Тарих және педагогика факультеті


Пайдаланған әдебиеттер тізімі



бет3/14
Дата19.05.2023
өлшемі313,97 Kb.
#94955
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

  1. Арнайы педагогика. 2016. Дүйсенбаев А.Қ.

  2. Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі [Мәтін]: оқу құралы / А.А. Тасимова.- Алматы: Эверо, 2019.- 256б

  3. Қазақ отбасылық тәрбиесі. 2015.Бөлеев Қ.



Лекция 2
Тәрбие үдерісі туралы ұғым
1. Тәрбиелеу үдерісінің мақсаты мен мәні.
2. Тәрбиелеу іс-әрекеті тәрбиелеу үдерісінің бір компоненті.
3. Білім беру мекемелерде тәрбиелеудің объектісімен субъектісі.
4. Білім беру мекемелеріндегі тәрбие жұмысының мазмұнын жаңалау және толықтыру қажеттілігі.
1. Тәрбие мақсаты төңірегіндегі пікірталас ежелгі дәуірдің өзінде-ақ басталған. Ежелгі ойшылдар тәрбиенің мақсаты ізгі, рақымшыл азаматтарды тәрбиелеу деп түсінеді. Ал «рақым» туралы пікірде олардың ойлары бір жерден шықпады. Сократтын түсінігінше, тәрбиенің мақсаты – заттардың табиғатын зерттеу емес, өз-өзіңді тану, аса құлықтылықты жетілдіру. Сократтың шәкірті Платон ақыл-ой, ерік және сезімді тәрбиелеуге көп ықылас білдірді. Ол тәрбиені үкіметтің өзі ұйымдастыруы керек, үстемдік етуші топтар – философтардың талап-тілегіне сай жұмыс істеу деп түсінеді. Платонның шәкірті Аристотель, тәрбиенің мақсаты жан рақымы – ақыл-ес пен ерік-жігерді дамыту деп біледі.
Я.А.Коменский тәрбиенің күшіне сенді, оның ойынша тәрбие үш мақсатқа жетуге бағытталуы қажет: өзіңді және қоршаған ортаны тану (ақыл-ой тәрбиесі) және құдайға сыйыну (діни тәрбие). Джон Локктың ойынша, тәрбиенің негізгі мақсаты (азаматты қалыптастыру).
И.Г.Пестолоццидың тәрбие мақсаты, адамның табиғи күш-қуаты мен қабілеттілігін дамытуға негізделуді, сонымен қатар, бұл даму жан-жақты және үйлесімді болуының биігінен көрінуі қажеттілігіне тоқталса, ал И.Гербарттың ойынша, тәрбие мақсаты – қалыптасқан қарым-қатынастарға бейімделе алатын, қоғамдағы белгіленген тәртіпті сыйлайтын, оған бой ұсынатын адамдар деген түйінге келеді. Тәрбиенің ең жоғарғы мақсатын А.Дистерверг «ақиқат, сұлулық және мейірімділікке өз ынтасымен қызмет ету» деп анықтаған.
Көп уақытқа дейін тәрбие мақсаты идеалды адам мұратына, жан-жақты үйлесімді дамыған, рухани байлығы мол, моральдық қылықтары таза және дене күші дамыған тұлға ретінде түсінеді. Әрине, бұл позиция – тәрбиенің негізгі мақсаты. Бірақ, тәрбиенің мақсаты біржақты қарастырылып, күнделікті тәжірибеде тәрбие жұмыстарының нәтижелері алға қойған мақсаттан біршама ерекшеленуіне әкеп соғады.
Сол себепті, бүгінгі тәрбиенің мақсатын әлеуметтендіру мәселелерімен бірлікте қарастыру өзекті мәселелердің бірі екеніне ерекше мән берген орынды.
Тәрбие мақсаты – ол педагогикалық процесс пен қоғамның қажеттілігіне қарай өзгеріп отырады. Тәрбие мақсаты қоғамның әлеуметтік сұранысына қарай және оның орындалуы ұстаздың кәсіби дайындығына байланысты келеді. Ұстаздың қызметі мақсаттылығынан басталса, ал балалар оқу іс-әрекетінің мақсатын нақтылай отырып, тапсырманы орындайды.
Тәрбие мақсаты – бұл қоғамның бетбұрысына, қандай мұраттарына қол жеткізуіне бағытталған. Тәрбие мақсаты жалпы және жекеленіп келеді. Тәрбиенің мақсаты жалпы болып келгенде, яғни барлық азаматтарда сапалы құндылықтардың, ал жекеленіп келуі, яғни жеке тұлғаның қалыптасуын көздейді. Қазіргі заманда тәрбие жүйесіне қарай тәрбие мақсаты әр алуан болып келеді. Тәрбие мақсатының әр алуандығы тәрбиенің өте күрделілігін көрсетеді. Мақсаттылыққа объективтік себептер әсер етеді. Олар, дененің физиологиялық жетілу заңдылығы, адамның психикалық дамуы, философия мен педагогикалық ойдың жетістігі, ортаның үнемі қоғамның мүддесіне орай өзгеріп отыруы.
Бірақта, гуманистік педагогика баланың қызығушылығын ояту мәселесін ең бастысы деп есептеді. Бүгінгі күнде тәрбиеленушінің өз күшімен жетістікке жету мүмкіндігіне басшылық жасау тәрбие берудің басымдық рөлін арттыруда.
Осыған орай, барлық педагогикалық мақсаттарды шартты түрде өзара байланысты екі топқа бөлуге болады: үлгілі (идеал) және өзекті (актуальді) соңғысы тұлғаның дамуымен даралығын қалыптастыру және оны үздіксіз дамыту міндеттерімен нақтыланады.
Тәрбиенің нысаны тұлға болса, бірақ өз бойларында қажетті сапаның дамуы балалардың өздерінің белсенді іс-әрекеті мен оларға тәрбие субъектісі ретінде қарап педагогикалық басшылық жасау. Ақыл-ой, адамгершілік, еңбек, эстетикалық және дене тәрбиесі тұтас педагогикалық жүйе шеңберінде қарастырылады (Н.Д.Хмель).
Жеке тұлғаның әлеуметтік тәжірибені игеруі саналы-ұтымды іс-әрекетіне, одан шешуші роль білім жүйесі мен эмпирикалық дәстүрлі қалыптағы қоғамдық психологияға байланысты. Бұл жерде көзқарастар мен позицияларға, құнды бағыттарға, дүниетанымға қоғамдық психология басым ықпал етеді. Тәрбие мақсатының негізгі бөліктерін философиялық категориялардың тізбегімен сипаттауға болады: мотив-қажеттілік-қызығушылық-мақсат.
Қарым-қатынастың мақсаты қоғамдағы іргелі әлеуметтік экономикалық өзгерістер жағдайында балалардың санасының белсенді ұстанымын қалыптастыру болып табылады (Б.Ы.Мұқанова).
Мақсат іс-әрекет нәтижесін күні бұрын идеалды ой-тұжырым арқылы болжау. Тәрбие-әлеуметтік институт ретінде қалыптасуын әлеуметтендіру, мәдениет және әлеуметтік ереже, әлеуметтік тәрбие мақсатында жүргізу, сол арқылы қоғам мүшелерінің әлеуметтік қажеттілігін өтеуге жағдай жасау.
2. Тәрбиенің басты мақсаты қызметі – баланы іс-әрекетке тарту, оларға түрлі әрекеттерді жасата отырып, жинақталған адамзат тәрбиесін жаңғырту барысында өзінің қабілеттерін дамыту жағдайларын жасау болып табылады. Демек, тәрбие үрдісінің мәні адамзаттың жинақталған тәрбиесін меңгеру мақсатында тұлғаны түрлі іс-әрекетке қатыстыру болып табылады.
Тәрбие қойылған мақсатқа тікелей байланысты. Егер тәрбиені идеал нәтиже ретінде анықтасақ, онда тәрбиенің бірінші деңгейдегі мақсаты – тұлғаны жан-жақты дамыту болып табылады. Бұл орындауға ұмтылған мұрат-мақсат.
Екінші деңгейде қойылатын мақсат – қоғамда белгілі бір іс-әрекетті атқаратын маман – тұлғаны тәрбиелеу болып табылады. Мұнда тәрбиенің әлеуметтік мәні, яғни қоғамға пайдалы тұлғаны дамытуға қатысты әлеуметтік сұраныс байқалып отыр.
Үшінші деңгейде қойылатын мақсаты тұлғаның жеке мақсатымен анықталады. Бұл адам өмірінің мәнін анықтайды. Ол адамның туа біткен мүмкіндіктерін толық ашып көрсетіп, өзінің табиғи ерекшеліктері мен қасиеттерін дамыту болып табылады.
Бала құқығы туралы Конвенцияда білім және тәрбие мақсаты мен міндеттері нақты тұжырымдалған. Бұл құжатта тәрбие мақсаты – бала тұлғасын жан-жақты дамуына, тұлғаның қоғамда толық өзін байқатуына толық жағдай жасау деп көрсетілген.
Тәрбие мақсаты оның міндеттері арқылы нақтылана түседі. Тәрбие міндеттері:
- тұлғаның таланты, ақыл-ой қабілеттері мен денелік дамуына толық, жағдай жасау;
- адам құқығы және оның еркіне деген құрметті тәрбиелеу;
3. Педагогикада субъектіні зерттеудің негізгі бағыттары. «Субъект» және объект» ұғымдарының маңызы, бұл құбылыстардың әдіснамалық аспектілерін ашу ең алғаш философиялық білім аясында жүзеге асты. Педагогикалық теорияда бұл ұғымдардың пайда болуы 20 ғасырдың жетпісінші жылдарымен байланысты. Бүгінгі таңда адам-субъектінің өсуінің әртүрлі жас кезеңдерінде, оның даму проблемалары, мектепке дейінгі мекемеде және семьяда баланың субъективтік қасиеттерін қалыптастырудың мазмұнын, шарттарын, технологияларын іздестіру педагогиканың аса маңызды міндетіне айналады. Бұл проблемаларды теория мен практикада бірге олардың арасындағы қарама-қайшылықтарды болдырмауға мүмкіндік береді.
Субъектіге жүгіну кездейсоқ емес. Қазақстанның басқа әлеуметтік-экономикалық және саяси формацияға көшуге ұмтылуы белсенді шығармашылықпен өзгеруге өзі де, оның ансаласындағылар да дайын жеке тұлғаны дамытудың қажеттілігін тудырады. Мұндай ұстаным білім беру жүйесінің барлық сатыларында тәрбиенің осыған сәйкес түрін қарастыруға алып келеді. Мектепке дейінгі педагогикада мұндай мақсаттың пайда болуы жеке тұлғаны ары қарай дамытудың іргетасын анықтаушы ретіндегі мектепке дейінгі балалық шақ кезеңінің маңыздылығы идеясының өзектілігін арттыра түсті.
Педагогикалық теорияда адам-субъектінің даму идеясының қандай жолдардан өткендігін қарастырайық. Бұл саладағы педагогикалық зерттеулердің негізгі бағыттарына жүгінейік.
Дәстүрлі бағыт ұзақ жеткілікті түрде жалғыз және бүгінгі күнге дейін сақтап келеді. Бұл бағыт аясында педагог педагогикалық процестің cубъектісі болады. Бала, балалар тобы – бұл процестің объектісі, оған оқытушылық, тәрбиелеушілік, дамытушылық мақсаттарын көздейтін педагогикалық амалдар кешені бағытталады. Педагогтың жүйелі және мақсатты бағытты ықпалының нәтижесінде бала тұлғасының даму процесі жүреді, ол білім алады. Педагогтың ықпалы дегеніміз, сол сияқты, білім беру мекемесінде ұжымның және жекелеген балалардың әрекетін басқару процесі. Дамытушы ретінде балаларға ересектердің және құрбыларының ықпалы қарастырылады. Педагогпен ықпалдастық болуы мүмкін, алайда ол ұдайы және оның әсері негізінде болады. Педагогикалық процеске қатысушылардың қарам-қатынас типі бұл бағытта – субъект-объектілік болады.
Бұл қатынас типін схема түрінде былай көрсетуге болады:

Sb Ob.
Педагогикалық процеске қатысушылардың субъект-субъектілік қатынас типін көрсететін бағытын қарастырайық. Өзара ықпалдастықтың бұл типін қарастыру кезінде әркім субъект те және объект те бола алады, әркім толыққанды түрде ықпал ете алады және ықпалында болады. Педагог пен балалар зерттеудің бұл бағытында әртүрлі іс-әрекет субъектілері түрінде көрінеді, субъектарлық өзара ықпалдастық мүкіндіктері қарастырылады
(Р.С.Буре, В.В.Давыдов, М.И.Лисина, В.И.Логинова, А.К.Макаров, Н.Н.Поддьяков, Г.И.Щукина және т.б.).
Педагогикалық ғылымда бұл бағыттың пайда болуы қоғамның белсенді, тұлғалық-жауапкершілігі бар адамдарға деген объективті сұранысы мен білім беру мекемелерінде оларды дайындау жүйесінің жасалмағандығының арасындағы қайшылықтан туады. Бұл қайшылықтар проблеманың екі жағын нұскайды. Бірінші жағы – бұл білім беру саласында тиісті технологияларды іздестіру, екінші жағынан – білім берудің әрбір сатысында мұндай тұлғаны тәрбиелеуге дайын педагогтарды даярлау.
Педагогикалық процестің бұл қатынас типін схема түрінде былай көрсетуге болады: Sb Sb.
Педагогикада субъект проблемасын түсінудің үшінші бағыты алдыңғы екеуінің талдау нәтижесі болады. Педагогикалық процеске қатысушылардың қарам-қатынасының субъект-субъектілі типіне үш элемент – зерттеушілік, танымдық, өзгертушілік және т.б. әрекеттерді қамтитын объект (немесе объектілер жиыны) жатады. Субъектілердің әрекеттері бір-бірімен өзара байланысты және объектіге немесе олардың жиынына бағытталған. Мысалы, мектепке дейінгі мекемеде бейнелеу өнері сабағында педагог пен мектеп жасына дейінгі балалар бірігіп сурет салады, әртүрлі заттар жасайды және т.с.с. жұмыстар орындайды. Олардың әрекеттері қағаз парағына, картонға, саз балшыққа бағытталған.
Теорияда субъект-субъектілік өзара әрекет субъектілер бала, педагог, ұжым біріккен субъект (балалық, педагогикалық) ретінде болады. Педагогикалық процесте субъект-субъект қарым-қатынасын ұйымдастыру тәжірибесінің мысалы ретінде педагог-жаңашылдардың әдістемелерінің (Ш.А.Амонашвили, С.Н.Лысенкова және т.б.) алуға болады.
Бұл өзара әрекетті схема түрінде көрсетуге болады:
Sb Sb

Ob
Бүгінгі күні баланың субъективтік қасиеттерін тәрбиелеу прцесі жасалу үстінде. Баланың объектіден субъектіге ауысу тетіктері жеткілікті қарастырылмаға. Мектепке дейінге педагогикадағы проблемалық сала-субъектілі ынталылықты, балалар мен педагогтардың шығармашылығын қамтамасыз ету мақсатында педагогикалық процесті ұйымдастырудың тиімді түрлерін, әдістерін, біртұтас технологияларын анықтау. Қойылған бұл проблемадан бірқатар жеке проблемалар туындайды:
• Нақты педагогикалық процесте педагогты субъект ретінде, олардың субъектілік қасиеттерін көрсететін мүмкіндіктері мен жағдайларын балаларымен бірге әрекетіндегі қарым-қатынас жүйесін, басқа педагогтармен және әкімшілікпен қарым-қатынасын қарастыру қажет. «Білім беру процесінде педагог әрқашанда субъект бола ала ма?» деген сұрақ аса маңызды. Зерттеу жұмысының басты аспектісі – өзінің кәсіби іс-әрекетіндегі педагогтың ерекшелік іс-әрекеттерін анықтау. Іс-әрекет жағдайына қарай оның субъектілік жайы да әртүрлі болуы даусыз факт (мысалы, балаларды оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастыру жөнінде әкімшіліктің нұсқауларын қабылдайды, ата-аналар мен балалар тарапынан бағалау тұрғысында болады және т.с.с.).
• Баланы педагогикалық процестің субъектісі ретінде қарастыру да нақты емес. Балалармен қарым-қатынаста беделді деген педагогтардың басым көпшілігі баланы өзімен теңдес серік ретінде себепті және технологиялық тұрғыдан да қабылдауға дайын емес (әсіресе, кіші жастағы және мектепке дейінгі жаста). Кейбіреулер «педагог-бала» қарым-қатынас жүйесіне субъект ұғымын енгізудің қажеттілігі жоқ деп санайды. Ал үшіншілерінің педагогтың бұл субъектіге қарым-қатынасы қандай болуы керек және оның субъектік қасиеттерін қалай қалыптастыру керек екендігі жөнінде түсініктері жоқ. Баланың тиісті қасиеттерін қалыптастыру үшін оған субъект ретінде қарау жеткілікті ме? Баламен қарым-қатынасты қалай орнату керек? Жас және жеке ерекшеліктерін қалай ескеру керек? Педагогикада осы сұрақтарға жауап беру керек. Лекциялық және семинар сабақтарында бірігіп жұмыс жүргізу барысында біз қойылған проблемаларды шешудің өзіндік нұсқасын беруге тырысамыз.
Педагогикалық проблемалардың тағы бір блогы субъектарлық әрекеттестікті ұйымдастыру процесімен (субъект-субъектілік сипаттағы әрекеттестік) – оқу-тәрбие процесіндегі белсенділік пен серіктестіктің ерекше түрімен байланысты. Ол балаға субъективтік сапарларын дамытуға, педагогқа – дамудың шығармашыл деңгейіне қол жеткізе отырып, оларды еселеп отырады. Субъект-субъектілік қатынастар ұдайы қозғалыста, әртүрлі пікірлердің, тұжырымдардың, сұраныстардың, көзқарастардың үйлескен жағдайында дамиды. Проблеманың бұл блогы серіктестіктің мазмұны мен түрлеріне жаңа көзқарас ізденістерімен байланысты.
Педагогикалық ізденіс аясы педагогикалық процестің барысы мен нәтижелерін диагностикалау тәсілдерін анықтаумен байланысты, онда өзара әрекеттестіктердің барлық қатысушыларының диакгостика мен өзін-өзі диагностикалауға саналы түрде қатысу мүмкіндігі, оның субъектарлық сипаты есепке алынады [5. б. 39-43].
4. Мектепке дейінгі тәрбие мен білім берудің мақсаты – баланы жалпы адамзаттық рухани құндылықтарға сәйкес келетін жеке басының мәдениетін, оның базисін тәрбиелеу арқылы, оны жан-жақты дамыту болып табылады. Ал міндеттерін мына жолдар арқылы қарастыруға болады:
- мектепке дейінгі балалықтың өзіндік құндылығын қамтамасыз ете;
- баланың денсаулығын сақтау және нығайту, оның толыққанды физикалық дамуы;
- мектепке дейінгі бпланың бала қызметінің әр түрлі меңгеруі;
- қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстар туралы қарапайым білім жүйесін қалыптастыру;
- ақыл-ой қызметінің дағдылары мен біліктерін, интеллектуальдық қабілеті, таным процестері мен қызығушылықты, білуге құмарлықты дамыты;
-балалардың бойында сенсорлық эталондар жүйесін зерттеу перцевтивтік іс-әрекеттерді қалыптастыру;
- балалардың тілін, оның негізгі функцияларын дамыту, анна тілінің сөздік қорын және оның грамматикалық құрылысын игеру;
- баланың жеке басын, өзін-өзі тану, дербестік, әлеуметтендіру негіздерін қалыптастыру;
- баланың адамгершілік сезімдерін, түсініктері мен мінез-құлқын дамыту;
- дербестікті және балалар мен құрбы-құрдастар, үлкендер арасындағы рухани қарым-қатныстардың негіздерін қалыптастыру;
- мектепке дейінгі оқушының бойында еңбек қызметінің, оның қоғамдық мәнінің негіздерін, үлкендер еңбегіне деген оң көзқарасты қалыптастыру, еңбек сүйгіштікке, дербестікке, жауаптылыққа тәрбиелеу;
- балалардың эстетикалық танымын дамыту, эстетикалық қызмет дағдыларын қалыптастыру, көркем-шығармашылық дағдыларын қалыптастыру.
Жалпы міндеттер:
- ойынды тұтастай жеке тұлғаны қалыптастыруға, оның шығармашылық қабілеттерін дамытуға пайдалану;
- баланың өзін-өзі ұстау, эмоцияларын, сезімдерін, мінез-құлқын қадағалау қабілеттерін ұштай отырып, ойын арқылы оның жалпы даму процечтеріне басшылық жасау;
- ойынды балалардың өз халқының салт-дәстүрлерін бойына сіңіру құралы ретінде пайдалану, соның негізінде ұлттық сана-сезімін, ұлттық мәдениетін қалыптастыру;
- өз халқының мәдениеті мен тарихына деген ықыласын ояту;
- отаншылдық сезімін ұдайы дамыту үшін жағымды эмоциялық негіздер қалыптастыру.
Бөбек жасындағы екінші топ. Міндеттері:
- балалардың бойында ойыншықтар мен ойынға дегене қызығушылықты және жағымды эмоциялық көзөарасты тәрбиелеу;
- балалардың сенсорлық аясын, көрнекі–әсерлі ойлануын және қимыл белсенділігіен дамыту;
- балалардың ойын үстіндегі бірқалыпты, сергек көңіл-күйін, мінез-құлқы мен жағымды эмоциялық жағдайын қамтамасыз ету [6. б. 13-14].
Бақылау сұрақтары
1. Алғашқы қоғамдағы тәрбиенің ерекшеліктері қандай?
2. Не себептен тәрбие адам іс – әрекетінің басты бір түрі деп саналады?
3. Тәрбиенің мақсаты мен міндеттерін қалай түсінесіздер?
4. Тәрбие үдерісінің өзіндік ерекшеліктері қандай?




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет