Тарих сессия сұрақтары Қазақ мемлекеттілігінің тарихи бастаулары мен сабақтастығы туралы жазыңыз


Жәдидтік ағартушылық ойларының Ұлы Дала еліне ықпалы туралы баяндаңыз



бет4/47
Дата03.04.2023
өлшемі150,75 Kb.
#78842
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47
Байланысты:
Тарих сессия жауаптары

Жәдидтік ағартушылық ойларының Ұлы Дала еліне ықпалы туралы баяндаңыз

Ал Кеңестік кезеңде жәдидтік қозғалысқа арналған іргелі еңбектер аз, жоқтың қасы. Себебі, тоталитарлық жүйе ислам дінінің негізі бір Құдайға сену догмасына түбегейлі қарсы болды, оның орнына бір партиялық жүйе, көсемдік басшылық насихатталды. Алайда, ХХ ғ. бас кезінде жәдидтік қозғалысқа ерген қазақ зиялылары анық басып айтпаса да, ғылым мен діннің жаңа формада үйлесуін қолдап, қазақ жастарын озық ғылым-білім жетістіктерімен сусындауына үгіттеді. ХХ ғасырдың 20-30-шы жылдары жәдидшілдік тарихын негізінен жәдидшілдердің өздері жазған. Солардың қатарында Орта Азиялық жәдидтік өкілдері Садриддин Айни (1878-1954) [10] мен Файзулла Ходжаевтардың (1896-1938) еңбектерін атауға болады. Олар, өз еңбектерінде негізінен Бұқара әмірлігіндегі жәдидшілдікті қарастырып, оны бастапқыда мәдени-ағартушылық демократиялық қозғалыс десе, кейіннен таптық тұрғыда ұлттық буржуазиялық қозғалыс деп көрсеткен. Еңбектерінде Орта Азиялық жәдидтердің Түркістан өлкесі құрамындағы туыстас қазақ жәдидтерімен патшалық биліктің отаршылдық саясатына қарсы күресте бірігіп әрекет жасағаны баяндалады.Қазақ ұлтынан ағартушылық туралы ХХ ғасырдың 20-30-шы жылдарында зерттеу жүргізген еңбек авторлары белгілі ұлт зиялылары С.Асфендияров (1889-1938) пен М.Тынышбаевтар (1879-1937) болды.Олар білім беру саласындағы патша өкіметінің отарлық саясатын әшкерелеп жазды, нәтижесінде репрессияға ұшырап, еңбектері ғылыми айналымнан алынып тасталды.

  1. Қазақ зиялыларының қалыптасуы: әлеуметтік құрамы, білімі мен қызметі туралы баяндаңыз

ХХ ғасырдың басында қазақ халқының өзіндік сана сезімі биік деңгейде көрініс тапты. Ұлт мүддесі жолында қазақтың оқыған, ұлтжанды патриоттары алға шықты. ХХ ғасырдағы ұлы реформаторлар Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дұлатұлы ұлтты азаттыққа бастады. Осы қозғалыстың басты және түпкі мақсаты ұлтты азат жолға апару, қазақтың тапталған намысын қорғау болатын.
Бірінші орыс революциясының ықпалымен қазақтардың ұлттық сана-сезімі елеулі түрде өсті. Неғұрлым алыстан болжап, көре білетін қазақтар өздерінің балаларын Ресей мен шетелдердің орта және жоғары оқу орындарына оқуға жіберетін болды. Олар білім алуды өздерінің тапталып, аяққа басылып келген құқықтарын бұдан былайғы жерде сеніммен қорғаудың кепілі деп білді. Қазақ жастары елеулі бөлігінің заң факультеттерін таңдауы тіпті де тегін емес болатын.
ХІХ-ХХ ғасырлар тоғысында тек Қазақ қаласының өзінде ғана (императорлық Қазан университетінде, Қазан мал-дәрігерлік институтында, Қазан мұғалімдер семинариясында) 100-ге жуық қазақ жастары оқыды. Көптеген қазақ жастары Санкт-Петербург, Мәскеу, Томск, Саратов, Киев, Тарту, Каир, Бомбей, Стамбул және Варшава университеттерінде оқыды. Мәселен, Санкт-Петербург университетінің заң факультетін М.Шоқай мен А.Тұрлыбаев алтын медальмен бітіріп шықты. Ал Ә.Бөкейханов Санкт-Петербург Орман институтын, С.Асфендияров Санкт-Петербург әскери медицина факультетін, А.Сейітов Томск университетінің медицина факультетін, Ж.Досмұхамедов Тарту университетінің заң факультетін, М.Ғабдолғазизов Каир университетін, О.Тұрмағамбетов Бомбей университетін, Х.Нұржанов Киев университетінің заң факультетін бітірді. Басқа да көптеген қазақ студенттері болды.
Қарқаралыда туып-өскен Дінмұхамед Сұлтанғазин өте сирек кездесетін талантты студент болды. Ол Томска университетінің медицина факультетін, Санкт-Петербург университетінің шығыстану және заң факультетін бітіріп шықты. Петербург әйелдер медицина институтын Асфендиярова Гүлсім, одан кейін Асфендиярова Мәриям бітірді. Қазақтардың жаппай білім алуға көшуі олардың патша үкіметіне қарсы ұлт-азаттық қозғалысының күшейе түсуіне, өз алдына автономия алуға ұмтылысына жеткізді. Жаңа кезеңде қазақ ұлттық интеллигенция өкілдері отаршылдыққа қарсы күресті басқарды. 1902 жылдардан бастап-ақ патша өкіметі күзетшілері қазақ халқы арасына таратыла басталған, астыртын өкіметке қарсы панисламдық рухтағы үндеулерді ұстай бастады. 1905 жылдың жазында азаттық қозғалысы жаңа сипат ала бастайды. Өлкеде жәрмеңкелердің ашылуына байналысты митингілер ұйымдастырылып, орыс, қазақ газеттері беттерінде саяси мақалалар көріне бастайды.
Петициялар уезд бастықтарына, әскери губернаторларға, генерал-губернаторларға, Ішкі істер министріне, тіпті Ресей императоры ІІ Николайдың атына да жолдады. Отаршыл өкімет билігінің атына жолданған ірі көлемді әрі мазмұнды петициялардың бірі Қарқаралы петициясы болды. 1905 жылдың шілдесінде Қарқаралы қаласына жақын жердегі Қоянды (Ботов) жәрменкесінде қазақ халқының атынан император ІІ Николайға арналған петиция ұйымдастырылды. Оған Семей облысына қарасты Қарқаралы уезінен халық арасында кеңінен танымал беделді 42 қазақ қол қойды. Кейінірек оған Семей және Ақмола облыстарының басқа да уездеріндегі қазақтар қосылды. Петицияны жазуға және жіберуге белгілі саяси қайраткерлер Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, Ж.Ақбаев, Т.Нұрекенов т.б. белсене атсалысты.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет