата-ана тҽрбиесі. 
Қыздың  осы  бағытта  айтқан  сҿздеріне  сүйене  отырып,  оның  ата-анасының  ҿнерлі  ғана  емес,  ҿз 
заманына лайықты білімді болғаны туралы пікір түюге болады.  
Ұлбикенің шешесі бой жетіп  қалған қызының болашағына алаңдап:  «Жерде гүл қаншама мол 
болғанымен,  түсі  мен  исі  ҽр  түрлі,  аспанда  жұлдыз  қаншама  самсап  тұрғанымен,  ҽрқайсысының  ҿз 
орны  бар:  бірі  –  кҿмескі,  бірі  –  жарық.  Мен  сенің  аспанда  самғаса  сұңқар,  жерде  жүрсе  тұлпар 
болатын, бос мақтан, ұсақ-түйектен биік, парасатты азаматты жар етуіңді тілеймін», - депті [5, 2]. Бұл  
деректің  қаншалықты  дҽл  екендігіне  кҿзіміз  жетпейді.  Бірақ  Жаңыл  секілді  Тҿле  бидің  тҽрбиесін 
кҿрген, тҽлімін алған ақын ананың ҿз қызының, ақындық ҿнері жаннан асқан перзентінің болашағын, 
ақындық тағдыр-талайын ойлап алаңдағаны анық. Қандай ана баласына бақыт тілемейді. Жаңыл да 
ақын қызына бақытты, баянды ғұмыр тілегенінде сҿз жоқ. Алайда тағдырдың ісіне, салттың, ҽдеттің 
дегеніне қыз анасы қарсы тұра алмайды. Ұлбикеге жастай құда түседі. Құда түскен жері бар, бай жер 
болғанмен, болашақ күйеу бала дойыр, мінезсіз болып ҿседі.    
Ҿзі  ҿр,  сұлу,  ерке-бұла  ҿскен  Ұлбикеге  лайықты  азамат  табылмайды,  ананың  ақ  тілеуі 
орындалмайды. Үш қыздың қалың малына, яғни түйе бастатқан тоғызға ұзатылған қызға барған жері 
ҿлең  айтуға  тыйым  салады.  Барған  жерінде  қанатын  жазып  самғай  алмай,  ақын  қыздың  ҿмірі 
ҿкінішке толады. «Жібекті түте алмаған жүн қылады, Аруды күте алмаған күң қыладының» кейпіне, 
дертті халге түседі, ҿмірі ҿкініш пен зарға толады. 
Ұлбикенің  ҿмірі  тҽтті  басталып,  осылайша  зорлық  пен  қорлық  зардабымен  аяқталады.  Ақын 
қыздың  аққудың  кҿгілдіріндей  сұлулығы,  елден  асқан  ақындық  таланты,  жаны  мен  жүрегінің 
тазалығы, ой мен сезімге байлығы, ақыл-парасат биіктігі оның тұстастарының кҿбінің кҿңіліне күйік 
түсірді, қызғаныш салды. Осы күйік пен қызғаныш оның күйеуінің де кҿңілін жаулап алып, ақылын 
тұмшалайды.  Бұл  күйік  пен  қызғаныш,  ақыры,  зорлыққа,  зомбылыққа  ұласады.  Ақын  болып  туған, 
ҿмірінің  қызығын  да,  мҽнін  де  ақындықтан  тапқан,  тұрмыстан,  от  басынан,  қосылған  жарынан 
таппаған  жарық  пен  жылуды  ҿнерінен  тапқан  қыз  жұбанышын  да  содан  іздейді.  Оның  отбасының, 
күйеуінің айтысуға тыйым салғанына қарамастан, ҿлең десе ішкен асын жерге қоярдай күйде болуы 
осындай  дара  табиғатынан,  ерекше  жаратылысынан  еді.  Ҿлеңге,  ҿнерге  деген  құштарлық,  жанға 
бітпейтін ақындық сирек талант ақын қызды ҿнер жарыстыруға жетелеп, сол ҿнер үшін ҿлім мен ҿмір 
шебінен  де  аттап  ҿтуге  алып  барады.  М.Ж.Кҿпейұлының  айтуы  бойынша  берілген  Күдеріқожаның 
сҿзінде шындық бар: ғұзыр айтпаса, қыздың, шынышда да, жарылып кетуі ғажап емес еді. 
  Ұлбике  Жанкелдіқызының  шығармашылық  ғұмырнамасы  мен  ақындық  айналасының  ХІХ 
ғасырдағы  қазақ  ҽдебиетінің,  ҽсіресе,  ақындар  айтысының  даму  сипаты  мен  кҿркемдік  ҽлемін 
анықтаудағы маңызы ҿте зор.   
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет