Тақрыбы: Педагогикалық зерттеу әдістерінің жіктелуі Зерттеу әдістері және олардың жіктелуі



бет4/8
Дата08.10.2022
өлшемі31,63 Kb.
#41937
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
5 апта

Сенімділік пен тиянақтылық-жұмыстың теориялық және практикалық маңыздылығын анықтайтын критериилер.

  • Тапсырмалар-ұйымдастырудың кезекті кезеңдері және зерттеуді басынан аяғына дейін өткізу.

  • Жабық анкеталар ұсынылған формада ғана бір немесе бірнеше жауаптарды таңдау.

  • Жабық бақылау-бақылаудың көрінбейтін немесе құпия процесі.

  • Практика және әдебиет проблемасымен байланысты зерттеу -бұл кезең ғылыми, әдістемелік, арнайы әдебиеттің анализін, сол проблеманың дайындық жағдайын анықтау мақсатында практикалық тәжірибені зерттеуді болжайды.

  • Зерттеу көздері-ғылыми және арнайы әдебиет, мұрағаттық құжаттар мен қызмет өнімдері.

  • Озат педагогикалық тәжірибені зерттеу-мұғалімнің педагогикалық міндеттерін атқару кезінде қолданатын кәсіби біліктілігінің деңгейін, педагогикалық қызметінің нәтижелерін көрсететін әдіс.

  • Сұхбат-ауызша сұрақ қою арқылы ақпарат алу әдісі.

  • Пікірлер сұхбаты адамдардың қандай да бір құбылысқа арақатынасын анықтауға бағытталады.

  • Сұхбаттасу-әңгіменің бір түрі; зерттеуші алдын ала дайындалған сұрақтарды ғана қояды.

  • Құжаттарды зерттеу-білім процесіндегі қалыптасқан практиканы сипаттайтын зерттеушіні кейбір объективті мәліметтермен қамтитын әдіс.

  • Конференция-тәжірибені жинақтау және зерттеу формасы. Конференция тақырыбына сәйкес мұғалімдер әдебиетпен танысады және өздері мен әріптестерінің тәжірибесін талқылайды.

  • Корреляционды анализ-корреляция коэффициенттерін зерттеу және есептеумен байланысты математикалық-статистикалық анализдің әдісі.

  • Дөңгелек үстелдер-нақты проблема бойынша пікір алмасуды бейнелейтін педагогикалық тәжірибені зерттеу формасы.

  • Контент-анализ-текстік және сөздік хабарламалардағы ақпараттың бағасын сипаттайтын және шығаратын әдіс.



  • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет