Лекция 6
Педагогикалық өзара әрекеттесу
1.Педагогикалық әрекеттесудің мәні мен принциптеріне сипаттама.
2.Тәрбие әдісі, тәсілі, құралдары.
3.Тәрбиелеудегі бақылау, өзін-өзі бақылау және өзін-өзі бағалау әдістері.
4. Тәрбие жұмысының формалары және оның жіктелуі.
1. Тәрбие мақсаты – ол педагогикалық процесс пен қоғамның қажеттілігіне қарай өзгеріп отырады. Тәрбиенің мақсаты қоғамның әлеуметтік сұранысына қарай және оның орындалуы ұстаздың кәсіби дайындығына байланысты келеді. Ұстаздың қызметі мақсаттылығынан басталса, ол балалардың оқу іс-әрекетін мақсатын нақтылай отырып, тапсырманы орындайды.
Тәрбиенің мақсаты - бұл қоғамның бетбұрысына, қандай мұраттарына қол жеткізуіне бағытталған. Тәрбие мақсаты жалпы және жекеленіп келеді. Тәрбиенің мақсаты жалпы болып келгенде, яғни барлық азаматтарда сапалы құндылықтардың, ал жекеленіп келуі, яғни жеке тұлғаның қалыптасуын көздейді. Қазіргі заманда тәрбие жүйесіне қарай тәрбие мақсаты әр алуан болып келеді. Мақсаттылыққа объективтік себептер әсер етеді. Олар, дененің физиологиялық жетілу заңдылығы, адамның психикалық дамуы, философия мен педагогикалық ойдың жетістігі, ортаның үнемі қоғамның мүддесіне орай өзгеріп отыруы.
Бірақта, гуманистік педагогика баланың қызығушылығын ояту мәселесін ең басты деп есептеді. Бүгінгі күнде тәрбиеленушінің өз күшімен жетістікке жету мүмкіндігіне басшылық жасау тәрбие берудің басымдық рөлін арттыруда.
Осыған орай, барлық педагогикалық мақсаттарды шартты түрде өзара байланысты екі топқа бөлуге болады: үлгі (идеал) және өзекті (актуальді) соңғысы тұлғаның дамуымен даралығын қалыптастыру және оны үздіксіз дамыту міндеттерімен нақтыланады.
Тәрбиенің нысанасы тұлға болса, бірақ өз бойыларында қажетті сапаның дамуы балалардың өздерінің белсенді іс-әрекеті мен оларға тәрбие субъектісі ретінде қарап педагогикалық басшылық жасау. Ақыл-ой, адамгершілік, еңбек эстетикалық және дене тәрбиесі тұтас педагогикалық жүйе шеңберінде қарастырылады.
Жеке тұлғаның әлеуметтік тәжірибені игеруі саналы–ұтымды іс-әрекетіне, онда шешуші рөл білім жүйесі мен эмперикалық дәстүрлі қалыптағы қоғамдық психологияға байланысты. Бұл жерде көзқарастар мен позицияларға, құнды бағыттарға, дүниетанымға қоғамдық психология басым ықпал етеді [13. б. 39-40].
Тәрбие приециптері - бұл тәрбие процесінің мазмұнына, «дістеріне оны ұйымдастыруға қойылған негізгі талаптарды анықтайтын бастау ережелері. Олар тәрбие процесінің өзіндік ерекшеліктерін танытады. Педагогикалық процестің жалпы принциптерінен нақты тәрбие принциптерінің өзгешелігі - тәрбие міндеттерін шешудегі педагогтар ұсынатын ортақ ережелер екендігінде жатыр. Осы принциптерге қойылатын талаптар: міндеттілік, комлекстілік, бірмәнділік.
Тәрбие процесі сүйенетін принциптер белгілі жүйені құрайды. Тәрбие жүйелерінің түрлері бұрында, қазірде көптеген саналады. Олардағы принциптердің сипаты, жекелей міндеттері, тіпті кейбір принциптердің өздері өзгеріске түседі. Қазіргі тәрбиелеу жүйесі мынадай принциптерді ұсынады:
1. Тәрбиенің қоғамдық бағытта болуы.
2. Тәрбиенің өмірмен, еңбекпен байланысы.
3. Тәрбиеде дұрыстыққа арқа сүйеу.
4. Тәрбие гуманизациясы.
5. Тәрбиеге тұлғалық тұрғыдан қарау.
Тәрбиелік ықпалдардың бірлігі [13. б. 59].
2. Педагогикалық процесті ұйымдастыру жұмысында және елімізде жүріп жатқан жаңарумен байланысты тәрбие әдістерін қолдануда жаңаша ойлануды меңгеріп, дамыту керек.
Тәрбие әдістері – тәрбие процесінің өте күрделі компоненті. Себебі, тәрбие әдістері қазіргі қоғамның түбегейлі өзгеру жағдайындағы сан – салалы өмір талаптерына байланысты болуы тиіс. Сонымен қатар тәрбие әдістері жан жақты тәрбиенің мақсатына, принциптеріне, тәрбие жұмысының мазмұнына сай анықталады.
Соның ішінде тәрбие әдісінің мәні үнемі тәрбиенің мақсатынан туындап отырады.
Ғылыми педагогикалық әдибиеттерде тәрбие әдісінің мәні көп қырлы болғандықтан, оған әртүрлі анықтама берілген.
В.А.Сластенин, Ю.К.Бабанский т.б. мектепте тәрбиеші мен тәрбиеленушінің өзара байланысты іс-әрекетінің жолдарын тәрбие әдісі деп атайды. Бұл іс-әрекет тәрбиенің міндеттерін шешуге бағытталады.
Балаларға тәрбиелік ықпал ету әдістері немесе тәрбие әдістері дегеніміз – тәрбиешінің балалардың бойында қоғамдық көзқарасты және мінез-құлық әдеттері мен дағдыларын қалыптастыру мақсатында, олардың санасы мен еркін күшіне ықпал ету тәсілдерінің жиынтығы.
Екінші, сөзбен айтқанда, тәрбие әдістері тәрбиеші мен тәрбиеші мен тәрбиеші мен тәрбиеленушінің бірлесе отырып жүргізілетін іс-әрекетінің құралы болып табылады.
А.С.Макаренко тәрбие әдістерін психологиялық тұрғыдан қарастыра келіп, бұл әдіс баланың жеке басына жанасудың, ықпал етудің құралы болатынын өте дәл сипаттайды. Қазіргі психологтар адамның жеке қасиеттерін зерттеу нәтижесінде адам бойындағы кез келген қасиеттін құрамы негізінен төрт бөліктен тұрады:
-адамның сезімінен;
-санасынан;
-сезімінен;
-мінез-құлық, әдет – дағдыларынан құлатынын көрсетеді.
Сонымен, қазіргі кезде оқыту-тәрбие беру ісі қайта құрудағы белгіленген даму идеясы баланың жеке адам болып қалыптасуында тәрбие әдісін психологиялық негізде қолдану шешуші роль атқаратындағына баса назар аудару қажет екенін көрсетіп отыр.
Көрсетілген пікірлерден тәрбие әдістерінің әр салалы мәнін анықтауға болады:
- Тәрбие әдісінің ең басты міндеті тәрбие процесін гуманитарландыру тұрғыдан қаруландыру;
- Тәрбие әдісі ең алдымен тәрбиенің мақсатын мазмұнын жүзеге асыратын құрал;
- Тәрбие әдісі тәрбинің мақсаты арқылы анықталады, тәрбиенің мақсаты қандай болса, оның міндеті және тәрбиенің мақсатын жүзеге асырудың әдістері соған сай болады;
- Тәрбие әдісінің тиімді болуы педагогтың сырттай тәрбиелік ықпал жасауымен қатар баланың тәрбиелік қатынасқа іштей өзіндік ниетін, ықыласын, ынтасын, сезімін туғызумен де байланысты.
Тәрбие әдісінің теориясында тәрбие әдісімен қатар тәрбиенің құралдары, тәрбиенің тәсілдері, ұғымдары айтылады.
Тәрбие құралдары – дегеніміз арнайы тәрбиелік міндеттері шешуге арналған, мақсат көзделіп ұйымдастырылған әдістемелік жолдар.
Ал, тәрбие тәсілдері педагогикалық ситуацияға байланысты жеке әдісі, тәрбие тәсілі, тәрбие әдісінің әрекетін, қажеттілігін, тәрбиелік мәнін айқындайды.
Педагогикалық процесс барысында тәрбие тәсілі тәрбие әдісіне тәуелді болады.Нақтылы педагогикалық ситуация болған жағдайда тәрбие әдісі мен тәсілі бірін – бірі алмастыра алады.
Кейбір педагогикалық мәселені шешуде тәрбие тәсілін тәрбие әдісі ретінде қолдануға болады.
Мәселен, әңгіме - ол адамның көзқарасы мен сенімін қалыптастыру әдісінің негізгі бір құрамды бөлігі болып есептеледі. Сонымен бірге үйрету, жаттығу әдістерін жүзеге асыруды кейбір кезеңдерінде әңгіме методикалық тәсіл ретінде қолданылады.
Тәрбие әдісінің өз алдында жеке бір бөлігіне тәрбие құралдары жатады.
Тәрбие құралдарына әр салалы іс-әрекет түрлері (ойын, оқу, еңбек, өнер, спорт, т.б.) сонымен қатар педагогикалық жұмысқа қажетті материалдық және руғани шығармалар, заттар жиынтығы (көрнекті құралдар, саяси, көркем және көпшілікке арналған ғылыми әдебиеттер, бейнелеу өнері, музыкалық шығармалар, көпшілік ақпарат құралдары т.б.) жатады.
Тәрбие әдісінің тиімді болуы барлық әдістердің, тәсілдердің, құралдардың тәрбие процесін ұйымдастыру формаларының өзара байланыстылығымен анықталады. Сонымен бірге балалардың жеке-дара типологиялық ерекшеліктері мен тәрбиелік дәрежесін және баланың қандай нақтылы педагогикалық ситуатцияда болғанын ескеріп, тәрбие әдісін қолдануына тәрбиенің нәтижелі болуы тікелей байданысты.
Барлық тәрбие әдістері бірін-бірі толықтырып, ықпал етудің толық мүмкіндігін туғызуы керек.
Тәрбие әдістерінің жіктелуі. Тәрбие әдістерін топтастыру, жүйелеу, жіктеу, бөлу өте күрделі мәселе. Әр әдістің өзіндік ерекшелігі болады. Осыған байланысты педагогикалық тәрбие әдісінің заңдылығы мен мәнін ашатын көлемді ғылыми қор жинақталған. Тәрбие әдісін жинақтау не үшін қажет. Ол тәрбие әдісін:
-жалпы және жеке;
-негізгі және кездейсоқ;
-теориялық және тәжірибелік ерекшеліктерін айқындауға,бөліп қарауға көмектеседі;
-мақсатты түрде әрбір тәрбие әдісін тиімді пайдалануға мүмкіндік жасайды;
-әрбір тәрбие әдісінің өзіне тән белгісін және оның ерекшелігін, міндетін оның бір-бірімен байланысын айқындай түседі.
Педагогика ғылыми зерттеушілердің еңбектерінде тәрбие әдісі түрліше топтастырылады. Ғалым педагогтер Н.И.Болдырев, Н.К.Гончаров, Ф.Ф.Королев т.б. тәрбие әдісін классификациялауда сендіру, жаттығу, мадақтау және жазалау әдістерін жеке бөліп қарастырады. Ал, Т.А.Ильина, И.Т.Огородников т.б. тәрбие әдісін топтастыруда сендіру әдісімен қатар балалардың іс-әрекетін ұйымдастыру әдісін және олардың мінез-құлықтарын ынталандыру әдістерін қоса қалыптастырады. Г.И.Шукина өзінің оқулығында тәрбие әдістерін қазіргі теориялық негіздерге сүйеніп талдау жасайды. Ю.К.Бабанский, В.А.Сластенин тәрбие әдістерін мынандай төрт топқа бөліп қарастырады.
Бірінші топ – жеке адамның қоғамдық санасын қалыптастыру әдістері (көзқарас, сенімі, идеясы).
Екінші топ - іс-әрекеттерді ұйымдастыру, қарым-қатынас жасау және қоғамдық мінез құлықты қалыптастыру әдістері.
Үшінші топ - іс-әрекет пен мінез-құлықты ынталандыру әдістері.
Төртінші топ - іс-рекет бақылау жасау, өзін-өзі бақылоуды ұйымдастыру және баға беру әдістері. Сонымен әр топтағы көрсетілген тәрбие әдістері екі жақты тәрбие әдістерін сипаттайды: бір жағынан бұл әдістер жеке адамның әлуметтік адамгершілік ережелер саналы менгеруіне ықпал жасауды көздейді. Екінші жағынан, тәрбиеленушілердің әр түрлі іс-әрекетте, мінез-құлықта қарым-қатынас жасауда белсенді азаматтық позицияда болу қажеттілігінен туындайды.
