Неміс ағартушысы И.Г.Гердер(1744-1803) өзінің ілімінде әлемді тұтас тірі организм ретінде қарастырған. Оның ойынша табиғат, адам және адамзат тарихы сол организмнің бөлшектері. Оның пікірінше тарихтың өзі қайталанбас, мерзімді әрі орынды оқиғаларға толы.

Тұтас тарихи концепцияны құрастырған Г.В.Гегель болды. Тарихтың негізгі субъектісі абсолюттік ақыл, абсолюттік рух болып табылады. Гегель ұсынған теорияда христиандық тарих философиясының негізі жатыр.Тарихтың мәні бостандыққа қол жеткізуде.
К.Маркс тарихи процесті диалектикалық әдіс арқылы шешуге тырысқан. Оның ілімі диалектикалық материализм деп аталған.Тарихты қарастыруда ол бес тарихи-экономикалық формацияларды ұсынған. Маркс қоғамды үнемі өзгерісте болады деп есептеген.

Тарихи философиялық бағыт батыстықтар (П.Я.Чаадаев, А.И.Герцен, т.б. ) мен славянофилдердің (А.С.Хомяков, И.В.Киреевский, т.б) еңбектерінде жалғасын тапқан. Славянофилдер Ресейдің өзіндік ерекше тарихи жолы бар десе, батыстықтар Ресейдің басты мақсаты Батыс Еуропаны қайтседе қуып жету қажет деп есептеген.