Тарих 125 сұрақ Эф-22-5к1


 ХХ ғасырдың басындағы көші-қон саясаты және столыпиндік жаңғырту



Pdf көрінісі
бет56/103
Дата02.06.2023
өлшемі1,52 Mb.
#97946
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   103
68. ХХ ғасырдың басындағы көші-қон саясаты және столыпиндік жаңғырту. 
ХХ ғасырдың басындағы көші-қон саясаты және столыпиндік жаңғырту.
Столыпиннің 1906 жылғы аграрлық реформасы
1906 жылы Ресей Министрлер Кеңесінің төрағасы П.А. Столыпин шаруаларды Ресейдің 
азиялық бөлігіне жаппай қоныс аудару туралы шешім қабылдады. Шаруалар қауымын 
ыдырату, оларды Қазақстанға қоныс аудару жөніндегі реформа Столыпиннің аграрлық 
реформасы деп аталды.
1.Қоныс аударушы шаруалар қозғалысының кеңінен етек алуын қамтамасыз ету,
2.Шаруалардың шығысқа карай атап айтқанда, Қазақстан аумағына қоныстануға құқық 
берілді.
3.Олардың бұрынғы жерлеріне қайтып оралуына елеулі түрде шек қойылды.


4.Шаруаларды жер телімдерімен қамтамасыз ету қазақтардан тартып алынған жерлердің 
есебінен құрылған отаршылдық қоныс аудару қорынан жүзеге асырылды.
5. Жергілікті қоныс аудару мекемелері шаруаларға хутор салу үшін 45 десятинадан, егін 
егуге 15 десятинадан жер бөліп беруге міндеттелінді.
6. Жер бөлумен айналысатын мекемелерге жергілікті халықтың жерін тартып алып, 
олардың жеріне келімсек шаруаларды орналастыруына рұқсат етілді.
7.Қазақстанның оңтүстік аймақтарында қазақтардың егін суару құрылыстары да тартып 
алынды.
8.Шаруаларға ең құнарлы жерлерді іздеп тауып, көріп келетін адамдарды кедергісіз 
жіберіп тұру құқығы берілді.
9.Шаруалардың темір жолмен жүруге де жеңілдіктері болды.
10. Патша үкіметі шаруалардың Қазақ жеріне емін-еркін қоныс аударуын кеңінен 
насихаттады. Мәселен, 1907 жылы Ресейдің орталық губернияларындағы шаруалар 
арасында осы тақырыпқа арналған 6,5 миллион дана кітапша мен парақша таратылған. 
Оларда үкімет шаруаларды Ресейдін азиялық бөлігіне неғұрлым көбірек қоныс аударуға 
шақырды. Ол басылымдарда Қазақстан мен Сібір аумағында қалай ыңғайлы орналасуға 
болатыны жөнінде практикалық ұсыныстар мен кеңестер берілді.
Ішкі Ресейдегі шаруалардың Қазақстан аумағына қоныс аудару тасқыны мұндағы байырғы 
халықтың жерін жаппай тартып алуға ұласты.
Қазақтар өздері ғасырлар бойы отырған ежелгі қоныстарын, ондағы қыстауларын, ата- 
баба зираттарын тастап, қиыр шеттегі әрі құнарсыз жерлерге көшуге мәжбүр болды.
Мұның өзі көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықтарды күйзелтті. Кедейленіп, 
қайыршыланған қазақтар түрлі кәсіпшіліктерге, соның ішінде тау-кен өнеркәсібіне жұмыс 
іздеп кетуіне тура келді.
Столыпиннің агрардық реформасы қазақтардың мал шаруашылығын дағдарысқа 
ұшыратты.
Аймақтағы демографиялық жағдай да өзгерді.
Бір жағынан, қазақтардың, екінші жағынан, шаруалар мен казактардың арасындағы 
қарама-қайшылық шиеленісе түсті.
Түркістан өлкесінің генерал-губернаторы Куропаткин былай деп мойындауға мәжбүр 
болды: «Қырғыздар (қазақтар) соңғы 30 жылда, әсіресе соңғы 12 жылда барлық жағынан 
да қыспаққа алынды. 1904 жылдан бастап тек Жетісу облысы бойынша ғана олардан 
бірнеше миллион десятина жер тартып алынды».
1917 жылға қарай жергілікті байырғы халықтың пайдалануындағы 45 миллион десятина 
жер тартып алынды. Бұл кезде Қазақстанға қоныс аударған шаруалардың жалпы саны 1,5 
миллионға жуықтап қалған болатын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет