Лекция 4
Бала тұлғасы тәрбие объектісі және субъектісі
1. Мектеп жасына дейінгі балалардың тұлға ретінде қалыптасу кезеңі және тәрбие
2.Тұлға, индивид, даралық, іс-әрекет субъектісі, объект.
3. Тұлғаның дамуы және тәрбиенің базалық теориясы
1. Баланың жеке басының дамуы көптеген жағдайларға байланысты. Бұл жағдайлады түсіну, олардың балаларға ықпалы неде, бұлардың ықпалымен қайталанбас дара тұлға қалай дамиды дегендерді түсіну мұғалімге балаға оң көзімен қарауға, бала өмірінің қиын сәттерінде оған қол ұшын беруге мүмкіндік береді. Алты жасар баланың ақыл-ой дамуы мен психикалық жан-күйінен көрініс беретін жеке басты айырмашылықтарын, сондай-ақ әр балдырғанның қайталанбас дара тұлға болуына септігін тигізетін оның сана-сезімі құрылымының ерекшеліктерін қарастырып көрейік.
Әрбір бала жарық дүниеге тек өзіне ғана тән, тіпті ішкі құрылыстық дамудың өзінде-ақ бой көрсететін тұқым қуалаушылық қасиеті мен қабілет нышандарын өзімен бірге ала келеді. Қабілет нышандары белгілі бір дәрежеде баланың біршама анатомиялық, бірқатар физиологиялық, кейбір психикалық қасиеттерінің потенциялдық мүмкіндіктерін айқындайды.
Балалардың психикалық дамуыда жеке басты елеулі айырмашылықтар болады. Бұл айырмашылықтар алдымен психикалық даму қарқына байланысты. Қайсыбір мәдениет жағдайында тәрбиеленген балаларда даму кезеңдерінің көрсеткіші әр түрлі. Кейбір балалардан қалыпты, психикалық дамудың орташа деңгейінен ілгері кетеушілікті, ал екінші біреулерінде елеулі дәрежеде артта қалаушылықты байқауға болады. Сондай-ақ іс-әрекеттің жекелеген түрлерін меңгеру барысында, психикалық процестер мен сапалардың дамуында да елеулі айырмашылық болуы мүмкін. Кейбір бала ең қарапайым деген әуенді дұрыс қайталай алмаса, екінші біреуі күрделі музыкалық шығармалардың өзін нақышына келтіріп орындай алады. Енді біреуі алты жасында адамның толық бейнесі осы-ау деген тұспалармен қағазға бас пен аяқты әрең түсірсе, басқа біреуі құрылысы күрделі туындылар салады, адам бейнесі оның бейнелеуінде мінез бен қимылға ие. Бір баладан біз зейін қоймаушылықты аңғарамыз, ол кластан шалғай қияндағы сонау біралысқа селқос көз тіккен, екінші біреуі сабақты мүлде беріле тыңдап, мұғалімінің айтқандарына ден қойған.
Психикалық даму қарқыны бастапқы кездері мидың морфологиялық туасы ерекшеліктеріне байланысты болса, кейінгі кездері басқада да себептері айқындайды.
Мидағы түрлі ақаулар, яғни тұқым қуалайтын аурулар, дұрыс жетілмеу, бала туу кезінде жарақаттар психикалық дамуды тежеп, ал аса бір қиын жағдайларда оны тіпті тоқтатып та тастайды. Осыдан келіп, кейде тез немесе тым айқын психикалық даму мен шамадан тыс қабілет пайда болу жағдайлары мидың туа біткен ерекшеліктеріне тікелей байланысты болады деген жорамал айтылып жүр. Шындығында олай емес. Тұқым қуалау жолымен берілетін табиғи ерекшеліктер қайсыбір қабілеттердің бастауы ретінде ғана қызмет етуі мүмкін, олар психикалық дамудың алғы-шарты ретінде көрінеді. Балалардың психикалық дамуының түрліше болуына, қабілеттерінің қалыптасуына, жеке басының даму ерекшеліктеріне туа біткен ерекшеліктерден гөрі тұрмыс жағдайы, тәрбие мен оқу көбірек әсер етеді.
Иә, шындығында да, біздің балаларымыздың тұрмыс жағдайы неткен сан алуан десеңізші!
Бір балдырған қолайлы отбасыда, үлкен қалада тұрады (ол үлкен қаланың балаға беретін барлық мүмкіндіктерін пайдаланады), сүйішпеншілігі мен ақыл-ой аямай жұмсап, онымен ата-анасы, ата-анасының достары, әжелері мен аталары айналысады танымдық қабілеті жетілгендіктен, ол білмекке құмар. Оны әзіл-қалжың астарын түсінуге үйретеді, ол алты жасында-ақ көңілді де қалжыңқой болып өседі. Өз позициясы мен өмірдегі әрекеттеріндегі ізгі мысалдар арқылы ол адамгершілікке тәрбиеленеді, адамгершілік тұрғыдан алғанда ол – жақсы балдырған. Сөйте тұра ол өз қаласының қаншалықтың үлкен екендігіне жүгіртіп жатпайды, бөгде адамдар оның санасында өз өмірінің ортасы ретінде қабылданады. Екінші бір бала да ынтымақты отбасыда, бірақ өзге елді мекендерден шалғай ауылда тұрады оны да ата-анасы, әжесі мен аталары, ағалары мен әпкелері, сондай-ақ бүкіл ауылда жақсы көреді. Психикалық даму тұрғысына келсек, мүмкін ол қалалық өз құрбысынан кем соғуы, ал әлеуметтік даму тұрғысынан әрине, ол алда, өйткені ол селеластарымен қалай қарым қатынас жасауды, яғни мына бір адамның қайырымды адам екенін, одан шеге тақтай немесе тағыда басқа бірдеңені сұрауға болатынын, ал ана бір адамның сараң да ашушаң екенін, дұрысы оған жақындамау керек екенін жақсы біледі. Баланың өзі де жақсы отбасыда жақсы адам болып өсіп келеді, оның өзіне белгілі бір міндет жүктелген, оның бойында еңбек сүйгіштік пен жауапкершілік қасиеттер қалыптасқан.
Үшінші бала отбасысыз, балалар үйінде өмір сүреді. Оның өмірі ұйқының, тамақтың, оқу мен демалыстың қатң тәртібіне негізделіп құрылғанымен, оны өзгі де өз ісіне шын берілген маман мұғылімдер мен тәрбиешілер тәрбиелегенімен, оның бойында сүйспеншілік сезімі жетіспейді, нақты өмір балалар үйінің тұйық жағдайымен және үлкен адамдардың аз болуымен одан алысыңқырақ тұр. Мұндай баланың жарымжан болып қалуы да мүмкін – бұл жағдайда емдеу орталығының өзінің қасиетті әсерін тигізеді.
Әлеуметтік өмір жағдайлары әр балаға дамуыдың мүлде жаңа жағдайларын ұсынады. Әрбір қолайлы отбасыда баланың өмір жағдайының өз варианты, ал тәрбиесі нашар отбасының өзінше варианты бар. Қала немесе село өз-өзінен баланың дамуы жағдайын анықтауға өлшем бола алмайды.
Барлық сыртқы жағдайлар комплексі: қоғамның әлеуметтік құрылымы; ұлттық мәдениет пен дәстүр, отбасының типті (толық, толық емес, көп балалы, аз балалы отбасы), оның сандық және сапалық сипаттамасы баланың жеке басының ерекшеліктерін және ата-анасымен өзара қарым-қатынасының сипаттарын айқындайтын баланың өзіне деген қатынас - осының бәрі баланың психикалық даму ерекшеліктеріне ықпал ететін орынның сыртқы факторы мен әлеуметтік жағдайлар болып табылады.
Алғышарттар мен жағдайлардан басқа психикалық дамуыды баланың ішкі өз позициясы айқындап тұрады. Әрбір бала өзінің қатысуымен өтіп жататын белгісі бір әсерге, бегілі бір оқиғаға әр түрлі қарайды. Бір баланың зейінін қызықтылып, психикасында терең із қалдыратын өмірде ескеруі қиын болатын жағдайлардың көптігіне байланысты ол жағдайлар басқа біреулер үшін жай ғана елеусіз түрде өтеді. Біртіндеп сәбиде дүниеге, айналадағы орта әсеріне талғаммен қарайтын қатынас байқалады, соған орай белгілі бір әсерлер әр бала үшін әр түрлі мәнге ие болады. Баланың ер жетуіне қарай бұл қатынасқа деген оның талғапаздығы да артып отырады.
Баланың ынта-ықыласы мен еңбекке қабілеті оның қабілетінің даму дәрежесін айқындайды. Мотивтер оның мақсат-тілектеріне эмоциялық әр берсе, қарекетіндегі мақсатқа қызығушылық мәні бала өмірінің келешегі мен тағдырына жол ашады.
Бала тәрбиесі процесіндегі оның психологиялық жеке басы ерекшеліктерін ескеріп отыру дегеніміз – бұл әр баланың психикалық дамуыдың жоғары деңгейіне жетуі үшін оны тәрбиелік ықпалдарға бейімдеу ғана емес, сондай-ақ балалардың дамуына белсенді түрде араласу, яғни олардың жеке басының өркен жайып келе жатқан жағымды белгілерін қолдап, жағымсыздарын қайта өзгерту деген сөз [8. б. 45].
2. «Субъект», «объект» ұйымдарының мәні мен мазмұны. Жалпы және мектепке дейінді педагогика курстары аясында «субъект» және «объект» ұғымдары жиі кездеседі. Олар білім беру процесінде, оқыту мен тәрбиелеу принциптерін (диалогтік, адамдық құндылықтар приоритеті және т.б.) негіздеуде, педагог пен мектеп жасына дейінгі балалардың өзара әрекеттестік мәселелерін ашуда шешуші рөл атқарады. Көптеген басқа да педагогикалық ұғымдар сияқты оларды да біржақты түсіндіруге келмейді. Оқулықтар мен құралдардың авторлары әртүрлі түсініктемелер береді, бірақ сонымен бірге олардың ұқсас элементтері де бар. Бұл ұғымдардың мазмұнын ашу, олардың арақатынасын анықтау және оларды анықтауда өзіндік көзқарас білдіру тақырыппен жұмыс істеудің бірінші міндеті болып табылады. Бірнеше анықтамаларға тоқталайық.
Объект – Үлкен Совет Энциклопедиясында берілген анықтама бойынша, субъектінің іс-қимылы бағытталған заттардың, құбылыстардың жиынтығы. Іс-қимыл өткізу немесе өлшеулі сипатта болады. Объект ретінде қандай да бір белгілермен сипатталатын жануарлар, адамдар болуы мүмкін. Оларға: әдебі мен іс-әрекетін сырттай мөлшерлеу сұранысы, ынтасыздық, өзін-өзі басқарудың, мақсатты бағытты белсенділіктің, шығармашылықтың, өзінің «Мен»-інің және қоғамдағы орнының нақты саналы түрде болмауы жатады. Сонымен, аталған белгілердің болуы адамды, оның ішінде баланы да объект санатына жатқызуға мүмкіндік туғызады.
«Субъект» ұғымы өзінің негізгі сипаттарына қарай объектіге тура қарама-қарсы. Үлкен Совет Энциклопедиясында субъект практикалық әрекет пен танымды жеткізуші, обектіге немесе объектілер жүйесіне бағытталған белсенділік көзі ретінде анықталады.
Л.И.Божовичтің көзқарасы тұрғысынан, субъект – өзін-өзі жасайтын адам.
М.М.Бахит субъект – саналы белсенділікпен, бағытты мақсаттылығы-мен және шығармашылығымен сипатталатын тұлға деп көрсетеді.
«Субъект» және «объект» ұғымдарының мазмұнын салыстыра келе, В.Л.Лекторский: «Объект субъект еместердің бәрін білдіреді» деп түсіндіреді.
Субъект және объект – философиялық категория, олардың пайда болуы адамтану мәселелерін ашу теорияларымен байланысты. Адам – өте күрделі жүйе, ол өзінің бойына биологиялық, интеллектуалдық және рухани бастауларды сіңірген. Адам – бірнеше сатылы күрделілігі бар біртұтас жүйе. Ол қоғамда тұратын, оның заңдарымен өмір сүретін, бірақ мәдениеттен жасалған, мәдениетті жасаушы және мәдениетке тәуелді биосоциомәдениетті жан.
Адамның қоғамдағы орны мен рөлінің өзгеруіне байланысты (құлдан тұлға дейін) оған феномен ретінде қатынас жүйесі де өзгереді.
Бүгін біз адамды еркіндігі, жауапкершілігі бар, өзін және айналасын-дағыларды шығармашылықпен дамытуға ынталы, жауапты тұлға ретінде гуманистік көзқарас тұрғысынан қарастырамыз.
Бұл идеялар білім беру саласында жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу мақсаттарында толығымен көрініс табады.
Мақсат – білім беру идеалын жеке тұлғаның белсенді, өз бетімен, жоғары адамгершілікпен, интеллектуалды дамуы деп сипаттауға болады, ол айналасын саналы және шығармашылығпен ары қарай дамытуға қабілетті ұлттық және әлемдік мәдениеттің жеткізушісі мен өкілі болып табылады.
Білім беру жүйесінің алдына жан-жақты үйлесімді дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру мақсатын қоя отырып, біз баламен іс-әрекет, таным және қарым-қатынас субъектісі ретінде өзіміздің өзара байланысымызды орнатамыз. Субъектіні жас кезеңберінің барлығында ынтасыз, үнемі қамқорлық пен шектеушілік қажетсінетін объект тұрғысынан қарастыру арқылы тәрбиелеу мүмкін емес.
Адамның іс-әрекет, таным, қарам-қатынас субъектісінің негізгі белгілерінің жалпы сипаттамасы. «Субъект», «объект» ұғымдарының мазмұнын қарастыру және оны талдау адам-субъектінің негізгі белгілерін анықтауға мүмкіндік береді. В.В.Горшкованың құралында субъектінің мынадай белгілері көрсетіледі: белсенділік, саналылық, еркіндік пен жауапкершілік, бірегейлік, шығармашылыққа қабілеттілік, өз нанымы бойынша әрекет жасау, жағымсыз жағдайларға дәлелді түрде қарсы тұра алу. В.В.Горшкованың қорытындысына сүйеніп осы белгілерге сипаттама берейік.
Белсенділік – жеке тұлғаның оның ісіндегі өзін-өзі басқара алатындай себептермен мақсаттарын жүзеге асыруға жағдай жасайтын қасиеттерінің жинағы; жағдайлардың өзгеруіне байланысты тәсілдерді кең түрде қолдана білу және оларға қонымды түзетулер енгізу; жаңа міндеттер қоюға ынталы және сыни тұрғыдан қарау; іс-әрекет нәтижелерін шығармашылықпен және көпнұсқалы түрде болжамдай білу.
Белсенділік – субъектінің қажетті, бірақ жеткіліксіз белгісі. Белсенділіктің саналы белгісі субъектіні объектіден ажыратады. Саналылық өз ісінің мақсаттарын, себептерін, әдіс-тәсілдерін өздігінен талдап талқылағанда көрінеді.
Субъектінің қажетті белгісі жеке және әлеуметтік жауапкершілікпен ұштасқан еркіндік. Заманауи философия еркіндік адам тіршілігінің міндетті атрибуты, субъектінің мақсатты, таңдамалы белсенділігі ретінде қарастырылады (М.К.Каган, А.Л.Никифоров, В.Франк).
Субъектінің бірегейлігі субектінің нәтижелілік белгісі болып табылады. Адамның бірегейлігі оның десубъективациясына, әлеуметтік объект болуына әкеледі. Бірегейлік – бұл субъектінің өзін басқадан, өз ісі мен оның нәтижелерін басқанікінен айыра алатындай қабілеттілік қасиеті. Әрбір бала, әрбір отбасы, білім беру мекемесі бірегей, өйткені әрбір адам аталған субъектілі бастауды алып журе алмайды. Оның болуы білім беру процесін жоспарлау мен ұйымдастыруда дара көзқарас тұрғысынан қарауға, мектепке дейінгі жастағы балалардың өзара қарым-қатынас істерінің сипатына байланысты.
Субъектінің белгілеріне сипаттама беру шығармашылыққа қатысты болмауы мүмкін емес. Шығармашылыққа қабілеттілік – сырттан ұсынылатындардың ішінен таңдау ғана емес, сонымен бірге жеке тұлғаның өзін-өзі көрсете білу қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жаңаны тудыру.
Маңызды белгілері өзіндік нанымы бойынша әрекет жасау, жайсыз жағдайларға дәлелді түрде қарсы тұру, жаңа қоғамдық үрдістерді аңғарып отыру болып табылады.
Санымен, адам-субъектіні сипаттайтын негізгі белгілерді анақтау, оның маңыздылығын бағалау, балаға ерте балалық шақтан бастап тәрбиелеудің мағынасын анықтауға көмектеседі. Тәрбиелеу – бұл жай ғана алдыңғы ұрпақтың келесі ұрпаққа әрекет пен қарым-қатынастардың әлеуметтік тәжірибесін беру емес, сонымен қатар әрбір келесі ұрпаққа осы тәжірибені байытуға мүмкіндік туғызатын субъективті қасиеттерді қалыптастыру.
Мектеп жасына дейінгі бала мектепке дейінгі мекемеде субъект ретінде. «Субъект», «объект» ұғымдарының жалпы теориялық мазмұнын түсіну, педагогикадағы білім беру процесінің субъект проблемаларын зерттеу мектепке дейінгі педагогикада бұл құбылысты қарастыру ерекшелігіне көшуге мүмкіндік береді. Мектепке дейінге мекемеде педагогикалық процесс субъектісі кім болады? Ол кім – педагогтың серіктесі ме? Мектепке дейінгі балалық шақтың әртүрлі кезеңдерінде қандай ерекшеліктер болады?
Сонымен, біз мектепке дейінгі кезең – 0 (туғаннан) – 6 (7) жасқа дейін екендігін білеміз. Мектеп жасына дейінгі балалық шақ бірнеше жас ерекшелік кезеңге бөлінеді, олардың әркайсысының өзіндік ерекшелік сипаттары бар. Әр кезең анатомиялық, физиологиялық, физикалық, психикалық көрсеткіштермен анықталады. Д.Б.Элькониннің жасқа бөлу кезеңдеріне сүйене отырып, сол кезеңдерді көрсетейік.
Сәбилік жас (туғаннан бастап бір жасқа дейін).
Нәрестелік кезеңін (туғаннан бастап 1,2 айға дейін) қамтиды.
Ерте жас (1-ден 3 жасқа дейін).
Мектепалды жас (3-тен 5 жасқа дейін).
Нағыз мектепке дейінгі жас (5 жастан мектепке барғанға дейін).
Мектепке дейінге жастың нақты хронологиялық шекарасы даулы мәселе. Әлемнің әр елдерінде балалар мектепке 5 жастан 7 жасқа дейін барады. Қазақстан Республикасында, өзімізге белгілі, мектеп жасы 6-7 жастан басталады. Бұл мәселеде өз көзқарасымызды анықтай отырып, мектеп сатысына көше физиологиялық тұрғыда негізделген болуы керек екендігін естен шығармауымыз қажет. Баланың денсаулығы, психикалық процестердің даму деңгейі кіші мектеп жасындағы балаға қажетті деңгейге сәйкес болуы керек. Баланың хронологиялық жасы әрқашан дамудың бұл кезеңінің талаптарына сай бола бермейді, сондықтан мектепке дейін білім беру мамандарына және ата-аналарға мұны ескеріп, баланы мектепке оқуға уақтылы дайындаулары қажет.
Мектепке дейінгі уакытта әрбір жас кезеңдерінің сипаты семинар және практикалық сабақтардың, өзіндік жұмыстардың міндеті болып табылады [5. б. 36-49].
3. Тәрбие жұмысы әрдайым белгілі бір жас мөлшеріндегі топқа бағдарланады. Жас мүмкіндіктері мен ерекшелігіне сәйкес тәрбиелік міндеттер қойылып, педагогикалық ықпал жасау құралдары мен әдістері таңдап алынады. Түрлі оқу-тәрбие мекемелерінде әрбір жас мөлшеріндегі жекелеген топтармен сара жұмыс жүргізідеді.
Адамның өмірінде мектеп жасына дейінгі, мектеп жасы кезеңдері және әлеуметтік кемелденген, есейген кезең деп бөліп қарауға қабылданған. Бұл кезеңдердің әрқайсысының ішінде адам дамуының белгілі өзгешелігімен сипатталатын жас шамасының анағұрлым қысқа белестері болады.
Мәселен, мектепке дейінгі кезеңдегі балалар мына кезеңдерге: сәбилік шақ - екі жасқа дейін, нағыз мектепке дейінгі шақ – екіден жеті жасқа дейін болып бөлінеді. Мектеп жасындағы балалар оқыту мен тәрбиелеудің негізгі кезеңдеріне сәйкес кішкентай шәкірттік шақтағы балалар 7-9 жастағылар (І-ІІІ сынып), естияр және есейген шақтағы жеткіншектер 10-12 жастағылар (ІV-VI сынып), ересек (ер жаткен) шақтағы жеткіншектер13-15 жастағылар (VII-VIII сынып) және жасөспірімдер 16-17 жастағылар (IХ-Х сынып) болып бөлінеді.
Алайда аталған шектердің шартты екенін ескерген жөн. Бұл шектерге белгілі әсерін тигізетін жаңа құбылыстарды: тұтас алғанда себептері әлі анықталмаған, балалардың соңғы кезде байқалып жүрген дене жағынан анағұрлым ерте болысуы мен ақыл-ой дамуы – акцелерацияны; жас толысу мен азаматтық кемелденуі арасындағы жыныстық жетілуі мен эконемикалық дербестік жетілуінің арасындағы алшақтықтың ұлғая түсуін ескеру керек. Дамудың жеке кезеңдерінің жас шамасының шегін айқындау сабақтың басталуы мерзімдерін, оқу ауырталығының көлемін, балалардың күн режимін, оқыту мен тәрбие құралдарын, әдістерін таңдап алу үшін, медициналық және заң практикасымен, спорттағы нормативтермен және төрелік етушілікпен және т.б. байланысты көптеген мәселелерді шешу үшін үлкен маңызы бар.
Мектепке дейінгі шақ – бұл балалар өміріндегі елеулі кезең, өйткені олар туғаннан мектепке барғанға дейін дамудың үлкен жолынан өтеді бұл дене шапшаң өсіп, организм жалпы нығаятын, ми мен ағзаның барлық негізгі функцияларының дамитын кезеңі. Бұл кезеңде жас шамасының ерекшеліктері ғана емес, сонымен бірге дара типологиялық сипаттар да барынша көзге түсерліктей байқалады.
Типологиялық сипаттар ең алдымен баланың бойында белгілі бір типті нерв жүйесінің болуымен байланысты. И.И.Павловтың іліміне сәйкес, мұндай негізгі төрт типтің: сангвиник (күшті, байсалды, ширақ); холерик (күшті, қызбалау, ширақ); флегматик (күшті, байсалды, енжар) және меланхолик (жігерсіз) болуы мүмкін. Нерв жүйесінің саласындағы, қоршаған болмыспен өзара әрекеттесу кезіндегі психикалық әсерлердің дара психологиялық өзгешеліктерінің табиғи негізін құрайды. Алайда іс жүзінде нерв жүйесінің бұл типтері таза күйінде сирек кездеседі. Баланы көбінесе негізгі типтердің біріне басыырақ бой ұратын (жақындайтын) аралық типке жатқызуға болады.
Арнайы зерттеулер мен практикадан танып білу арқылы мақсатты тәрбиенің, тұрмыс жағдайлары мен шарттарының әсері арасында жоғары нерв жүйесі қызметінің типін белгілі шеңберде өзгертуге болатындығы дәлелденді, соның нәтижесінде бұладың білінуінің өздеріне тән ерекшеліктері көмескіленуі мүмкін. Баланың жоғары нерв жүйесі қызметінің типіне байланысты мінез-құлқы мен термераментінің ерекшеліктері ең кішкентай кезінде бәрінен де айқын, «таза» күйінде көрінеді. Бұл ерекшеліктер режимінің ықпалына деген ең қарапайым әсерлер арқылы да, сондай-ақ айналасындағы ересек адамдармен және құрбыларымен барған сайын күрделене түсетін байланыстары мен өзара әрекеттестігінен де (ата-аналары мен өзге ересек адамдардың талаптарын орындау, ойнағанда басқа балалармен жасайтын қарым-қатынастары және т.б.) білінеді. Мектепке дейінгі шақта қажетсіну дамуын, сол негізде әр түрлі мүдделер қалыптасады. Осы кезеңнің ішінде қажетсіну едәуір даму жолынан өмір сүруді жалғастыру үшін қанағаттандырылуы қажет органикалық қажетсінулерден әлеуметтік қажеттіліктерге (іс-әрекеттегі, қарым-қатыныстағы) дейін өтеді, бұлардың негізінде баланы қоршаған болмысты бағдарлай білуге, оны зерттеуге деген талап алынады. Бұл кездегі аса маңызды мүдде – балалардың білуге құмарлығын дамытуды қамтамасыз ететін таным мүддесі.
Бала өзінің іс-әрекетінде әрекет жасау процесіне деген мүддеден өз іс-әрекеттерде белгілі мақсатқа талпынушылық пайда болады, бала бірте-бірте өз алдына мақсат қойып, оған жетуді қамтамасыз ететін әдістерді таңдай бастайды.
Басқа адамдармен араласу және олармен байланыс орнату саласында нені істеуге болатынын, нені істеуге боламйтынын (мысалы, анасымен және балалар бақшасында тәрбиешімен араласқанда) түсіну негізінде бұл қатыныстарды саралап құруға деген қабілеті барған сайын айқынырақ біліне бастайды.
Мектепке дейінгі балалық шақта іс-әрекеттің белгілі түрлеріне (сурет салуға, ән айтуға және басқалары) бейімділік, балалардың арасында болуға немесе жеке әрекет жасауға талаптану, қойылатын талаптарға бағына білуі немесе олармен санасқысы келмеуі және т.б. жеке-дара ерекшеліктер біліне бастайды.
Мектепке дейінгі балалық шақтың соңында баланың бойында оның мектепке баруға әзірлігін айқындайтын біршама әлеуметтік тәжірибе мен білім жинақталады.
Ғалымдардың зерттеулері мен мектепке дейін әрүрлі жағдайларда тәрбиеленген балаларға жасалған байқау, мектеп жасына дейін дұрыс жүргізілген тәрбие баланы бұдан былайғы бүкіл дене және рухани дамуы үшін шешуші маңызы бар екенін көрсететінін атап айтқан жөн [9. б. 33-35].
Бақылау сұрақтары
1. Тұлға дегеніміз не?
2. Субъект деп кімді айтамыз.
3. Мектеп жасына дейінгі баланың тұлғалық қалыптасуы туралы сипаттаңыз.
4. Субъекті мен объектінің байланысы неде?
5. Жеке-дара ерекшелікке сипаттама жаса.
6. Әлеуметтік жауапкершілік дегеніміз не?
Достарыңызбен бөлісу: |