Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университеті Филология институты Қазақ әдебиеті кафедрасы 6В01701 – Қазақ тілі мен әдебиеті Пәні: Әдеби үрдіс және сын мәселелері Орындаған: Жаксылыкова Жансая Шыңғысбекқызы Айзат Серікова Бағила Т. Нұрмағанбетовтің “Періштелердің өлімі” романы “Періштелердің өлімі” романы Тақырыбы Идеясы Періште –жақсы адамның болмысы, періштелердің өлімі – жамандықтың жақсылықты жеңіп кетіп, адамның өз періште мінезін, іршіксіз пәктігін жоғалтуы.
Адам баласының тіршілік ету инстинті кез келген қадамға апаратындығын, тұрмыс билеген ортаның адамдары да ерте қартайып, күн көруден өзгені ойламайтын болғандығы туралы суреттеліп, ақша үшін өз болмысын, адамгершілігін сатқан адамдардың бейнесін әшкерелеу болып табылады.
Авторлық ұстаным Сюжет соншалықты тез басталып кетерін ойламайсыз. Тынымбай прозасының табиғаты – қазақы қалжыңға бай, дегенмен бұл шығармада ондай көркемдік әдісті қолдануды жөн көрмейді, бұл басқаша табиғатты шығарма. Бұнда қазақы ауылдың тұрмыс тіршілігі, жекелеген адамдардың ішкі монолог арқылы берілген психологиясы көрініс тапқан.
Сюжет композициясы Оқиғаның басталуы: Ұзынарық ауылындағы сұмдық оқиғалар
Оқиғаның байланысуы: Ералы туралы миф
Оқиғаның дамуы: Байшұбар мен Шертайдың баптаған үш жылқысы
Оқиғаның шиеленісуі:Жыланның уы
Оқиғаның шешімі: Байшұбардың Ахметтен кек қайтаруы
Неліктен роман «Періштелердің өлімі» деп аталды? «Періштелердің өлімі» деген атауына назар салайық… Періштелер деген Ералы, Байшұбар, Шертай емес. Солармен бірге кеткен болмыстар, мінездер. Адам жанының диалектикасын түсіну қиын ғой. Бір терінің ішінде мың құбылған бейне бар. Сол мыңның ішінде қазақы болмыс та бар еді. Т. Нұрмағанбетов сол болмысты аңсайды. ЛИЗАНЫҢ ПОРТРЕТІ Өзі отырған орындықтың тұсындағы үлкен терезеден көше бетке сүзіле қарап отырған Байшұбар почта үйінің жанына келіп тоқтаған әсем қара машинаны байқаған. Әрине, оның қазіргі халінде жеңіл машинаға қызығатындай шама жоқты. Бірақ, сол машинадан сұлу келіншек түскен кезде,бұл кәдімгі мойнын бұрған. Өйткені келіншектің ұйқыдан жаңа тұрғандай албыраған жүзі де, соншалық жарасымды қырыққан шашы да көзі түскен еркектің мойын бұрмасына қоймастай еді. Үстінде ине жіптен жаңа шыққандай үлбіреген ақ көйлек. Аяғына киген туфлиі мен қысқалау юбкасы да ақ. Сол өңшең ақ киімге оранған келіншектің білектері мен тоқ балтыры да өмірінде күн көрмегендей аппақ еді. Көзді де, көңілде де арбаған өңшең ақ түс. Саусақтары да сүйріктей екен. Және сол саусақтарының әрқайсысында асыл жүзік. Өзгені сұлулығымен таңдандырған жан, саусағымен де жасқай ала ма, немене , бұл келіншектің қол сөмкеге бір кіріп, бір шығып тұрған саусақтарына ұзақ қарай алған жоқ.
Сұмдық Байшұбар қанша опасыз болса да, оның қайтадан інісін көруге деген ынтызар ықылас –мейірімі де болды. Осындай ниетте тұрып ол құдықтың ернеуіне енді жақындап келе жатқан Шертайга ентелеп қарай бергені сол еді....
-О,сұмдық!.. Шертай түгілі, адам сыйқына жобасы жақындамайтын бір құбыжық көзіне түсті.
-Шертай-айй! –деді Байшұбар сондай азалы үнмен айқайлап. Бірақ одан әрі ештеңе дей алмады. Не деуді де білмеді. Ол енді басының жалаңбас екенін де ұмытты.
Денесін өртеп бара жатқан күннің алапат отын да сезінген жоқ. Дүние суып кеткендей тұла –бойы мұздап кетті.
Трагедия Өз қолдарымен баққан аттары ажалға әкелген екеуін Лиза да, сол үйдегі аспаз бен ат баптаушы да бұларды осы ордалы жыланға дайындаған. Өмір сүру үшін күнкөріс қамына барған екеуінің сапарының соңғы аялдамасы ажал болыпты. Өмірдің толассыз қатер болатыны осы. Адам өзі үшін өмір сүреді. Бір адамдар соларды өздерінің пайдасы үшін қолданып кетеді.
Ералы өлімі
Шертай өлімі
Ахмет өлімі
Байшұбар өлімі