Педагогиканың жалпы ғылымдық әдіснамасы. Жалпығылымдық әдіснама қоршаған болмыс құбылыстары мен процестерінің жалпыланған байланысы және өзара шарттастығына негізделген жүйеліліктен танылуы мүмкін. Ол әрбір зерттеуші мен практикті белгілі құрылымға, сондай – ақ өзінің жасау заңдылықтарына ие өмір құбылыстарының белгілі жүйесіне бағдарлайды.
Жүйелілік мәніне орай әрқандай салыстырмалы дербес бірліктер өз бетінше шектелмей, өзара байланысқан даму мен қозғалыста қарастырылады. Осдан ол жүйені құраушы элементтерде көріне бермейтін біріктіруші жүйе қаситтері мен сапалық белгілерді анықтауға көмектеседі. Жүйеліліктің заттасқан және тарихи қырлары келесідейзерттеу принциптерін бірлікте іске асыруды қажет етеді: тарихилық, нақтылық, көптарапты, байланыстар мен дамуды ескеру.
Жүйелілікті білуден педагогикалық теория, эксперимент пен практика тұтастығы орындалады.
Теориялық негізде жобаланған экспериментте біршама тексерілген ғылыми білімдер мен тұжырымдардың шынайлылығы практика міндеті мен талаптарына орай өлшестіріледі. Практикадан білімнің жаңа іргелі проблемалары туындайды. Сонымен, теория практикалық шешімдердің дұрыстығына арқау болады, ал білім тәжірибесіне байланысты ұланғайыр проблемалар мен міндеттер іргелі дәстүрлерді қажет ететін сұрақтардың туындауына жол ашады.
Педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық принциптері Ғылыми – педагогикалық зерттеулер жүргізуде төмендегідей принциптерді басшылыққа алу қажет:
педагогикалық құбылыстардың шынайлылығы мен шарттасқандығын ескеру, себебі дүниедегінің бәрі өзінің ішкі объектив заңдары, қарама – қарсылықтары және себепті – салдарлы байланыстарына орай жасайды әрі дамиды;
бір құбылысты екіншілермен өзара қатынаста байланыстыра зерттеу;
зерттеу процесіндегі қалаған ғылыми проблеманың шешімі бірін – бірі толықтырып отырушы көптеген әдістер кешенімен орындалатынын естен шығармау;
зерттеу әдістері зерттелетін құбылыстың мән – мағынасына сай келуі;
даму процесін сол дамудың қозғаушы күші және даму көзі саналатын оның қарама – қарсылықтарына негізделген өзіндік қозғалыс және өзіндік даму ретінде қарастыру;
сынақталушыға, білім – тәрбие процесіне зиян келтіретін, адамгершілік – инабаттылық талаптарына қайшы болатын эксперименттерді өткізбеу.