Тарих 125 сұрақ Эф-22-5к1


 Қазақстанның түркі дәуіріндегі ортағасырлық сәулет ескерткіштері



Pdf көрінісі
бет20/103
Дата02.06.2023
өлшемі1,52 Mb.
#97946
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   103
21. Қазақстанның түркі дәуіріндегі ортағасырлық сәулет ескерткіштері. 
Орта ғасырда Қазақстан жерінде мешіт, кесене, керуен сарайлары, монша сияқты 
құрылыстар көп салынған. Бұлардың біразы тарихи-мəдени ескерткіш ретінде қазіргі күнге 
дейін сақталған. Сол ескерткіштерге қарап біз орта ғасырларда қазақ жерінде сəулет 
өнерінің жақсы дамығанын көреміз.
Орта ғасырлардағы кейбір ескерткіш құрылыстар атақты адамдарға арнап ерекше үлгіде 
тұрғызылды. Құрылыстарды салуға сапалы материалдар: тас, күйдірілген қыш, кірпіш т.б. 
қолданылған. Құрылыстарды салуға сол заманның атақты шеберлері қатысқан.Бүгінде 
Қазақстан жерінде Арыстан баб, Қожа Ахмет Йасауи, Айша бибі, Қарахан кесенелері, 
Жошы хан күмбезі сияқты орта ғасырдың атақты сəулет өнерінің туындылары сақталған. 
Аталған құрылыстар орта ғасырда казақ жерінде сəулет өнерінің дамығанының айкын 
куəсі.


Тарихи аса құнды мұра — Арыстан баб кесенесі ескі Отырар жұртының маңында, 
Сырдария өзеніне жақын орналасқан. Аңыз бойынша Арыстан баб Мұхаммед 
пайғамбардың замандасы, Қожа Ахмет Йасауидің ұстазы саналады. Арыстан баб кесенесі 
Отырар қаласының гүлденіп тұрған кезінде ІХ-Х ғасырларда тұрғызылған. Кесене екі 
бөлмеден тұрады. Ортасында ұзынша дəлізі бар. Негізгі бөлмелердің төбесі күмбезбен 
өрілген.Қазақ жеріндегі тамаша сəулет өнері ескерткіштерінің бірі Түркістан қаласындағы 
ислам дінінің ғұламасы, сопы Қожа Ахмет Йасауиге тұрғызылған кесене. «Əзірет сұлтан» 
аталатьш Қожа Ахмет Йасауидің кешенді кесенесі орта ғасырдың сирек кездесетін сөулет 
өнерінің ескерткіші. Бұл кесене 1396-1404 жылдары салынған. Кесене сол кездегі 
Мауараннахр билеушісі Əмір Темірдің бұйрығымен тұрғызылған.
22. Оңтүстік Қазақстан және Жетісуда қалалық мәдениетінің гүлденуі. 
Қараханид мемлекеті кезінде көшіп-қонудың аумағы шектеледі, қоныстардың бағыттары 
тұрақталады, тұрақты қыстау мен жайлау бекітіледі, егіншілік дамып, жеке рулық 
бөлімдердің отырықшылыққа ауысуы орын алады. Мемлекеттік бюрократиялық аппарат, 
жалпы тіл мен жазба қалыптасады, сауда жəне дипломатиялық байланыстар дамиды. 
Қалаларды əкімшілік тұрақтар, қолөнер, сауда, мəдениет орталықтары ретінде 
қалыптастыру үрдісі жүреді.
Оңтүстік Қазақстанда, кейінгі зерттеулер бойынша, қала саны 37-ге жеткен. Оңтүстік 
Қазақстанда қалалардың топтаса орналасқан жері – Арыс өзенінің Сырдарияға қосылатын 
тұсындағы сағалары. Сырдың орта ағысында Сүткент, төменгі ағысында Сығанақ, 
Жанкент, Аснас, Жент, Баршынкент қалалары болған.Қалалық отырықшылық мəдениет 
Жетісу аймағында да дамыды. Оңтүстік-батыс Жетісу аймағынан (орталығы – Тараз) 36 
қала орны табылды. Солтүстік- шығыс Жетісудан 70 қала жұрты ашылды.
Кең көлемдегі қазба жұмыстары Оңтүстік Қазақстандағы қала мəдениеті ескерткіштерінің 
типологиясын жасауға мүмкіндік береді. Аумағы 30 га-дан асатын қала жұрттарына Сайрам 
(Исфиджаб), Шортөбе немесе Қараспан-1 (Осбаникет), Отырартөбе (Отырар), Құйрықтөбе 
(Кедер), Шойтөбе (Шауғар), Жанқала (Жанкент, Янгикент), Сунақ-Ата (Сығанақ), Құмкент 
жатады. Аумағы 15 га-дан 30 га-ға дейін жететін қалалар – Бурух, Хурлуг, Жумишлағу, т.б. 
15 га-ға дейін жететін қала жұрттарына Шарапхана (Газгирд), Бұлақ-Қоғал (Манкент), 
Тамды (Берукент), Қазатлық (Будухкет), т.б. жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет