Тарих 125 сұрақ Эф-22-5к1


 Жәдидшілдік ағартушылық идеяларының ықпалы және Далада жаңа әдістемемен



Pdf көрінісі
бет58/103
Дата02.06.2023
өлшемі1,52 Mb.
#97946
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   103
70. Жәдидшілдік ағартушылық идеяларының ықпалы және Далада жаңа әдістемемен 
істейтін мектептер мен медреселердің ашылуы. 
Қазақ халқының арасынан сауатты, ел болашағы үшін ненің пайдалы, ненің зиян екенін 
пайымдай білген зиялылар аз шықпағанына тарих куә. Алаштың мұндай оқығандарының 
ХІХ- ғасырдың аяғы мен ХХ-ғасырдың басындағы ұстанған бағыты ғылым мен білімнің көзі 
исламға бет бұру және оны жаңаша серпілту («жәдитшілдік») жолы еді. «Жәдитшілдік» араб 
тілінен енген, жадид ‒ жаңа, жаңашыл деген мағынаны білдіреді.
Жәдитшілдік» дегеніміз - ислам дінінің негізінде ғылым-білімді дамыту, халықты оқыту. 
Сондай-ақ «жәдитшілдік» жаңа дүние ғылымдарын яғни физика, химия, астрономия, 
биология т.б. меңгеріп, заманға сай жан-жақты білім алуды уағыздады. Қазан, Уфа 
қалаларының мектеп, медреселерінде «жәдитшілдік» бағытты насихаттайтын жаңаша 
оқытудың негізі қаланды.
Бұл ХІХ-ғасырдың аяғы мен ХХ-ғасырдың басындағы қазақ зиялы қауым өкілдерінің 
еңбектерінен байқалды.
Кейбір зерттеушілердің пікірінше мұсылмандық жаңа оқу жүйесі «жәдитшілдіктің» 
қалыптасып дамуы шамамен 1890-1916 жылдар.
ХХ ғасырдың 20-жылдары «жәдитшілдік» қозғалыс түркі халықтары арасында таралып, 
дамыды. Сол жылдары жарық көрген ғылыми зерттеулерге арқау болды.
Қазақ даласына бұл жол қырымдық татарлардың көрнекті ғалымы Ысмайыл Ғаспыралы 
(Исмаил Гаспринский) «Тәржіманы» арқылы тартылды деуге болады. Алаш қайраткерлері 
Батыс пен Шығысты тең ұстаған, ғылыми исламды өміріне азық еткен Исмаил 
Гаспринскийді үлгі тұтты. Жәдитшiлдiк бағыт негiзiн салушы Шаһабуддин Маржани 
болғанымен, қазақ оқығандары И.Гаспринский еңбектерi мен оқулықтарын пайдалану 
арқылы өз мақсаттарын жүзеге асыруға ұмтылды. И.Гаспринскийдiң осынау оқулықтары, 
танымдық кiтаптары, ағартушылық аудармалары ағартушының алдына қойған арман- 
мүддесiнiң үдесiнен шыққанын көрсетедi.
Исмаил Гаспринскийдің жәдидтік идеясын ағартушы Ахмет Байтұрсынұлы қолдап, оны 
өзінің жаңа қазақ жазуын жазуда пайдаланады. Біз оны Ахметтің 1912 жылы Орынбор 
қаласында басылып шыққан «Оқу құралы» атты кітабынан көре аламыз.
Қазақ жастарының Уфа, Троицк, Қазан, Орынбор сияқты білім ордаларында ашылған Татар 
медреселерінде білім алулары ХVІІІ-ғасырдың соңғы жылдарында басталды.
Медреседе ХІХ ғасырдың бастарында көптеген қазақ жастары білім алды. Осы уақыттарда 
Еділ-Орал аймағындағы Мұсылман дін адамдарының басқаруымен жүргізілген білім беру 
жүйесі Орыс үкіметінен ешқандайда көмек алмай өз күшімен өркендеген болатын. Қазақ 
мәдениетіне әсер еткен тағы бір медресе Ахмет Құсайыновтың Орынбордан ашқан медресі. 
Медресе 1890 жылы ашылған. Құсаиния медресесінде тек қана діни сабақтар емес, тарих, 
география, химия, зоология, Түрік және Орыс тілдері де оқытылған.
Медресені Орыс мектептерімен жарысатындай дәрежеге жеткізген Құсаиния медресеге 
дәріс беру мақсатында сол дәуірдің атақты оқытушыларын жинап медресенің атын 
шығарған.
Аталған медреседе дәріс алған Қазақ оқушыларының арасында Құдайберген Жұбанов, 
Шамғали Сарыбаев, Жұмабай Оразалин, Елемес Керменов, Хайреттин Балғынбаев, әйгілі 
әдебиетші Кенжеғали Ғабдуллин.
Қазақ оқушыларының ең көп шоғырланған медресесі Ғалия медресесі. Медресе Еділ - 
Орал аймағының жәдитші дін адамы Зиаддин Кемали (1873- 1942) тарапынан құрылған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет