Басталуы:Керімқұл қуанышы
Байланысы: «Ағайынның бай болса,асағаның май болар»
Дамуы: Қонақтарды қарсы алу
Шиеленісуі: «Құр келген» қонақтар. Желге ұшқан арман.Қайыршы бала. Жалғыз үміт –Жеңіскүл.
Шарықтау шегі: Қолды болған бриллиант.Шырқы бұзылған той.
Шешімі: Төрегелді сыйлығы. Көрпеңе қарай көсіл Композициялық құрылыс Шығармадағы кейіпкерлер Керімкұл- баласының тойына бар туған-туысты шақырып , ұлан-асыр той жасамақшы болған мақтаншақ әке.
Жеңіскүл-Керімқұлдың жиені қарындасы. Бауқатты, өзінен ештеңе аямайтын сұлу келіншек.
Төрегелді- Керімқұлдың жездесі. Зейнеткер шал.
Пейзаж
Ендігі үміті, ендігі зарыға күткені — Жеңіскүл. Жасылкенттен жеткенше біршама алыс жер. Кешігіп жатқан шығар. Керімқұл кешкі аспанға қарады. Қаланың аспаны тозаңданып, сұрғылт тартып тұр екен. Аспаннан ақ періште бейнесінде Жеңіскүл ұшып келіп, той тобына топ етіп түсе қалатындай, аспаннан алтын жаңбыр жауатындай жаутаң-жаутаң қарады.
Кейбір сәті — өзен жағасында кәуап пісірген жерді торып, әркімнің аузына жаутаң-жаутаң қарап, құйрығын бұлғаңдатып, көздері мөлие қалатын, өмірі бүйірі томпаймайтын, сұрғылт сидаң қаншықты көзге елестеткендей.Құшақтасып, құтты болсын айтқан адамдардан болар-болмас көз қараспен әлдене дәметкендей кейпі бар.
Сидаң бойлы, сіріңке қоңыр реңді, бурыл шашты Керімқұл ақ костюм, ақ көйлек, қара галстук тағып алып, егде тартқан жасына қарамай, ұшқыр аттай лыпылдап, жайраңдап, құрметті меймандардың алдынан шығып, аймаласып, құшақтасып, құрмет көрсетіп- ақ жүр
Эстетикалық категориялар Ұсқынсыздық
Жеңіскүлдің тойда тілек айтып тұрып, өзінің бриллиант алқасының қолды болғанын біліп шу шығару сәті: Жеңіскүл омырауын қайта-қайта сипалай берді. Еденге қарады. Одан үңіліп, үстелдің астына қарады. Одан микрофон ұстап мелшиіп тұрған тамадаға қарады.
Көк-жасыл-сары көздері зәрленіп:
- Сен алған жоқсың ба? — деп зірк етті.
Ана байғұс сасқалақтап:— Ойбай, апай, нені ? — деп ыршып түстіү
Мына омырауымдағы бриллиант тананы.
-Ойбай, апай, не деп тұрсыз, тана көрсем, мені тана тұрмақ өгіз ұрсын!— Жаңа маған микрофон ұсынғанда қолың омырауыма тиіп кеткендей болған...
— Тана деп тұрғаныңыз не тана ол?
— Бриллиантовые подвески на пятьдесят тысяч долларов!
Ақымақ!Көк-жасыл-сары көздері енді ақшиып бара жатты. Тамада шын сескеніп, кейін шегінді.
Сұмдық
Керімқұл, амал жоқ, ішке кіріп, қалталарындағы конверттерін ақтара бастады. Жездесі берген ең қалың конверт қолына алдымен ілікті. Конверт қамырмен желімделген екен, желімі оңай ажырай қоймаған соң саңылау тесікке саусағын сұғып, кіршең конвертті дар еткізді.
Жүрегінің аздаған дімкәсі бар еді, сол құрғыр шаншып-шаншып алып, артынша сыздап қоя берді.
Конверттің іші тола шылым орауға арналған газет қиындылары. Арагідік арасында кілең бір теңгеліктер.
Бір тілім ақ қағазға:«Керімқұл қайным!Той құтты болсын.
Пенсионер шалдың кәсібінен табылған табыс осы. Риза бол.Жездең Төрегелді»деген қисық-қыңыр жазуды оқыды да, орындыққа сылқ етіп отыра кетті.
Құлдыраушылық
Шырыштай болып тап-таза киінген үлкен кісіден мынандай сөлекет сөз есітемін деп ойламаған жас бала жүрегіне қалмақтың оғы тигендей қатты назаланып қалды.
Қайыршы болма. Қайыршы болсаң — арсыз бол. Мың түрлі адам бар — мың түрлі мінез бар. Соның сорақыларына мән бере берсең, жауқазыныңнан жайрайсың.Бала көше бойындағы зипа терекке арқасын тіреп, жүрелеп отыра кетті. Әлгі жекуді көтере алмай қалды. Әлдекім тұмсығынан тепкен күшіктей ішінен қыңсылады.
Пікір алмасу Дәстүрлі , қарапайым той жасаған дұрыс!
Бұл пікірге келіспеймін, заманауи түрде, жоғары деңгейде өткізілу керек.