Егіншілік және отырықшылық Ақтас қыстау-қонысын қазып ашқанда үйсіндерде егіншілік болғанын тікелей дәлелдейтін олжалар табылды. Бұл жер өндеу құралы — тас кетпендер және егін жинау құралы — қола орақ (сынығы). Тастан жасалған дән үгіткіштер өсімдік тағамының тұракты тамақ кұрамына кіргенін айқын көрсетті. Ақтас кыстау-қонысынын үйлерінде 11 бүтін дәнүгіткіш және 15 дәнүгіткіштің сынықтары табылған; олардың бәрі де ұзақ уақыт пайдаланудан әбден тозған. Ақтас кыстау-қонысының төңірегін зерттеген кезде үйсіндерде қарапайым суармалы егіншілік болғандығының белгілері байқалды. Мұнда арық-ардың және аумагы 60 шаршы метрден 150 шаршы метрге дейін өнделген шағын танаптардың іздері табылды, бұларда, шамасы бақша дақылдарын өсірген болуы керек. Өнделген алаптар су ездігінен ағып баратын жерлерде орналасқан; арықтардың арнасы жердің табиғи көлбеулігін есепке ала отырып жүргізілген. Қарапайым суарма жүйелерінің мұндай іздері Жоңғар Алатауы, Толақ (Іле аңғарында) және Шу-Іле (Шу анғары) тауларының қойнаулары мен баурайларында, Қырғыз Алатауының (Талас анғары) солтүстік баурайларында кездеседі. Үйсіндерде бақша егу егіншіліктін бір түрі ғана болып қоймайды. Егер тас кетпендер бақша дақылдарын күтуге жұмсалса, қола орақтар дәнді дақылдарды оруға пайдаланылған. Ол кезде кандай дәнді дақылдар өсірілгенін анықтайтын деректер әзірше аз. Тары мен арпа егілгені жөнінде ғана айтуға болады, мұны Солтүстік Қырғызстанның үйсіндер зиратында бір ыдыстың түбінен табылған осы дақылдардың дән калдықтары дәлелдейді. Жетісудың жерасты суына қаныққан сарғылт-сұр топырағы дәнді дақылдар еккен кезде суаруды кажет етпейді, артық ылғал тек зиянды болуы мүмкін. Жетісуда суармалы егіншілік кана емес, сонымен қатар тәлімі егіншілік те дамыған. Жауын-шашынның біршама көп болуы, топырақтың табиғи ылғалы жақсы болуы жағдайында тәлімі егіншіліктің өнімі түсімді болған. Сірә, егіске пайдаланылған жер көлемі шағын болса керек, өйткені егіншілік құралдарының (кетпен) сипаты егіс көлемін ұлғайтуға мүмкіндік бермеген. Ежелгі үйсіндерде егіншілік пен отырықшылық болғаны жазбаша деректемелерде айтылған. Мәселен, хань тарихшысы Бань Гу былай деп жазады: үйсін гуньмосына ұзатылған қытай ханшасына қызмет ететін сарай әйелі Фынь Чигу астанасында немесе оның төңірегінде тұратын үйсіннің «отырықшы шонжарларына» сыйлықтар үлестірген. Хэ Цю-Тао ежелгі деректемелерге сүйене отырып, ежелгі үйсіндер жер өңдемеген, бірақ «агаш егетін болган» деп жазады. «Ханьшуды» түсіндіруші Янь Ши-Гу - б. з. VII ғасырдьщ тарихшысы — «ағаш егеді» деген сөз «агаш отырғызады» деген сөз» — деп, бұл хабарды дәлелдей түседі. Тарихшы Суй Сун үйсіндер «су мен шөп іздеп жүретін» (көшетін) болса да, «дегенмен қалалары мен қала төңірегіндегі мекендері болған» деп тура айтады. Ертедегі қытай деректемелеріне сенбеуге негіз жоқ. Ресми тарихнама империяның «солтүстік» және «батыс» тайпалар жөніндегі дәстүрлі үльщержавалық сая- сатынан туындап, олардың даму кезеңін боліп көрсеткеннен гөрі, көшпелі мешеулігін атап көрсетуге неғұрлым бейім болды.