Педагогика теориясында тәрбие әдістерінің методологиялық және теориялық негізі ретінде адамның қоғамдық мәні мәселесі және адамның қалыптасуында іс-әрекеттің рөлі туралы ілімнің қағидалары алынған. Бала жеке адам тек іс-әрекет үстінде ғана қалыптасады. Бұл үшін баланың өмірі үнемі іс-әрекет арқылы ұйымдастыру керек. Ол іс-әрекет нақтылы мақсатты шешуге бағытталып, қажет болған жағдайда арнайы ситуациялық іс-әрекеттер де ұйымдастырылуы қажет.
Тәрбие әдісінің бірінші тобы – балалардың санасына, сезіміне, ерік – жігеріне жан-жақты ықпал жасауды қамтиды. Бұл әдістер балаларға сенімді қалыптастыруды және іс-әрекеттің бірлік приципін жүзеге асыруды көздейді. Бала жеке адам болып қалыптасу процесінде тек қана сыртқы әсер арқылы ғана емес, ішкі жан дүниесінің, жеке сананың әрекетінің ықпалы арқылы да дамып жетіледі.
Жеке адамның қоғамдық санасын қалыптастыру әдістеріне: түсіндіру, әңгімелер, лекциялар, пікірталастар, үлгі-өнеге жатады. Көптеген ғалымдар бұл топтағы әдістерді қалыптасқан дәстүр бойынша сендіру әдістері деп те атайды.
Мұндай көзқарасты, жалпы адамзаттық мораль талаптарына сай қасиеттерді қалыптастыру мақсатында тәрбиеленушінің сана – сезіміне, еркіне, мінез – құлқына ықпал жасау жолдары мен тәсілдерінің жиынтығы сендіру әдісі деп аталады.
Сендіру дегеніміз – балалардың ақыл-ойы мен сезімін жандандыру, адамгершілік жайлы түсініктер мен ұйымдарын қалыптастыру және жағымсыз қалықтарын жою мақсатында олардың санасына, сезімі мен еркін қайратына жан-жақты әсер етуді айтамыз.
Сенім – тек моральдық түсінік, ұғым ғана емес, ол адамның мінез – құлық, іс-әрекетінің тұрақты жетекшісі.
Сенім деген ұғымды анық дифференциялап алу керек. Мұнда сенім, біріншіден: жеке бастың психикалық сапасы – тәрбиенің жемісң, нәтижиесі ретіндем анықталады; екіншіден, сенім, сендіру жеке бастың санасына, еркіне сезіміне ықпал жасайтын әдіс, құралдар ретінде анықталады.
Сендіру әдіснің негізгі қызметі, ерекшелігі – ол арқылы жеке бастың сенімі қалыптасады.
Сендіру – баланың тек қана санасына, сезіміне ықпал жасау ғана емес, әрі оның мінез – құлықына, әрі әрекетіне де ықпал жасауды көздейді.
Сендіру әдісі жалпы адамзаттық моральдың нормаларын, ережелерін кеңінен түсіндіру, оны іс-әрекетпен байланыстыруды көздейді. Тәрбиеленушілердің белсенді позицияда болуын өз көзқарастарын қорғай білу, өзінің де, жолдастырының да мінез-құлқына, іс-әрекетін дұрыс баға беруді, талқылауды қамтитын әдіс.
Түсіндіру. Балаға адамгершілік, эстетикалық, саяси, еңбек тәрбиесі ұғымдары туралы түсінік беріледі. Оқыту процесінде әр пәннің оқу материалына байланысты айтылумен қатар арнайы тәрбиешілік мақсат көзделіп, балаларға патриотизм, гуманизм, парыз, міндет, ар-намыс, парасаттылық, кішіпейілдік, қайрымдылық, жауапкершілік, тәртіптілік, ынта-ықылас, ерік-жігер т.б. туралы түсіндіріледі.
Түсіндіру формалары алуан түрлі: әңгіме, көрсету, балалар шығармалары.
Өткізу методикасы тұрғысынан алғанда түсіндіру формаларының ең күрделісі – этикалық әңгімелер.
Этикалық әңгімелер – мораль мәселелері туралы кең түрде, еркін пікірлесуді көздейтін, оқушылардың санасына, сезіміне сөз арқылы ықпал жасайтын, тәжірбедекеңінен қолданылатын сендіру әдісінің ең тиімді түрінің бірі. Этикалық әңгіме әдісінің негізгі мақсаты балаларды қоғамдық өмірде болып жатқан оқиғаларға, іс-әрекеттерге, әртүрлі жағдайларға баға беруге, соның негізінде өзін қоршаған әлуметтік ортаға адамгершілік міндеттерге жауапкершілігін тәрбиелеу.
Әңгіменің негізінде қоғамдық өмірдің әлуметтік адамгершілік немесе эстетикалық, еңбек т.б. салаларының әр қырынан ашып көрсететін деректер алынуы керек.
Әңгімелесудің тақырыбы, мазмұны танымдық, саяси, эстетикалық мәселелерге арналады.
- Әңгімеге, әсіресе әңгімелесу әдістеріне мұғалім жан-жақты әзірленуі қажет.
Пікірталас дегеніміз – пікір таластырамын, талқылаймын деген мағынаны білдіреді. Оның этикалық әңгімелерге біршама ұқсастау болғанымен өзіндік міндеті бар. Бұл өте күрделі, сонымен бірге балалардың санасына тиімді ықпал ететін әдіс.
Тәрбие процесінде үлгі-өнеге тәрбиенің ықпалды әдістерінің бірі болатын себебі үлгінің тәрбиелік күші балалардың өзін қоршаған ортадағы үлкендерге, жолдастыры мен ең жақсы достарына ұқсауға еліктейді. Сонымен қатар балаларға ұлы адамдардың өмірі мен қызметінің, сол сияқты еңбек, соғыс ардагерлерінің, оқу озаттарының, көркем әдебиет, өнер, кинофильм, бейнефильм (видеофильм), театр кейіпкерлерінің өнегесі зор орсан зор әсер етеді.
Жаттығу әдісі. Тәрбие әдісінің жүйесінде жаттығу елеулі орын алады. Жаттығу мінез-құлықтың нормалары мен ережелерін сай тәрбиешінің әр түрлі іс-әрекеттің ұйымдастыру арқылы балаларды тәрбиелеудің ерекше әдісі ретінде қарастырылады.
Жаттығу әдісінің құндылығы мынада: педагогикалық процесте тәрбиелеушілердің орындайтын жаттығу тәрбиешінің талаптарына орындаумен ғана емес, ең алдымен, осы жаттығуларды орындау барысында өзінің адам игілігіне қажент еңбегімен көріне алатыдығында.
Адамының басқалар үшін қамқорлық жасай алатынын сезуі оның қуаныш, ризашылық көңіл-үйін білдіруденде.
Қоғамдық пікір. Тәрбиешенің балаларға қоятын талабы ең алдымен ұжымының талабы екендігін түсіндіру керек. Ал ұжымының талабы жалпы қоғамдық пікірдің көрінікі болып табылады. Сондықтан ұжым жағдайында іс-әрекеттің ұйымдастыру және мінез-құлықты қалыптастыруда қоғамдық пікірді туғызу негізгі әдістің бірі болып табылады.
Тәрбие әдісінің тобына тәрбиелеушілердің мінез-құлықтары мен іс-әрекеттерін ретке келтіру дер кезінде түзету және ынталандыру қызметін атқаратын әдістер біліктірілген. Бұл әдістердің қолдануда педагогикалық – психологиялық тұрғыдан ескеретін жағдайдың бірі – бала тәрбиенің тек қана объектісі емес сонымен бірге ол тәрбие субъектісі екендігі.
Тәрбие әдісі – тұтас педагогикалық процестің заңды бір құрамы.
Тәрбие әдісі баланың жеке басына жанасудың және ықпал етудің өте нәзік әрі сезімтал құрал боғандықтан жаңашыл озат тәрбиешілер балалардың дара және жас ерекшеліктерін зерттеп, оқу-тәрбие процесін физиологтар мен психологтардың бала дамуының заңдылықтары туралы ғылыми деректеріне сүйене отырып ұйымдастырылады.
Адам жеке адам болып қалыптасу прцесінде бөлшектеніп тәрбиеленбей, тұтас тұлға ретінде қалыптасатынын тәрбиеші әрдайым тәрбие жұмысының негізіне алу қажет. Жоғарыдағы аталған педагогикалық-психологиялық талаптармен қатар тәрбие әдістерін қолайлы таңдау және тиімді пайдалану үшін тұтас педагогикалық процестің күрделі диалектикалық заңдылығы негізге алынады.
Тәрбие әдісі – көп өлшемді құбылыс, оның жүйелесуіне негіз болар белгілер сан-алуан.
Тәрбие құрал-жабдықтары – бұл әлуметтік тәжірибенің педагогикалық тәуелсіз көздер. Ниеттеген мақсатына жету жолындағы, субъектке тәрбиелік ықпал жасаушы әрқандай заттың бәрі тәрбие құрал-жабдығы есептеледі. Қоршаған болмыстың қалаған нысаны: зат, мүлік, дыбыс, аң, жануарлар, өсімдіктер, шығармашылық туындылары, құбылыстар, оқиғалар, өмірлік сәт көбіністері және т.б. – тәрбиелік ықпалға ие. Тәрбие құрал-жабдықтары тәрбиеленушіге өздігінен әсер етеді, сонымен бірге оларды тәрбиеші мақсатты бағытта пайдалануы да мүмкін.
Тәрбие құрал-жабдықтары қандай да тәрбие мақсатын іске асыру үшін іріктеледі. Мұндай да таңдау тәрбие әдісіне орайлас орындалады. Құралдар өмір құбылыстарын көз алдына келтіреді, тәрбиеленушілердің белсенділігін көтереді, материалды-техникалық тұрғыдан қамсыздандырады, психологиялық көңіл-күй шуағын береді, іс-әрекет сайманы ретінде қолданылады, қандай да қызметтің астарлы рәмізін айқындай түседі, т.с.с.
Құрал-жабдықтар белгілі гигиеналық, эстетикалық, экономикалық, инабат- тылық, құқықтық талаптарға сай болуы шарт.
Педагог даралығына негізделген әдістермен құрал-жабдықтар бірлігі тәрбиелік іс-әрекеттер формасына арқау болады.
«Форма» терминінің мәні: 1) тәрбие процесінің сырттай көрінісі; 2) тәрбиелік жұмыстардың сырттай көрінуін қамтамасыз ететін ұйымдастыру тәсілдері мен тәрбиелік шаралардың бірлікті жиынтығы; 3) тәрбиеленушілер- дің ұжымдық және жеке – дара іс-әрекеттерінжоспарлы ұймдастыру жүйесі. Сонымен, форма – бұл тәрбиелік істер процесігдегі тәрбиеленушінің тәрбиешімен ықпалды қатынас түзу көрінісі.
Тәрбиелік жұмыстар өз кезегінде төменгі аталған тәрбиелік қызметтерді орындайды:
- Ұйымдастырушылық: ұйымдастыру ісі тәрбиелік жұмысқа қатысушылардың өзара ықпалды әрекеттерінің қисынын бейнелейді;
- Реттеушілік: қандай да форманың өзі оны пайдалану процесінде әлуметтік қатынастар нормаларын қалыптастырушы тәрбиешілер мен тәрбиеленушілер қатынастар нормаларын қалыптастырушы тәрбиешілер мен тәрбиеленушілер арасындағы өзара байлыныстарды реттеп, түзетіп баруға мүмкіндік береді;
Ақпараттық, тәрбиеленушілердің игерген білімдерін ғана біржақты хабарлауына мүмкіндік ашып қоймастан, олардың өзіндік тәжірибелеріне арқа сүйеп, бұрыннан меңгерген ақпараттарын іске қосуына жол ашады [2. б. 13-28].
3. Өзін-өзі тәрбиелеу өзін-өзі дамытуға, өздігінен білім алуға бағытталған, адамның сезген, мақсатты бағытталған әрекеті, теріс тұлғалық қасиеттерді жеңу мен оң қасиеттерін жетілдіру болып табылады.
Өзін-өзі тәрбиелеудің құрамына өзін-өзі білу, өзін-өзі сараптау, өзіне-өзі есеп беру мен өзін-өзі бақылау кіреді. Өзін-өзі тәрбиелеу амалын өзіне-өзі бұйрық беру, өзін-өзі жігерлендіру, өзін-өзі сендіру, өзін-өзі мақулдау, өзін-өзі ынталандыру, өзін-өзі жазалау жатады.
Өзін-өзі тәрбиелеу стимулы – дұрыс тәрбиелеу, ол тәрбиешінің әрекетін ғана емес, сонымен қатар тәрбиеленушінің өзіндік жігерін де қосады.
Өзін-өзі тәрбиелеу элементтері мектепке дейінгі балалардың өзінде болады: олар әлі өздерінің тұлғалық қасиеттерін түсіне алмайды, бірақ жақсының не екенін және қандай қылықтары ересектерге негативті реакция тудыратынын анықтай алады.
Өзін-өзі тәрбиелеу деңгейі тұлғаның тәрбиелілігімен сипатталады. Өзін-өзі тәрбиелеу тәрбиемен байланыста: тұлғаның қалыптасу үдерісін бекітеді және дамытады.
Қайта тәрбиелеу мақсаты - тұлғаның оң қасиеттері мен сапаларын дамыту және теріс жағынан жою.
Бұл үдеріс қиын, ұзақ, көп күш пен шыдамдылықты талап етеді. Қайта тәрбиелеу тәрбиелеуге қарағанда біршама қиынға түседі, өйткені қалыптасқан көзқарастарды, әдеттерді, мінез қасиеттерін сындырып, тәрбиеленушілер әдеттенбеген жаңа, бұрынғыдан ерекшеленетіндерді қалыптастыру керек. Егер теріс қасиеттер тұрақты сипат алған болса, қайта тәрбиелеу қиынға соғады. А.С.Макаренко ата-аналар мен тәрбиешілерді «Кейін қайта жасмайтындай етіп тәрбиелеу қажет» деп үйреткен болатын.
Қайта тәрбиелеудің үдерісінде нәтижеге жетудің байсалды қадамы – тұлғаны өзін-өзі тәрбиелеу үдерісіне қосу (өзін-өзі қайта тәрбиелеу мен өзін-өзі жөндеу) [3. б. 8-9].
4. Педагог даралығына негізделген әдістермен құрал-жабдықтар бірлігі тәрбиелік іс-әрекеттер формасына арқау болады.
«Форма» терминінің мәні: 1) тәрбие процесінің сырттай көрінісі; 2) тәрбиелік жұмыстардың сырттай көрінуін қамтамасыз ететін ұйымдастыру тәсілдері мен тәрбиелік шаралардың бірлікті жиынтығы; 3) тәрбиеленушілердің ұжымдық және жеке-дара іс-әрекеттерін жоспарлы ұйымдастыру жүйесі. Сонымен, форма - бұл тәрбиелік істер процесіндегі тәрбиеленушінің тәрбиешімен ықпалды қатынас түзу көрінісі.
Тәрбиелік жұмыстар өз кезегінде төменгі аталған тәрбиелік қызметтерді орындайды:
- Ұйымдастырушылық: ұйымдастыру ісі тәрбиелік жұмысқа қатысушылардың өзара ықпалды әрекеттерінің қисынын бейнелейді;
- Реттеушілік: қандай да форманың өзі оны пайдалану процесінде әлуметтік қатынастар нормаларын қалыптастырушы тәрбиешілер мен тәрбиеленушілер қатынастар нормаларын қалыптастырушы тәрбиешілер мен тәрбиеленушілер арасындағы өзара байлыныстарды реттеп, түзетіп баруға мүмкіндік береді;
- Ақпараттық, тәрбиеленушілердің игерген білімдерін ғана біржақты хабарлауына мүмкіндік ашып қоймастан, олардың өзіндік тәжірибелеріне арқа сүйеп, бұрыннан меңгерген ақпараттарын іске қосуына жол ашады.
Тәрбиенің негізгі формаларына сипаттама. Тәрбие жұмыстары формаларын түрліше топтастыру мүмкіндіктері бар. Бір форманың басқаларынан ерекшеленуі төмендегі шарттарға тәуелді:
- Уақыт ұзақтығы: қысқа мерзімді (бірнеше сағат, минут); ұзаққа созыған (бірнеше күн, апта);
- Тәрбиеленушілер қызметтерінің түрі: оқу, еңбек, спорт, көркем, өнер,
- Педагогтың ықпал жасау тәсілі: тікелей, жанама;
- Нәтиже: ақпарат алмасу; жалпы тұжжасау тәсілі: тікелей, жанама;
- Нәтиже: ақпарат алмасу, жалпы тұжырымға келу, қоғамдық мәнді өнім;
- Қатысушылар саны: жеке – дара (тәрбиеші – тәрбиеленуші), топтық (тәрбиеші – балалар тобы), жаппай көпшілік (тәрбиеші – бірнеше топ) формалары.
Қатысушылар санымен ажыралған тәрбиелік жұмыстардың кейбір формаларының ерекшеліктерін қарастырайық.
Жеке-даралықты тәрбие формалары: әңгімелесу, сыр бөлісу, кеңес беру, іздестіру. Тәрбиеші міндеттері: бала мүмкіндіктерімен танысу, оның талантын ашу, бала мінезіндегі барша құндылықты бітістер мен дамуына кедергі қасиеттерді байқау.
Ұжымдық шығармашыл жұмыстар формалар: дәстүрлі тапсырмаларды кезегімен ауыстырып бару, сюжетті-рөлдік ойындар, ұжымдық жоспарлау, бірлікті талдау.
Топтық тәрбие формалары: іс-шаралар кеңесі, шығармашылық топтар, өзіндік басқару кешендері, шағын үйірмелер. Тәрбиеші міндеттері: әр баланың өзін танытуға жәрдемдесу, топ мүшелерінің бәріне бірдей мәнді нәтижеге жету жағдайларын жасау.
Ұжымдық тәрбие формалары: конкурстар, сахналық қойылымдар, ән-күй кештері, үгіт бригадалары, саяхат-шерулер, спорт жарыстары.
Тәрбиелік іс-әрекет формаларының әрбіріндегі тәрбиешінің рөлі мен орны әрқилы. Олар тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктеріне, тәрбие мақсаттарына байланысты.
Ұжымдық шығармашылы жұмыстары формалары: Дәстүрлі тапсырмаларды кезегімен ауыстырып бару, сюжетті-рөлдік ойындар, ұжымдық жоспарлау, бірлікті талдау.
Ұжымдық шығармашыл жұмыстарды дайындау және бірнеше кезеңнен тұрады.
Бірінші кезең – уақытша ынталы топ құрылады. Ол алдағы жұмыстарды жоспарлайды.
Екінші кезең – басқарушы топ алдағы жұмыстардың бағыттарын белгілейді, қатысушылар өз ұсыныстарын береді, ұсыныстар талданады, ниетке алынған істердің жалпы бағдарламасы пайда болды.
Үшінші кезең – ойға алынған істердің орындалуына қажет дайындық жұмыстарының, құрал-жабдықтардың, материалдың тізімі жасалады.
Төртінші кезең – тапсырмалар бөлістіріледі, тәрбиеленушілердің баршасын түгелдей қамтылған жеке-дара, топтық, ұжымдық іс-шаралар жүктеме ретінде тапсырылады.
Бесінші кезең – тәрбиеленушілердің бәрі өз борышына алған шығармашыл жұмыстарды дайындауға кіріседі.
Алтыншы кезең – дайындалған тәрбиелік шығармашыл іс өткізіледі.
Жетінші кезең – тәрбиелік іс-шара өткізілгеннен соң ынталы топ және ұжым мүшелерінің қатысуымен көзделген бағдарламаның орындалуына ұжымдық талдау беріледі, сапасы бағаланады.
Аталған жеті кезеңнің әрқайсысының орындайтын өзіне тән міндет, қызметі бар. Атап айтсақ, бірінші кезеңде-өзіндік басқару кешенін түзу тәжірибесі қалыптастырылады, тәрбиеленушілер өз тұлғалық қасиет-сапаларын бағалауға үйренеді; екінші кезеңде – топтық жопар жасау табыс берер шарттарды көрегендікпен тануға баулынады; төртінші кезеңде – әлуметтік тәжірибе қалыптасып, тұлғаның ұйымдастырушылық сапалары пікірлерін хаттау, іс-шараға сай безендіру әрекеттері нығайыап, алыншы кезеңде- әртүрлі ұжымдық, топтық дара жұмыстарға араласа отырып, тәрбиелеуші өзінің тұлғалық деңгейін көтереді. Жетекші кезеңде – өз әрекеттері мен ептіліктерін сын көзбен өзіндік бағалауға үйренеді.
Тәрбие формаларын іріктей отырып, дәл мезеттегі нақты тәрбие міндеттері мен тәрбиеленушілердің араласуымен орындалатын іс-әрекет түрлерін; тәрбиелік процестің ұйымдасу принциптерін, балалардың дайындығын, олардың қызығулары мен ұйымдасу принциптерін, балалардың дайындығын, олардың қызығулары мен қажетін; материалдық қор мен сырттай шарт – жағдайларды, педагогтар және ата-аналар мүмкіндіктерін ескеру қажет.
Тәрбиенің қай формасы болмасын, ол өзіне сай нақты іс-әрекет әдіс, тәсіл, жобаларын пайдалануды қажет етеді және бұлардың бәрі сол әрекетке қатысушылармен бірікте іске асқаны жөн [2. б. 28-33].
Бақылау сұрақтары:
1. Тәрбие әдістері дегеніміз не?
2. Тәрбие әдістеріне сипаттама жасаңыз.
3. Тәрбие әдістерінің тұтас педагогикалық процесте алар орны қандай?
4. Тәрбие құралдары туралы түсіндіріңіз.
5. Тәрбие формаларын жіктеп көрсетіңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |