Тарих 125 сұрақ Эф-22-5к1


 Қазақ хандығының құрылуы: Керей және Жәнібек хандардың рөлі



Pdf көрінісі
бет32/103
Дата02.06.2023
өлшемі1,52 Mb.
#97946
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   103
Байланысты:
Тарих 125 с ра Эф-22-5к1

34. Қазақ хандығының құрылуы: Керей және Жәнібек хандардың рөлі. 
Қазақ хандығының мемлекеттік құрылымы дала демократиясына негізделген монархияға 
негізделген. Мемлекет басшысы - хандар саяси билік жүргізетін. Олар төре тұқымынан 
шыққан сұлтандар арасындағы таңдау негізінде сайланатын. Қазақ хандығының тұңғыш 
ханы - Керей, соңғы ханы - Кенесары Қасымұлы.


Әз-Жәнібек хан— Қазақ хандығы мен қазақ хандары әулетінің негізін қалаушы,Барақ 
ханның ұлы,Ұрыс ханның шөбересі. 15 ғасырда өмір сүрген.
1456 жылы Дешті-Қыпшақта шайбандық Әбілхайыр хан билікті қолына алған соң, көшпенді 
халықтың Жәнібек пен Керей бастаған бір бөлігі Моғолстанға қоныс аударып, Шу мен 
Қозыбасы өзендерінің аңғарында орын тепті. Моғолстан ханы өз қарсыластарымен 
болатын күресте көмектесер деген есеппен қазақ басшыларымен одақтас болды. 15 ғасыр 
орта шенінде ежелденЖетісу өңірін мекендеген түркі тайпалары бір этникалық топқа біріге 
келе,қазақ халқын құрады. Жәнібек хан менКерей ханЖетісу өңірі,Шу менТалас 
өзендерінің бойын мекендеген қазақтардың басын қосуда көп еңбек сіңірді. Бұл мақсатпен 
олар өзара қырқысуларды басып, ірі феодалдарды маңайына топтастырды.
Жәнібек ханның Дешті-Қыпшаққа оралғаннан кейін билігін күшейткені туралы, өмірінің 
соңғы жылдары мен өлімі туралы деректер жоқ. Оның есімі тарихи деректерде соңғы рет 
1473 жылы кездеседі. Бұдан кейінгі жылдары Керей хан туралы ғана айтылған. Жәнібек 
хан жиі болатын шайқастардың бірінде қаза тапқан деп болжауға болады. Сақталып қалған 
халық аңыздары мен өлеңдерінде Жәнібек ханды Әз Жәнібек деп атаған.
Керей хан (туған, өлген жылы белгісіз – 1473) –Қазақ хандығының негізін қалаушы ұлы екі 
тарихи тұлғаның бірі, алғашқы қазақ ханы. Ақ Орданың ханыҰрыстың ұрпағы. Ұрыс ханнан 
Тоқтақия, одан Болат, одан Керей хан тараған.
Соңғы жылдары ғылыми айналымға енгізілген аңыз мәліметтері бойынша, Керей хан мен 
Жәнібек хан қол астындағы ру-тайпалармен 1457 жылдың күзінде Шу өңіріне көшіп келген. 
Ал 1458 жылдың көктемінде Керейді хан етіп көтерді. Керей ханның қандай жағдайда, қай 
жылы қайтыс болғандығы жөнінде нақты мәліметтер жоқ. Керей ханның үш баласы болды. 
Олар:Бұрындық хан, Қожа-Мұхаммед және Сұлтан Әлі. Олардың ішінде 30 жылдан астам 
Қазақ хандығын билегенБұрындық ханнан соң тақ билігі түпкілікті түрде Жәнібек ханның 
ұрпақтарының қолына өтеді. Керей ханның қалған екі ұлы жөнінде деректер кездеспейді.
Қазақтың алғашқы ханы болып Керей жарияланды (1458-1473 жж.). Одан кейін қазақ ханы 
болып Жәнібек сайланды (1473-1480 жж.). Бұлардың тұсында Жетісу халқы, 1462 
жылыМоғолстан ханыЕсенбұға өлгеннен кейін ондағы тартыстың күшеюіне байланысты, 
өзара ынтымақтықты нығайтуға үлес қосты.
Қазақ хандығының пайда болуы Қазақстан жерінде 14-15 ғғ. болған әлеуметтік-
экономикалық және этникалық-саяси процестерден туған заңды құбылыс. Өндіргіш 
күштердің дамуы, көшпелі ақсүйектердің экономикалық қуатының артуы, феодалдық 
топтардың тәуелсіздікке ұмтылуы, осы негізде Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан 
арасындағы тартыстың өршуі, әлеуметтік қайшылықтардың үдеуі 15 ғ. 2 жартысында бұл 
мемлекеттердің құлдырап ыдырауына апарып соқтырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет