Тарих және педагогика факультеті



бет9/14
Дата19.05.2023
өлшемі313,97 Kb.
#94955
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Тарбие

Лекция 8
Тәрбие жұмысының бағыттары
1. Баланың психикалық және дене дамуының бірлігі.
2. Дене тәрбиесінің міндеттері; денсаулығын нығайту, ағзасын шынықтыру, қимыл-қозғалысын дамыту, гигиеналық дағдылары мен әдеттерін меңгерту.
3. Балаларға дене тәрбиесін беру құралдары
4. Баланың дене дамуын қамтамасыз ететін гигиеналық шаралар.
1. Баланың жеке басының даму көптеген жағдайларға байланысты. Бұл жағдайларды түсіну, олардың балаға ықпалы неде, бұлардың ықпалымен қайталанбас дара тұлға қалай дамиды дегенді түсіну мұғалімге балаға оң көзімен қарауға, бала өмірдің қиын сәттеріне оған қол ұшын беруге мүмкіндік береді. Алты жасар баланың оқыл-ой дамуы мен психикалық жай күйінде көрініс беретін жеке басы айырмашылықтарын, сондай-ақ әр балдырғанның қайталанбас дара тұлға болуына септігін тигізетін оның сан-сезімі құрылымының ерекшеліктерін қарастырып көрейік.
Әрбір бала жарық дүниеге тек өзіне ғана тән, тіпті ішкі құрсақтық дамудың өзінде ақ бой көрсететін тұқым қуалаушылық қасиеті мен қабілет нышандарын өзімен бірге ала келеді. Қабілет нышандары белгілі бір дәрежеде баланың бір шама анатомиялық бірқатар физиологиялық кейбір психикалық қасиеттерінің потенциялдық мүмкіндіктерін анықтайды.
Балалардың психикалық дамуында жеке бастық елеулі айырмашылықтар болады. Бұл айырмашылықтар алдымен психикалық даму қарқынына байланысты. Қайсыбір мәдениет жағдайында тәрбиелеген балаларда даму кезеңдерінің көрсеткіші әр түрлі. Кейбір балалардың қалыпты, психикалық дамудың орташа деңгейінен ілгері кетушілік, ал екінші біреулерінде елеулі дәрежеде артта қалушылық байқауға болды. Сондай-ақ іс-әрекеттерінің жекелеген түрлерін меңгеру барысында, психикалық процестер мен сапарлардың дамуында да елеулі айырмашылық болуы мүмкін. Кейбір бала ең қарапайым деген әуенді дұрыс қайталай алмаса, екінші біреу күрделі музыкалық шығармалардың өзін наөышына келтіріп орындай алады. Енді біреуі алты жасында адамның толық бейнесі осы-ау деген тұспалмен қағазға бас пен аяқты әрең түсірсе, басқа біреуің құрылыс күрделі туындылар салады, адам бейнесіне оның бейнелеуінде мінез бен қимылға ие. Бір баланың біз зейін қоймаушылықты аңғарамыз, ол кластан шалғай қияндағы сонау бір алыс селқос көз тіккен, екінші біреу сабақты мүлде беріле тыңдап, мұғалімнің айтқандарына ден қойған.
Психикалық даму қарқыны бастапқы кездері мидың морфологиялық туасы ерекшеліктеріне байланысты болса кейінгі кездері басқа да себептерді анықтайды.
Мидағы түрлі ақаулар яғни тұқым қуалайтын аурулар, дұрыс жетілмеу, бала туу кезіндегі жарақаттар психикалық дамуды тежеп, ал аса бір қиын жағдайларда оны тіпті тоқтатып тастайды. Осыдан келіп, кейде тез немесе тым айқын психикалық даму шамадан тыс қабілет пайда болу жағдайлар мидың туа біткен ерекшеліктеріне тікелей байланысты болады деген жолымен берілген табиғи ерекшеліктер қайсыбірі қабілеттердің бастауы ретінде ғана қызмет етуі мүмкін олар психикалық дамудың алғышарты ретінде көрінеді. Балалардың психикалық дамуының түрліше болуына қабілеттерінің қалыптастыруына жеке баланың дамуы ерекшеліктеріне туа біткен еркешеліктерден гөрі тұрмыс жағдайы тәрбиемен оқу көбірек әсер етеді.
Иә, шындығында да, біздің балаларымыздың тұрмыс жағдайы неткен сан алуан десеңіші.
Бір балдырған қолайлы отбасында үлкен қалада тұрады (ол үлкен қаланың балаға беретін барлық мүмкіндік терін пайдаланады), сүйіспеншілігімен ақыл-олын аямай жұмсап, онымен ата-анасы, ата-анасының достары, әжелері мен аталары айналысады. Танымдық қабілет жетілгендіктен, ол білмекке құмар, оны әзіл-қалжың астарын түсінуге үйретеді, ол алты жасында-ақ көңілді де қалжыңқой болып өседі. Өз позициясы мен өмірдегі іс-әрекеттеріндегі ізгі мысалдар арқылы ол адамгершілікке тәрбиеленеді, адамгершілік тұрғыдан алғанда ол жақсы балдырған. Сөйте тұра ол өз қаласының қаншалықты үлкен екендігіне ой жүгіртіп жатпайды, бөгде адамдар оның санасында өз өмірінің ортасы ретінде қабылданады.
Екінші бір бала да ынтымақ отбасында, бірақ өзге елді мекендеген шалғай елдімекендерде тұрады. Оны да ата-анасы, әжелері мен аталары, ағаларымен аталары, сондай-ақ бүкіл елді мекенді жақсы көреді. Психикалық даму тұрғысынан келсек мүмкін ол қалалық өз құрбысынан кем соғуы, ал әлеуметтік даму тұрғысынан әрине, ол алда, өйткені ол ауылдастарымен қалай қарым-қатынас жасауды, яғни мына бір адамның қайырымды адам екенін, одан шеге, тақтай немесе тағыда тағыда басқа бірдеңені сұрауға болатынын, ал ана бір адамның сараңда ашушаң екенін, дұрыс оған жақын-жақсы адам болып өсіп келеді, оның өзіне белгілі бір міндет жүктелген, оның бойында еңбек сүйгіштік пен жауапкершілік қасиеттер қалыптасқан.
Үшінші бала отбасынсыз, балалар үйінде өмір сүреді. Оның өмірі ұйқының, тамақтың, оқу мен демалыстың қатаң тәртібіне негізделіп құрылғанымен, оны ізгі де өз ісіне шын берілген маман мұғалімдер мен тәрбиешілер тәрбиелегенімен, оның бойында сүйіспеншілік сезімі жетіспейді, нақты өмір балалар үйінің тұйық жағдайымен және үлкен адамдарының аз болмауымен одан алыстаңқырап тұр. Мұндай баланың жарымжан болып қалуы мүмкін-бұл жағдайда госпитализм өзінің қасіретті әсерін тигізеді.
Әлеуметтік өмір жағдайлары әр балаға дамудың мүлде жаңа жағдайларын ұсынады. Әрбір қолайлы отбасында баланың өмір жағдайының варианты, ал тәрбиесі нашар отбасының өзінше варианты бар. Қала немесе село өз-өзінен баланың даму жағдайын анықтауға өлшем бола алмайды.
Барлық сыртқы жағдайлары комплексі: қоғамдық әлеуметтік құрылымы; ұлттық мәдениет пен дәстүр, отбасының типы (толы, толық емес, көп балалы, аз балалы отбасы), оның сандық және сапалық сипаттамасы баланың жеке басының ерекшеліктерін және ата-анасымен өзара қарым қатынасының сипаттарын айқындайтын баланың өзіне деген қатынас - соның бәрі баланың психикалық даму ерекшеліктеріне ықпал ететін орынның сыртқы факторы мен әреуметтік жағдайлары болып табылады.
Алғы шарттар мен жағдайлардан басқа психикалық дамуды баланың ішкі өз позициясы айқындап тұрады. Әрбір бала өзінің қатысуымен өтіп жататын белгілі бір әсерге белгілі бір оқиға әр түрлі қарайды. Бір баланың зейінін қызықтырып, психикасында тереі із қалдыратын өмірде ескеру қиын болатын жағдайлардың көптігіне байланысты ол жағдайлар басқа біреулер үшін жай ғана елеусіз түрде өседі. Біртіндеп сәбиде дүниеге, айналадағы орта әсеріне талғаммен қарайтын қатынас байқалады, соған орай белгілі бір әсерлер әр бала үшін әр түрлі мәнге ие болады. Баланың ер жетуіне қарай бұл қатынасқа деген оның талғампаздығы да артып отырады.
Баланың ынта-ықыласы мен еңбек қабілеті оның қабілетінің даму дәрежесін айқындайды. Мотивтер оның мақсат-тілектеріне эмоциялық әр берсе, қарекетіндегі мақсатқа қызығушылық мәні бала өмірінің келешегі мен тағдырына жол ашады, бала тәрбиесі процесіндегі оның психологиялық жеке басы ерекшеліктерін ескеріп отыруы дегеніміз - бұл әр баланың психикалық даму жоғары деңгейіне жетуі үшін оның тәрбиелік ықпалдарға бейімдеу ғана емес, сондай-ақ балалардың дамуына белсенді түрде араласу, яғни олардың жеке басының өркен жайып келе жатқан жағымды белгілерін қолдап, жағымсыздарын қайта өзгерту деген сөз [8. б. 45-47].
Адамның денсаулығымен тығыз байланысты дене тәрбиесі жеке тұлғаны дамытуда үлкен мәні бар. Денсаулық – адамның дене, гигиеналық, жан дүние, әлеуметтік мәдениеті болып табылады.
Баланың денсаулығын қорғауға, оны нығайтуға ересектер тарапынан көп көңіл бөлінуі қажет. Өйткені бала әлі кішкентай, үлкендердің көмегінсіз өз денсаулығын сақтап, қорғай алмайды. Ересектер жайлы материалдық ортаны жасай алады, балаға тіршілік әрекетінің қауіпсіздігін, тамақтануды, қозғалу белсенділігін т.б. қамтамасыз етеді. Баланың денсаулығын нығайтуға бағытталған ересектердің әрекетін дене тәрбиесінің мазмұны құрайды. Бұл белгілі бір жағдайларда балаға дене тәрбиесін қамтамасыз етеді.
Баланың денсаулығын сақтау және нығайту секілді дене тәрбиесінің жалпы мақсатын түсіне отыра, әр автор дене тәрбиесінің міндеттерін әртүрлі қалыптастырады.
Төменде берілген дене тәрбиесі міндеттерінің талдауы негіз бойынша олардың ұқсастығын, ал айырмашылығын топтастырылуының логикасы бойынша көруге мүмкіндік береді. Үшінші амал нақтырақ көрсетілген. Ол мектеп жасына дейінгі педагогикада қабылданған. Міндеттердің үш тобының көрсетілуі мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі бойынша жұмысты мақсатқа бағытталған түрде құруға мүмкін жасайды.
Төменде көрсетілген міндеттердің барлық топтары жас ерекшеліктері бойынша топтарда шешіледі, алайда олардың нақты мазмұны балалардың психофизиологиялық мүмкіндіктеріне байланысты өзгереді [4. б. 107-108].
2. Мектепке дейінгі шақта бала ағзасы шапшаң дамиды. Оның жүйке, сүйек, бұлшықет жүйелері белсенді қалыптасады, тыныс аппараттары жетіледі. Бұл кезеңде жақсы денсаулық пен дене бітімнің дұрыс дамуының негізі қаланады.
Мақсатты дене тәрбиесі сәбилердің ақыл-ойы дамуына дұрыс ықпал етеді: қоршаған заттар мен құбылыстар жөніндегі білімдері толысады, кеңістік пен уақытты бағдарлауы жетіледі; жағымды мінез-құлық белгілері қалыптасды. Балалар құрбы-құрдастары ұжымында әрекеттенуді үйренеді; оларда шыдамдылдық, дербестік, белсенділік, инновция, жолдастық, өзара көмек сезімі және т.б. қасиеттері қалыптасады.
Мектепке дейінгі балалардың дене тәрбиенсінің негізгі міндеттері – олардың денсаулығын сақтау және нығайту, дене бітімін дұрыс дамыту. Ағзаны шынықтыру, қиымыл-және мәдени гигиеналық дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру.
Өмірге келген соң сәби тұрақты күтімді, ана сүтін керек етеді, ұзақ уақыт өздігінен қолғала алмайды. Бала өмірі толығымен оның денсаулығын сақтау және нығайту, дене бітімін дұрыс дамыту жөніндегі қарқорлық жасайтын адамға байланысты.
Дұрыс ұйымдастырылған режим, гигиенаның қажетті ережелерін орындау, балалардың біршама қимыл белсенділігі – міне осының бәрі оның көңіл-күйінің көтеріңкі болуына, қуаныш сезіміне бөленуіне игі әсерін тигізеді. Дені сау баланың ұйқысы қатты, тәбеті жақсы болады. Режимді бала тәрбиесінің дұрыс әдістемесімен ұштастыра отырып орындау балалардың шаршап- шалдығуын болдырмайды.
Дене тәрбиесінің көздейтін маңызды мақсаты – бала ағзасын шынықтыру. Шынықтыру арқылы балалардың салқын тиюден болатын және жұқпалы ауруларға төтеп беру қабілеті күшейтіледі. Жүйелі шынықтыру ағзада сыртқы ортаның түрлі жағдайына және өзгерістеріне: температураның ауытқуына, желді және жауын-шашынды ауа-райына бейімделі қабілетін қалыптастырады.
Дене тәрбиесінің елеулі міндеті – балалардың қимыл-дағдыларын, іскерлігін, дене күші сапаларын қалыптастыру.
Қиымыл өсіп келе жатқан ағзаның жетілуіне елеулі әсер етеді. Алуан түрлі белсенді қимыл іс-әрекетті сүйек-бұлшық ет жүйесінің дамуына балалар ағзасы қызметінің жетілуіне септігін тигізеді. Сыртқы ортаның түрлі жағдайына бейімделуіне көмектеседі.
Мектепке дейінгі балаларда негізгі қимыл (жұру, жүгіру, секіру, өрмедлеу, лақтыру) ерте бастан қалыптасады. Алайда тәрбиелеу процесі дұрыс ұйымдастырылған жағдайда ғана балалардың дамуы неғұрлым толық дәрежеде болады.
Қимылдың өмірге қажетті негізгі түрлеріне қоса мектепке дейінгі балалар бұлшық еттің белгілі бір топтарын (қолдың, аяқтың, кеуденің) нығайтуға бағытталған жаттығуларды орындайды. Сондай-ақ балалардың дамуына дене жаттықтыруының спорттық түрлерін: шаңғы, коньки тебу, жүзу, белосипед тебу және т.б. көмектеседі.
Мектепке дейінгі балалар мекелелерінде баланың ағзасына белсенді түрде жан-жақты әсер ету мақсатымен қолданылатын дене жаттығуларының белгілі бір жүйесі қалыптасты. Ол дене тәрбиесі жөніндегі оқу сағаттарын, қозғалмалы ойындарды, таңертеңгілік гимнастиканы мақсатты ұйымшылдықпен пайдаланудан сондай-ақ дене шынықтыру жаттығуларын және балалардың өз бетімен қимыл жасайтын ойындарын кеңінен қолданудан тұрады.
Мәдени гигиеналық дағдыларды тәрбиелеу балалның денсаулығын нығайтуға бағыттылыды. Сонымен бірге ол маңызды адамгершілік міндетті – мінез-құлық мәдиетін тәрбиелеуді қамтиды.
Балалардың денсаулығы, олардың нығайып өсуі туралы қамқорлық, тазалық сақтауға, мұнтаздай киінуге, тәртіпке баулудан басталады. «Балалар бақшасының маңызды міндеттерінің бірі – деп жазады Н.К.Крупская – балаларға олардың денсаулығын нығайтатын дағдыларды үйрету. Балаларды жастайынан тамақ алдында қолын жууға, асты бөлек ыдыстан ішуге, таза жүруге, шашы қиылған болуға, киімінің шаңын қағуға, аяқ киімін сүртуге, қайнамаған су ішпеуге, мезгілінде тамақтануға уақытылы ұйықтауға, таза ауада көбірек жүруге және т.б. үйрету керек».
Балалар мәдени-гигиеналық дағдыларды үлкендердің басшылық етуімен үйренеді. Олар басқа балалармен бірге қолын жууға, төкпей-шашпай тамақ ішуге, киімін таза ұстауға, түрлі заттарды ұқыпты сақтай білуге дағдыланады. Оның бойында өзін-өзі билеушілік, жинақылық, ұқыптылық, құнттылық сияқты қасиеттер қалыптасады, үлкендер мен құрдастары арасында әдепті болуға, оларды құрмет тұта білуге тәрбиеленеді.
Дене тәрбиесінің барлық міндеттері балалар бақшасының тәрбиелік – білімділік жұмысының барысында бірыңғай шешіліп, балалардың бірқалыпты нығайып, өсуін қамтамасыз етеді.
Қоғамда дене дәрбиесі мемелекеттік ана мен балаға деген әрдайым өсіп отыратын қамқорлығына, тұрғын үй жағдайының үнемі жақсаруына, еңбекшілердің әл ауқатының артуына негізделеді.
Балалардың дұрыс нығайып өсуі үшін гигиеналық жағдай туғызу (үй жайдың, учаскенің, құрал-жабдықтың, киімнің, аяқ киімнің гигиенасы), дұрыс тамақтану, қимыл және өрганизмді шынықтыру жөнінде шараларды қамтитын ғылыми жағынан негізделген балалардың күнделікті режимін міндетті түрде орындап отыру қажет. Сонымен бірге, медициналық қызметкерлер тарапынан үнемі бақылау орнатылып, қажетті профилақтикалық және емдеу жұмыстары, маақсатты тәрбие жұмысы жүргізілуі тиіс. Мектепке дейінгі балалар мекемесі мен отбасы арасындағы тығыз байланыс – балалардың дене бітімін дұрыс дамытудың маңызды шарты [9. б.133-135].
3. Дене тәрбиесі қоғамдық құбылыс ретінде пайда болуы, қалыптасуы және дамуы, құрылу ерекшеліктері мен қызмет ету жүйесі жайлы өзінің заңдылықтары бар ғылым. Бұл ілімді біліп, меңгеру өскелең ұрпаққа осы заманғы өмір талабы принциптеріне сай дене тәрбиесін беруге дұрыс бағыт береді. Бұл ілімді оқып үйрену барысында келесі міндеттерді анықтап алу керек: дене тәрбиесінің пайда болу себептері, оның мәні және қоғам өміріндегі алатын орны, дене тәрбиесінің тарихи сипаты, капиталистік және социалистік топтық қоғамдағы дене тәрбиесінің мақсаты, қоғамдық материалдық өмірі, еңбек қызметінің сипаты және мазмұны, әскери іс, ғылымның жетістіктері, саясатының ықпалы және т.б. Бұл әсер етуші күштердің дене тәрбиесінен бір-біріне бөлінбей, керісінше күрделі өзара қарым-қатынасты ықпал ететінін білу керек. Дене тәрбиесінің мәнін түсіну үшін алдымен оның мағыналық мазмұнын анықтап алу керек. Дене тәрбиесіне тән қасиет қоғам өмірінде барлық уақытта адамның дене күштерін арнайы өмірге қажетті қасиет қозғалыс дағдылары мен ептілік іскерлік, шеберлікті дамыту үшін пайдаланады. Бұл мағыналы ерекшеліктері дене тәрбиесіне салыстырмалы дербес тәрбие түрі ретінде білуге мүмкіндік береді.
Дене тәрбиесі саласында ырғақ жеке гигиена, дене шынықтыру мәдениеті, туризм, спорт ерекше орын алады. Сабақтар мен сыныптан тыс дене тәрбесі жұмыстарында күн тәртібі, дене жатықтыру организімді шынықтыру, тамақтану гигиенасы, ұйқы т.б. жөнінде балалар нақты білім алу қажет. Дене тәрбиесі ең басты күн ырғағын, яғни еңбек, демалыс, тамақтану, ұйқы, бос уақытты дұрыс ұйымдастыруды талап етеді.
Негізгі ырғақтар қатарына әртүрлі іс-әрекеттер түрлерінің ұзықтығы және олардың кезектесуі, белсенді демалыс, тамақтануды реттеу, ұйқыны белгілі ритімнің және шартты рефлекстер тізбегінің пайда болуы қамтамасыз етеді. Бұл жағдайда балалардық денсаулығына және олардың жалпы жұмыс қабілетіне қолайлы ықпал жасайды.
Оқу, еңбек және демалыс ырғағы гигиеналық талаптар негізінде балалардың ерекшелігін еске алынып жасалады. Дене тәрбиесін мұғалім, педагог, тәрбиеші басқарады. Олардың істейтін жұмыстарының мазмұнына кіретін негізгі мәселелер: оқу, еңбек, демалыс бұл мектепке дейінгі оқу үдерісіне балалардың үйлесімді дамуы мен денсаулығын жақсара түсуіне көмектеседі. Демалыс, еңбек, оқу ырғағын ұтымды пайдалануды үйрету, балалардың денсаулығын үнемі бақылау, жұмыс қабілетін жақсарту, оларға жағдай туғызып, қамқорлық жасау. Балаларды қоғадық пайдалы еңбекке, өмірге бейімдеуде дене шынықтырудың алатын орны баршылық бала есін білген бастап әке-шешесінің қолдауымен өзіне жақын, жан-дүниесіне лайықты дене жаттығуларын қалыптастыру болашақта сол жас баланың көптеген кездейсоқ кедергілерден ұтымды шығуына көметеседе. Жоғарыда атап өткендей бала көптеген адами қабілетімен қасиеттерге ие болады.
Дене тәрбиесінің тәрбиелік міндеттері – жоғары адамгершілік және ерік-жігер, қасиеттерін қалыптастыру, өнегілі мінез-құлық ережелері талаптарын менгеру, ақыл-ой, еңбек және эстетикалық тәрбие беруге ықпал ету. Дене тәрбиесі пәнінің өзгешелігі (қозғалыс дағдыларын қалыптастыру, дене сапаларын жетілдіру) тәрбелеу құралдары (гимнастика, ойын, спорт,туризм), сабақтық үлгілерінің әртүрлілігі (сабақ, спорттық жатығу, жарыс, жорық және т.б.), дене шынықтыру жаттығуларын әртүрлі жағдайда өткізу (гимнастикалық залда, мұз айдында, ортманда тауда және т.б.) осылардың барлығы шұғылданушының санасына, сезіміне, ерік-жігеріне және мінез-құлқына жан-жақты әмер етеді. Әсіресе, дене тәрбиесінің негізгі құралы қозғалыс әрекеттерінің өнегелілікті дамыту рөлі орасан зор. Алайда өндіріспен күнделікті тіршілік адамдарын шынуғуды қажет етуіне, дене шынықтыру мәдениетінің одан ары дамуына ықпал тигізеді [13. б. 47-49].
4. Мектепке дейінгі балалар мекемесі жұмысында балаларды мәдени-гигиеналық дағдыларға үйретуге үлкен көңіл бөлінеді. Балалардың жасына қарай бөлінген топтарда бұл міндет «балалар бақшасындағы тәрбие программасына» байланысты шешіледі.
Ең кішкентай балалар қарапайым дағдыларға (қолын жууға, түймесін салуға) үлкеніректері – неғұрлым күрделі дағдыларға (тамақ жегенде шанышқыны пайдалануға, ұқыпты болуға) үйренеді. Балалардың белгілі бір дағдыға үйренуі үшін уақыт қажет, демек, дағдыны қалыптастыру бала өмірінің бір емес, бірнеше жылына созылуы мүмкін.
Тәрбиешінің атқаруға тиісті жұмысының әдістемесінің бағдарламасының талаптарына және мектепке дейінгі балалардың жас ерекшеліктеріне қарай анықталып отырады.
Мәдени-гигиеналық дағдыларды қалыптастыруға табысты болуының негізгі шарттары қатарына жақсы жағдайдың туғызылуы, айқын күнделікті режиммен үлкендер тарапынан басшылық болуы жатады. Жақсы ұйымдастырылғын жғдай дегенді таза, біршама кең, барлық режим элементтерін (жуыну, тамақтану, ұйықтау, оқу және ойнау) іске асыруға мүмкіндік беретін қажетті жабдықтары бар бөлмелердің болуы деп түсінеміз.
Жағдайдың тұрақты болуының күнделікті қажет бұйымдардың тұратын және қолданылатын орынын білудің сәбилер үшін маңызы ерекше. Мысалы, жуынатын бөлмеді көлемі шағын раковиналар жеткілікті болуы шарт, олардың әрқайсысының үстіне сабын салынып, қойылады; раковиналар мен сүлгілер балалардың бойына қарай орналыстырылады; ілмешектегі әр сүлгінің үстіңгі жағына сурет ілініп қойылады. Бұл балалардың жуынуға деген ынтасын арттырады.
Күнделікті арқарылатын гигиеналық процедуралардың бір уақытта атқарылуын күн режимі қамтамасыз етіп отырады, мұның өзі мінез-құлық мәдениеті дағдылары мен әдеттерінің біртіндеп қалыптасуына себебін тигізіді. Оларды орнықтыру ойындарда, еңбекте, оқу сағаттарында, тұрмыста жүзеге асырылады. Мәдени-гигиеналық дағдыларды қалыптастыру үлкендердің – ата-аналардың және тәрбиешінің басшылығымен әске асып отырады. Сондықтан мектепке дейінгі балалар мекемесі мен отбасы тарапынан қойылатын талаптар өзара толық келісілген болуы қажет.
Мектепке дейінгі балалардың нақты, көрнекі-бейнелік ойлауы басым. Осыған байланысты оларда гигиеналық дағдыны қалыптастырудың табысты болуы үшін көрсету және түсіндіру керек. Тәрбиеші қасықты қалай ұстау, стол басына қалай шығу, қолды қалай жуу керек екендігін көрсетеді. Көрсету түсіндірумен қатар жүргізіледі. Балаларға тәрбиешінің қойып отырған талаптары (қолды таза жуу, суды еденге шашыратпау және т.б.) түсінікті болады. Үлкендер тарапынан дұрыс басшылықтың болуы балалардың жеке гигиена дағдысын үйренуге кететін уақытын қысқартады.
Кейбір дағдыларға үйрету мысалы, мәдениетті тамақтану дағдысына үйрету көп еңбектенуді талап етеді, өйткені оған үйрену үшін балалар белгілі бір ізбен орындалатын бірнеше қимылдарға (стол жанында дұрыс отыру, тамақтану құралдарын, салфетканы дұрыс пайдалану және т.б.) үйренуі керек. Баланың белгілі бір қиымылдарды орындауға жаттығуы және оны үлкендердің үнемі бақылауы қажетті дағдылардың біртіндеп қалыптасуына жағдай жасайды.
Бақылау әсіресе дағдыны қалыптастырудың бастапқы кезеңінде маңызды. Онан әрі тәрбиеші қимылдың мұқият және шын ықыласпен орындалуын тексереді. Қажетті бақылаудың болмауы балалардың теріс дағдылануына: қасықты, шашышқыны дұрыс ұстамауына, қол орамалды пайдалануды ұмытып, киімді дұрыстап бүктемеуіне әкеп соқтырады.
Мектепке дейінгі балалар еліктегіш келеді. Сондықтан дағдылардың қалыптасуына үлкендердің жеке басының үлгісінің тигізетін рөлі үлкен. Тәрбиешілер мен ата-аналардың сырқы пішіні мінез-құлқы балаларға үлгі болуы керек; балалардың берген ақыл–нұсқаулары өз мінез-өқлықтары арасында қайшылық болмауы тиіс, өйткені бала көзі көрген, ол бәрін байқайды. «Егер балалардан тамақ үстінде кітап оқымауды талап еткен болсаңыз, - деп үйретті А.С.Макаренко, - өзіңіз де соны істемеуіңіз керек. Балалардың тамақ алдында қолын жуғыза отырып, оны өзіңізден талап етуді де ұмытпаңыз. Өз төсек орныңызды өзіңіз жинаңыз, бұл аса қиын да ұятты жұмыс емес. Осы кішігірімнің бәрінде де әдетте ойлағандағыдан гөрі, анағұрлым мол маңыз бар». Осыны балалар бақшасының тәрбиешілері де, ата-аналарда есте сақтауы керек.
Дағдыларды тәрбиелеуде балалардың өздерінің жақсы үлгілеріне де сұйену керек. Тәрбиеші сәбилердің назарын қолын жақсы жуа алатын, заттарды ұқыпты ұстай білетін, өздігінен киіне алатын құрбыларына аударады. Өйткені балалардың өздері оны әрдайым байқамауы мүмкін. Ойын аяқталған соң ойыншықтарды жинауды ұсына отырып, тәрбиеші балаларға ойынға қатыспаған баланың да өздеріне көмектесіп жүргенін байқайды. «Қараңдар балалар, - дейді педагог, - Игор ендермен бірге ойнаған жоқ, бірақ ол да жинасып, жолдастарына көмектесіп жатыр. Сендер бәрің бірлесіп ойыншықтарды тез жинап аласыңдар». Басқа балалар да көмектесе бастайды.
Алайда, тәрбиеші жақсы өнегені пайдалана отырып, әдептілік көрсетуге, балаларды бір-біріне қарсы қойып алмауы тиіс.
Мәдени-гигиеналық дағдыларды тәрбиелеу ісінде педагогикалық баға біреудің, яғни баланың мінез-құлқы, жекелеген іс әрекет жөніндегі педагогтың ұнамды немесе ұнамсыз пікірінің рөлі орасан зор. Педагог өзінің жұмысында жағымды бағаны көбірек пайдаланады. Құптайды, көтермелейді, мақтайды. Құптау балалардың бұдан кейін де солай істеуге тіпті одан да жақсы істеуге деген талпынысын тудырады.
Жаңа дағдыны үйренуде жетістікке жету үшін де жағымды баға беріледі. Егер үш жасар бала көйлегін алғашқы рет өздігінен кисе, түймесін салса, тәрбиешінің мұны құптайды. Сәбидің жаңа дағдыны үйренгенін жақсырақ түсінуі үшін тәрбиеші оның қазіргі іс-әрекетін өткендегісімен қазіргі алған бағасын бұрынғысымен салыстырады, мысалы, барлық баланың көзінше: «Наташа тез киінетін болды. Бұрын ескерту жасайтын болсам, бүгін мақтап отырмын»,- дейді.
Егер балалар қандай да бір ережені орындағанда қате жіберетін болса, педагог оларға қалай жасау керек екенін айтады. Ескерту жасауына немесе кәналауға асықпайды.
Қайлай істеу керек екендігін балалардың өздері білген жағдайда да жағымды баға беру керек. Мақтау қажетті дағдының қалыптасуын тездете түседі.
Мәдени-гигиеналық дағдыларды тәрбиелеуде ойын тәсілдері ерекше рөл атқарады. Оларды пайдалана отырып, тәрбиеші балалардың күнделікті өмірде үйренген дағдыларын бекіте түседі. Сонымен қатар, дидактикалық ойын түрлеріне («қуыршақты ұйықтата қой», «қәне, қуыршақты серуенге шығару үшін киіндіріп жіберейік», «қуыршақты тамақтандарайық») елеулі орын алады.
Дағдылардың қалыптасуына балалардың түсінігін, мысалы, қалай жуыну, стол басында қалай отыру, бір-біріне қалай көмектесу керектігін нақтылай түсетін, соған иллюстрациялар, көркем шығармалар, фольклор зор әсерін тигізеді. Тәрбиеші балалардың назарын оларға арналған кітаптардағы суреттерге аударады, «Балалар ойнап жүр», «Құрметті қонақтар», «Жаңадан келген қыз» сияқты және басқа да суреттер жинақтайды.
Дағдылар қалыптастыруда балаларға жеке-дара қатынас жасау маңызды. Бұл міндеттің күрделі, жүйелілікті, табандылықты, талғампаздықты және төзімділікті қажет ететіндігін есте сақтау қажет. Балаларға берілетін барлық нұсқау олардың әдетіне айналатын іс-әрекеттерге дұрыс көзқарас тудыратын достық лебізбен, байсалды түрде айтылуы керек [9. б. 135-137].
Бақылау сұрақтары:
1. Мектеп жасына дейінгі баланың дене тәрбиесін ұйымдастыру қалай жүргізідеді?
2. Режим дегеніміз не?
3. Баланың дене тәрбиесін қалыптастыруда ұлттық ойындардың рөлі қандай?
4. Мектеп жасына дейінгі балалардың гигиеналық іс-әрекеті қалай жүргізіледі?
5. Гигиеналық талаптарды отындауда түсіндіру жұмыстары қалай жүргізіледі?
6. Дене тәрбиесінің тәрбиелік міндеттері қандай?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет