Сауда: сауда еркіндігі қалыптасты: * 1. 1921 жыл 24 мамырда «Айырбас туралы» декрет қабылданды. * 2. Декрет бойынша айырбас жасауға рұқсат етілді. * 3. Жәрмеңкелер ашыла бастады. Мысалы, Ақмола губерниясында «Атбасар» жәрмеңкесі, Ақтөбе губерниясында «Ойыл», «Темір» сияқты жәрмеңкелер, Бөкей губерниясында «Орда» жәрмеңкесі ашылды. Қазақ жерінде барлығы жеті өлкелік, он үш губерниялық және жетпіс бес жергілікті жәрмеңке ашылған болатын. Жеке саудаға рұқсат берілді. * Жаңа экономикалық саясат кезінде нарық енгізілді. * Ауыл шаруашылығы дамымай қалды. * Бұл саясат аяғына дейін жеткізілмеді. * Өнеркәсіп артта қалды, дамымады. * Жаңа экономикалық саясат бұрмаланды. * Саяси өмірде демократия бұрмаланды. * Еркіндік мүлде болмады
1921-1922 жж. жер - су реформасы. XX ғасырдың 20-шы жылдар басындағы жер-су реформаларының ерекше маңызды орыны болды.Бұл реформа негізінен патша өкіметінің отаршылдық саясатының зардаптарына қарсы және жою мақсатында жүзеге асқан шаралардың бірі еді. 1921 жылы ақпан айында жер-су реформасы Түркістан ауданының Алматы , Қапал ,Шымкент ,Әулиеата уездерінде жүргізілді. 1921 жылы сәуірде бұрынғы Сібір және Орал казак әскерлеріне берілген жерді қазақтарға қайтару туралы декрет нәтижесінде Ертіс өңірінен 177 мың десятина жер қайтарылды. Оралдың сол жағалауынан 208 мың десятина жер қазақтарға берілді. 1921 жылы Жетісуда жер – су реформасы жүргізілді. Нәтижесінде қазақ, қырғыз, ұйғыр еңбекшілеріне 460 мың десятина жер қайтарылды. Сонымен бірге Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның қазақ және орыс халқына жер беру үшін көлемі 1 млн. десятинадан астам жер қоры құрылды. Реформаны жүзеге асыруда қателіктер мен асыра сілтеулерге жол берілді. Кей жағдайда қоныс аударушы кедейлер жерден айырылды. Қоныс аударушылар негізінен отаршыл – кулактар қатарына жатқызылып, қазақтар мен қоныстанушылар арасында ұлт араздығы туып отырды.