Тараз мемлекеттік



Pdf көрінісі
бет11/27
Дата16.02.2017
өлшемі6,7 Mb.
#4225
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   27

 
 
 

 
 
80 
 
А.Ә. Байтелиев 
 
МӘТІН ҚҦРЫЛЫМЫНДАҒЫ ДИСКУРСТАРДЫҢ 
КОММУНИКАТИВТІК СИПАТЫ 
 
ӘОЖ 81
,
42:81
,
367:811.512.122 
 
Адамдық болмыстың түп қазығы – тілдік қатынас. Тіл арқылы ой, жеткізілетін ақпарат түсінікті 
болады.  Ақпарат  кҿбінесе  шағын  мҽтін,  тиянақты  ойды  білдіретін  сҿйлем,  дауыс  ырғағымен 
ұғынықты  айтылған  сҿз  түрінде  жеткізіледі.  Тілдік  қатынаста  қатысымдық  тұлғалардың  ішінде 
сҿйлем  жҽне  мҽтін  ерекше  роль  атқарады.  Бір  адамнан  екінші  адамға  жеткізілетін  хабар,  негізінен, 
мҽтін  арқылы  ҽрі  толық,  ҽрі  жан-жақты  беріледі.  Мҽтінде  айтылар  ой, жеткізілетін  ақпарат  жүйелі, 
бір-бірімен  сабақтас,  тұтас  болады.  Алғашқы  сҿйлемде  берілетін  мҽлімет  келесі  сҿйлемдерде 
жалғасады.Тіл  адамзаттың  ойлау,  пайымдау  процестерімен  бірлікте  жүзеге  асады  жҽне  ол  тілдік 
қатынастың негізі, басты құралы болып табылады. Тілдік қатынастың лингвистикалық негізі қатынас 
құралы  –  тілге  байланысты  болса,  лингвистика  сол  тіл  туралы  ілім  де,  тілдік  қатынас  тілдің 
қатысымдық ерекшеліктерін қамтиды. 
Соңғы  жылдары  мҽтінді  лингвистикалық  тұрғыдан  айқындауда  грамматикалық  жҽне 
семантикалық жақтан зерттеу кең ҿріс алды. «Мҽтін лингвистикасы», «мҽтін грамматикасы», «мҽтін 
семантикасы»  жҽне  т.б.  терминдер  қалыптасты.  Мҽтін  лингвистикасы  бірліктері  ретінде  тек 
микромҽтіндер  ғана  емес,  тұтас  сҿйлеу  бірліктері,  мысалы  макромҽтіндер  де  қарастыру  нысанына 
айналды.  Тілдік  қатынаста  қоршаған  орта  мен  ҽртүрлі  құбылыстардың  санаға  ҽсер  етуінен  пайда 
болатын  ақпараттардың  жиынтығы  арқылы  адамдар  ҿмірде  бір-бірімен  пікір  алмасады,  түсініседі. 
Тілдік  қатынас  жалпы  адамзатқа  тҽн  күрделі  де  табиғи  құбылыс.  Тілдік  қатынаста  қатысымдық 
тұлғалар  –  сҿз,  сҿйлем,  мҽтін  ерекше роль  атқарады.  Бір  адамнан  екінші  адамға  жеткізілетін  хабар 
немесе мҽлімет негізінен, мҽтін арқылы ҽрі толық, ҽрі жан-жақты беріледі, қатысымдық тұлғалардың 
ішінде  мҽтінге  ерекше  мҽн  беріледі.  Мҽтінде  айтылар  ой,  жеткізілетін  ақпарат  жүйелі,  бір-бірімен 
сабақтас, тұтас балады. Алғашқы сҿйлемде берілетін мҽлімет келесі сҿйлемдерде жалғасады. Содан 
жеткізілетін  хабар  туралы  толық  мҽлімет  алуға  болады.  Алдымен  адамға,  оның  ой-пікіріне, 
жеткізейін  деген  ақпарат  тізбегіне  кҿңіл  аударылып,  содан  кейін  оны  жеткізу  құралына  –  тілдік 
бірліктер жиынтығына – кҿңіл аударылады. 
Мҽтінді анықтау үшін оны мҽтіннің тілдік я сҿйлесімдік кҿрінісі болып табылатын айтылымға 
қатысты  қарастыру  қажет.  Мҽтіндерді  жалпы  кҿп  таралған  айтылымдар  ішінен  формальдық  жҽне 
функциялық  жағынан  ажырату  ғана  мүмкін,  ҿйткені  таза  формальдық  амалдар  бұл  жерде  тек 
мағыналарының аумағымен ғана ажыратылады. Айтылымдардың тізбегінде келген сҿйлесім топтары 
мҽтін  я  мҽтіннің  бҿлшегі  болуы  мүмкін,  ал  функционалдық    жақтан  олар  қайта  қайталап  айтуға 
икемді  айтылымдық  қасиеті  бар  сҿйлеу  бірлігі  болмақ.  Осы  қасиетімен  мҽтін  сҿйлеу  мезетіндегі 
жағдайға  байланысты  коммуникативтік  мақсатта  айтылған  айтылымдардан  ажыратылады. 
Коммуникативтік  тұлғалар  жалпы  сҿйлеу  үдерісімен  тікелей  байланысты.  Қатысымдық  тұлғаларға 
мҽтін,  фразеологизмдер,  сҿйлем  жҽне  сҿз  жатады.  Мҽтін  мазмұнының  тұтастығымен,  бүтіндігімен 
ерекшеленеді.  Фразеологизмдер  ҿздерінің  астарлы,  конотативтік  семантикасымен,  ал  сҿйлем  – 
қатынастың  орындалуына  тікелей  себепкер  болатын  ең  қажетті  ұйытқы  тұлға  екендігімен 
ерекшеленеді.  Сҿз  –  қатынастың  басты  тұлғасы  жҽне  ҿзегі.  Сондай-ақ  мҽтін  дискурстарының 
бірліктері  бойынан  ҽр  коммуниканттың  ҿзіндік  сҿйлеу  мҽнері,  дауыс  ырғағы,  үн  құбылысы, 
интонациясы,  рифмі,  акценті,  кҿңіл-күйі,  ішкі  толғаныстары.  Жағдайдағы  ақпаратқа  кҿзқарасы 
сезіліп  тұрады.  Коммуникацияны  немесе  сҿйлесім  ҽрекетін  екі  я  бірнеше  субъектінің  бетпе-бет 
отырып,  ауызша  сҿйлесуі  деп  қана  түсінбеу  керек,  оған  жазылым  да,  іштен  сҿйлеу  де,  ойды  іштен 
топшылау да енеді.  
Мҽтін  ұзақ  уақыт  сақталатын  тұрақты  құрылымдық  тұлғада  жасалады,  ол  үшін  мҽтін  толық 
лексикалық мазмұнда тыңдаушыға ҿзінің когнитивтік жҽне дискурстық мҽнімен жетуі керек.  Нақты 
сҿз  формаларынан  тұратын  сҿз  тіркестері  мен  сҿйлемдердің  түрлері  ҽртүрлі  синтаксистік 
парадигмадан  құралады,  ал  лексикалық  мҽн-мазмұн  жағы  дайын  күйінде  қайталанбай,  тыңдаушыға 
коммуникативтік–  логикалық  мақсатқа  сай  жеткізіледі[1,30].  Мҽтін  –  ойлау,  хабарлау,  баяндау, 
қабылдау,  пайымдау  құбылыстарымен  байланысты,  адамдар  арасындағы  тілдік  қатынастың  іске 
асуына негіз болатын қатысымдық жүйелі форма. Семантикалық жақтан мҽтіндегі дискурстық   

 
 
81 
 
қатысымдық, коммуникативтік тұлғалар бір-бірімен байланыста қолданылады; тұтас ойды білдіреді; 
мҽнмҽтіндік  жүйелі  мағынаға  ие  болу  арқылы  нақтылы  ұғымды,  ойды  жеткізеді;  бір  бүтін,  тұтас 
мазмұндық  қасиетке  ие  болады;  жалпы  қарым-қатынас  үдерісіне,  оның  ішінде  тілдесімге,  сҿйлесім 
ҽрекетіне тҽн болады жҽне қызмет атқарады. 
Сонымен, мҽтіннің құрылысы оның мақсатына сҽйкес анықталады, яғни нақты тақырыпқа сай 
концептуальдық  мазмұнымен  анықталады.  Ҽрине,  мҽтінді  тыңдаушы  бірден  қабылдай  алмайды, 
тыңдаушы  оны  бірте-бірте,  мҽтіннің  басталуынан  аяғына  қарай,  аяқталу  барысына  қарай 
қабылдайды.  Мҽтіндегі  сҿйлемдерде,  ҽрине,  қосымша  мағына-мазмұндық,  семантикалық  немесе 
грамматикалық  қосымша  мҽн  болуы  да  мүмкін,  олардың  мазмұндық  құрылымы  ҽртүрлі  болуы  да 
мүмкін,  яғни  осындай  мҽнде  құрылған  мҽтін  сҿйлемдерінің  жеке  қолданылған  басқа  сҿйлемдерден 
айырмашылығы болады. Мҽтін сҿйлемдерімен шектес, дайын күйінде қайталанатын тілдік бірліктер 
де бар, олар мақалдар мен мҽтелдер жҽне қанатты сҿздер т.б. Олар кҿбінесе бір ғана сҿйлемнен де, 
жай  жҽне  күрделі  сҿйлемнен  де  тұруы  мүмкін.  Мҽтін,  қысқаша  айтқанда,  айтылым  бірліктерінен 
құралған  құрылым  ретінде,  грамматикалық  тұрғыдан  ұйымдасқан  сҿйлеу  тұлғаларының  бірі  болып 
табылады  [2,41].  Ой  шындығы  тіл  арқылы,  тілдегі,  мҽтіндегі  ҽртүрлі  дикурстық  сҿздер  мен 
сҿйлемдердің  аркасында  кҿрінеді.  Қоршаған  ортадағы  заттар,  құбылыстар,  іс-ҽрекеттер,  олардың 
ҽртүрлі белгілері, қасиеттері,  сапалары адам санасында ұғым, байымдау формаларында бейнеленеді 
де, олар тілде мҽтін дискурстары құрамындағы сҿздер, сҿйлемдер арқылы айтылады, солар арқылы 
баянды  етіледі.  Сонымен,ғалымдардың  пікіріне  сүйенсек,  дискурс  үдерісі  дегеніміз  – 
коммуниканттардың  сҿз  жаздаятын  ескере  отырып,  шынайы  ҿмірдегі  оқиғаларды  ҿздерінің 
танымдық,  тілдік,  аялық,  прагматикалық  мүмкіндіктерін  пайдалану  арқылы  коммуникативтік 
мақсатқа  орай  ҿз  тілдеріндегі  лексикалық,  грамматикалық,  фонетикалық  жүйелер  арқылы  тілге 
кҿшуі, белгілі бір формаға ие болып диалогқа түсу ҽрекеті. 
Жалпы  коммуниканттар  арасындағы  қатынастың  нҽтижелі  болуына,  белгілі  бір  дискурста 
қатынастың  жандануына  тҿмендегі  факторлар  ерекше  ҽсер  етеді,  олар:  а)  сҿйлеу  ҽрекеттерінің 
мақсатына  қарай  қандай  функционалдық  стилдің  қолданылатындығы;  ҽ)  тіл  құрылымындағы 
қатынасты  іске  асыру  формасының  ыңғайында  пайдаланылатын  коммуникативтік  құралдардың 
жазбаша жҽне ауызша түрлері, сҿйлесім ҽрекетіндегі қатысымдық тұлғалардың (сҿйлем, интонация, 
синтагма  т.б)  мҽтінге  ҽсері.  Бұл  дискурстың  ауызша  да,  жазбаша  да  ҿту  мүмкіндігін  кҿрсетеді;  б) 
ортақ салалық білімдері бар адресант пен адресант арасындағы сҿйлесудің дыбысталып, иллокутивті 
ҽрекеттерінің кҿрінуіне мүмкіндік беретін коммуникация актісі; в) коммуникацияға түсуші түрлі сала 
ҿкілдерінің  болмысты  қабылдаудағы  менталдық  ерекшілігі.  Менталдық  ерекшілік  коммуникацияға 
прагматикалық  фактор  ретінде  ҿз  ықпалын  тигізеді.  Прагматикалық  фактор    адресанттың  тілдік 
бірліктерді ҿз түпкі ниетіне сай іріктей білуі, қай сҿзге баса мҽн беретіндігі, сҿзінің ресепиентке қай 
дҽрежеде ҽсер етуін кҿздейтіндігі, соның нҽтижесінде адресанттың қандай да бір ҽрекеттерге баруына 
түрткі  болатындығы,  айналадағыларға  ҿзін  таныстыруға  тырысатындығы  т.б.  оның  түпкі  ойының 
тыңдаушыларға дұрыс, дҽл, нақты түрде жеткізілуін қамтамасыз етеді.  
Айтылған  пікірлерге  қосымша,  тіл  білімінде,  «мҽтін  синтаксистік  бірлік  болып  табыла  ма?» 
«Мҽтін – тілдік бірлік пе?» деген сауалдар қойылып, оған нақты жҽне тұжырымды жауап берілмей 
келеді.  Мҽтін  лингвистикасының  зерттелу  кезеңдерінің  бірінші  қадамдарынан  бастап,  оның  зерттеу 
нысаны жҽне мҽні туралы екіұдай түсінік қалыптасқан, ол түсінік ҽлі күнге дейін сақталуда. Кейбір 
ғалымдар  мҽтінді  ерекше  синтаксистік  бірлік  деп  білсе,  енді  біреулері  ҽртүрлі  дискурстық 
бірліктермен теңестіреді. Ҽрине, дискурстық бірліктердің бҽрі бірдей синтаксистік деңгейдің бірлігі 
бола  алмайды.  Функционалдық  лингвистика,  семантика,  психолингвистика,  социолингвистика, 
прагмалингвистика  мҽселелеріне  қызығушылықтың  артуына  байланысты,  кейінгі  жылдары  мҽтін 
функционалдық, ҽлеуметтік-стилдік бірлік ретінде тіл білімінің арнайы зерттеу нысанына айналды. 
Мҽтін  –  бүтін  сҿйлеу  бірлігі  ретінде,  алдымен,  ҽлеуметтік-дискурстық  құбылыс  саласында 
қарастырылады.  Мҽтін  –  фразадан үлкен,  ерекше  құрылымда  ұйымдасқан  бірлік  ретінде,  қоғамның 
ҽртүрлі саласына қызмет ететін айырықша коммуникативтік бірлік болып табылады. Осы тұрғыдан, 
мҽтін  лингвистикасы  аумағында  мҽтінді  зерттеудің  екі  түрлі  нысаны  қалыптасты.  Біріншісі  – 
фразадан  үлкен  бірлік  ретінде  қарастыру  жҽне  екіншісі  –  бүтін  құрылымдық  сҿйлесім  немесе 
микромҽтін ретінде қарастыру. 
Мҽтін  мағынасының  құрылымын  ашу  үшін  ең  қажетті  негіз  коммуникация  теориясы  болып 
табылады.  Мҽтіннің  деңгейінде  синтаксистік  семантика  мҽселесін  шешу  тілдің  экспрессивтік  жҽне 
коммуникативтік қызметтерінің бірлігінің табиғатынан туындайды, ҿйткені ҽрбір мҽтіннің негізінде  

 
 
82 
 
тек  қана  шындық  болмысты  бейнелеу  мақсаты  жатпайды,  сонымен  қатар  нақты  коммуникативтік 
мақсат  немесе  коммуникативтік  мағына-мазмұнды  білдіру  мақсаты  жатады.  Бұл  интенционалдық 
мағынаны  білдіру,  немесе  коммуникативтік  мағына-мазмұнды  жеткізу,  мақсаты  айтылымдық 
ойлаудың  бҿлігі  болып  табылатын  қызметтің  сипатына  сай  туындайды,  яғни  сҿйлеушінің  алдына 
қойған  мақсатына  сҽйкес  коммуникация  жағдайынан  жҽне  мақсатынан  туындайды.  Бірақ 
коммуникативтік мақсатта мҽтінді түзу түрлері мҽселесі синтаксистік семантика аспектісінде ҽлі жете 
зерттелген  емес.  Мҽселені  жҽне  айтылымның  коммуникативтік  стратегиясын,  коммуникация 
сҿйлесімдерінің  амалдарын,  сҿйлеу  ҽрекеті  теориясын  иллокутивтік,  яғни  сҿйлеушінің  мінез-
құлқына,  вербалдық  жҽне  бейвербалдық  ҽрекеттеріне,  жағдайларына  сҽйкес  қарастыру,  яғни 
мҽселелерді  тиісінше  жедел  қарастыру  қазіргі  коммуникация  теориясы,  прагматика  мен 
лингвистикалық  дидактика  салаларыда  қолға  алынған  [3,14].  Бірақ  бұл  салалардың  ешқайсысы 
бірегей коммуникативтік интенсия мағынасының классификациясын ұсынған емес. 
Ҿзінің  міндет-мақсаттарына  байланысты  қазіргі  коммуникативтік  лингвистикалық  дидактика 
алдымен екі коммуникативтік интенсияның (мҽн-мазмұнның) түрін: 1) тыңдаушыны коммуникация 
ҽрекеті  туралы  хабардар  ету  жҽне  2)  оны  белсенді  ҽрекетке  тарту,  яғни  жауап  беру  ҽрекетіне 
дайындау сияқты түрлерін ажыратады. Тілдік тұлға ретінде трансмиссорларды дискурстық бірліктер 
арқылы  қарастыру  ҿзекті  мҽселенің  бірі  болып  табылады.  Дискурсты  бір  белгілі  тақырыптың 
тұрғысынан ғана емес, лингвистикалық тұрғыдан қарастыру бүгінгі таңда ерекше маңызды мҽселеге 
айналып отыр. Дискурсты лингвистикалық жақтан талдау  – трансмиссордың кҿзқарасын  ғана емес, 
сҿз  саптау  мҽнерін,  тіл  байлығын,  сҿйлеу  мҽдениетін,  басқа  коммуниканттардан  ҿзгешелігін 
айқындайды.  Қатысымдық  тұлғалар,  коммуниканттар  үшін,  ҿз  ойларын,  сезімдерін  т.б. 
коммуникация  мезетіндегі  оның  ҿту  жағдайларына  байланысты  ой-тілектерін  білдіру  үшін  керек. 
Ойлау үдерісінде коммуниканттар ҿз сезімдерін, ҿмірлік тҽжірибеден түйгендерін, ойын қатысымдық 
тұлғалармен  біріктіреді.  Соның  негізінде  тіл  дерексіз  тұлғадан  жеке    субъектінің  нақты  ойын 
білдіретін құралға айналады. Сондықтан дискурстық сҿйлесім бірліктері тілдік норманың жаны жҽне 
тіршілігі  болып  табылады.  Коммуникация  барысында  тілдік  жҽне  қатысымдық  бірліктер,  олардың 
қолданылу  нормалары  жанданып,  ҿз  бойындағы  семантикалық,  функциялық  мүмкіндіктерін  жан-
жақты  кҿрсете  алады.  Мысалы  «қабырға»  тура  мағынасында  жҽне  «қабырғасы  қайысу», 
«қабырғасына  бату»,  «қабырғасымен  кеңесу»,  «қабырғалы  ел»,  «қабырғасын  қақырату»  т.б. 
тіркестерінің  ҽртүрлі  мҽнмҽтіндердегі  қолданысынан  туатын  мағыналарынан,  олардың  түрлі-түрлі 
екендігінен кҿруге болады. 
Дискурстың монолог жҽне диалог түрінде ҿтетіні белгілі. Кез-келген субъектінің ауызша жҽне 
жазбаша  түрдегі  айтылымдарының  дискурстары  ресепиентке  ой  тастау,  сезімдеріне  ҽсер  ету 
мақсатынан  туындайды.  Сҿйлеуші,  яғни  трансмиссор  тілдік  бірліктерді,  фразеологиялық  жҽне 
паремиологиялық  тұлғаларды,  олардың  мағыналарын  ҿзінше,  ҿзіндік  білімінің,  дүниетанымының 
сапалық  дҽрежесіне  сҽйкес  қолданады[4,11].  Коммуникант  шындықтың  тілдегі  кҿрінісіне  лайықты 
тілдік  бірліктерді,  амал-тҽсілдерді,  дискурстық  тұлғаларды  таңдап  пайдаланады.  Бірақ  адресанттың 
мақсаты  осы  ҽрекеттер  арқылы  сапалы  мҽтін  құрап  қоя  салмай,  ресепиенттің  санасына  ықпал  ете 
білуді кҿздейді. Ықпал ету – тек мҽтіннен емес, мҽтін мен ресепиенттің ҿзара үндесу ҽрекеті негізінде 
пайда  болатын,  адамның  эмоциясынан,  ойлау  қызметін  түйсіну,  баға  беру,  түсіну  қабілетінен 
туындайтын  интерактивті  қасиет.  Интеракция  –  коммуникацияға  түсушілердің  тақырыпқа 
қызығушылығының  бірдей  артып,  ары  қарай  дамытып  алып  кетуі  жҽне  олардың  дискурстық 
ҽрекеттесуі.  Мҽтін  дискурстарын,  осы  тұрғыдан,  белгілі  бір  жағдаймен,  тікелей  себеп  болған 
оқиғалармен,  коммуниканттардың  менталитетімен  жҽне  идеяларымен  байланысты,  кҿбінесе  іс-
ҽрекетті,  уақытты,  ситуацияны,  коммуниканттардың  кҿңіл-күйін,  сҿйлеу  мҽнерін  жҽне  т.б. 
жағдайларын бейнелейтін  ауызша немесе жазбаша түрде білдірлетін тілдік  айтылым бірліктері деп 
анықтауға болады. 
Дискурстық бірліктердің ҽрқайсысы ҿзіндік коммуникативтік роль атқарады. Мҽтін құрылымы 
тҽрізді  дискурстың  құрылымы  дискурсқа  кіріспеден,  негізгі  бҿлімнен  жҽне  қорытындыдан  тұрады. 
Дискурс  кіріспесінде  тыңдаушымен  байланыс  орнатылып,  сҿйлесім  барысының  байланысы 
орнығады.  Негізгі бҿлімінде ақпарат мҽн-мазмұны тыңдаушыға дҽлелді түрде, дұрыс жҽне түсінікті 
мазмұнда, іскерлік жағдайда бағытталады. Дискурс қорытындысында тыңдаушы белгілі бір шешімге 
келеді,  соған  орай  іс-ҽрекет  етеді.  Бұл  құрылым  –  коммуниканттардың  дискурстарының  барлық 
түріне  тҽн  құбылыс.  Дискурстың  компоненттік  құрылымынан  тыс  прагматикалық  құрылымы  да 
болады. Прагматикалық құрылым мазмұны иллокутивті, дейктикалық, пресуппозитивтік,  

 
 
83 
 
кооперативтік, 
экспрессивтік-аксиологиялық, 
функционалды-стилистикалық, 
модальды, 
коммуникативті-ақпараттық  деген  компоненттерден  тұрады.  Бұл  -    жалпы  дискурс  атаулыға  тҽн 
прагматикалық  мазмұн.  Кез-келген  дискурсты  тілдік  коммуникацияда  қолданатын  ҽйтеуір  бір 
субъект  болатындықтан,  ҽр  субъектінің  ҿз  ортасына  сай  білім-сауаты,  дүниетанымы,  ҽр  нҽрсеге 
кҿзқарасы болады. Соған байланысты дискурсты құрушы ҽрбір субъект ҽсер ету мақсатында түрлі-
түрлі  тілдік  бірліктерді  қолданады.  Коммуниканттардың  диалогқа  дайындығы  мен  білім-білік 
дҽрежелерінің  сапасына  қарай  дискурстың  прагматикалық  мазмұнының  компоненттері  ҿзгеріп,  ол 
иллокутивті, экспрессивті-аксиологиялық, функционалды-стилистикалық жҽне т.б. компоненттерден 
тұруы мүмкін. 
Сҿйлеу  актісі  теориясына  сҽйкес,  мысалы  иллокутивті  күштің  мағынасы  сҿйлеушінің 
адресаттың  жай-күйіне,  кҿздеген  мақсат-пиғылына,іс-ҽрекетіне,  ой-ҿрісіне,  сезіміне  жҽне  ҿзіндік 
коммуникативтік мақсатына сҽйкес оған ҽсер ету дегенді білдіреді. Сҿйлесім дегеніміз  – тіл арқылы 
дыбысталып  айтылатын,  ойды  жарыққа  шығаратын,  коммуникативтік  мҽні  бар,  ҽрі  ҽлеуметтік,  ҽрі 
жеке адамға қатысты құбылыс. Демек иллокутивтілік – дискурстың прагматикалық жҽне мазмұндық 
құрылымындағы ең негізгі компонент. 
Коммуникаттардың  дискурсында  ҽртүрлі  жағдайлар  кездеседі,  мысалы  бір  нҽрсеге  сендіру, 
сезіміне ҽсер ету, нақты мҽлімдеме жасау, ҿз ойын терең түсінікті білдіру т.б. жағдайлары ассертив 
түріндегі  сҿйлеу  актісімен  жүзеге  асады.  Ассертив  –  жағдай  барысын  баяндайтын,  жағдайға 
байланысты ой білдіруде, мҽлімдеме жасауда қолданылатын сҿйлеу актісі. Ассертив ҽртүрлі сҿйлеу 
актілерімен  беріліп,  коммуниканттардың  дискурсында  қалыптасқан  сҿйлесім  түрлерінде  жүзеге 
асады. Ассертивті эпистемиялық (пікір айту, жорамалдау, мҽлімдеу, ойын білдіру) сҿйлеу актісі деп 
те атауға болады. 
      
Аннотация.  В статье выдвинуто понятие сверхфразового  единства, или сложного синтаксического 
целого, как особой синтаксической  единицы, представляющей собой группу предложений,  которые 
выражают  отдельное  высказывание.  С  этим  понятием  сосуществует  понятие  дискурса  как  целого 
высказывания любой протяженности.     
Annotation.  The  notion of  superphrasal  unity,  or  complex  syntactical  combination  as  a  special  syntactical 
unit,  presenting  a  group of  sentences, which  express  a  separate  utterance  was  described  in  the  article.  The 
notion of discourse as a whole utterance of any length coexists with that phenomenon.   
___________________   
1 Құрманова М.Ж., Мухлис К. Текст теориясы жҽне текст талдау ҽдістемесі. –Алматы: Білім, 2000. -30 б. 
2 Бондарко А.Б. Лингвистика текста в системе функциональной грамматике. –Москва, 2003. -41 с. 
3 Зоркина О.С. О психологическом подходе к изучению текста. –Москва, 2003. -14 с. 
4 Каримова С.С. Жанровое пронстранство политического дискурса // Вестник КазНУ. Серия филологическая. -
2006, № 2. -11 с. 
 
 
Н. Дидарбекова 
 
Т. АХТАНОВ СЫНЫНЫҢ КӚРКЕМДІК ӘЛЕМІ 
 
ӘОЖ 82-95 (5Каз) 
       Д 40 
 
Шынайы  дарын  иесі  кҿп  қырлы,  терең  сырлы  болып  келеді.  Оның  талант  табиғатын, 
азаматтық-қаламгерлік  келбетін,  шығармашылық  ізденіс  жолын  тануда  соңына  қалдырған  ҽдеби 
мұрасын үлкен-кіші демей арнайы зерттеу, тұтас қарап қорыту қажеттілігі ҽдебиеттану ғылымының 
басты міндеттерінің біріне саналады. Сонда ғана автордың шығармашылық тұлғасы толық ашылады.  
ҚР  Мемлекеттік  сыйлығының  лауреаты,  Халық  жазушысы  Тахауи  Ахтановтың  (1923-1994) 
сыншылдық мұрасы оның ұлттық ҽдебиеттің қалыптасу жолдары мен кҿкейкесті мҽселелерін, дҽстүр 
жалғастығы  мен  кҿркемдік  ізденіс  арналарын,  белгілі  қаламгерлердің  шығармашылығын  талдаған 
ҽдеби-сын,  танымдық-сараптау  мақалалары  мен  ҽр  кездері  жазылған  рецензиялары,  ҿнер  адамдары 
туралы  қалам  тербеген  эссе-портреттері  мен  кең  тынысты  сұхбаттары,  байыпты  ой-толғамдары 
тұтаса келе жазушы шығармашылығының ҿзіндік бір тың, ауқымды саласын құрайды.  

 
 
84 
 
Ол  шебер  прозашы  мен  драматург,  аудармашы  жҽне  ҽдебиет  сыншысы,  мҽдениет,  ҿнер 
жанашыры, қоғам қайраткері ретінде де соңына ҽр алуан жанрда мол мұра қалдырды. 
ХХ  ғасырдың  20-30-шы жылдары түрлі жанрда (прозада, поэзияда, драматургияда, ҽдеби сын 
мен ҽдебиеттану ғылымында) қатар жемісті шығармашылық жұмыс атқару аға буын қаламгерлердің 
қажырлы  ізденістерімен,  еңбектерімен  орныққан  берік  дҽстүр  болды.  Мұндай  жан-жақтылықты 
уақыт, үнемі жетілу үстіндегі ҽдеби процесс қажет етті. Бұл жҿнінде Ҽ. Тҽжібаев «Ҿмір мен поэзия» 
атты  зерттеу  кітабында:  «Бізге  бҽрін  істеу  керек,  -  дейтін  Сҽкен.  Бұған  Бейімбет,  Сҽбит,  Ілиястар 
жақсы түсінетін. Олар да бҽрін істейтін. Қазақстанға театр керек. Пьеса қайда? Жазушыда Сҽкен мен 
Бейімбет  отыра  қалып,  ҿлеңнен  драмаға  ауысады.  Ҿйткені  пьесасыз  театр  жоқ...  Роман  жазу  үшін 
туған  Мұхтар  қаршадайынан  қазақ  ҽдебиетінің  ғалымына  айналды:  үйде  отырып  ҽдебиет  тарихын 
зерттейді,  институтқа  барып  сабақ  береді.  Ҿйткені  «бҽрін  істеу  керек»  [1,  3-4  бб.]  -  деп  жазды. 
Осындай игі дҽстүр Ұлы Отан соғысы жылдарынан кейін де жалғасты. 
Т. Ахтановтың шебер жазушылығымен қатар ҿз тұсындағы ҽдеби процеске белсенді араласуы 
да шығармашылығынан мол кҿрініс берді. Бұл, ең алдымен, оның жазушылық қалыптасу кезеңіндегі 
ҽлемдік, ұлттық ҽдеби дҽстүрді игеру ізденісімен тығыз байланысты болса, сонымен бірге автордың 
қоғамдық  белсенділігінің  жоғарылығынан,  болып  жатқан  ҽдеби  жаңалыққа,  оның  жетістік-
кемшілігіне  бейтарап  қарай  алмайтын  сыншылдық  ҿресінің  сергектігінен,  алғырлығынан  болатын. 
Жазушының  60  жылдық  мерейтойына  орай    Ғ.  Мүсірепов  мұны  орынды  атап  кҿрсетті:  «Мұнымен 
бірге мен Тахауи Ахтановтың ҽдебиет пен кҿркемҿнерге құшақ аша жүргенін де қатты бағалаймын. 
<...>  Бұл  -  ҿз  тіршілігін,  ҿзінің  жазушылық  қам-қарекетін  ғана  ойлаған  адамның  ісі  емес,  халық 
мҽдениетінің  жай-жағдайын  ойлап  жүретұғын  жанашыр  адамның  ісі»  [2]  -  деп  жазды  кҿрнекті 
суреткер.  
Жалпы, Т.Ахтановтың сыншылдық ҿнерін  – автордың ҿзге шығармашылық салалармен тығыз 
бірліктегі  ой  жемісі  деп  қарау  орынды  болып  табылады.  Одан  қаламгердің  азаматтық-суреткерлік 
ұстанымын, шығармашылық тарихы мен лабораториясын, ҿз тұсындағы ҽдеби процесті жіті сезініп 
қорытуы  мен  ҽдебиеттің  табысы  саналар  басты  туындыларды  талдауын,  насихаттауын,  ҽдебиет 
туралы  эстетикалық  кҿзқарастары  мен  жалпы  ҽдебиеттің  дамуы  туралы  байыпты  пайымдауларын 
байқаймыз.  
Автордың  жазушы  ретінде  кҿркем  туынды  табиғатын  жақсы  білуі  мен  шығармашылық 
процесті  тікелей  ҿз  басынан  ҿткеруі  сыншылық  ҿнерін  кемелдендіре  түскен.  Оның  бұл  еңбектері 
айқын  кҿзқарасымен,  ҿз  уақытының  кҿкейкесті  мҽселелерін  ҿткір  қозғауымен  жҽне  талдау 
орнықтылығымен  ерекшеленеді.  Сондықтан  жазушының  бұл  саладағы  еңбектерін  ҿз  кезеңіндегі 
ҽдеби  дамудың  біршама  толымды  шежіре  парақтарының  бірі  деп  те  қарауға  болады.  Т.Ахтановтың 
қаламгерлік  ерекшелігі  –  осы  белсенділіктен  ҿмірінің  соңына  дейін  ҿзгермеді.  Тҽуелсіздік 
заманындағы  ҽдебиет  енді  қай  бағытта  дамуы  керек  деген  келелі  ой  жазушыны  айрықша 
толғандырды,  ҽдебиеттің  келешегі,  түркі  халықтарының  рухани  бірлігі  мен  мемлекеттік  тіл  жайы, 
қоғамдық  даму  туралы  байыпты  да  сыншыл  ой-толғамдары  қаламгердің  90-шы  жылдардың 
басындағы мақалалары мен сұхбаттарында да кҿрініс берді. 
Қазақ прозасының дамуына «Қаһарлы күндер», «Боран», «Шырағың сҿнбесін» тҽрізді кеңінен 
танымал романдары мен «Махаббат мұңы» повесі, лирико-психологиялық ҽңгімелерімен сүбелі үлес 
қосқан, «Ант», «Күтпеген кездесу», «Ҽке мен бала», «Күшік күйеу» секілді тағы басқа пьесаларымен 
ұлттық драматургияның ҿркендеуіне ат салысқан Тахауи Ахтановты ҽдеби қауым, оқырман кҿпшілік, 
ең алдымен, жазушы-драматург ретінде біледі. Дегенмен, оның ҿз кезеңіндегі ҽдеби процеске белсене 
араласуын,  ҽдебиеттің  жетістігіне  сүйсініп,  байқалған  кейбір  келеңсіздіктерге,  ҽсіресе,  халтураға 
қарсы бел шеше күрескен қайраткерлігі шын жанашырлықтан туындаған. Ҽдеби сында бір артық, бір 
кем түсіп жатқанмен, шама-шарқынша адалдықты, тазалықты ұстанғанын,  сҿз зергері Ғ.  Мүсірепов 
айтқандай, тек ҿз шығармашылығын күйттеген қаламгерлер қатарына жатпайтынын, сҿйтіп ҽдебиет 
сыншысы ретінде де соңында мол еңбектері қалғанын бүгінде ешкім жоққа шығармайды. 
Жалпы,  ол  бір  сарындағы  қаламгер  емес.  Жанрлық  жан-жақтылықпен,  кең  ауқыммен  қатар 
ҽрбір  жаңа  туындысына  тың  суреткерлік  таным-шешіммен,  жазу  мҽнерімен  келуді  мақсат  тұтуы 
оның шығармашылық ізденісінен айқын байқалады. 
Мҽселен,  ортақ  соғыс  тақырыбына  қалам  тартылды  деген  «Қаһарлы  күндер»  романы  мен 
«Шырағың сҿнбесін» романының жазылу табиғаты бір-біріне мүлде ұқсамайды. Ал «Боранда» соғыс 
қасіреті мол кҿрінгенімен, соғыстан кейінгі ҽділетсіз қоғам шындығы мен ҽлеуметтік психология  
 

 
 
85 
 
мүлде  тың  арнамен,  сыншылдық  кҿзқараспен  суреттеледі.  Қажет  десек,  автор  айтқандай,  «Ант» 
трагедия болса, «Ҽке мен бала» - нҽзік психологияға құрылған драма, «Күшік күйеу» комедия  
жанрында  жазылған.  Қалай  дегенде  де,  автор  ҿзін-ҿзі  қайталаудан,  сын  мақалаларында  кҿп 
айтылатындай трафареттіктен сақтанған.  
Осындай  сан  қырлы,  кең  ҿрісті  жазушының  сын  жанрына  келуінің  де  ҿзіндік  заңдылығы  бар 
тҽрізді. Сондықтан да Т. Ахтановтың сыншылдық ҿнерін оның шығармашылығының ҿзіндік бір беті 
деп қарастырғанымыз жҿн. Байқап қарасақ, Т. Ахтановтың бұл саладағы еңбектері де бірыңғай емес, 
алуан  қырлы  болып  келеді.  Жеке  ақын-жазушылардың  шыққан  жинақтарына  жазылған  ҿткір 
рецензияларынан  бастап,  белгілі  бір  уақыт  аралығындағы  ҽдебиеттің  ҿрісін,  ҿткені  мен  бүгінін 
саралауға  құрылған  кең  толғамды  талдау  материалдарын,  жеке  суреткердің  шығармашылық 
ізденісіне  негізделген  монографиялық  зерттеуін,  шығармашылық  портрет-эссе  мен  проблемалық 
ойлы мақалаларына дейінгі сараптауларды кездестіреміз.  
Бұл – жазушы шығармашылығындағы дүниетаным кеңдігінің кҿрінісі. Проза жазуы мен драма 
жазуы, сын жазуы мен аударма жасауы, театрдың, аударманың ҿзекті мҽселелеріне қалам тартуы мен 
публицистикалық  мақалалары,  сұхбат,  ой-толғамдары  қатар  келіп,  уақыттың  алға  тартқан  ҿткір 
мҽселелерін  қозғап,  ҿзіндік  қажеттіліктен  туындап  жатады.  Түйіндей  айтқанда,  жазушылық-
сыншылдық  Т.Ахтанов үшін шығармашылық біртұтас процесс болды десек қателеспейміз.  
Сыншылдық  таным  дегенде,  Т.Ахтановтың  ҿзіне  дейінгі  ҽдеби  дҽстүрді,  жазушылық 
тҽжірибені  игеру  ізденістеріне  бағыттала  жазылған  танымдық-талдау  мақалалары  алдымен  кҿзге 
түседі.  
1962 жылы жазған  «Іздену, зерттеу  – басты шарт» деген мақаласында автор ҽдеби сынға келу 
жолының  бір  себебін  нақты  баяндайды.  «Бұл  романның  жазылуы  онша  кҿп  уақыт  алмағанмен, 
толғағы ұзақ болды. Үш жыл бастан кешкен соғыс туралы роман жазуды кҿп ойладым. 1949 жылы 
бас  жағын  жазып,  кірісіп  те  кеттім»  [3,  319  б.]  - дей  келіп,  жазу  тҽжірибесінің  жеткіліксіздігін  сол 
кезде  қолжазба  күйінде  қолына  тиген  Ҽ.  Нұрпейісовтің  «Курляндия»  романын  оқу  үстінде  ерекше 
сезінгенін  жазады.  «Содан  сол  роман  аттай  алты  жылға  кешікті.  Менің  сол  кездегі  бітіргенім,  ҿз 
романымды жинап қойып, «Курляндия» жайлы мақала жаздым» [4, 115 б.] - дейді кейін автор.  
Соғыстан  оралған,  бойында  ҽдебиетке  деген  сүйіспеншілігі  мен  жігер-қуаты  мол  жас 
жазушыны тҽжірибесіздік оншалықты мұқалта қоймағанын кҿреміз. Ол ҽдебиеттегі толайым ізденісін 
сыншылдықпен  тығыз  жҽне  сҽтті  ұштастыра  білген  тҽрізді.  Сол  ХХ  ғасырдың  40-шы  жылдарының 
соңы  мен  50-ші  жылдардан  бастап  ҽдеби  сынмен,  кҿркем  аудармамен  белсенді  айналысады.  Оның 
осы  кезеңдері  жазған  М.  Ҽуезов,  Б.  Майлин,  Ғ.Мүсірепов,  Ғ.Мұстафин,  А.Чехов,  Ф.Достоевский 
туралы жҽне ҿзге де ҽдебиеттің кҿкейкесті мҽселелеріне арналған мақалалары автордың сыншылдық 
қабілетін  танытты.  Сол  50-ші  жылдардың  басындағы  «Ҽдебиет  жҽне  искусство»  журналының  жас 
автормен  таныстыруында,  баспасҿз  бетіндегі  түрлі  пікірталастарда  Т.  Ахтановты  алдыңғы  кезекте 
кҿпшілікке сыншы ретінде таныстырады.  
Алдыңғы буын аға қаламгерлер, ҽлем ҽдебиетінің хас шеберлері туралы жазылған мақалалары 
Т. Ахтанов-сыншының дүниетаным кеңдігін, ҽдебиеттің тылсым сырлары мен ішкі иірімдерін нҽзік 
сезінетін тереңдігін, сыншылдық сарабдалдығын танытады. Оның бұл мақалаларының қай-қайсы да 
жүрек  жалынымен,  еркін  де  кҿркем  жазылған  дүниелер.  Ҽдебиет  зерттеушісі,  сыншы  Қ.  Ергҿбек 
жазғандай,  «сыншының  білімдарлығы  –  ырыс,  сыншының  ақын,  иҽ  қарасҿз  шебері  болып  келуі  – 
тіптен  ғанибет»  [5]  дегеніндей,  автордың  ҽдеби  сын  еңбектері  күштеп  құрастырылған 
«сынисымақтан» аулақ болып келеді. 
Т.Ахтановтың  сын  мақалаларының  екінші  саласын  ҿз  уақытындағы  ҽдеби  процеске,  сҿз 
ҿнерінің  кҿкейкесті  мҽселелеріне  қатысты  жазған  проблемалық-талдау-бағалау  мақалалары  деп 
қарастыруға болады.  
Осы  бағыттағы  елеулі  еңбектерінің  қатарына,  мҽселен,  1954  жылы  сол  кездегі  одақтық 
пікірталасқа  үн  қата  жазылған  «Ұнамды  герой  образы  туралы  кейбір  ойлар»  мақаласын,  ҽйгілі 
тартыссыздық  теориясының  ҽдеби  дамуға  тигізген  кері  ықпалын,  шығарманы  тақырыбына  қарап 
бағалау мен ҽлеуметтік тапсырыстың кейбір шығармашылық  иесіне зияндылығын сынай айтқан ой-
толғамдарын  атап  ҿтер  едік.  Жас  сыншының  бұл  еңбектері  де  кезінде  ҽдеби  ортада  үлкен 
пікірталасты ҿрістетіп, ашық ҽңгімеге негіз болды. 
Сол  сияқты  Т.Ахтанов  ҿз  тұстастары  мен  кейінгі  буын  қаламгерлердің  шығармашылығына 
ықыласпен  ден  қойып,  сыншылдық  ой-пікірлерін  уақтылы  білдіріп  отыруы  да  –  ҽдеби-сыншылдық 
ҿнерінің ҿзіндік бір сипаты. Оның қазіргі ҽдебиеттің ірі тұлғаларына айналған Ҽ. Нұрпейісов,  

 
 
86 
 
З. Қабдолов, Б. Соқпақбаев,  Х. Ерғалиев, С. Мҽуленов, Ш. Мұртазаев т.б. туындылары туралы 
жазған портреттік-танымдық мақалалары шын жанашырлық кҿзқарастан туындаған. Жеке автордың 
шығармасын негізге ала отырып,  ҽдебиеттің мҽнді мҽселелерін кҿтерген мақалалары ҽдеби сынның 
ҿрісін кеңейткен сыншыл, тағлымы мол еңбектерге айналғаны даусыз.  
Сыншы  Т.Ахтановтың  ендігі  бір  алуан  мақалалары  театр,  сахна  шеберлері,  драматургия 
заңдылықтары, кҿркем аударма жайы туралы болып келеді. Автордың ҿз тарапынан пьесалар жазуы, 
театрмен  тығыз  байланыста  болып,  сахна  шеберлерінің  жанынан  табылуы  бұл  саладағы 
шығармашылық еңбектің ішкі түйінді жайларын терең сезінуге жҽне оны уақытылы айтып отыруына 
мүмкіндік жасаған.  
Тұтастай  алғанда,  Т.Ахтановтың  ҽдеби-сын  еңбектері  ҿзі  шығармашылықпен  белсене 
айналысқан  кезеңдегі ұлттық ҽдебиеттің келелі жайларын жан-жақты қарастыруымен ерекшеленеді. 
Ол  ҽдебиеттің  ҿз  заманы  үшін  маңызды  саналған  бірде-бір  мҽселелерінен  тыс  қалмаған  тҽрізді. 
Автордың  ҽдеби-сын  мақалалары,  негізінен,  айқын  кҿзқарасымен,  ҿткірлігімен  жҽне  таным-талдау 
тереңдігімен  ерекшеленеді.  Бір  сүйсінерлігі,  Т.Ахтанов  осы  суреткерлік-азаматтық  белсенділігінен 
ҿмірінің  соңына  дейін,  нақтырақ  айтсақ,  ХХ  ғасырдың  90-шы  жылдарының  басына  дейін  ҿзгерген 
жоқ.  Тҽуелсіздік  кезеңіндегі  ҽдебиеттің  келешегі,  80-ші  жылдардың  аяғында  ақталып  қатарға 
қосылған  Алаш  зиялыларының  азаматтық-шығармашылық  келбеті  жайлы,  түркі  халықтары 
ҽдебиетінің  рухани  бірлігі  мен  ҽлемдік  деңгейде  жаңа  сапамен  дамудағы  қазақ  ҽдебиетінің  орны 
жҿнінде,  тіл,  қоғам  дамуы  туралы  байыпты  ойларын  соңғы  мақалаларында,  сұхбаттарында  кеңінен 
таратып айтып отырды. 
Жалпы,  Т.  Ахтановтың  сыншылдық  дарыны,  оның  бұл  саладағы  ҿнімді  еңбектері  аға 
жазушылар  тұрғысынан  да,  замандас-іні  қаламгерлер  тарапынан  да  мойындалған,  кезінде  жоғары 
бағаланған. Ойымыз дҽлелді болу үшін соның кейбірін келтіріп ҿтелік. 
Жазушы Шерхан Мұртаза аға қаламгер дарынының осы бір қыры туралы: 
«Халқымыз суреткер Тахауи Ахтановты ерте таныған жҽне ҿзінің ықылас сүйіспеншілігіне ерте 
бҿлеген.  Тауфихты  оқырмандар  махаббатының  бастауында  «Қаһарлы  күндер»  романының  тұрғаны 
рас. Бірақ, оның қаламынан туған ҽрбір жаңа шығарманы құныға да қызыға күтетін оқырмандардың 
іңкҽр  құштарлығының  іргетасына  Ахтановтың  партиялық  ұстанымдылықтан  мейлінше  адал, 
шыншыл жазылған сын мақалалары негіз болғандығын  айта  кету парыз. Бұған сыншы  Ахтановтың 
Мұхтар Ҽуезовтің «Абай жолы» эпопеясы туралы мақалалары мен Ғабит Мүсіреповтің творчествосы 
жҿніндегі  монографиясы  жҽне  басқа  кҿптеген  сыни  еңбектері  дҽлел»  [6,  59  б.]  -  деп  толғана  ой 
ҿрбітеді.  
Қаламгер  інісі  Баққожа  Мұқаев:  «Ахтанов  –  сыншы,  Ахтанов  –  аудармашы,  Ахтанов  – 
драматург! Қай жанрда еңбек етпесін, ол ешқашан ҿзінің биігінен түскен емес. Ол қашан да болсын 
ҿз  замандастарынан  озып,  озық  жүреді.  Ҽдебиеттің  кҿкейкесті  мҽселелері  талқыға  түскен  үлкен 
жиындарда алдына жан салмай бірінші болып сҿйлейтін жҽне кейбіреулер секілді жақынның кҿңіліне 
қарап,  бой жасырып  отырмай ҿзін  мазалап  жүрген  ойларын  ашық  айтатын  да  Ахтанов»  [7,  26  б.]  - 
дейді.  
Т.Ахтанов туралы арнайы зерттеу жүргізген ғалым Т. Сыдықов: «Оның  Б. Майлин,  М. Ҽуезов, 
С.  Мұқанов,  Ғ.  Мүсірепов,  Ҽ.  Нұрпейісов  творчествосын  талдап-танудағы  ғылыми-сыншылдық 
пікірлерін сүйсіне оқисың. Ол, ҽсіресе,                   Б. Майлин, М. Ҽуезов шығармаларын сҿз еткенде 
характерлердің генезисін кҿркемдік-философиялық категориялар тұрғысында ақтара толғайды» [8]  - 
деп  жазса,  белгілі  ҽдебиет  сыншы  С.  Жұмабектің:  «Қазақ  прозасына  «Қаһарлы  күндер»  романы 
тҽрізді  ырысты  дүние  қосқан  автордың  бұған  дейінгі  кҿркем  сындағы  орнының  ойсырап  қалғаны, 
ҽрине,  ҿкінішті  еді.  Егер  атақты  да  азулы,  ең  бастысы,  ҽділ  сыншы  ретінде  1950-1955  жылдардағы 
ойлы  да  кенен  мақалаларын  жалғастыра  бергенде,  ол  ҽдеби-кҿркем  сын  жанрының  дербестігін 
бекіткен  үстіне  бекітіп,  нығайтқан  үстіне  нығайтып,  арттырған  үстіне  арттырып,  күшейткен  үстіне 
күшейтіп, жаңа да тың сапалар биігіне кҿтеріле беретін аса кҿрнекті сыншы болатыны даусыз еді» [9] 
- деп жазуында шындық негіз бар деп есептейміз.  
Жазушы  Қ.  Мұханбетқалиұлы  «Айтулы  биік  кҿксеңгір»  мақаласында:  «Тахауи  Ахтановты 
кейінгі  толқын  інілері  ғана  емес,  алдындағы  ағалары  да,  тіпті,  тай-құлындай  тебісіп  бірге  ҿскен 
қатарларының  ҿзі  «бүтін  бір  буынның  басы»,  «Ұлы  Отан  соғысынан  кейін  ҽдебиетке  келген 
толқынның  кҿшбасшысы»  деп  бұлталақсыз  мойындаса,  мұның  негізінде  сыншы  Ахтановтың  сонау 
бір кезде-ақ риясыз кҿңілмен һҽм білгірлікпен  ақтарыла айтқан ҽдебиет туралы осындай ойлары  да 
жатқанын ешкім теріске шығара қоймас. <...> Жайшылықта аузын ашса, жүрегі кҿрінетін,  

 
 
87 
 
аңқылдаған Тахаң ҽдебиет мҽселесіне келгенде аса қатал. Ҽйтсе де, ҽркімнің барын  – бар, жоғын – 
жоқ  деп,  елеусіз-ескерусіз  тастамауының  ҿзі  кейінгі  буынды  кҿзінен  таса  қалдырмаған,  қамқор 
кҿңілдің  белгісіндей  кҿрінеді  бүгінде.  Ҽсіресе,  кейінгі  жастар  ағаларының  аялы  алақанына  зҽру 
болып  жүрген  қазіргідей  кезде,  Тахаңдардың  сол  бір  ҿнегесі  жүрегіңді  сыздатып,  санаңа  сағыныш 
лебін  еріксіз  құятындай.  Сағындыратындай  Тахаңды!..»  [10]  -  деп  толғана  еске  алады.  Бұл  ой-
толғамдардың қай-қайсысында да шындық бары ақиқат. 
Ҽдебиеттегі  дҽстүр  мен  жаңашылдық,  кҿркемдік  ҿлшемдері  мен  шеберлік  жайы  сҿз  ҿнеріне 
қадам басқан, соны алдына мақсат етіп қойған тұлғаны толғандырары сҿзсіз. Оны оқып-тану, үйрену-
игерусіз  алға жылжу мүмкін емес.  Шындығына  келгенде, қай  қаламгер болмасын ҿз ҽлінше ұлттық 
ҽдебиеттің  тамаша  туындыларын,  ҽлемдік  классикалық  үлгіні  оқып  қалыптасады.  Т.  Ахтановтың 
жазушылық қалыптасуы да осы жолмен басталғаны сҿзсіз.  
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет