Тарих және педагогика факультеті



бет10/14
Дата19.05.2023
өлшемі313,97 Kb.
#94955
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Тарбие

Лекция 9
Адамгешілік тәрбиесінің теориялық негіздері
1. Адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі ұғымдары.
2. Мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің міндеттері, мазмұны, әдістері, құралдары.
3. Ұжымшылдық өзара қатынас тәжірибесін қалыптастыруға жағдай туғызу.
4. Патриоттыққа – азаматыққа тәрбиелеудің теориясы және жүйесі.
5. Азаматтық тәрбие берудің мақсаты міндеттері, мазмұны.
6. Мектеп жасына дейінгі балаларды азаматтық – патриоттыққа тәрбиелеуді ұйымдастырудың әдістері, тәсілдері және формасы.


Лекция 10
Ақыл -ой тәрбиесінің теориялық негіздері
1. Ақыл-ой тәрбие жүйесінің мәні және ерекшелігі, балалардың танымдық дағдысын қалыптастыру.
2. Балалардың тұтастай дамуында ақыл-ой тәрбиесі.
1.Ақыл-ой тәрбиесі әр заманда жастарға білім берудің негізгі құралы болып келеді. Халық табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтары бейнеленген ғылым деректерін, түсініктерін және мақсатты игерудің нәтижесі деп білді. Тек ақылды адам ғана терең білімдерді меңгере алатынын түсінді. Білімнің мәні «Ақылдан қымбат байлық жоқ», «Ақыл сатып ала алмайсың», «Ақыл тозбас киім, білім сарқылмас бұлақ», деген халықтың даналық сөздерінен байқау болады.
Халық педагогикасы оқыту білім берудің принцптері қазіргі ғылыми педагогикалық тұжырымдармен ұштасып жатыр. Халық білім мен өмірдің тағыз байланысты болуын талап етті. Халық педагогиканы оқытудың көрнекі болуын ойдан шығарған жоқ. Көзбен көрген, құлақпен естіген ақиқат емес, тек қана мұқият зерттеген ақиқат.
Халық педагогикасы бойынша ақыл-ой тәрбиесі деп баланың ойлау қабілітін, сана-сезімін оқу және еңбек процесінде дамытуды айтады.
Ақыл-ой тәрбиесі тұлғаның жан-жақты дамуының негізі. Ақыл-ой тәрбиесі еңбек өнімділігін арттыруға, еңбек шығармашылығына зор ықпал жасайды.
Қорыта айтқанда, ақыл-ой тәрбиесі-адам зиялылығының негізі. Ақыл-ой тәрбиесіне 2 ұғым кіреді: зер салып ойлау және ақыл-ой күштері.
Ақыл-ой тәрбиесінің міндеттері:
-ойлау іс-әрекетінің шартты болатын білім қорын жинақтау;
-ақыл-ой түрлерін дамыту;
-негізгі ойлау тәсілдерін меңгеру;
-зиялылық біліктерді қалыптастыру;
-дүниетанымды қалыптастыру.
Бала нақты оқу материалын – фактілерді, оқиғаларды, сиволдарды, терминдерді, емілелерді, терминдерді, есімдерді, заңдарды, теоремаларды меңгеріп, білім қорын жинақтарды.
Ақыл-ойдың түрлері: диалектикалық, логикалық, абстрактылық, категориялдық, теориялық, индуитивтік, дедуктівтік, алгоритімдік, техникалық, өнімдік және репродуктивтік жүйелілік [13. б. 43-44].
Қазіргі заманғы білім беру жүйесінде ақыл-ой тәрбиесінің мәселесі өте маңызды. Ғалымдардың болжамдары бойынша табалдырығында адамзат тұрған 3-мыңжылдық, білімді адамдар шынайы ұлттық байлық ретінде бағаланатын, ақпараттық революциясы басталады. Білімнің артушы көлемінде құзыретті бейімделу қажеттілігі, 30-40 жылдармен салыстырғанда, өскелең ұрпақтың ақыл-ой тәрбиесіне өзгеше талаптар қояды. Бірінші жоспарға белсенді ақыл-ой қызметіне қабілеттерді қалыптастыру міндеттері қойылады. Мектеп жасына дейінгі ақыл-ой тәрбиесінің аясындағы алдыңғы қатарлы мамандардың бірі Н.Н. Поддьяков заманауи қазіргі заман кезеңінде, ақыл-ой тәрбиесінің дәстүрлі жүйесінде орын алған білімнің таусылмалы сомасына ұмтылмай, балаларға шындықты түсінуге жол көрсету керек.
Сол уақытта әлемнің көптеген елдерінде ағартушылық жүйенің барлық буындарында – мектепке дейінгі мекемелерден университеттерге дейін – бір жағынан, білім алушылар ақыл-ойы ақпараттылығының өсуі, екінші жағынан, жалпы білім сапасының, балалардың ақыл-ой дамуының төмендеуі байқалады.
Отандық және шетелдік ғалымдардың жұмыстарында мектепке дейінгі балалық шақ ақыл-ой дамуы мен тәрбиелеуге қолайлы кезең болып саналады. Мектепке дейінгі алғашқы тәрбие жүйесін құрған педагогтар - Ф.Фребель, М.Монтессори де солай санаған. Бірақ А.П.Усованың, А.В.Запорожецтің, Л.А.Венгердің, Н.Н.Поддьякованың зерттеулерінде мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой дамуларының мүмкіндіктері бұрынғыға қарағанда айтарлықтай жоғары. Бала Ф.Фребелдің, М.Монтессоридің жүйесінде қарастырылған зат пен құбылыстық тек сыртқы, көрнекі түрін ғана танып қоймай, сонымен бірге көптеген табиғат құбылыстары мен әлеуметтік өмірдің негізінде жатқан жалпы байланыстар туралы түсінікті игеруге, әртүрлі міндеттердің талдауы мен шешімінің тәсілдерін меңгеруге қабілетті.
Ақыл-ой дамуы – жас ерекшелікке байланысты және ортаның әсерінен сана процесіндегі, сонымен қатар арнайы ұйымдастырылған тәрбиелік және үйретудің ықпалы мен баланың дербес тәжірибесінде болатын сапалы және сандық өзгерістердің жиынтығы. Баланың ақыл-ой дамуы кезінде биологиялық факторлар да әсер етеді: мидың құрылысы, талдағыштардың жағдайы, жүйке қызметінің өзгерістері, шартты байланыстың қалыптасуы, болашақтың мұралық қоры.
Ғалымдардың (генетиктер, психологтар) мәліметтері бойынша баланың табиғатында ақыл-ой қабілеттерінің алғышарттары 50-60%-ға салынған (шетелдік ғылыми әдебиетте едәуір жоғары деңгей көрсетіледі — до 80 %). Баланың ақыл-ой қасиеттері туғаннан бастап айрықша шығармашылық сипатта болады, бірақ барлық жағдайда тиісті дамуды ала алмайды. Баланың ақыл-ой қабілеттерінің дамуы, оған қоса қандай бағыт алатындығы тәрбиеге байланысты болады.
Табиғат балаға түстерді айыру бойынша ерекше нышан берді деп ойлайық. Осы нышандардың негізінде көркемөнерге, көркем еңбекке қабілеттер жетіледі: байқағыштығын, әлемді өзіндік тануымен, өнер шығармаларын талдау, бағалау, өнермен шаттану арқылы ол өз туындыларын жасайды (суреттер, әртүрлі материалдардан комұстанымлар және т.б.). Өмір жағдайы, тәрбие, ата-аналардың, педагогтардың балаға және оның әрекетіне көзқарасы – табиғат сыйлаған нышандардың қаншалықты жүзеге асырылатыны байланысты болатын факторлар. Баланың ақыл-ойының дамуын білім көлемі, сипаты мен мазмұны, танымдық процестердің қалыптасуы деңгейі бойынша (сезіну, қабылдау, ес, ойлау, елестету, зейін), өздігінен шығармашылық таным қабілеті бойынша талдайды.
Балада ерте жастан бастап білімді жинақтауға, ой амалдарын жүзеге асыруға деген жеке қабілеттердің жиынтығы қалыптаса бастайды, басқа сөзбен айтқанда, оның ақылы жетіледі.
Мектепке дейінгі жаста көп және аз деңгейде жылдамдық, кеңдігі, сыншылдық, ойлау процестерінің иілгіштігі, тереңдік, жасампаздық, дербестік сынды ақылдың қасиеттері көріне бастайды. Осылайша, мектеп жасына дейінгі балалар ақыл-ойының дамуы, бағыттаушы, байытушы, жүйелендірушінің рөлін ақыл-ой тәрбиесі мен үйрету атқаратын, әлеуметтік және биологиялық кешенге байланысты болады.
2. Ақыл-ой тәрбиесі – жан-жақты даму үшін, қоршаған өмірге бейімделу үшін, осы негізде танымтық үрдістерді қалыптастыру үшін, меңгерген білімді іс-әрекетте қолдана алу үшін қажетті білімді оқыту үшін үлкендердің баланың ақыл-ойларының дамуына жоспарлы мақсатты түрде ықпал жасауы. Ақыл-ой тәрбиесі мен ақыл-ой дамуы өзара тығыз байланыста болады. Ақыл-ой тәрбиесі көп жағдайда ақыл-ой дамуын анықтайды, оған ықпал жасайды. Алайда бұл жаңа туған балалардың ақыл-ой дамуының заңдылықтары мен мүмкіндіктері ескерілген жағдайда ғана орындалады. Кейінгі жас ерекшелік кезеңдермен салыстырғанда мектепке дейінгі жылдары ақыл-ой дамуының аса жоғары қарқыны байқалады. Осы кезде ақыл-ойды дамыту үшін мүмкіндікті жиберіп алмау маңызды болып саналады. Ерте жас балаларының ақыл-ой дамуына ерекше көңіл бөлу керек. Заманауи зерттемелер, әдетте балалар 2 жасқа дейін қанық өмір сүреді, бұл танымдық қызметтің өте үлкен көлемі байқалады. Баланың жүйкесі өте жылдам дамиды: 3 жасқа келгенде ол ересек адам миының 80%-ына жете алады. Мидың толық дамуына қажетті «тағамды» керекті мөлшерді бермеу қаупі туындайды. Физиология мәліметтері бойынша қазіргі заманның ерте жастағы балалары ақпараттың молдығынан емес, ал оның жетіспеушілігінен зиян көреді.
Баланың бойында қандай да бір жоғары қабілеттерді дамыту үшін, еселеп тәрбиелеу мен оқыту арқылы, мазмұны мен көлемі бойынша шамадан тыс білім беріп шектен шықпау керектігін ұмытпау қажет. А.В.Запорожец, бізге өсіп, жетілуі тоқтамаған, ерекшеліктері әлі қалыптаспаған, мүмкіндіктері шектелмеген өсу үстіндегі мимен, дамушы организммен жұмыс істейтіндігімізді ескерткен. Бала қарқынды жаттығу кезінде білімді меңгеріп, нәтижелерге жете алады, алайда бұл физикалық және жүйке-психикалық шығынға әкеледі. Осыдан, баланың миын ауырлатуға, шаршатуға болмайды деген ереже шығады, осы ережені ұстанумыз қажет! Мектеп жасына дейінгі бала ақыл-ойының дамуында жіберілген қателіктерді ересек жаста жою қиындық әкеледі. Бұл ақаулар кейінгі дамушылыққа кері әсер етеді.
Мысалы, отбасында мектепке дейінгі мекемелерде баланың құрылыс материалдары, конструкторлармен ойнауына көңіл бөлмейді. Сол себепті балада кеңістік қиялы дамымайды. Бұл мектепте геометрияны, сызуды меңгеруде қиындықтар тудырады. Мектеп жасына дейінгі кезеңде кітапқа деген қызығушылықты оятпаған, ойлау әрекетін, көркем сөз негізінде өз басынан өткізуді дамытпаған. Әдеби шығарманы тыңдай отырып, бала оның кейіпкерлерін, олардың іс-әрекетін, келбетін көз алдына келтіруі, әркеттерінің себебін білуі, табиғат суретін елестетете алуы тиіс. Ал оның өмірінде көркем шығармамен танысуды теледидарға жүктеген. Балаға елестетудің, қиялдаудың, ойлаудың қажеті жоқ, барлығы «суретте» көрсетілген. Мектепте балаға ақыл-ой дамуындағы аралықты жеңуге өте қиын болады: әдеби шығарманы жеңіл түрде қабылдау әдеті көрініс табады.
Мектеп жасына дейінгі баланың ақыл-ой дамуының негізгі ерекшеліктері – қабылдау, бейнелі ойлау, қиялдау сынды танымның образды формаларының басымдығы. Олардың пайда болуы мен қалыптасуы үшін мектепке дейінгі жас ерекше мүмкіндіктерге толы болады. А.Н. Леонтьев баса айтқандай, баланың ақыл-ой дамуын оның рухани бейнесін жасаушы психикалық дамудан, қызығушылық молдығынан, сезмінен және басқа да белгілерден тыс қарастыруға болмайды.
Шынында да, танымдық процестер іс-әрекеттің алуан түрлерінде көрініс табады. Сонымен, елестету қабілеті дамыған балада алда тұрған іс-әрекеттің бейнесі көрінеді, ол оны жоспарлайды, оған қажеттісін анықтайды. Баланың меңгерген білімі оның ой-өрісін кеңейтіп қана қоймайды, бұл білімдер адамға, олардың әрекеттеріне, табиғатқа, өнерге деген қарым-қатынасты бекітеді. Баланың адамгершілік бейнесін дамыту үшін өнегелік нормалар, тәртіп ережесі, адамгершілік қасиеттердің нақты көрінісі туралы түсінік маңызды болып саналады. Мысалы, 3-4 жастағы балалар тату ойнаған балалардың бәрін «менің досым» дейді. Дос дегеен кім? Достасу деген не? Шын дос қандай болады? Бала игеретін достық, дос туралы түсінік оның мінез-құлқын жаңа мазмұнмен толықтырып бағыттайды, достың әрекетін бағалауға және өзін-өзі бағалауға қызмет етеді. Бала кіші жасынан бастап, денсаулықты сақтау, мәдени-гигиеналық әдет, дұрыс қозғалысты үйренудің негізі болатын, өз денесін күту жөнінде (қолды, бетті жуу, қол орамалды, майлықты пайдалануды) білім алады. Баланы мәдениетке тарту, өнер туындыларымен таныстыру, қоршаған әлемді оның алуан түрлілігімен қабылдау, қиялдау, ойлау, есте сақтаусыз мүмкін болмайтын түсінуді, ұғынуды талап етеді. Эстетикалық қабылдау процесіне ойлау әрекетін белсенді түрде енгізу – баланың байқампаздығы, сенсорлық мәденит пен ойлаудың деңгейі көрінетін бағалау пікірлерін қалыптастыруға арналған алғышарт. Сөйтіп, баланың миына әсер етуді мақсат ететін ақыл-ой тәрбиесі оның адамгершілік бейнесінің қалыптасуына, эстетикалық дамуына, салауатты өмір суру әдетін дағдылануға жақсы ықпал жасайды.
Ақыл-ой тәрбиесі, білімде, дағдыда, іскерлікте, таным тәсілдерінде берілетін материалдық мәдениетте, рухани құндылықтарда сақталатын, адамзаттың сан ғасырлық тәжірибесін өскелең ұрпақтың меңгеру үрдісі ретінде жүзеге асады.
Кішкентай баланың ақыл-ой тәрбиесінің негізгі міндеті – танымдық әрекетті қалыптастыру, яғни бұл әрнкет барысында бала қоршаған әлемді тануды үйренеді. Кішкене бала қоршаған ортаны ойында, еңбекте, серуендегенде, үлкендермен және құрдастармен қарым-қатынас кезінде таниды.
Танымдық әрекет қабылдау және ойлау формаларында жүзеге асады. Қабылдау арқылы бала сыртқы қасиеттерді олардың жиынтығы (түсі, пішіні, көлемі және т.б.) арқылы таниды. Бұл қасиеттердің мида көрініс табуы заттың образын тудырады.
Ойлау арқылы бала ішкі жасырын қасиеттерді, зат пен құбылыс арасындағы байланысты (себепті, уақытша, сандық және басқа да байланыстар) түсінеді. Ойлау нәтижелері сөздің көмегімен беріледі. Мысалы, 4 жасар Саша терезеге жақындап: «Түнде жаңбыр жауды. Әне қандай үлкен шалшық», - деді.
Қабылдау мен ойлаудың арасында тығыз байланыс бар. Қабылдау бала өмірінің алғашқы айларында қалыптасады, ал ойлаудың дами бастауын Л.С. Выготский шамамен 2 жасқа жатқызады. Ойлау дамуының негізінде терең танымға сезімдік (сенсорный) тәжірибені қоятын қабылдау жатыр. Мектепке дейінегі жас бойы қабылдау ойлауды дайындайды, оған талдау, салыстыру, жинақта, қорытындылау үшін «азық» береді. Ойлау, өз кезегінде, оның мақсаттылығы мен нәтижелілігін арттырып, қабылдаудың дамуы мен жүзеге асуына оң әсер етеді.
Бала өмірінің алғашқы кезеңінде ақыл-ойының толық дамуы үшін, оның қабылдауы мен ойлауының дамуы туралы ойлану қажет. Осыған байланысты мектеп жасына дейінгі балалар ақыл-ой тәрбиесінің маңызды міндеттеріне:
 сенсорлық тәрбие (даму);
 ойлау әрекетін дамыту (ойлау амалдарын, танымдықпроцестерді және қасиеттерді игеру);
 сөйлеудің қалыптасуы жатады. Осы жастағы балалар ақыл-ойының тәрбиесі танымдықуәждерді қалыптастыруға бағытталған. Сондықтан оның міндетіне:
 білуге құмарлыққа, танымдық қызығушылыққа тәрбиелеу жатады [4. б. 162-167].
Бақылау сұрақтары:
1. Ақыл-ой тәрбиесі дегеніміз қандай тәрбие?
2. Ақыл-ой тәрбиесінің бала өмірінде алатын орны қандай?
3. Ақыл-ой тәрбиесін зерттеуші ғалымдардың тұжырымдарына сипаттама.
4. Таным дегенімі не?
5. Баланың танымдық қызығушылығының қалыптасу үдерісі қалай жүзеге асады?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет