Тараз мемлекеттік



Pdf көрінісі
бет2/27
Дата16.02.2017
өлшемі6,7 Mb.
#4225
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27

 
С.Қ. Бердібаева 
 
НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ПРАКТИКАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯНЫҢ 
КЕЛЕЛІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ КЕЛЕШЕГІ 
 
ӘОЖ-159.922.4 (574) 
 
Қазақстандық қоғам нарыққа бағдарланған. Нарық ол тек басқа экономика ғана емес, ҽрі басқа 
идеология, басқа құндылықтар, басқаша  айтсақ,  «ҽлеуметтік мінездер», яғни басқа мҽдениет. Оның 
негізгі  сипаты  мынада,  ол  индивидуализм  мен  бҽсекелеуші  сипатқа  ие,  сондықтанда  білімдер  мен 
еңбек сферасында осы құндылықтарға сҽйкес бағыттылық болады. 
Психология  ғылымы  үшін  ең  маңыздысы  нарық  жағдайындағы  тұлға  психологиясы  жайлы 
білімдер.  Шынында  да  нарықтық  мҽдениетке  ҿту  кейбір  адамдар  үшін  нағыз  «мҽдени  шок», 
психологиялық  дезадаптация  болды,  қоғамда  ҿтіп  жатқан  процестердің  мҽнін  түсінбеу,  оларды 
болжай алмау немесе болжағысы келмеу, оларды ҿзінің жеке бастық жоспарларымен арақатыстыруға 
тілектің  болмауы  нҽтижесінде  нарық  реформасына  ««ілесіп  кету»  жҽне  «ілесе  алмай  қалудың» 
арасында ҿтетін қарым-қатынаста ҿзара түсінісудің мҽселелері туындайды. 
Жаңа ҽлеуметтік-экономикалық ҿзгерістерге психологиялық адаптациялануда  кҿптеген ҿзіндік 
ерешеліктері  болады.  Жаңа  замандағы  ҽлеуметтік-психологиялық    білімдер  аса  қажет  болып 
саналады.  Қазіргі  нарыққа  бағдарланған  заманда  ҿмір  сүріп  отырған  кез-келген  адамға  ҽлеуметтік 
психологиялық адаптациялану мҽселесі орын алады.  
Психология басқа ғылыми жүйелерге қарағанда қоғамдағы ҿзгерістерге тез екпін жасайды, ҽрі 
соның механизмдерін кҿрсетеді. Ҽлеуметтік-экономикалық ҿзгерістер, қоғамдағы жаңалықтар білім-
ғылым сферасында да ҿз ерекшеліктерін соларға сҽйкес адаптациялап, ҿз құрылымдарын жасайды.  
Білімдер  кеңістігінде  арнайы  курс  ретінде  «экономикалық  психология»,  «инвестиция 
психологиясы»,  «жаңа  ҽлеуметтік  психологиялық  адаптациялар»,  «нарық  психологиясы»,  «дизайн 
психологиясы»,  «итерьер  психологиясы»,  «экопсихология»,  «тұлғаның  ҿзін  тарату  психологиясы», 
«кризис  жағдайына  психологиялық  кҿмек»,  «тұтынушылар  психологиясы»,  «стресс  жағдайындағы 
мінез-құлық», «мҽдени аралық менеджмент», «бизнесті психологиялық алып жүру», «кҽсіби карьера 
психологиясы»,  «персоналдың  мотивациясы  психологиясы»,  «кҽсіби  адаптация  психологиясы», 
«саяси  мінез-құлық  психологиясы»,  «саяси  коммуникациялар  психологиясы»,  «саяси  маркетинг 
психологиясы»,  «деструктивті  мінез-құлық  психологиясы»,  «мінез  құлықтық    бұзылудағы  арт 
терапия»,  «қарт  адамдарға  психологиялық  жҽрдем  беру»,  «діни  этностық  конфликтілер  жҽне 
миграциялық  процестер  психологиясы»,  «терроризм  мен  агрессия  психологиясы»,  міне  осы  тізімді 
шексіз жалғастыра беруге болады.  
Қай  саланы  алсақта  психология  ғылымының  зерттеу  инструментариясы  барлық  жерге  ҿз 
қажеттілігін  кҿрсетеді  жҽне  ҿз  мүмкіндіктерін  ұсынады,  механизмдерін  кҿрсетеді,  оларды  шешеді. 
Психологиялық білімдер кеңістігінің бір міндеті нарық заманы жағдайында тұлғаның  психологиясы 
жайлы ақпараттық технологиялар жүйесін белгілей отырып, соны жасау, іске асыру.  
Қазіргі таңда психологиялық білімдер жүйесінде бір-бірін толықтыратын негізгі үш бағыт орын 
алып отыр:  
1.Психология білім берудің ҽлеуметтік практикасы ретінде. 
2.Психология вариативті білім беруді конструкциялаушы методология ретінде.  
3.Психология қоғамды консолидациялау идеологиясы ретінде туындаған мҽселелер.  
Бұл  күндері  білім  берудегі  практикалық  психология    қоғам  мен  мемлекеттегі  психологиялық 
мамандықтың ҽлеуметтік статусын ҿзгертті. Сондықтан да елімізде «қоғамда толерантты санаға деген 
ҽлеуметтік  ішкі  ыңғайлануды  қалыптастыру  жҽне  экстремизммен  профилактика»  негізінде  қолға 
алынатын  үкіметтік  бағдарлама    жасай  отырып,  толеранттылықтың  парадигмасын  жҽне  ҽлеуметтік 
сенімді осы программада тарату қажеттігін негіздеу керек. 
Осыдан  19  жыл    бұрын  негізін  салған  Ресейдегі  білім  берудегі  практикалық  психологияны 
ұйымдастыру  жобасы  біздің  елге  де  ҿз  саласын  кіргізе  бастады.  Бұл    салада  Ресейде  1988  жылы 
құрылған  ССРО  Мемлекеттік  білім  беру  саласының  бас  психологы  деген  қызмет  те  бар.  Білімдер 
саласындағы  практикалық  психологияның  негізгі  міндеті  елімізде  вариативті  білім  беру  жүйесін 
жобалап, оны ендіру болып табылады.  
 

 
 
15 
 
Ғылымның  дамуына  да  басты  рҿлді  қолданбалы  психология  алатыны  бекіп  отыр.  Осында 
керемет ойды қазіргі таңда уақыт қажетсініп отырған жағдайды Л.С. Выготский айтқан ойлар бекіте 
түседі:  «...мұнда  психология  (психотехника,  психиатрия,  балалар  психологиясы,  криминалды 
психология  арқылы)  бірінші  рет  -  ҿндірістік,  тҽрбие,  саяси,  ҽскери  сияқты  жоғары 
ұйымдастырылыған  практикамен  қағтығысып  отыр.  Осы  жағдай  психологияны  ҿз  принциптерін 
ҿзгертуді, қайта қарауды талап етеді.» [1]. 
Соңғы  15  жылда  психологияның  қоғамдағы    ҽлеуметтік  статусын  кҿтерді.  Практикалық 
психологияның қалыптасуында кҿп нҽрсе ҿзгерді, еліміз ҿзгерді, қоғамда ҿзгерді, білім беру жүйесі 
де ҿзгерді. 
Білім  саласындағы  практикалық  психологияны  дамыту  кҿптеген  құндылықтардың  мҽнін 
ашады.  Біріншіден,  психологияның  білім  берудің  ҽлеуметтік  практикасы  ретінде  туындауы  мына 
жағдайларды талап етеді, білімдер жүйесінде практикалық психологияны дамыту жайлы таспырысты 
қалыптатсыру,  ҽсіресе  білім  жүйесін  басқару  саласында,  соны  басқаратындардың  санасын  дамыту 
мҽселесі,  мұғалімнің  психологиялық  мҽдениетінің  негізін  қалау,  сонымен  қатар,  білім  салсындағы 
практикалық психологияны  жаңа интегралды тҽуелсіз  психология саласына айналдыру, ал практик 
психолог мамандығын жаңа тҽуелсіз мамандық ретінде бекіту. 
Екіншіден,    білім  берудің    бихевиористік  сипатынан    вариативті  дамытушы  мотивациялы- 
мағыналық  білім  беруге  ҿтуге  білім  сферасын    жаңа  арнаға  бұрды.  Ең  негізгісі  практикалық 
психология    білім  беру  саласын  индивидуалдылықты  социализациялау  институтына  айналдырды, 
білімдер  саласын  адамды    индивидуалды  даму  траекториясын  іздейтін  ҽлеуметтік  институт  ретінде 
қалыптастуына  жол салды.  
Білімдердің  вариативтілігі  білімдер  саласындағы  регресс  пен  прогресстің  қағаздағы  тербелісі 
ретінде құрылуда жҽне біз оның ҿлшемі ретінде білім беруде оның модернизациясын жасай алдық па, 
ҽлде  онымен  тек  ойнап  жүрміз  бе,  білімдердегі  тұлғалық  сипаттың  жоғалуы  неден  (  «адамдарсыз 
білім беру») деген сұрақтарды қамтиды, соның шешімін табуға тырысады. 
 Үшіншіден,  практикалық  психология  қоғам  консолидациясының  идеологиясына  айналып 
отыр, алайда бұл жағдай ҿте мардымсыз дамуда. Ресейде ол жақсы жолға қойылған, мҽселен, оларда 
«Ресей  қоғамында  экстремизм  профилактикасы  мен  толерантты  санаға  деген  ішкі  ыңғайлануды 
қалыптастыру» гуманистік федералды бағдарламасы қабылданып, ҿз нҽтижесін беруде. Осы бағытта 
практикалық  психология    еркін  адам  бейнесін  жасайды,  негізгі  ережесі  «ҽртүрліміз,  бірақ  теңбіз», 
«басқаларға  басқалай  болуға  мүмкіндік  бер»,  «ғашық  болмасаң  да  толерантты  болуға  міндеттісің» 
деген түсініктер санадағы конфликтіні алмастыруға ұмтылады. 
Практикалық  психология  негізінде  «медициналық-педагогикалық  комиссия  деген  ұйымның 
орнына  «психологиялық-медициналық-педагогикалық  комиссия»,  «психология-педагогикалық 
консультация»,  «жастарды психологиялық қолдау»,  «отбасына психологиялық қолдау беру» сияқты  
атаулар  пайда болды.  
Психология-педагогика ғылымы, психологиялық-педагогикалық дайындық деген сҿз тіркестері 
пайда  болып,  педагогика-психология  деген  мамандықтар  ашылды.  Білім  берудегі  интегралды 
практикалық  психология  психологиялық-педагогикалық  ғылым  ретінде  мемлекеттік  мақсатты 
кешенді  бағдарламаларға  ұласты  (Республикалық  Дарын  орталығы).  Мұндай  бағдарламалар  білім 
берудегі  практикалық  психологияның  элементтері  ретінде  диагностика,  тестілеу,  консультация, 
коррекция,  реабилитациялық  жұмыстар  білім  саласындағы  психологияның  ҽлеуметтік  статусын 
ҿзгертті. 
Практикалық  психология  вариативті  білім  беруді  конструкциялаушы  методология  негізінде 
дидактикалық  технология  ретінде  дамытушы  оқыту  процесінен,  тұлғаның  ҽлеуметтік 
социализациясы  сапасында  дамытушы  білім  беруге  ҿтуді  қамтамасыз  ете    алады.  Бұл  методология 
барлық  білім  берудің  мемлекеттің  стандарттарында  кҿрініс  беруде.  Бұл  бағытта  практикалық 
психология тұлғаның индивидуалды даму мүмкіндіктерін кеңейтеді [2].  
Білімдер  саласында  экстернат,  отбасында  білім  алу,  мемлекеттік  емес  білім  беру  жүйелері 
сияқты    түсініктер  қалыптасты.  Елімізде  тірі  қалу  психологиясы  мен  пайдалы  мҽдениет 
ұғымдарының  орнына,    ҿмір  психологиясы  мен    құрметтілік  мҽдениеті  орын  алды.  Практикалық 
психологияны білімдер саласына ендіру унифицияланған білім беруден вариативті білім беруге ҿтуді, 
«білім», «ептілік», «дағды» атты педагогикалық дрессуралардан  мұғалімдердің мектеп центризмінен 
бала центризміне  бағдарланған санаға, мҽдени-тарихи педагогикаға ҿтуге мүмкіндік береді.  
 

 
 
16 
 
Соның  негізінде  практикалық  психолог  та  профессионал  ретінде  адам  тану  сферасына    кҿңіл 
қойды,  мектеп  бағдарламаларын  баланы  дамытушы  бағдарламаға,  коррекциялық  компенсаторлық 
психологиялық-педагогикалық  бағдарламаға,  ойындар  мен  ойыншықтарды  психологиялық-
педагогикалық  экспертизаға,  яғни  дамытушы  сфераны  жетілдіру  ҽрекетіне  ҿтті.  Ендеше  вариативті 
білім  беруді  конструкциялаушы  методология  ретіндегі  практикалық  психология  ол  тек  тарих  ғана 
емес, Қазақстандағы бүгінгі жҽне ертеңгі білімдер. 
Практикалық  психология  қоғам  консолидациясының  идеологиясы  ретінде  психология 
қоғамның  эволюция  факторына  айналып  отыр,  табиғаттың,  қоғамның,  мемлекеттің  жҽне  тұлғаның 
дамуы  оның  негізгі  механизмін  жасау  психология  ғылымымен  тығыз  байланысты  болады. 
Шындығында  егерде  эволюциялық  дамудың  ҽртүрлі  формасы  ҽлеуметтік  интеракция,  кооперация 
тіршілік етудің универсал нормасы толеранттылық болмаса, онда агрессия  толқыны, шыдамсыздық, 
ксенофобия,  этнофобия,  кавказофобия,  адам  фобиясы  ретіндегі  геноцид  жер  бетіндегі  кез  келген 
жағдайларды жойып  жіберер еді [2].  
Конфликт  парадигмасынан  толеранттылық  парадигмасына  ҿту  бүгінгі  уақыттың  негізгі  бір 
сипаты  болып  табылады.  Соңғы  кезде  Ресейде  жоғары  оқу  орындарында  практикалық  психология 
жҽне  толеранттылық  педагогикасы  деген  курстар  пайда  болуда.  Ҽлеуметтік  сенім  жҽне 
толеранттылық  экономикалық  ҿсудің,  ҽлеуметтік  тұрақтылықтың  жҽне  жеке  бастық  қауіпсіздіктің 
факторы болып табылады. 
Бұл күндері ҽлеуметтік мониторингтердің нҽтижесін қарасақ ҽлеуметтік конфликтілер ҿсіп бара 
жатыр,  жауыздықты  жеңіл  қабылдай  салу  тенденциясы  басым,  ксенофобиялар,  мигантофобиялар 
ҽдеттегі ҽлеуметтік нормаларға айналуда, интернеттер арқылы «жек кҿру сайттарын» жасау, «біздікі-
бҿтендер»  деп  бҿлетін  ішкі  ыңғайланулардың  қалыптасуы  алаңдатады.  Практикалық  психология 
білімдер саласында толеранттылық сананы  қалыптастыруға негіз болады. 
Елімізде  Білімдер  жүйесінде  практикалық  психологияны  ендіру,  оған  мамандар  дайындау 
немесе  мамандарды  қайта  дайындау  жұмыстарын  жасау  кҿптеген  ҽлеуметтік-психологиялық 
мҽселелерді  шешеді.  Мектептегі  оқулықтарда  да  кҿптеген  тарихи,  адамзаттың  агрессиясын  кҿп 
кҿрсететін  материалдар  кездеседі,  практикалық  психология  сферасы  арқылы  сол  оқулықтарға, 
деструктивті  мінез-құлықты 
қалыптатсыратын 
компьютерлік  ойындарға  психологиялық-
педагогикалық экспертиза жасауды кіргізу, ҽртүрлі деңгейде кризисті ситуацияларға психологиялық 
қызмет  ұйымдастыру,  діни,  этностық,  ҽлеуметтік  конфликтілердің  алдын  алу  негізіне  бағытталған 
психологиялық  шараларды  практикалық  психология  негізінде  дамыту  маңызды  жағдайлардың  бірі 
болып табылады. 
Психологияға  байланысты  эксперименталды  аймақ  керек,  олар  білімдер  жүйесіндегі 
психологиялық  қызметті  жетілдіру  үшін  студенттердің  оқытушылардың    проблемасын 
психологиялық зерттеуді  береді, қаржылық қолдау ҽбден қажет болады.  
Психология  кафедралары  психологиялық  консультацияны  қамтамасыз  етуі  керек: 
индивидуалды,  семьялық,  топтық  консультациялар.  Олар  ҽртүрлі  тренингтер,  оқытуды 
психологиялық қолдау,  антистресс менеджменті жҽне басқалар. Біздер психолог мамандар білімдер 
жүйесіндегі  психологиялық  қызметтің  жаңа  ҽлемдік  стандарттарды  қабылдаған  практикалық 
аспектілерін ғылыми түрде  Қазақстан жағдайында олар қалай адаптациялану керек жҽне оқытудың 
жаңа  инновациялық  жүйелерімен  сҽтті  байланысту  мҽселелерін  дҽлелдей  аламыз,  ҿкінішке  орай  
инновацияны  ендіруде  психологиялық  экспертиза  жасалмайды,  экономикалық  заң,  тағы  басқа 
экспертизалар бар ғой.  
Яғни    оқыту  процесіне  еніп  жатқан  жаңа  оқыту  технологиясы  нақты  адам  үшін  қаншалықты 
қажеттіліктерімен,  қызығушылықтарымен  сҽйкес  келетіні  зерттеу  жҽне  ҿз  менталитетімізді  ескеру 
керек,  осыларға  психологиялық  кҿмек  беруге  болады.  Жаңа  оқыту  технологиясын  ендіргенде 
(кредиттік,  рейтингті,  модульды)  білім  беру  саласын  психологиялық  қолдау  (психологическое 
сопровождение), тұлға дамуының мониторингі, оқытудың денсаулықты сақтау технологиясын тарату 
шартында жұмыс жасай алу қабілетін дамыту мҽселелері де психологиялық кҿмекті қажет етеді. 
Қазіргі  жаңа  білім  беру  жүйелері  (кредиттік  жүйе,  БҰТ)  адамның  физиологиялық, 
психологиялық ерекшеліктерін ескере ме? Мектеп болсын барлық білімдер саласы ҿзіне қажетті жаңа  
инновациялық  технологияларды  ендіруде.  Білімдер  жүйесінде  психология  мен  физиология 
қаншалықты  қамтылған  оған  бір  жақты  жауап  жоқ.  БҰТ,  кредиттік,  рейтингілі  жүйелер,  модульды 
ықпалдар  жарақаттаушы  (травмирующий)  факторларға  ие,  студентке  психологиялық  із  қалдырады. 
Білім сферасын зерттейтін лабораториялар ҿте кҿп ал психологиялық лабортаориялар мүлдем жоқ.  

 
 
17 
 
Тіпті  Ы.  Алтынсарин  атындағы  Білімдер  институтында  бұл  лабораторияны  қаржы  мҽселесіне 
байланысты  жауып  тастаған.  Сондықтанда  білім  берудің  психологиялық  аспектілеріне 
эксперименттер ұйымдастырылуы керек.  
Мысалы  психология  бҿлімін  ашып,  онда  кадрлар  потенциалы  толыққанды  білімдерді 
психологиялық  қолдау  (сопровождение)  эксперименттерін  жасау  керек.  Сонда  дҽстүрлі  оқыту  мен 
жаңа оқыту жүйелерінің айырмашылықтарын нақты кҿруге болады. Ресейде мұндай эксперименттер 
мен  зерттеулер  бар  олардың    кҿрсеткіштері  бойынша  инновациялық  технологияларды  қолдану 
студент үшін  психологиялық мақсатқа  сҽйкестікті неғұрлым кҿп бере алады екен ( психологически 
боллее целесообразны). Сонымен қатар психология оқу құралдарына, оқу ҽдістемелік комплекстерге 
экспертиза  жасау  құқығы  да  бар.  Соның  негізінде  психологиялық  консультациялар 
ұйымдастырылады. 
Инновациялық технологияларды қалай түсінеміз?  Ян Амос Каменскийдің дҽстүрлі жүйесінде 
(ол  класс  сабақ  немесе  лекция  семинар)  мұғалімнің  рҿлі  алдыға  шығады,  ал  оқушының  рҿлі 
минимизацияланады. Студенттің индивидуалды ерекшеліктерін ескермей оқу жоспарлары жасалады. 
Темперамент типтері ескерілмейді, барлық студенттер бірдей статутс пен жағдай ие болсада кҿптеген 
конфликтілерден  кете  алмаймыз.  Дҽстүрлі  оқыту  субъективтілік  факторы  кҿп  болса  инновациялық 
технологияларда  (кредитік,  модульды  ықпал,  рейтингті,  денсаулықты  сақтау    технологиялар 
здоровьесберегающие  технологии)  бағалаудың  субъективтілігінен  қашады,  индивидуалды  ықпал 
басым болады, студентке таңдау еркіндігі беріледі. 
Білім  берудің  тағы  бір  негізгі  міндет  бҽсекеге  қабілетті  тұлғаны  қалыптастыру.  Нарыққа 
бейімделу,  соған  байланысты  ондағы  жеңістер  мен  жеңілістерге  психологиялық  денсаулықты 
қамтамасыз  ету  мҽселесі  тұрады.  Стресс  пен  қорқынышты  азайту,  емтихан  кезіндегі  эмоциялық 
тҽуелсіздік, эмоцияларды жеңу, орталық тестер ҿткізу емтихан сандарын минимизациялау деп жауап 
берседе  ол  «сессиясыз  бақылау»  (бессессионный  контролдь)  болып  табылады.  Елімізде  60-70  
жылдары  инновациялық  технологиялар  болған  жоқ,  дҽстүрлі  бағалау  жүйесі  болды  орташа 
статистика  бойынша  бҽрі  дұрыс  деп  саналды,  білімдер  жағынан  бірінші  орында  тұрдық,  ал    1990 
жылдардан  бастап  құлдырау  белең  алды,  бірінші  орындарды  жоғалттық,  неге  солай  болып  жатыр 
ойландыңыз ба? 
Интеллектуалды статусты бағалау адам үшін стресс болып табылады, ол қозумен байланысты, 
осы  қозу  деңгейі  мен  когнитивті  тапсырмаларды  орындау  нҽтижелілігі  арасындағы  ҿзара  байланыс 
Йеркс  Додсон  заңымен  анықталады,  яғни    адам  қозудың  аз  деңгейінде  жақсы  нҽтижелерді  бере 
алады.  Д.  Хеббтың  заңы  бойынша  қозу  қарапайым  тапсырмаларды  шешуде  ҿте  қолайлы.  Қозудың 
белгілі  бір  дҽрежесі  когнитивті  функцияларды  жақсартады.  Адам  тҿменгі  қозу  күйінде  болса 
тапсырманы  орындауға  шоғырлана  алмайды,  ҿте  жоғары  қозу  күйінде  адамда  жоғары  зейін 
шоғырлануы ҿтеді («туннельный эффект») ол проблеманы ұстап алу  қабілетін тҿмендетеді, мұндай 
жағдайда естен информацияларды шығару қиындайды.  
Ситуативті  жҽне  жеке  бастық  мазасызданулар  бір  бірін  жағымды  корреляциялайды,  емтихан 
кезінде  ситуативті  мазасыздану  ҿседі.  Когнитивті    емтихандық      мазасыздану  студенттерге  тҽн 
болады. Ол жеке бастық  мазасыздануға ұласады. Сондықтанда психологиялық зерттеулер когнитивті 
статусты  бағалаудағы    мазасызданулардың  гендерлік  ерекшеліктерін  зерттейді  (ер  адамдарда 
ҽйелдерге  қарғанда  басқаша  ҿтеді).  Зерттеулер  кҿрсеткендей  тестілеуді  үлкен  табыспен  аз 
күрделілікпен ҽйел адамдар қабылдай алады, ал ер адамдар психологиялық коррекцияны қажет етеді, 
мазасызданудың оптималды деңгейіне жету мақсатымен жасалады. 
Оқу  процесіне    студенттердің  ҿзіндік  жұмыстарының  психологиялық  аспектісі  де  ерекше. 
Студенттерде  СҾЖ деген мотивация болуы керек. Ішкі, сыртқы, процессуалды мотивация болады. 
Нарық дамып отырған уақытта процессуалды мотивацияның рҿлі ерекше, студент ҿз жасап отырған 
тапсырманың қаншалықты пайдалы,  мҽнді екеннін ҿзі ұғынады. Оның жолдары ҿте кҿп. Оқушылар 
тек академиялық білімді ғана емес, жаңашыл ойлауды да игеруі керек. 
Оқыту процесінде оқу кҽсіби ішкі бағдарланулар (установка) мен студенттің жеке тұлғасының 
психологиялық сипаттамасының ҿзара байланыс проблемасы туындайды, яғни субъективті бақылау 
деңгейі  (уровень  субъективного  контроля).  СҾЖ  арқылы  студенттерде    оқу  біліктілігі    қалыптасуы 
керек.  Психологиялық  аспеткіде    оқытушы  мен  студентке  арналған  коммуникативті  дағдылар 
программасын беруге болады:  
1.Сҿздің анықтығы мен дҽлдігі, түсіндіре алу ептілігі;  
2.Сұрақтар қоя білу ептілігі;  

 
 
18 
 
3.Зейінді ҿзіне аударта алу ептілігі  
4.Тиімді кері байланыс  
5.Аудиториямен соның тілінде сҿйлесе алу ептілігі 
6.Аудиториямен жұмыста байқампаздық пен зейіндіілк  
7.Топтық дискуссия  жүргізе алу ептілігі    
8.Инициативаларды басқара алу   
9.Ҽсер ете  алу сендіре алу. 
Практикалық  психология  арқылы  стресс  менеджменті  туралы  мҽлімет  алу,  стресстік 
ситуациялардың алдын алу, оны алдын ала кҿру білуге үйрену, оларға қатысты жоспарлар, стресстік 
жағдайлардың  себептерін  анықтай  алу,  стресстің  себептер,  стрестің  динамикасы,  стрестің  пайдалы 
функциялары, қарым қатынаста стресстік ситуациядан шығу, стреске қарсы психологиялық ҽсер ету 
технологияларына  үйрену,  мазасыздану  күйінен  тез  шыға  алуға  үйрену,  стресті  түсіру  жолдары 
(тыныс  алу  жаттығулары,  релаксация,  позитивті  күйлерді  орнату),  антистресстік  ҿзіндік  регуляция 
мҽселелері шешіледі. 
Практикалық  психологияның  негізгі  бір  келелі  мҽселесі  оқыту  процесіне  кіргізілген 
жаңалықтарға  байланысты    психолог  мамандардың  мастер  класстар  ҿткізуін  қамтамасыз  ету  жҽне 
оларды қаржыландыру. Ғылым, білім жҽне Творчество апталығын студенттер мен оқытушылар үшін 
ұйымдастыру, кҿрмелер, тренингті программалар  ҿткізу, мысалы: кҿпшілік алдында сҿйлеуден неге 
қашамыз,  ішкі  блоктар  мен  ҿзіне  қарсыласуды  (самособатаж)  қалай  алып  тастаймыз,  зейінді  ұстап 
тұру мен ұстап алу техникасы жҽне басқалар. 
Сонымен  қатар  «Инновациялық  басқарудың  ҽлеуметтік  психологиялық  аспектісі»,  «Білімдер 
кеңістігіндегі  инновациялық  ҿзгерістерге  қарсыласу  процестерінің  психологиялық  аспектісі  мен  
ұйымдастырудағы технология мен оларды жеңу» сияқты программалардыда  беруге болады. Барлық 
адамзатқа  ҽйгілі  болып  отырғандай  біздер  үшін  жаңа  заман  ақпараттар  ғасыры  қатты  белең  алуда. 
Қазіргі жаңа қоғам үшін ең беделді болып отырған жағдай ол ақпараттар, білімдер жҽне білім беру 
жүйелері.  Психология  ғылымы  үшін  де  ең  маңызды  мҽселе  практикалық  психологияны  білімдер 
жүйесіне  белсенді  тарату  болып  отыр.  Елімізде  білімдер  жүйесіне  білім  берудің  ұлттық  жүйесін 
ендіру,  практикалық  психология  негізінде  психологиялық  ҽлеуметтік  институттар  құру  қажеттілігі 
уақыт талабымен үндесуде.  
Білім берудің ұлттық жүйесінің бір негізін құрайтын практикалық психологияны үзіліссіз білім 
берудің  бір  сатысы  ретінде  дамыту  келесі  кіші  жүйелерді  қалыптастыруды  талап  етеді:  мектепке 
дейінгі  білім  берудің  ұлттық  жүйесіндегі  практикалық  психология;  мектепте  білім  берудің  ұлттық 
жүйесіндегі практикалық психология; алғашқы кҽсіби білім берудің ұлттық жүйесіндегі практикалық 
психология; орташа кҽсіби білім берудің ұлттық жүйесіндегі практикалық психология; жоғары кҽсіби 
білім  берудің  ұлттық  жүйесіндегі  практикалық  психология;  қосымша  білім  берудің  (жалпы  жҽне 
кҽсіби, дипломнан кейінгі) ұлттық жүйесіндегі практикалық психология. 
Қазіргі  ақпараттық  технологиялар  шекараларды  жойып,  арақашықтарды  жақындатады,  ол 
технологиялар    практикалық  психология  мен  оның  мамандары  үшін  жалпы  кеңістікті  жасауды 
мүмкін  етеді.  Біздің  елімізде  практикалық  психологияның  рҿлін  жоғарылату  үшін  білімдер 
саласының  кҽсіби  психологтарын  біріктіріп,  Қазақстанның  білімдер  саласындағы  психологтарының 
федерациясын құру қажет жҽне бүкіл ҽлемдік мектеп психологтарының ассоциациясына мүше болуға 
(ISPA) жұмыс жасауымыз керек 
Баланың  рухани  дамуы  ол  оның  тұлғасының  ерекше    эмоциялық-ҿнегелік  күйі,  санасы  
абсолютті құндылықтарға (ақиқат, ҽдемілік, мейірімділік) бағдарланады.  «Руханилық    субъект ҿзін 
ҿзгертетін,  жүзеге  асыратын,  ақиқатқа  жететін  тҽжірибесі,  практикалық  іс-ҽрекеті»,  -дейді  В.П. 
Зинченко.  А.  Маслоудың  жұмыстарында  психикалық  дамуды  ұйғаратын  даму  жайлы  оның  екі 
құрамдас бҿлігін кҿрсетті, біріншісі адамдардың «ҿздері кім бола алады соның болуына» ұмтылуы,  
ҿзіңнің барлық потенциалыңды ҿзіндік маңыздану арқылы дамыту [3].  
Ҿзіндік  маңызданудың  негізгі  шарты  оның  пікірінше  ол  «адамның  ҿзі  туралы  адал,  шын 
түсінігін іздеп табуы». Ол үшін біздер «импульс даусына» құлақ салу керек, себебі кҿп адамдар ҿзінің 
ішкі  даусына  емес,  ата-анасының  даусына,    мемелкеттік  құрылым  дауысына,  дҽстүрлерге,  жоғарғы 
тұрғандарға,  билікке  құлақ  салады.  Адамның  ҿзі  туралы  шынайы  шын  түсініктері  жеткіліксіз,  ол 
табиғат  бергендерді  де  тарата  білуі  керек,  психологиялық  денсаулықтың  екінші  құрамдас  бҿлігі  ол 
гуманистік құндылықтарға ұмтылу дейді А. Маслоу. Оның пікірінше ҿзіндік маңызданған адамға  
 

 
 
19 
 
мына сапалар тҽн болады, олар басқаларды қабылдау, автономия, спонтандылық, ҽдемілікке сезімтал 
болу, ҽзіл сезімі, альтуризм, адамзатты жақсартуға тілек, творчествоға бейімділік [4]. 
Психологиялық  денсаулық  мҽселесін  тұлғаның  кемелденуімен  байланыстырып  зерттеген  В. 
Франкл  былай  деп  жазады:  «ҽр  уақыттың  ҿзінің  неврозы  болады...  біз  бұл  күндері  Фрейд 
заманындағыдай  сексуалды  қажеттіліктер  емес,  экзистенциалды  қажеттіліктер  фрустрациясымен 
байланыстымыз,  бүгінгі  пациенттер  Адлер  заманындағыдай  терең  ҿзінің  толық  қанды  емес  екенін 
сезінулермен  емес,  біздер  мағынаны  жоғалту  сезімдерімен  байланыстымызға  деп  Эйнштейннен 
мысал  келтіреді,  «ҿмірдің  мағынасын  жоғалтқан  адам  тек  бақытсыз  ғана    емес,  ҽрі  ҿмір  де  сүре 
аламайды»  [5].  В.Франкл    мағынаға  ұмтылуды  Шарлотта  Бюллер  кҿрсеткен  ҿзіндік  анықталумен 
теңестіреді,  ҽрбір  индивид  ҿзінің  ішкі  дүниесіне  сай  мақсат  қоюы  керек,  осы  ҿмірлік  мақсаттар 
психикалық денсаулықты сақтаудың шарты болып табылады [5].  
Практикалық  психолог  топпен  немесе  адаммен  бетпе  бет  кездескенде    кҿптеген  феномендер, 
ҽсерленулер, күйлер пайда болады, басқа мамандыққа ұқсамайтын  ерекшелік болады, олар кҿптеген 
қиындықтар  ҽкеледі.  Физиктер  кҿзге  кҿрінбейтін  элементар  бҿлшектерді  приборларда  тіркей  алса, 
психология басқа адамдардың күйін тіркеу приборы ол практик психологтың ҿзі болып табылады.  
Қоғам,  уақыт  ҿзгерген  сайын  психологияның  да  зерттеу  кеңістігі  ҿсуде,  мҽселен,  мынадай 
зерттеу тақырыптары пайда болуда: «Ҿзгерген Қазақстандағы жеткіншектердегі жүктілік пен жас ана 
болу  мҽселесі»,  «Психологиялық  детерминанттар  жҽне  жұмыссыздықтың  эффектілері»,  «Ішкі  істер 
министрлігі  қызметкерлері  арасындағы    наркоалкоголь  тҽуелділікке  бейім  диагностикасы»  жҽне 
басқалар. ХХІ  ғасыр  психологиясы  психолг-мамандардан  мүлдем  жаңа,  баналды  емес  ҽдеттегі 
стереотиптерді  сындыратын  ерекше  біліктілікті,  сақтықты  талап  етеді.  Психология  үшін, 
қайрымдылық  үшін  күрес  дегенді  қолдануда  ҿзінің  кейбір  ерекшеліктері  болады,  практик 
психологтың  ҽрекетіндегі  сҽттілік  немесе  сҽтсіздік  дҽл  сол  уақытта  табыла  қоймайды,  ол  жеке  бір 
салдар формасында барлығы үшін бірдей түсінікті бола бермейтін жағдайда туындайды.Ұлттық білім 
беру  жүйелеріне  практикалық  психологияны  ендіру  уақыт  күттірмес  маңызды  жағдайлар  болып 
табылады.  
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет