Тарих және педагогика факультеті


Лекция 15 Балабақша мен мектептің тәрбие жұмысындағы сабақтастық



бет14/14
Дата19.05.2023
өлшемі313,97 Kb.
#94955
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Тарбие

Лекция 15
Балабақша мен мектептің тәрбие жұмысындағы сабақтастық
1.Мектепалды білім берудегі міндеттердің бірі балаларды мектепке дайындау.
2.Баланың тұлғалық мәдениетінің базасын қалыптастырудың сабақтастығын ұйымдастыру.
3.Жас ерекшелігіне қарай дене, әлеуметтік-тұлғалық, танымдық-тілдік, эмоционалдық-еріктік, көркем-эстетикалық дамыту шарттары.
4.Мектепке дейінгі ұйым түлегінің тұлғалық сапаларын диагностикалау жүйесі.

1. Мектепке дейінгі ұйымның міндеттерінің бірі болып балаларды мектепке даярлау саналады. Баланың мектепке көшуі – оның дамуындағы сапалы түрде жаңа кезең.


Бұл кезең «дамудың әлеуметтік жағдаятымен», тұлғалық жаңа жасалымдармен байланысты, оларды Л.С.Выготский «7 жас дағдарысы» деп атады. Даярлықтың нәтижесі болып мектепке дайын болуы саналады. Осы екі термин өзара себеп-салдар қатынастарымен байланысты: мектепке дайындық даярлықтың сапасына тікелей байланысты.
Психологтар мен педагогтар мектепте оқуға дайындықты жалпы және арнайы деп бөледі. Демек, мектепке дейінгі ұйымда жалпы және арнайы даярлық жүргізілуі тиіс.
Арнайы даярлық дегенде баланың білім мен іскерлікті меңгеруі түсініледі, олар оған бірінші сыныпта негізгі пәндер бойынша (математика, оқу, жазу, қоршаған әлем) оқудың мазмұнын игеру нәтижелілігін қамтамасыз етеді.
Жалпы дайындық (және әзірлік) ұғымының мазмұнына психологиялық, адамгершілік-ерік, физикалық дайындық кіреді.
Дайындық пен әзірліктің белгіленген бағыттарының арасында тығыз, нәтижені өзара шарттайтын байланыс бар. Сондықтан педагог әр бағыттың жұмысының ерекшелігін жақсы білуі үшін және отбасымен бірге баланың мектепке дайындығына көмек беруі үшін қажет.
Әр бағыттың мазмұны мен ерекшеліктерін қарастырайық.
Мектептің бірінші сынып бағдарламасын үйрену мектеп пәндері бойынша белгілі бір білім қоры бар, оқи білетін баланың бағдарламаны сәтті меңгеретін көрсетеді. Мұғалім оқушының осы біліміне сүйенеді және ары қарай молайтып дамытады. Білім осылай арнайы пәндерге оқытудың негізін құрады.
Бірақ та мектепте оқытуға арнайы дайындықты білімді көлемдік жинақтау ретінде түсіну қате. Көп білген (жаттаған) сайын жақсы оқиды? Өкінішке орай, бәрі бұлай оңай емес. Мектепке дейінгі жастағы баланың еске сақтауы жақсы. Ол тез және көп есіне сақтайды, есіне сақтағанды қайталап бере алады (З.М.Истомина). Бірақ жақсы оқу үшін бір еске сақтау аз. Салыстыра, талдау жасай, жиынтықтай, өз бетімен түйіндей білуі маңызды, яғни танымдық үрдістердің дамуының белгілі деңгейі қажет. 100-ге дейін санай білу оның математикадан болашақ табыстары туралы айтпайды. Және де оқи білу (жеке әріптерден сөздер жинау) оқу және жазудан жақсы нәтижелерге кепілдік бермейді.
Осы білім мен машықтарды, себеп-салдарлық байланыстар мен заңдылықтарды түсінуі, оқу мақсатын белгілеп және ұстауға қабілеттілігі маңызды. Л.Е.Журова, Т.В.Тарунтаева, Н.Ф.Виноградова, Г.А.Корнеева, А.Н.Макарова және т.б. зерттеушілер осындай мектепке дайындық мүмкін және қажет деп анықтады.
Сонымен, балалар мектепке интеллектуалды дайын болуы үшін, оларға жүйеге құрылған белгілі білім беру, ойлау қызметінің жеткілікті деңгейін қамтамасыз ету қажет. Балада білімге құмарлықты, танымдық қызығушылықты және жаңа ақпаратты ұғынып қабылдау қабілетін дамыту керек.
Мектепке өткен кезде баланың өмір сүру салты, әлеуметтік ұстанымсы өзгереді. Жаңа ұстаным өз бетімен және жауапкершілікпен оқу міндеттерін орындай білуін, ұйымдасқан және тәртіпті болуын, өз жүріс-тұрысын және қызметін еркін басқаруын, мәдени жүріс-тұрыс ережелерін ұстануды, балалар және үлкендермен қатынас жасай білуін талап етеді.
Мектепке жалпы дайындық қажеттілігін толық бағаламау оқыту үдерісінің формальдануына, негізгі мақсаттың – баланың тұлғасын қалыптастыру, шешілуіне назардың азаюына әкеледі. Жақсы интеллектуалдық дайындықтағы баланың нашар оқуы сирек жағдай емес. Яғни себепті мектепте оқуға арнайы дайындық ақауларынан емес, жалпы дайындықтан іздеу керек.
Бәрінен бұрын, бала физикалық түрде өмір салтының және сабақтардың өзгеруіне дайын болуы керек. Мектепке физикалық дайындық мыналарды бағамдайды: жалпы мықты денсаулық, аз шаршағыштық, жұмысқа қабілеттілік, төзімділік. Әлсіз балалар жиі ауырады, олардың жұмысқа қабілеттілігі төмендейді – бұның бәрі оқытудың сапасына және денсаулық жағдайына әсер етеді. Сондықтан баланың ерте кезінен тәрбиеші және ата-анасы оның денсаулығын күтуі қажет.
Мектепке әлеуметтік-психологиялық, адамгершілікті-еріктік дайындық мазмұнында екі компонентті бөліп белгілейді: оқуға (оқытуға) дайындық және жаңа өмір салтына әзірлік.
Оқуға (оқытуға) дайындық дербестіктің (өз бетімен іс-әрекет жасауға) белгілі деңгейінің болуын бағамдайды. К.П.Кузовкова, Г.Н.Годинаның зерттеулерінен дербестік мектепке дейінгі кіші жастан бастап қалыптаса бастайды және бұл мәселеге үлкендердің қамқорлықпен қарауында ол түрлі қызметтерде едәуір тұрақты танылу сипатына ие болуы мүмкін. Жауапкершіліктің қалыптасуы да мүмкін (К.С.Климова). Мектепке дейінгі үлкен балалар үлкендер берген тапсырмаларға жауапкершілікпен қарауға қабілетті. Бала оның алдына қойылған мақсатты жадына ұстайды, оны едәуір ұзақ ұстауға және орындауға қабілетті. Оқуға дайын болу үшін, балаға істі аяғына жеткізе алуды, қиындықтарды жеңуді білу, тәртіпті болуы керек. Және осы қасиеттер, зерттеулердің деректері (Н.А.Стародубова, Д.В.Сергеева, Р.С.Буре) және практика бойынша, мектепке дейінгі жастың аяғына қарай сәтті қалыптасып үлгіреді.
Оқытуға дайындықтың міндетті сипаттамасы болып білімге құштарлықтың болуы (Р.И.Жуковская, Ф.С.Левин-Щирина, Т.А.Куликова), сонымен қатар еркін іс-әрекетке қабілеттіліктің (З.М.Истомина) болуы саналады.
Жаңа өмір салтына дайындық құрдастарымен жақсы қарым-қатынас орната білуді (Т.А.Репина, Р.А.Иванкова, Р.Б.Стеркина), жүріс-тұрыс және өзара қатынас нормаларын білуді (В.Г.Нечаева, Т.И.Пониманская), балалар және үлкендермен қатынасуды білуді (М.И.Лисина, А.Г.Рузская) жобалайды. Жаңа өмір салты белгілі шыншылдық, инициативтік, ептілік, оптимизм және басқа сияқты жеке қасиеттердің болуын талап етеді. Сыныптастармен қатынас орнатқан кезде балалар әрдайым өз көзқарастарын жанжалсыз және ренішсіз қорғауды, басқаларға жағымпаздық жасамауды және де өзін басқаларға қарсы қоймауды біле бермейді. Бұл ғылым балаға оңай берілмейді, бірақ Е. В. Субботский, Т.И.Пониманский, Л.А.Пеньевскийдің зерттеулері көрсеткендей, мектепке дейінгі балалық шақта оның іргетасын (фундаментін) қалауға болады.
Жоғарыда айтылып кеткен дайындықтың әлеуметтік, адамгершілік-еріктік сипаттамалары баланың бүкіл өмірі процесінде, туғаннан 6 жасқа дейін отбасында және мектепке дейінгі мекемедегі сабақтар кезінде және олардан тыс жерде біртіндеп қалыптасады.
Оқуға дайындықты мектепке дейінгі және мектеп нысанындағы ұйымдарды және оқыту әдістерін жақындату жолымен қалыптастыру қисынды болады. Әрине, балабақшаны мектепке айналдыруға болмайды, бірақ жалпы үқсастық болу керек: сабақ өткізудің міндеттілігі, жүйелілігі. Бұл тәртіптің стереотипін шыңдайды, оқутыға міндеттіліктің психологиялық нұсқауын жасайды; бұған жеке әдістер, амалдар (ойындық) ұқсас болуы мүмкін; балаларға қоятын жеке талаптар да сәйкес болуы мүмкін, жолдастарына бөгет болмау, олардың жауаптарын тыңдау, тәрбиешінің (мұғалімнің) тапсырмасын орындау және тағы басқа. Бірақ та, балабақшаның сабағын мектептің сабағына айналдырудың қажеті жоқ.
Мектепке адамгершілік-еріктік дайындық көзқарасы бойынша баланың сабақтарға қызығушылығына, оқуға құмарлықты не туғызатындығына назар аударған маңызды. Р.С.Буре белгілеуі бойынша, оқуға құмарлықты дамытуға мынандай факторлар себеп болады: таным қажеттілігін қанағаттандыру мүмкіндігі; тапсырманың мазмұнына, көлеміне, орындау тәсілдеріне байланысты қиындықтардың болуы; осы қиындықтарды еңсеру және үлкеннен оң (жақсы) бағалану мүмкіндіктері мектептегідей баға емес, бағалау. Ш.А.Амонашвили тіпті бірінші сыныпта оқитындырға да баға қойғанды ұсынбайды. «Баға дегеніміз педагогикалық Мейірімді перизат киімін киген Жалмауыз кемпір болып көрінеді», - деп ғалым бағаға өз көзқарасын бейнелі түрде білдірді.
Адамгершілік-еріктік дамудың стимулы болып бағынышты мотивтер, жалпыға пайдалы мотивтердің енгізілуі табылады.
Жаңа өмір салтына дайындық адамгершілік нормалары бекітілетін, моральдік тәртіптің практикасына жағдайлар жасалатын күнделікті өмірде жүреді. Мектепке әлеуметтік (соның бірге адамгершілк-еріктік) дайындық туралы қажетті қасиеттер нық қалыптасқанда және бала оларды жаңа жағдайларға өткізе алатын кезде айтуға болады.
Мектепке психологиялық дайындық оқу мотивінің қалыптақан болуын бағамдайды. Балалардың мектепке қызығуы ертеден байқалатыны белгілі. Бұл үлкен бала-оқушыларды бақылағаннан, үлкендердің балаға тартымды даму перспективасы сияқты мектеп туралы әңгімелерінің әсерінен болады; және де «тартымды белгісіздік» эффектісі жүреді. Неге олар мектепке барғысы келеді деген сұраққа жауап бергенде, балалар, тіпті мектепке дейінгі үлкен жастағылар да, былай жауап береді: «Өйткені маған сөмке сатып алып береді», «Өйткені онда менің ағам оқиды»; «Біз онда үлкен балалар сияқты алаңда футбол ойнаймыз» және т.б. Бұл мотивтердің ішінде бастысы жоқ – оқу мотивы («Көп нәрсені үйренгім келеді»,; «Оқуды, жазуды, есептер шығаруды» және т.б.). Тек осындай мотивтердің болуы баланың мектепте оқытуға психологиялық, мотивациялық дайындығын айғақтайды. Бұндай мотивтер біртіндеп қалыптасады. Олар нық танымдық қызығушылықтан, білім алу үшін күш салуды білуден «өседі» және үлкендердің оң бағалауынан күшейеді.
Сонымен, мектепке дайындық жан-жақты болуы тиіс және баланың фактілі түрде мектепке барғанына дейін ертеден басталады.
Баланы мектепке дайындық тәрбиелеудің екі институтымен іске асырылады – отбасы және мектепке дейінгі мекеме. Тек бірігіп күш салу арқылы ойдағы нәтижеге жетуге болады. Бірақ дайындықтың диагностикасын арнайы іріктелген, ғылыми негізделген және тексерілген әдістемелер бойынша психолог-маман немесе педагог жасайды. Егер осы жауапты іспен дилетант – арнайы біліктілігі мен дайындығы жоқ адам айналысса, баланың даму деңгейін дұрыс бағаламай, оған зиян тигізуі мүмкін.
Мектепке дейінгі мекемеде балабақша мен мектеп арасындағы сабақтастықты анықтау үшін мақсатты жұмыс жүргізіледі. Бұл жұмыстың келесі бағыттары бар: мазмұны, әдістер, оқыту түрі.
Балабақша мен мектеп аталған үш бағыт бойынша жұмысты нақтылау үшін біріңғай бірлескен жоспар құрады. Жоспар екі бөліктен тұрады: тәрбиеші мен мұғалімнің бірлескен жұмысының мазмұны; балаларды мектеппен таныстыру.
2. Дайындық тобының тәрбиешісі және бірінші сынып мұғалімі бір-бірінің жұмысымен, балалардың қандай жағдайда екендігін және қандай жағдайда болатындықтарымен танысады.Тәрбиеші мұғалімге балалармен танысуға, олардың әрқайсысының жеке ерекшеліктерін, бейімділіктерін, қызығушылықтарын танып білуге көмектеседі. Балаларды бірнеше жыл бақылай отырып, тәрбиеші мұғалімге белгілі-бір балаға ыңғайлы тәрбиелеу мен оқытудың әдісін анықтауда кеңес бере алады. Ол отбасылық тәрбиенің оң және теріс жақтарын айтып бере алады. Мұндай ақпараттың, егер ол шынайы болса, мұғалім үшін пайдасы зор, әрі жаңа оқушылармен танысуға кететін уақытты қысқартады. Мұғалімнің балаларды мектепке дейінгі мекемеге барып жүрген кезінде-ақ сырттай бақылауға алып, өз көзқарасын тәрбиешінің ойымен сәйкестендіріп, оны талқылауы өте пайдалы. Мұғалім тәрбиешіге мектепке дайындықтың қандай жақтарына көбірек көңіл бөлу керектігін анықтауға көмектеседі.
Бірлескен жұмыс жоспары, мұғалім мен тәрбиешінің жұмыс түрлері және тәсілдерімен танысу мақсатында балабақша мен мектепке баруын, педагогикалық кеңестерге қатысуын, өзара кеңес алмасуын, конференцияларды ұйымдастыруын, мектепке дейінгі мекеменің тәрбиелеу бағдарламаларын және бірінші сыныптағы оқыту бағдарламаларын оқып білуін қамтиды. Бұрыңғы тәрбиеленушілері бірінші сыныпта оқып жүрген кезінде тәрбиешінің мектепке барып тұруының пайдасы зор. Балаларды жақсы көретін жақсы тәрбиеші, әдетте өзі тәрбиелеген бүлдіршіндерді көзінен таса қылмай, олардың бірінші сыныптан бастап әрі қарай жеткен жетістіктерін бақылап жүреді.
Осылайша, тәрбиеші мен мұғалімнің арасындағы мейрімді іскерлік қарым-қатынас, балабақша мен мектеп арасындағы сабақтастықты нығайту жұмыстарының тиімділігінің негізгі шарты болып табылады.
Жоспардың екінші бөлігі – балаларды мектеппен таныстыру. Тәрбиеші балалар оқитын мектептің даярлық тобына баруды жоспарлайды. Барлық балалар міндетті түрде сол мектепке бармаса да, осындай экскурсия олар үшін пайдалы болады. Бірінші баруды 1 қыркүйекте ұйымдастыруға болады. Балалар тәрбиешісімен бірге жаңа оқу жылының бірінші күнінің салтанатты рәсімін бақылайды. Бірінші сыныптағылардың арасында мектепке дейінгі жастағы балаларға балабақшаның таныс бұрынғы түлектері де болуы мүмкін. Мектепке барғаннан кейін балалармен осындай оқиға оларды да келесі жылы күтіп тұрғандығы туралы әңгімелесуге болады. Пайда болған эмоционалды ыңғайлануды тәрбиешінің балабақшада ұйымдастырған бастап келе жатқан оқушылармен кездесу де қолдайды.
Мектептерге бару, жаңа оқу орындарын көру оқу бағдарламасынның мазмұныменымен танысып, білумен тікелей байланысты болуы мүмкін. Сонымен қатар, балаларды сабаққа апарудың қажеті жоқ. Қалыптасқан жүйедегі мектептеп оларды кітапханмен таныстырып тиімдірек. Болашақта балаларды кітапханаға жүйелі түрде баруын қамтамасыз етіп, кітаптарды балабақшада оқуға жағдай жасау керек. Кейде оқу залында отырған оқырмандардың және студенттердің кітаптарды қалай оқитынын көрсету қажет. Жана жүйе бойынша сабақ кезінде спорт залына барып, оқушыларды бақылап, содан кейін спорттық іс-шараларды өткізе аласыз. Егер мектепте балаларға арналған театрланған қойылымдар көрсетілетін концерттік зал болса, оларға баруға болады. Балалармен бос сыныпта жүріп, үстелде отыруға рұқсат етіңіз. Мамыр айында мұғалім мектеп туралы балалармен әңгімелесіп, пікір алмасқан дұрыс. Мұның бәрі жыл бойы біркелкі жүргізіледі. Мұндай жұмыстар жиі қайталанбауы керек. Балаларды басқа да жаңа нәрсені үйренуге бос уақыттары болу керек. Бала жаңа ғимаратта өзін еркін ұстауы керек. Дегенмен, оқушының бойында жаңалықтың әсері, таңданыс, тартымдылықтың да болғаны дұрыс [4. б. 465-473].
Баланың мектепке дайындауда алға қойылатын міндеттер:
-Баланың психологиялық және арнайы дайындығының ерекшеліктерін ескеріп, дүниетанымын, ой-өрісін, зейінін, қиялын, есте сақтау, қабылдау т.б. психикалық процестерін дамыту;
-Баланың денсаулығын нығайту, өмірін қорғау, сауықтыру, шынықтыру шараларын жүзеге асыру;
Баланың жеке тұлға ретінде қалыптастыру үшін адамгершілік, эстетикалық, экологиялық, дене, еңбек, ақыл-ой тәрбиесі негіздерін қалау;
-Мектеп алды топтарын бағдарламалық материалдарды меңгерту үшін тәулік режимін, сабақ, ойын, еңбек, серуен демалысты өзара сабақтас ұйымдастыра отырып, мектептегі оқу ісіне дайындау;
-Баланың қоршаған орта туралы түсініктерін кеңейтіп, сабақта алған білімін күнделікті өмір қолдана білуге баулу;
-Баланың мектептегі оқу әрекетін еркін игеру үшін, мектеп алды бағдарламасының білім мазмұнына сай, қарапайым білім негіздерін меңгерту;
-Баланы ұлттық салт-дәстүр негізінде тәрбиелеуде халық педагогикасын басшылыққа алу;
Бағдарламаның баста ерекшеліктері:
-Отбасында және балабақшада баланы мектепке дайындауда білім мазмұнының біртұтас жүйеленіп, жаңартылып ұсынылуы;
-Баланың психологиялық және жалпы дайындығының ескерілуі;
-Бағдарлама мазмұнының бастауыш саты оқу бағдарламаларымен сабақтас болуы;
-Ата-аналарға педагогикалық жұмысты жүргізудің әдістемелік бағыт-бағдарының ұсынылуы;
Бағдарламада баланы мектепке дайындаудың жалпы және арнаулы дайындығының болуы қарастырылады.
Жалпы дайындық баланың дене және психикалық дамуымен анықталады. Дене дамуы – бұл баланың жақсы денсаулық күйі, төзімділігі, қалыпты антропометриялық көрсеткіштері (бойы, салмағы, кеуде қуысының аумағы), қимыл жағынан жақсы дамуы, қолдың жазу барысында дәл және алуан түрлі қимылдар жасау әзірлігі, мәдени-гигиеналық дағдыларының жеткілікті болуы. Дене жағынан дамыған бала мектепте жүйелі оқуға байланысты қиыншылықты оңай жеңе алады.
Психологиялық дамуы – алдымен интелектуалдық дәрежесі деген мағынада түсіндіріледі. Баланың мектепте оқуға психологиялық дайындығының маңызды компоненті-адамгершілік, ерік, психикалық процестерінің дайындағы. Оқу іс-әрекетіне ықылас қою мақсатты түрде есте сақтауы, зейінін тұрақтандыруы, қабылдауы, мінез-құлқын бағалай білуі тәртіп, жауапкершілік, дербестік пен ұйымшылдықты талап етеді. Сонымен қатар жаңа ортаға, мектепке ұжымына енуіне, қоғамдық жұмысқа белсене араласуына мүмкіндік беретін: ықыластылық, ізгі ниеттілік, өзара көмек, ұйымдастыру шеберлігі сияқты моральдық сапаларды да қамтиды [17. б. 4-5].
3. Арнаулы дайындық болу үшін: Тіл дамыту, көркем әдебиет, айналамен таныстыру, экология сабақтарында ана тілінің фонетикалық, граматикалық ерекшеліктерімен балалардың сөздік қоры, сөйлеу тілінің даму дәрежесі, байланыстырып сөйлеу және сөздің дыбыстық құрамын игеру дағдылары ескеріледі. Сауат ашу сабақтарында сөз, сөйлем, дыбыс пен әріп туралы түсініктерін қалыптастырады. Әріп таңбаларымен ауызша таныстырып есте сақтауға және дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажырата білуге үйретеді. Текшелер арқылы дыбыстық талдау жасауға, белгілер арқылы жазу жүргізіледі.
Эстетикалық тәрбие беру мақсатында бейнелеу өнері баланың қоршаған ортаның әсемділігін көре білуін, көркемділікті тану қабілетін дамытып, эстетикалық әсерін, сезімін қалыптастырады. Ал ән-күй сабағында музыка өнері жайында жалпы мағлұмат беріліп, сазды әуен шығармаларын тыңдау, ән айту, қосылып ән салу, музыкалық би қимыл қозғалыстарын дамыту, музыка ырғағымен өздігінен билей білуге үйрету көзделеді. Дене қимыл-қозғалысының үйлесімді қалыптасуын қамтамасыз ету салауатты өмір салты жайында қарапайым түсінік беріледі. Экологиялық, экономикалық ұғымдар арнайы сабақта және ойын әрекетімен сабақтастырыла бала зердесіне сіңіріледі.
Имандылық-инабаттылық дағдылары әрбір тәлім-тәрбие барысында ескеріліп, үй-ішінде, қоғамдық орындарда, балабақшада, мектепте үлкенді сыйлауға, кішіге қамқорлық жасауға, үлкендердің айтқанын көңіл қоя тыңдауға, өз жолдастарымен, құрбыларымен санаса, келісе білуге, мектеп өміріне тән ережелерді түсіндіру және оны ыждағатты орындауға әдеттендіру. Отанға, туған еліне, салт-дәстүріне деген сүйіспеншілікке баулу, оқуға білім алуға деген ынта-ықыласын арттыру әрбір күнделікті өткізілген сабақтарда кіріктіріле жүргізіледі.
Отбасында және мектепке дейінгі ұйымдарда баланы мектепке дайындауда әртүрлі әдіс-тәсілдер қолданып, жүйелі сабақтар өткізу арқылы білім негіздері беріледі. Сабақ кезінде ата-ана немесе тәрбиеші баланың әр тарапты талап-тілегін қанағаттандыра отырып ойын жаттығулар түрінде проблемалық жағдаяттар ұйымдастырып, арнайы тапсырмалар береді. Олар мұқият тыңдауға, өзіне қойылған сұраққа толық, дұрыс жауап беруге дағдыланып, ой еңбегіне бейімдеп оқудың міндетті еңбек екенін сезінеді. Тәрбиеші берген білім негіздерін бағдарлап, бағалай білуге дағдыланады.
Балалардың психологиялық, физиологиялық даму ерекшеліктеріне зер салып, олардың еңбекке қабілеттілігін, шаршау кезеңін ұдайы бақылап, сабақты қызғылықты жоспарлап, ойын әдіс-тәсілдері арқылы белсенділігін арттырып, іс-әрекетке қызығушылыққа тәрбиелеу керек. Бұл жастағы баланың іс-әрекетінде ойын шешуші орын алатындықтан оқыту үрдісінде ойын әдісін кеңінен қолдану қажет.
Бағдарлама бір жылға 608 сағат, 19 сағаттық апталық жүктеме бойынша күніне отбасында 2 және күнделікті іс-әрекет барысында, ал балабақшада 3-4 сабақтан 25-30 минут аралығында өткізіледі.
Оқу жоспары





Пән таулары

Апталық жүктеме

Апта саны

Жыл бойы (сағ. саны)

1.
2.
3.
4.

5.
6.


7.
8.
9.
10.
11.
12.
13.
14.

Тіл дамыту
Сауат ашу
Көркем әдебиет
Айналамен таныстыру, табиғат тану
Экология
Математика
Сурет
Мүсіндеу
Жапсыру
Ән-күй
Дене шынықтыру
Валеология
Еңбек-құрастыру
Қызығу бойынша таңдауға

1
2
1
1

1
2
1


1
1
2
2
1
1
2

32
32
32
32

32
32


32
32
32
32
32
32
32



32
64
32
32

32
64


32
32
32
64
64
32
32
64




Барлығы

19




608

Сабақ кестесі



Апта күндері

Пән атаулары



дүйсенбі

1.Тіл дамыту
2.Дене шынықтыру
3.Сауат ашу
4.Таңдауы бойынша

Сейсенбі

1.Математика
2.Экология
3.Мүсіндеу
4.Валеология

Сәрсембі

1.Көркем әдебиет
2.Дене шынықтыру
3.Сурет
4.Музыка

Бейсенбі

1.Математика
2.Айналамен таныстыру
3.Жапсыру
4.Таңдауы бойынша

Жұма

1.Сауат ашу
2.Музыка
3.Еңбек құрастару

Отбасында баланы мектепке дайындаудың ерекшеліктері. Мектепке дейінгі бала тәрбиесінде отбасының ықпалы басым екендігі даусыз. Дегенмен осы кезде дейін қоғамдық тәрбиеге баса назар аударылып, жеке тұлғаны жан-жақты қалыптастырып, дамытуда, оның мектепалды дайындығын қамтамасыз етуде балабақшаның жетекші роліне сүйеніп келдік. Барлық ғылыми-педагогикалық, әдістемелік әдебиеттер, бағдарламалар балабақшадағы тәрбие үрдісін ұйымдастыруға бағытталып, отбасындағы іс-әрекетке жете көңіл бөлінбей келеді.


Қазіргі экономикалық-әлуметтік жағдайларға байланысты мектепке дейінгі мекемелердің жаппай қысқаруы, жұмыссыздықтың етек алуы т.б. көптеген себептер негізінде балаларды бақшаға тұтас қамту мүмкіндігі азайып отыр.
Бұл – отбасы тәрбиесінің мәнісін жоғарлатып, ата-аналарға аса зор жауапкершілікті жүйтейді.
Ендігі жерде мектеп жасына дейінгі баланың бүкіл өмірін ұйымдастыру, оның денсаулығын нығайтып, ақыл-ой, адамгершілік тәрбиесін жетілдіріп, түптеп келгенде мектепке даярлау, тікелей ата-ананың үлесін тиеді. Ата-ана ең алдымен мектептегі оқуға даярлықты қалыптастыру үшін келешекте балалардың оқу бағдырламасын ойдағыдай меңгеруге және ұжымға жеңіл бейімделуіне алғы шарт жасау қажеттігін терең түсініп алуға тиісті. Отбасында баланы мектепке дайындауда оның қызығушылығы мен қабілетін дамыту, отбасындағы ересектердің (ата-әже, ата-ана, аға-апай) өмірлік тәжірибелері арқылы жүзеге асырылады. Олар: денсаулықты сақтау, санитарлық-гигиеналық дағдылар,білімін жетілдіру, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру, достық-жолдастық қарым-қатынас, өмірге көзқарас, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Сонымен қатар ата-аналардың адамгершілік, психологиялық көңіл-күйін, еңбек ету жағдайын, өмірлік тәжірибесі, білім, ммамандығына да байланысты болады. Әсіресе отбасындағы дәстүрлер, әке мен шешенің жеке басының өнегесі бала үшін маңызды тәрбие құралы. Ата-ана баланың рухани мәдениетінің дамуына, жеке басынының әлеуметтік бағыт алуына, мінез-құлқының ерекшелігіне әсер етеді. Қоғам мен отбасы баланың жеке тұлға ретінде қылыптасуына әсер ететін негізгі фактор болып табылады.
Баланы отбасында мектепке дайындаудың негізгі мақсаты – жаңа буын оқулықтарын мазмұнына сәйкес, оқу іс-әрекетіне дайындау, білімнің қарапайым элементтерін қамтамасыз ету арқылы ой еңбегіне, оқу әрекетін нақты міндет ретінде сезінуге даярлау.
Бұл мақсатты жүзеге асыруда отбасында төмендегідей міндеттерді шешу көзделеді:
-Отбасында қолайлы психологиялық ахуалды қалыптастыру, яғни ата-ананың баланың мектепке дайындығының қажеттілін терең түсініп, жүзеге асыруға күш салуы;
-отбасыда баланың психологиялық жас ерекшелігін білу;
-отбасында баланың әдептілік, сыпайылық, достық пен көпшілдік, мейірімділік қарым-қатынасын орнату, ол үшін өзінің жағымды үлгісін (мінез-құлқы, сөйлеген сөзі, киген киімі, жүріс-тұрысы т.б.) пайдалану;
-отбасында баланың күн тәртібін ұтымды ұйымдастыра білу, күнделікті тәртіптің құрамды бөліктерінің (демалыс, телехабар көру, серуен, саяхат, ойын, сабақ, тамақтану, ұйқы, үй-ішілік мерекелер т.б.) дұрыс алмастырып отыру;
-отбасында баланың денсаулығын сақтау, сауықтыру шараларына бірге қатысу, яғни әрекет бірлігін ұйымдастыру;
-отбасы өмірі мен тұрмысын бала қажеттігін толық қамтамасыз ете алатындай етіп құру, эстетикалық, гигиеналық талаптарды ескеру;
-отбасы жағдайында баланың жас ерекшелігін ескеріп, түрлі еңбек әрекеттеріне баулу;
-отбасы мүшелерінің балаға педагогикалық ықпал жасау әрекетін білу, яғни олардың балаға қояр талабының бірлігі мен жүйелілігі, ата-ана беделін сақтау, өзінің педагогикалық білімі мен мәдениетін көтеруге ұмтылу;
-отбасы мүшелерінің туыстық қарым-қатынасы үлкеннің-кішіге, кішіңін-үлкенге құрметі арқылы, балаға үлгі-өнеге көрсетуде халық педагогикасын пайдалану;
-отбасында әжелер мен аталардың бала тәрбиесінде ұрпақтар сабақтастығын жалғастыруда өмірлік тәжірибелерін пайдалану;
-мектептегі оқу әрекетін нақты міндет деп түсініп, балаға қарапайым білім негіздерін меңгерту;
Осы міндеттерді жүзеге асыруда отбасындағы тәрбие үрдісін педагогикалық тұрғыдан ұйымдастырудың ерекшеліктерін айқындау және ата-аналарға бағыт-бағдар беру. Отбасында баланы мектепке дайындауды қамтамасыз етудегі басты шарт – баланың қарым-қатынастың, тәрбие үрдісінің тұрақты да жүйелі болуын қатаң сақтау.
Бұл шарттың орындалуы үшін баланың физиологиялық және әлеуметтік мұқтажын қанағаттандыратын нақты күн тәртібінің болуы керек. Дұрыс ұйымдастырылған оқу мен еңбек әрекетін демалыспен жүйелі алмастыра отырып, балалардың білімге әуестігі мен ұмтылысын, еңбек етуге құлшынысы мен дағдысын орнықтыру қажет. Сондай-ақ, денсаулығын нығайта түсу мақсатында белгілі уақытта тамақтандыру және ұсынылып отырған күн тәртібі үлгісін басшылыққа ала отырып, әрбір отбасы өз мүмкіндігіне қарай баланың бір қалыпты тәулікті режимін жасап алуы қажет.

Баланың отбасындағы тәуліктік режимі





Тәуліктік кестесі

Уақыты

1.

2.
3.


4.
5.
6.
7.
8.
9.
10.
11.
12.
13.
14. 15.

Ұйқыдан тұрғызу. (жуыну, киіну, жаттығу жасату)
Ертеңгілік тамақтану
Үйдегі сабақ (2 сабақтан)
Серуенге шығу, еңбек
Түскі тамақ
Күндізгі ұйқы
Бесін тамақ, еңбек
Ойын-ермектері
Серуен шығу (саяхаттар, театрлар т.б.)
Кешкі тамақ
Баламен әңгімелесу, еңбек әрекеті.
Дербес әрекет, ойын, серуен
Ертегі тыңдау, оқу, теледидар көру.
Ұйқы дайындық
Ұйқы

7:30-8:30

8:30-9:00


9:00-10:00
10:00-12:00
12:30-13:00
13:00-15:30
15:30-16:00
15:30-16:00
16:30-18:00
18:00-18:30
18:30-19:30
19:30-20:30
20:30-21:00
21:30-22:00
22:00

Мектепке баратын баланың тәуліктік режимінде әр түрлі ойындар, еңбек түрлерін, демалысын үнемі алмастырып отыру. Ертеңгі астан кейінгі бір сағат ішінде ата-аналар берілген бағдарлама мазмұны бойынша баламен міндетті түрде жоспарлы жұмыс жүргізу көделеді.


Балаға ертегі, әңгіме оқып беру, қол еңбегіне, санауға үйрету сияқты үнемі ойланып, отырып істейтін жұмыстарды қозғалмалы, жүргізіп ойнайтын ойындармен кезектестіріп отыру қажет.


Бұл жастағы балалардың психо-физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес өз жұмыстарын жоспарлау, оны белгіленген мерзімде бітіру үшін уақытты дұрыс бөлу қабілеті төмен болады, кейде жұмыстың орындалу тәртібін сақтай алмай, шашырап, бастаған істі аяғына жеткізе алмай тастап кетпеуін қадағалау, олардың өз еңбегін дұрыс ұйымдастыруына, ойластыруына ықпал ету.
Яғни, ата-ана мен бала арасындағы педагогикалық ынтымақтастықты қалыптастыра отырып, дербестікке үйрету. Ол үшін:
1.Баланың іс-әрекетіне таңдалған жұмыс түрлері (ойын, ертегі оқу, бақылау, әңгімелесу және т.б.) оныәрекет ете білуге талпындыратындай, зейін қойып, үйренуге ұмтылдыратындай, жағымды эмоция туғызатындай болуы қажет.
2. Таңдап алған іс-әрекетке балаларды тікелей үйрету және қол жеткізген нәтижелері мен жетістіктерін ескере отырып, талапты күшейте түсу.
3. Баланың қол жеткізген оң нәтижелерін есте сақтауға жағдай туғызып, оны пайдалы әдеттер мен дағдыларға айналдырып отыру.
Бағдарлама мазмұнындағы материалдарды пайдалана отырып тілін дамыту, отбасындағы өзге адамдармен қарым-қатынас жасауда оларды түсіну, сөйлесе білуге үйрету.
Тұрмыста қолданып жүрген заттарды өзге заттармен салыстыру, нақты белгілерін ажырату, оларды топтау т.с.с. қарапайым әдістерді пайдалана отырып, ақыл-ой қызметің дамытуға күш салу. Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруда кеңістікке және уақытқа қатысты ұғымдарды салыстыра ұғындыру. Ақыл-ой тәрбиесін дамытудың маңызды құралдары болып табылатын қоршаған болмыс, адамдар, заттар, табиғат, қоғамдық құбылыстарды түсіндіру арқылы баланың санасын, танымдық қабілетін дамыту, көзқарасын кеңейтуге күш салу. Отбасында баланың ойын әрекетіне үлкен мән беріп, оның тәрбие құралы ретіндегі маңызын жете түсіну. Әр түрлі тұрмысқа қатысты сюжеттік-рольдік ойындар, дидактикалық, қимылды ойындарды бірлесе ойнау барысында баланың қиялын, есте сақтауын дамыту, зейінін тұрақтандыруға ықпал ету.
Күн тәртібінде белгіленген уақытта ата-ана баламен бірге арнайы бағдарла-ма мазмұнында берілген тақырыптар бойынша сабақ үрдісін ұйымдастырып, ең алдымен баланың оқуға, жаңаны білуге деген құштарлығын, құрбыларымен, басқа да адамдармен қарым-қатынас жасай білу, өз іс-әрекетіне жауап бере білу, шамасы келетін қимылдықтарды жеңе білуге ұмтылу сияқты қасиеттерге баулуды көздеуі тиіс.
Отбасында бұл бағыттағы жүргізілетін педагогикалық жұмыс мына міндеттерді қамтиды:
-Білім алуда, жаңаны үйренуде сабақтың маңызы үкен екендігі жөнінде түсінік қалыптастыру. Осы түсінік негізінде сабақта белсенді болуға үйрету (тапсырманы тыңғылықты орындау, ата-ана сөзіне мұқият ден қою т.с.с.)
-Адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру (табандылық, жауаптылық, ыждағаттылық, дербестік).
Бұл қасиеттерді қалыптастыру үшін баланы білі мен іскерлікті игеруде қызықтыру, қолдау, үлгі көрсету арқылы ұмтылдыру, оған белгі дәрежеде күш жұмысауына ықпал ету.
Баланың келешекте ұжыммен бірге жұмыс істей білуі мен құрбыларымен дұрыс қарым-қатынас жасай білу дағдысын қалыптастыру. Ортақ міндетті шешудегі өзінің белсенді әрекет жасауы қажеттігінің маңызын сезіндіру. (Басқаларға қол ұшын бере білу, олардың жұмыс нәтижесін әділ бағалап, кемшілікті әдіппен ескерту т.б.)
Бағдарламада тіл дамыту, көркем әдебиет, сауат ашу, имандылық-инабаттылық тәрбиесі сабақтарында баланы ауызша сөйлеуге үйретуде сөздің дыбыстық құрамын дұрыс айтуға, тілдің фонетикалық және граматикалық ерекшеліктерін, яғни үйренген сөздерін жекеше, көпше заттың атына байланысты септеп, жіктеп, тәуелдеп айтудың қарапайым тәсілдерін, тілдің дыбыстық мәдениетіне байланыстырып сөйлеу, сөздік қорды байыту, тілін дамыту, айналадағы қоршаған ортадан көрген, күнделікті өмірден түйгенін байланыстырып, әңгімелеп айта білуге үйретіледі. Оқуған әдеби шығарманың жалісін бұзбай байланыстырып әңгімелеуге, баланың ой-өрісін, дүниетанымын, сөйлеу тілін дамытуға тірек сөздерден сөйлем, әңгіме құрастыру, сөздің дыбыстық құрамын игеруде, өз ойын жүйелі және мәнерлі жеткізе білуде шығармашылық шеберлігін дамыту көзделеді. Әдеби шығармалардың тілі жеңіл, көркем, балаға түсінікті болса, олардың сөздік қоры жаңа сөздермен байытылады. Баланың тілін дамытуда айналадағы дүниені бақылату, күнделікті өмірде көргенін тұжырымдау, әңгімелесу, суретті кітапшалармен жұмыс, әңгіме, ертегі оқып беру, сөздік тапсырмалар орындату жұмыстары жүргізіледі, әңгіме немесе ертегі мазмұнына сай сурет салу ұсынылады.
Мектепалды даярлығында баланың тіл байлығын жетілдіруде көркем әдебиет бөлімінде балаға отбасында және балабақшада әңгімелеп айтуға және оқып тыңдауға, жаттап айтуға таңдалған материалдар оның жас шамасына лайықталып ұсынылады. Әдеби шығармадағы басты кейіпкердің іс-әрекетіне, өздігінен қорытынды жасап бағалай білуге, оны өмірімен салыстыруға үйрету керек. Ата-ана немесе тәрбиеші бастаған ертегі, әңгімені өз қиялымен дамыту, сурет бойынша немесе оқылған шығармаға ұқсас өз қиялынан, ойынан шығармашылықпен ертегі, әңгіме құрастыру дағдысы дамытылады.
Сауат ашу сабағында сөз, сөйлем, дыбыс пен әріп туралы түсініктері қалыптасады. Бұл топтағы балалар ауызша сөйлеу, сөздің дыбыстық құрамын дұрыс айту үшін 42 дыбыс пән әріп толығымен таныстырылады. Әріп таңбаларымен ауызша таныстырып, дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажыратып, дауысты дыбысты қызыл текшемен, дауыссыз дыбысты көк текшемен белгілеу арқылы дыбыстық талдау жасауға, белгілер арқылы жазу жүргізіледі. Сауат ашудан қол жаттықтыру дәптерінде көрсетілген үлгі бойынша, бала мектепке көркем жазуға даярланады.
Имандылық-инабаттылық тәрбиесінде ұлтымыздың әдет-ғұрыпы мен салт-дәстүрлерін баланың бойына сіңіріп, сол арқылы оны ізгілік, адамгершілік, имандылық, сыпайылық, жомарттық, адалдыққа тәрбиелеу мақсаты көзделеді. Балада жағымды мінез-құлық әрекетінің негіздері сахналық көріністерде ойын-ермек жаттығуларды орындау барысында, рольдерді ойнауда қалыптасады, яғни, бала жақсы мен жаманды айыруды үйренеді. Ұлттық тәрбие отбасынан бастау алатындықтан халық қазынасын баланың жандүниесіне дарытуда, оның бойына шығармашылық қасиетті қалыптастырудың негізгі болып табылатын халықтық педагогиканың құралдары: ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтелдер пайдаланылады. Отбасында, балабақшада және қоғамдық орындарда үлкенді сыйлауға, кішіге қамқорлық жасауға, үлкендердің айтқанын көңіл қоя тыңдауға, жолдастарымен, құрбыларымен санаса білуге, өз еліне, жеріне, салт-дәстүріне деген сүйіспеншілікке тәрбиеленеді.
Имандылық-инабаттылық тәрбиесінде баланы отбасында және балабақшада халықтық педагогика құралдарын пайдаланып, баланың адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың алғы шарты жүзеге асырылады. Аталған бөлімдегі материалдарды меңгеру арқылы бастауыш мектептегі әдеп әліппесін оқуға даярланады.
Тіл дамыту және имандылық-инабаттылық тәрбиесі.
Мектепалды тобында және отбасында балалардың тілін дамытудағы негізгі мақсат – баланың ой-өрісі мен шығармашылығын дамытуды жалғастыратын бастауыш сатының қазақ тілі пәнінің бағдарламасында ұсынылған базарлық білім мазмұнын меңгеріп алып кетуге дайындау. Мектепалды дайындық тобында қоршаған дүние туралы түсініктерін кеңейтіп, қарым-қатынас құралы – тілдің қызметінің түрлері: тыңдау, әңгімелеу, жазу, грамматикалық жағынан дұрыс, байланыстырып сөйлеуді, сөздік қоры және шығармашылық шеберлікті дамыту [17. б. 5-15].
4. Қазіргі кезде ғылыми-техникалық прогресс қашықтап алға басқанымен, ол адамдардың өкініштері мен қайғыларын, жалғыз дақтарын жоюға ықпал ете алмайды. Себебі ғылым мен техника дамығанымен адамгершілік құндылықтардың мәніін өзгертуге, тұтастай табиғатта қайта құруға қол жете қойған жоқ.
Қазір көптеген филосовтар мен психологтар өткен мыңжылдықтың аяғында антропологиялық апат болуы мүмкіндеп болжам айтқан еді. Мұндай жағдай туа қалса, адам, қоғам, табиғат өз реңінен айрылады, типті өзінен-өзі алшақтай бастайды.
Әлуметтік драматизм ненің ықпалымен күшейді?
Біріншіден, ол жұмыссыздық, әлуметтік теңсіздік, күш көрсету секілді көріністерден астау алады. Әлуметтік драматизм салдарынан болашақтың белгісіздігі туындайды, белгісіздік себептерін анықтай алмау, стреске түсу және т.б. сияқты адамның жеке драматизімі де өсе бастайды.
«Психикалық анықтама бойынша, психопат деп өзі қоғамнан қайғы шегетін немесе қоғамдық қайғыға түсіретін адамды айтамыз. Әсіресе бұл анықтама невротик, яғни ауру не қылмыскерлерге беғріледі», деген екен К.Лоренц өзінің «Агресия» деген еңбегінде.
Осы жағдайлардың жас ұрпақ психикасына әсер ететіні күмәнсіз. Бұл – шарасыздықты тудырады да, жастарды ртүрлі қылмысқа итермелейді.
Психологтар мен басқа да ғылымдардың пайымдауынша, елімізде үлкендер ғана емес, сонымен қатар жас балалар жасайтын қылмыстардың саныда көбейіп бара жатыр. Мектепте қиын балалардың саны да саны көбеюде. Бұл әрине, ата-аналардың да, мектепті де алаңдатады. Себебі балалардың тәртібінде ден қоюға жағдайлар пайда болды. Тәрбие, өнегесі нашар жан-ұялармен бірге тәлімді отбасында да тәрбиесі қиын балалар көптеп кездеседі. Мектептер жөніндегі сараптамаға назар аударатын болсақ, жан-ұяда, мектеп те қазіргі оқушылардың еріктілігін, аналитикалық дағдыларын жеткілікті дәрежеде дамытпайтын көрінеді.
Өзін-өзі бақылауға және бағалауға икемділігін жоқтығы балалардың жеке тәуелсіздік қабілетін тежейді, өзін қорғау қасиеттерінің дамымай қалуына әкеп соғады.
Бұл келесі сиптомдардың пайда болуына ықпал етеді, соған мүмкіндік туғызады. Олай болса, әрқилы ауытқуларға ұшыртпай, бала тұлғасын дұрыс қалыптастыру үшін тәрбие мәселесіне психологиялық тұрғыда қарау керек.ол үшін мынадай ерекшеліктерді белгілеген жөн:
1. Балалардың нрте әлі физикалық тұрғыда тез дамуы псикалық жағасынан өсіп жетілуіне мүмкіндік бермейді.
2. Баланың ішкі жағдайы мен тәртіптің қалыптасқан мөлшері арасындағы қақтығыс туады.
3. Рефлекстің әрекет ету дағдылары болмайды.
4. Өзінің туыстары, басқа да адамдарға элепотияның болмауы, инфальтильдік еркін қасиеттердің дамымауы.
Осы проблемаларды анықтап алған соң, сынып жетекшісі осы құбыдлыстардың алдын алу және ескерту бойынша тәрбие жұмысын сыныппен бірлесе отырып ұйымдастырады. Бұл ретте психолог-гуманистер еңбектерін, яғни имандылық тәрбиенің негізгі бағыттарын басшылыққа алу қажет. Ол үшін:
1. Тәрбие жалпы адамгершілік құндылықтар есебінен құрылуы керек.
2. Тәрбие жеке тұлғаның дамыуына ынталадыруға бағытталуы керек.
3. Тәрбие жүйесі дене және жан, сезім мен сана бірлігін сақтауға бағытталуы қажет.
4. Тәрбие жеке тұлғаның жас ерекшеліктеріне байланысты құрылуы керек.
5. Тәрбие баланың құқығын қорғауға бағытталуы керек.
Педагог пен оқушы, ата-ана мен бала арасындағы байланыстарға елеулі түрде әсер ететін жалпы ережелер бар. Олар:
Бірінші ереже – кез-келген әрекет бейресми түрде болуы керек.
Екінші ереже – ересек адамның жеке қызығушылығымен баланың қызығушылығын артыруды талап етеді.
Үшінші ереже – көргенін түсігімен қабылдауға және көмектесуге бағытталуы керек.
Төртінші ереже – әділдік және объективтілік.
Бесінші ереже – баланың болашаққа деген үміті [3. б. 94-96].
Бақылау сұрақтары:
1. Мектепке дейінгі ұйымдардағы басты міндет қандай?
2. Баланы мектепке дайындаудағы басты талаптарды атаңыз.
3. Отбасында баланы мектепке дайындаудың ерекшеліктері қандай?

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет