Тарих 125 сұрақ Эф-22-5к1


Дәстүрлі қазақ қоғамның әлеуметтік құрылымы



Pdf көрінісі
бет57/103
Дата02.06.2023
өлшемі1,52 Mb.
#97946
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   103
69. Дәстүрлі қазақ қоғамның әлеуметтік құрылымы 
Ұлттық орта оқу орындарының болмауы қазақтарды өз балаларын орыс оқу орындарына 
беруге мәжбүр етті, ал олардағы оқу үрдісінде орыс мәдениетіне басымдық берілетін және 
орыс тілі үстемдік ететін.
Бұратаналардың балалары кіре алатын алғашқы орта оқу орны Орынбордағы Неплюев 
әскери училищесі болды, ол кейіннен Орынбор кадет корпусы деп аталды. 1825 жылдан 
1866 жылға дейін Орынбор кадет корпусын 35 қазақ бітірді.
Кадет корпусынын алғашқы түлектерінің бірі - Орыс географиялық қоғамының мүшесі 
сұлтан М. Тәукин, Орынбор өлкесінің бұратаналарға арналған мұғалімдер мектептерін құру 
туралы ережелер әзірлеу комиссиясының мүшесі С. Жантөрин болды. «Этнография 
бөліміне еңбегімен жәрдемдескені және қырғыздардың (қазақтардың) тұрмысы туралы 
мақалалар мен әр түрлі этнографиялық бұйымдар бергені» үшін Орыс географиялық 
қоғамының күміс медалімен марапатталған, қоғамның Ш.Уәлихановтан кейінгі алғашқы 
мүшелерінін бірі М.С. Бабажанов та кадет корпусының түлегі болатын.
Қазақтар оқыған оқу орындарының бірі- Орынбор гимназиясы болды, 1868-1892 жылдарда 
гимназияда 52 қазақ оқыды. Олардын ішінде С. Сүйіншәлиев гимназияны 1877 жылы үздік 
бітірді; А. Бірімжанов 1891 жылы оқудағы жетістіктері үшін күміс медальмен марапатталды. 
Осы кезеңде жоғары медициналық білімі бар алғашқы қазақ дәрігерлері шықты. Олар 
негізінен Қазан, Саратов, Томск, Мәскеу университеттерінде, сондай-ақ С.- Петербургтің 
әскери-медицина академиясы мен университетіңде білім алды. Мәселен, 1868-1913 
жылдарда Қазан университетінің медицина факультетін қазақтың 30 жас дәрігері бітіріп 
шыққан.
Қазан университетініңмедицина факультетін 1887 жылы бітірген алғашқы қазақтардың бірі 
Мұхамеджан Қарабаев болатын. Оны бітіргеннен кейін ол Қостанайда, Торғай облысының 


Ақтөбе, Ырғыз уездерінде дәрігер болып істеді. Революцияға дейінті Қазақстандағы оба 
ауруының тұңғыш маманыМ. Шомбалов - 1899 жылы, Ә. Алдияров - 1905 жылы Қазан 
университетінде медицина факультетін, Н. Ипмағамбетов С.-Петербург медицина 
академиясын 1911 жылы бітірді. Олар қазақ халқына медициналық қызмет көрсетуді 
ұйымдастыруда көп іс тыңдырды, сондай-ақ Қазақстанның қоғамдық өміріне белсене 
қатысты.
Қазан университеті ұлттық зиялылардың алғашқы кадрларын қалыптастыруда зор рөл 
атқарды. Қазан мал дәрігерлік институтын қазақтар арасында алғашқы бітірушілер М. 
Ақтанов, Е. Құлпейісов, М. Жасмағамбетов, Ф. Иманбаевтар болды.
Ә. Бөкейханов С.-Петербург Императорлық орман институтын 1894 жылы үздік бітіріп 
шықты.
Сонымен Ресей оқу орындары революцияға дейінгі кездің өзінде - XIX ғасырдын екінші 
жартысы - XX ғасырдың басында білімді адамдар тобының кеңеюіне, әрбір халықтың 
ұлттық зиялыларының қалыптасуына жәрдемдесті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет