Тарих сессия сұрақтары Қазақ мемлекеттілігінің тарихи бастаулары мен сабақтастығы туралы жазыңыз


Тұңғыш қазақтаң кәсіби тарихшысы Е.Бекмахановтың негізсіз айыпталуын көрсетіңіз



бет30/47
Дата03.04.2023
өлшемі150,75 Kb.
#78842
түріСабақ
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   47
Байланысты:
Тарих сессия жауаптары

40. Тұңғыш қазақтаң кәсіби тарихшысы Е.Бекмахановтың негізсіз айыпталуын көрсетіңіз
Тұңғыш қазақтың кәсіби тарихшысы Е.Б.Бекмаханов 1947 ж. «ХІХ ғ. 20-40 ж.ж. Қазақстан» деген жеке монографиясы сынға алынды. Ресейге қарсы ұлттық көтерелістің дәріптееген, орысқа қарсы жазылған деп айыпталды. К.Қасымұлы басшылығымен болған көтереліс қатты сыналып, авторға бұржуазияшылұлтщыл идеология дәріптеуші деген саяси айып тағылды. 1952 ж. 4 желтоқсанда ҚазақКСР Жоғары сотының сот алқасы үкімімен 25 жылға бас бостандығынан айырылды. 1954 ж. ақпанда академик, қоғам қайраткері А.Панкратованың тікелей қатысуымен іс қайта қаралып, ақталып шықты.
XVIII-XIX ғасырлар Еуразиядағы болған жалпы геосаяси процестерге обьективті түрде қарасақ, Қазақстан өзінің бірқатар ішкі және сыртқы себептердің нәтижесінде көршілес Ресейден, ал Ресей Қазақстаннан оқшау өмір сүре алмады. Бұл түсінік Ресей империясының құрамына енген шығыс халықтары туралы көзқарас пен тұжырымдарды жаңа тәсілмен, тың ойлармен қарастыруды талап етеді. Кеңес тарихнамасында партия органдарының қысымымен бұл мәселе жоғары деңгейдегі саясаттандырылған мәселе болды. 1920-1970 жылдар арасында бұл мәселе «қоршаған жау» концепциясынан «шексіз жауға» айналып, ары қарай «өз еркімен қосылды»деген идеяға алып келді. Партияның идеологиясына сәйкес сансыз қаулылар қабылданып, ғылыми ізденістер түзетіліп, жаңа ғылыми ой-пікірлер қатаң бақылауда қалды. Өз ойын еркін айтқан ғалымдар қудаланып, остракизмге, репрессияға ұшырады. Осы тағдырды талантты ғалымдар Ермұқан Бекмаханов, Петр Галузо, Бекежан Сүлейменов басынан кешірді.

41. Н.Хрущевтың «жылымығы» жылдарындағы Қазақстанда күнәсіз қуғындалған мемлекеттік, қоғамдық қайраткерлерді «ақтау» және оның жартыкештік сипаты туралы жазыңыз
КСРО ОК-нің Бас секретары, КСРО министрлер Кеңесінің төрағасы И.В.Сталин 1953 жылы 5 наурызда қайтыс болды. 1953 жылы қыркүйекте Н.С.Хрущев КОКП Орталық комитетінің бірінші хатшылығына (1953-1964 жж.) сайланды. «Жылымық жылдары» аталған 50-жылдардың екінші жартысынан бастап елде игі істер атқарылды.
1953- 1955 жылдарда Н.С.Хрущевтің бастамасымен ГУЛАГ жойылды. Бұл кеңес қоғамын сталинизмнен құтқарудағы адамгершілік акт, маңызды қадам еді.Тарихта “жылымық” деп аталып жүрген 1954-1964 жылдары біршама басшылықтың ұжымдық принциптері енгізіліп, әміршіл-әкімшіл басқару жүйесі босаңси бастады. Қоғамдағы кеңес және қоғамдық ұйымдардың рөлі біршама өсті. Қоғамдық өмірді демократияландыруға бағытталған бұл шаралар біршама ой еркіндігін тұғызды. Нәтижесінде мыңдаған кінәсіз сотталған адамдар лагерлерден босатылып, партияның кейбір көрнекті қайраткерлері ақталды. 1930-1950 жылдары істі болған зиялылардың істері қайта қаралып, 1953-1956 жылдары партия қатарынан шығарылған 5456 адам, Ұлы Отан соғысы жылдары жау басып алған территорияларда қалғандары үшін жазаланған 243 коммунист ақталды. Сондай-ақ, 1954 жылы Е.Бекмаханов, Қ.Сәтбаев, М.Әуезов еліне оралды. К.Бекхожин, С.Мұқанов, С.Кенебаев партия қатарына қайтадан алынды. Әйтсе де, Н.С.Хрушев пен оның төңірегіндегілердің Сталиндік тәртіпті сынға алуы үлкен ерлік болғанымен, олар әбден орныққан әміршіл-әкімшілдік жүйені толық жойған жоқ. Әлі де кінәсіз соталған адамдар түрмелерде қалды. Ресейлік патша өкіметінің отарлау саясатын ақтау мақсатында, Қазақстанның Ресейге өз еркімен қосылғандығы кеңінен насихатталып, қазақтардан бірыңғай коммунистік ұлт шығаруға бағыт алынды. Тарихи шындық ақтандақ қалпында қалып, кеңестер жүргізген қанды қырғын біржақты көрсетілді. А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Жұмабаев, М.Дулатов, Ж.Аймауытов және т.б. алаш қайраткерлерінің қызметіне саяси әділ баға берілген жоқ. Ұлттық республикалардың егемендігі жоққа шығарылып, экономика салаларында жалпы бағытты белгілеу, кадрларды тағайындау және тағы басқа көптеген мәселелер орталықтағы шағын топтың қолында қала берді. Қайта құрулар соңына дейін жеткізілмеді. Сталиннің өлімінен кейін жасалған іс-әрекеттің жартыкештігінің салдарынан бір жағынан депортацияға ұшыраған башқұрттар, қалмақтар, шешендер, ингуштар мен қарашайлықтардың автономиясы қалпына келтірілсе, ал, екінші жағынан қырым татарлары, немістер, месхет түріктеріне өз автономиясын қайта құруға әкімшіл-әміршілдік жүйе тиым салды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет