Тарих сессия сұрақтары Қазақ мемлекеттілігінің тарихи бастаулары мен сабақтастығы туралы жазыңыз


ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамның дәстүрлі шаруашылығындағы өзгерістерді көрсетіңіз



бет3/47
Дата03.04.2023
өлшемі150,75 Kb.
#78842
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47
Байланысты:
Тарих сессия жауаптары

ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамның дәстүрлі шаруашылығындағы өзгерістерді көрсетіңіз

XX ғасырдың басы Ресей империясында әлеуметпк қайшылықтардың шиеленісуімен, Қазақстанда отарлық саясаттың күшеюімен ерекшеленді. Отарлық саясат, әсіресе аграрлық салада пәрменді жүргізілді. Өйткені аграрлық мәселе қоныстандыру саясатына тығыз байланысты еді. Қазақ өлкесі бірнеше қоныстандыру аудандарына бөлінді: ТорғайОрал, Семей, Сырдария, Жетісу. Патша өкіметі «Қоныс аудару қорынна» (Переселенческий фонд) қуру үшін Қазақ өлкесіндегі «артық» жерлерді анықтайтын қоныстандыру басқармаларын құрды. Қоныстандыру басқармалары әрбір қазақ отбасы 15 десятина жер үлесін алуға құқылы деген ереже енгізіп, ал қалған жердің барлығы Мемлекеттік меншік министрлігі басқаратын қоғамдық жер қорына берілетін болды. Мұндай тәртіптер қазақ халқының дәстүрлі мал шаруашылығының күйреуіне әкеп соқтырды. Агроном А. Кауфманның есебі бойынша, мал шаруашылығының қалыпты өмір сүруі үшін, әрбір көшпелі шаруашылыққа, мысалы, Сырдария ауданында 145 десятина жер, ал Жетісуда 110 десятина жер қажет еді.
Қазақстанда жүргізілген 1867-1868 жылдардағы реформалар қазақ жерін саяси отарлаудың жұмысын қорытындылады деуге болады. Негізінен Ресей империясы Қазақстанның көптеген аймақтарын экономикалық тұрғыдан байланыстыруы керек еді, сондықтан ең маңызды мәселе жер мәселесі болды. 1867 жылғы «Уақытша ережеге» сәйкес барлық жерлер, соның ішінде қазақтарға тиесілі жерлер мемлекет меншігі болып жарияланды. Жерді сәтті отарлау үшін казак әскері мен шаруа көшіп-қонушыларының жерлері қарастырылды. Сонымен қатар, қалалық жерлер, өнеркәсіптік, пошта трактілерін, жолдар мен басқа да коммуникацияларды дамыту үшін деген жалаумен бөліне бастады. Осы оқиғалармен бірге көшпелілердің бағыттары бұзылды, қазақтардың тұрақты қысқы қыстауларға көшуі жүзеге асырылды (олар қазақтың көшпелі экономикалық жүйесінің негізі болды). Шаруашылықтың интенсивті нысандары біртіндеп дамыды, өнеркәсіп пен сауда қарым-қатынастары пайда бола бастады. Бұл әсіресе ХIХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында, патшалық билік Жетісу жеріне мал мен минералды шикізат көзі, ресейлік тауарлар нарығы және коммерциялық, қаржылық және өнеркәсіптік капиталды қолдану салалары ретінде қызығушылық таныта бастаған кезде пайда болды. Қарастырылып отырған кезеңде аймақта елеулі өзгерістер болды, капиталистік қатынастар біртіндеп еніп, әлеуметтік теңсіздік пайда бола бастады, жалдамалы жұмыс күші пайдаланыла бастады және көптеген байлар сауда-саттықпен айналыса бастады. Бұл аймақ бүкіл ресейлік нарыққа көбірек тартылды. Патриархалды ауыл шаруашылығынан айрылған өнеркәсіптің алғашқы нысаны қолөнер, яғни тұтынушының тапсырысы бойынша өнім шығару болды. Бірақ өнеркәсіптің бұл түрінде әлі де тауар өндірісі болмады. Әсіресе, қолөнердің кең таралған түрлері – аяқ киім, темір ұстасы, ағаш ұстасы (ағаш өңдеу), былғары, зергерлік бұйымдар шығарыла бастады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет