Тарих 125 сұрақ Эф-22-5к1


 Бұрындық хан тұсындағы Қазақ хандығының Сырдария бойындағы қалалар мен



Pdf көрінісі
бет34/103
Дата02.06.2023
өлшемі1,52 Mb.
#97946
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   103
36. Бұрындық хан тұсындағы Қазақ хандығының Сырдария бойындағы қалалар мен 
өңірлер үшін күресі және оның барысы, қорытындысы.
Бұрындық хан тұсындағы Қазақ хандығының Сырдария бойындағы қалалар мен өңірлер 
үшін күресі және оның барысы, қорытындысы.
Бұрындық хан — 1480-1511ж аралығында Қазақхандығында билік құрған Керей ханның 
ұлы. Бұрындықханның өмірі Қазақ хандығы тарихының алғашқы дәуіріментығыз 
байланысты. Бұрындық хан өміріндегі белестер:
1)Қазақ хандығы құрылуының екінші кезеңдегі атқарғанрөлі (1469-1472ж); 2)1472-1473 
жылдардан XV ғасырдың 90 жылдарының ортасына дейін, қазақ хандығыныңбатыста 
Ноғай мырзаларымен және оңтүстікте Сыр бойықалалары мен өңірлері үшін күрестегі 
атқарған рөлі; 3)XV ғасырдың 90-жылдарының ортасынан XVI ғасырдыңалғашқы 10 
жылдығы ішіндегі Қасым сұлтанмен арадағықайшылықтар, Шайбани ханмен одақтасу, 
қазаққоғамындағы беделін жоғалтып, елден кетуі.
Шайх-Хайдарға қарсы Қазақ хандығы тарапынан күрестібасқарушы Жәнібек хан болса, ал 
оны іске асырушы, ұлыс басқарушы Бұрындық. Жорықтың мақсаты — ДештіҚыпшақтағы 
шайбанилық сұлтандарды жою болған. Сөйтіпол Қазақ хандығының құрылу кезеңіне, 
әсіресе оның екіншікезеңіне өз үлесін қосады.


Бұрындық ханның қазақ тарихында аты жарқырапкөрінген тұсы — XV ғасырдың 70-90 
жылдары болды. Бұлжылдар қазақ хандығы үшін күшею, нығаю және қазақхалқының 
этникалық территориясын біріктіру жолындағыкүрес дәуірі еді. Дәуірдегі ең басты оқиғаға 
Қазақхандығының Сыр өңірі үшінМәуереннахрлық билеушілерімен, 
шайбанилықсұлтандармен және Моғолстан хандарымен жүргізгенұрыстары жатады. Осы 
ұрыстарда тарих сахнасына қазақхандарының екінші буыны: Бұрындық, Қасым 
хандаршығып, қазақ мемлекеттігінің одан әрі күшейіп, нығаюынаөз үлестерін қосады.
Сыр өңірі үшін болған күрес жылдары Қазақ хандығынБұрындық хан билеп тұрды. Сыр 
бойы — Сырдарияөзенінің орта ағысы бойындағы жерлер. XIV-XVI ғғ. жазбадеректер өңірді 
Түркістан аймағы деп атайды. Аймақ — ХІ ғасырдан бері Дешті Қыпшақтың ажырамас, 
құрамдасбөлігі және онымен бірге біртұтас шаруашылық, мәдени, этникалық, діни, тілдік 
кеңістікті құраған. Кей тарихикезеңдерде Сыр өңірі саяси жағынан Мәуереннахрғауақытша 
қарады. Дешті Қыпшақ пен Мәуереннахрбилеушілері арасындағы XI-XVғ қарым-қатынастың 
негізгінысаны сыр өңірі болып саналады. Саяси қатынастар Қазақхандығы құрылғаннан 
кейін де жалғасын тапты. Сыр бойыүшін жүргізілген күрестің басталуына түрткі 
болғанӘбілқайыр ханның немересі Мұхамед Шайбани ханныңМәуереннахрдың қол 
астындағы Түркістан аймағына келіпбекінуі. Осы жылдары өзара феодалдық соғыстарды 
бастанөткеріп жатқан Мәуереннахр билеушілерінде Түркістанаймағын қорғайтындай күш 
жоқ болатын. Сондықтаноларға Қазақ хандығының негізгі жауы — 
шайбанилықсұлтандарды қазақтарға қарсы қою өте тиімді еді. Қазақхандығы Мәуереннахр 
билеушілерінің бұл әрекетіне бірденқарсы шығады. Қыс мезгіліне қарамастан Бұрындық 
хан бастаған қазақ әскерлері Мұхаммед Шайбани хан бекінген Сығанақ, Сауран және 
Созақ өңірлерінде ұрысқатүседі. Бірнеше рет болған ұрыстарда жеңілген Шайбанихан 
қашуға мәжбүр болады. Аймақтың басқа да өңірлеріненайырылу қаупін сезген аймақтың 
әкімі МұхаммедМазид-тархан Шайбани ханды Самарқанға кетуге көндіреді. Осылайша 
күрестің алғашқы кезеңі Қазақ хандығы үшінсәтті басталып, аймақтың солтүстік өңірлері 
Қазақхандығына өтеді. Бұл ұрыстар шамамен алғанда, 1470- жылдардың ортасында өтеді.
Ал XV ғасырдың 80-жылдарында Шайбани Мәуереннахрбилеушілеріне арқа сүйеп, аймаққа 
тағы да еніп, солтүстікөңірді басып алады. Бұрындық хан және Жәнібек хан ұлдарының 
қарсы қолданған әрекеттері нәтижесіндеӘбілқайыр ханның немересі Түркістан аймағынан 
кетугемәжбүр болады. Ал қазақ хандығы болса аймақтыңсолтүстік өңірін қорғап қана 
қоймай, аймақтың орталықжәне оңтүстік өңірлерінде өз ықпалын күшейте бастайды. 
Негізінен аймақта Жәнібек ханның 9 ұлының ықпал-әсеріөседі. Олардың ұлыстары кеңейіп, 
қалалар мен жақсықысқы жайылымдар солардың иелігіне көшеді.
XV ғасырдың 90-жылдарында Бұрындық хан мен Жәнібекхан ұлдары арасында 
қайшылықтар туа бастайды. Қайшылықтың негізіне Сыр өңірінде Жәнібек хан ұлдарының 
ықпалының нығаюы жатыр. Ішкі саяси өмірдегіосы қайшылық сыртқы саясатқа да өз әсерін 
тигізеді. 1493-96 жылдары Түркістан аймағы үшін болған ұрыстар қиында ұзақ болды. 
Шайбани хан бірде Моғол ханы жағына, бірде Мәуереннахрлық билеушілер жағына шығып, 
өзбағытын өзгертіп отырады. Тіпті негізгі қарсыласы — Бұрындық ханменде жақындасуға 
ұмтылады. Жәнібек хан ұлдарымен арадағы қайшылықтың одан әрі шиеленісуіБұрындықты 
Шайбани ханмен одақтас еткізеді. Сөйтіп, 1496 жылы үш жылға созылған ұзақ ұрыстардан 
соңсоғысушы жақтар келісімге келеді. Келісімніңқорытындысы бойынша Түркістан аймағы 
үшке бөлініп, солтүстігінде қазақ хандығы, оңтүстігінде Моғолстан, орталығында Шайбани 
хан билік жүргізеді. Бұрындық пенЖәнібек арасындағы одақтастықты тереңдету үшін 
2қызыншайбанилық 2сұлтанға ұзатады. Бұл одақтастыққа қарсыЖәнібек ұлдары 
Моғолстан ханымен қарсы одақ құрады. Қасым сұлтанның ағасы Әдік сұлтан Моғол 
ханыныңқарындасына үйленеді. Осылай, қазақ қоғамындағы хандықәулет ішінде бір біріне 
қарама-қарсы күштер қалыптасады. Бұрындық хан тұсында XVғ соңында Қазақ 
хандығындағысаяси күштер 2 бөлініп, ол хандықтың сыртқы саясижағдайына әсерін 
тигізеді.Хан ретінде мемлекеттегі саясикүштердің басын қосудың орнына, олардың бір-
біріне қарсытұруына, күштердің бірінде өзі болуы — оның беделініңқұлдырауының басы 
болды. XVI ғасырдың алғашқы 10 жылдығында Бұрындық хан өміріне түбегейлі 
бетбұрысәкелген күрделі ірі оқиғалар болып өтті. 1500-жылдың жазында Самарқан тағына 
келген шайбанилық сұлтанайналасы 3-4 жыл ішінде бүкіл Мәуереннахрды біріктіріп, 
Моғолстанның қол астындағы Ташкентті моғол ханынантартып алды. Әбден күшейген 
Шайбани хан 1505-1510ж дейін қазақ хандығына қарсы 4 рет жорық ұйымдастырады. 
Жорықтардың алдына қойған саяси және экономикалықмақсаттарына қазақ хандығын 
бағындыру не әлсірету жәнеТүркістан аймағын Мәуереннахрға қосу жатты. Бұрындықхан 
дәл осы жорықтар кезінде үлкен қателіктер жібереді. Алғашқы 3жорық кезінде Бұрындық 


хан жауға қарсы шара қолданбайды. Шайбани хан емін-еркін Жәнібек хан ұлдары: 
Жаныштың, Таныштың ұлыстарын ойрандап, мыңдағанмал-жанды олжалайды. 1509-
жылдың қысында болған3жорық кезінде, өз ұлысына қарай жау әскерінің кележатқанынан 
біліп, қарсылық көрсетпей, қашуға мәжбүрболады. 1510-жылдың қысында жау тағы да 
қазақтарғажорық жасайды. Бұл жолғы жорық бағыты Қасым сұлтанұлысына қарсы 
бағытталады. Қасым ресми хан болмаса да, осы жылдары оның беделі Бұрындық ханнан 
да күшті еді.Қазақ хандығының құрылуы кезінде белсене араласып, оданкейінгі кезеңдерде 
хандықтың күшеюіне өз үлесін қосқанБұрындық хан XVI ғасырдың алғашқы жылдарында 
үлкен, мемлекеттік дәрежеде көрегендік көрсете алмайды. Елдікмүддеден жеке, тар 
мүддеге көшу оның беделін түсіртті, атақ-абыройын жоғалтты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет