Жоспарлы экономика жүйесі әзірлеген жоспарлардың белгіленген мерзімдері бойынша
жүзеге асуына бағытталған. Бұл жоспарлардағы мәліметтердің толықтығы және алғашқы
деректердің бірнеше кездерде кездесетін жоғары деңгейдегі жоғары бюрократиялық
тәртіптер мен мерзімдердің үлкен санынан жүзеге асырылады.
Нарықтық экономикада, бизнес-қамтамасыз ету әдістемелерінің көмегімен тәуелсіз көзінен
өз және өзге субъекттерге тиісті жүйелі жұмыстар болады. Бұл да экономикалық
процестер
117. Ұлттық валютаның енгізілуі.
Тәуелсіз мемлекет экономикасының темірқазығы төл валютасы екені түсінікті. Тағдырлы
кезеңде қабылданған шешімнің мән-маңызын тереңірек түсіну үшін сәл шегініс жасап,
теңгенің тарихындағы маңызды сәттерді шолып көрелік.
Кеңестік кезеңдегі біртұтас қаржы-экономикалық байланыстар күйрегеннен кейін іле-шала
инфляция етек алып, қалың ел қымбатшылықтың құрсауында қалғаны
белгілі. Есеңгіреген экономиканы оңалту үшін «рубль аймағын» тәрк етіп, дербес
қаржылық-экономикалық жүйе жасауға талпыныс жасалды. Мемлекет басшысы
Н.Назарбаев осының барлығын сараптай келе, Ұлттық банкке өте құпия түрде ұлттық
валютаны әзірлеуге кірісу жөнінде тапсырма берді. Ұлттық қор, алтын-валюта резерві әлі
қалыптаспағанын ескерсек, сөз жоқ, мұны үлкен ерік-жігерді қажет ететін батыл қадам деп
бағалаған ләзім.
Бірнеше айға созылған дайындық жұмыстарынан кейін, 1992 жылдың тамыз айында
Ұлттық банкте теңге купюраларының үлгісін бекіткен дизайнерлер тобы Тұманды
Альбионға табан тіреді. Банкнот бастыратын фабрика, құнды қағазға керек қаржы да жоқ
уақытта Англиядағы «Харрисон және оның ұлдары» атты тарихы терең, тәжірибесі бай
фирманың қызметіне жүгіндік. Әл-Фараби, Абылай хан, Шоқан, Сүйінбай бабаларымыз
сынды тарихи тұлғалардың бейнесі бедерленген банкноттар осылай жарыққа шықты.
Ол туралы Мемлекет басшысы Н.Назарбаев:
– 7 миллион доллар тауып, ақшамыздың қалған бөлігін шығаруға қажетті шығынды төледік.
Төрт «ИЛ-76» ұшағын жалдап, ақшамыздың 60 пайызын тасып алдық. Бұл
өте құпия операция еді. Құжаттарға «Мемлекет басшысының салынып жатқан
резиденциясына керекті мүлік» деп жазылды. Оған дейін облыстарда жерасты қоймаларын
жасатып қойдық. Төрт ұшақ Лондон – Орал бағытына, одан әрі облыстарға апта сайын он
сегіз рейс жасап тұрды. ҰҚК басшыларының бәрін операцияны табысты өткізуге
жұмылдырдық. Ең қиыны – ақшаны барлық банктерге, аудандарға жеткізу болды. Ол сегіз
күн ішінде атқарылды. Бәлкім, дүние жүзінде жаңа ақшаны енгізу тап осылай тез әрі
табысты жүзеге асырылмаған шығар,..– деп еске алады.
Теңгенің бастапқыда әзірленген төрт түрлі дизайнының ішінен тарихи тұлғаларымыздың
таңдап алынуының, таңбалануының өзі тегін емес. Оның сырын Ұлттық банктің тұңғыш
төрағасы болған Ғалым Байназаров бұрынырақ «Егемен Қазақстан» газетіне берген
сұхбатында былай деп түсіндіреді:
– Президент «Жаңа ғана тәуелсіздігін алған елміз. Бізді, тіпті өзгелер саяси картадан да
таба алмайды. Сондықтан ең бірінші номинал, ең танымал – әлем білетін қазақ болуға тиіс»,
деді. Сол себепті негізгі валюта – 1 теңгелік банкнотқа әл-Фараби бабамыз бейнеленсін
деген ұйғарым жасалды.
Теңгенің тағдырын айқындаған ресми құжаттардың кейбіріне көз жүгіртейік. 1993 жылғы
12 қарашада «Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасын енгізу туралы» Президент
Жарлығы шықты. Бұл Жарлықта «...Қазақстан Республикасы аумағында 1993 жылғы 15
қарашада сағат 8:00-ден Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңге айналымға
енгізілсін; 1993 жылғы 18 қарашада сағат 08.00-ден бастап теңге Қазақстан
Республикасының заңды төлем құралына айналады» деп тайға таңба басқандай жазылған.
Достарыңызбен бөлісу: