Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университеті Филология институты Қазақ әдебиеті кафедрасы 6В01701 – Қазақ тілі мен әдебиеті Пәні: Әдеби үрдіс және сын мәселелері Орындаған: Жаксылыкова Жансая Шыңғысбекқызы Айзат Серікова Бағила М. Мағауиннің «Тазының өлімі» повесіне талдау “Тазының өлімі” повесі Тақырыбы Идеясы Қазақтың аңшылық, саятшылық өнерін , ауыл өмірін суреттеу
Тазы Лашынның иесіне деген адалдығын суреттеу арқылы, жеті қазынаның бірі болған құмай тазының көрінісі арқылы ұлттық құндылықтарды жандандыруға дәріптеу.
Авторлық ұстаным Лашынның көзқарасы мен танымы арқылы адамзат баласының болмысын ашу. Лашынның түйген ойларында адамның басқа мақұлұқтардан артықшылығын құлай мойындап, жан иесі атауының барлығы адамзатқа бас ұратынын ұқтырады.
Менің ойымша автор кішкене күшік Лашын бейнесін жас сәби бейнесімен көрсеткен. Яғни кішкентай сәби де бала күнінде барлығын білуге, көруге, қызықтауға ұмтылып, талпынып тұратыны секілді және айналасына тек жақсылық көзбен қарап, пәк, таза көңілін тазы бейнесімен көрсетеді. Басталуы: Әділдің күшікті асырауы
Байланысуы: Алғашқы аңшылықтың суреттелуі
Шиеленісуі: Азулы қасқырдың жеңілісі
Шарықтау шегі: Иесінен айырылған Лашын Шешімі: Қыр басындағы Лашынның аянышты өлімі
Композициялық құрылыс Шығармадағы кейіпкерлер Әділ – Кұшікті алғаш асырап алған адам.
Қазы – тазыны аңшылыққа үйреткен, оның жан жолдасы болған иесі, Әділдің баласы.
Лашын – құмай тазы, шығармада иесіне деген адалдығымен, аңшылық өнерге бейімделген тазы ретінде суреттеледі.
ПЕЙЗАЖ Ертеңіне иесі екеуі таңға бір ұйқы қалғанда тұрды да, шығыс жақ бозара бастаған шамада жүріп кетті. Іңір әлетінде жауған болмашы қырбақ қар жел лебімен сырғи көшіп, ойпаң жерлерге ауыпты. Көкжиекке дейінгі өңірді тегіс алып жатқан, әбден көнеріп, кірлеген ескі қардың бетінде ақтаңдақтанып, ойдым-ойдым болып көрінеді, бұл – меңіреу далаға тіпті көңілсіз кейіп бергендей. Ауа аязбен, таңғы өлкек ызғарымен шыңылтырлана түскен. Жел күнгі өзен бетіндей кей арада бұйралана, кей арада жал-жал боп сіресе қатқан ақ әлемде әр жерден бір қарауытқан сирек тобылғыдан басқа көзге шалынып, көңіл алаңдатар ештеңе жоқ. Суықтан ба, жаңа айқастарға асыққаннан, құмарлық сезімнің толқынысынан ба, үйден шыға бере тазының бойын жеңіл діріл алып кеткен-ді. Ауыл артта қалды. Лашын өзіне-өзі жаңа келгендей. »
Төңірек тегіс шоқы-шоқы, белес-белес. Қырқалардың арасындағы тарам-тарам жүлгелі өлке бойы шөккен түйе көрінбес, қымыздықты көк шалғын, мұздай суық, мөлдір сулы бұлақ, тал, терек, шілік араласа өскен шағын тоғай. Жаз ортасы ауа, күн әбден қызып, шөп басы толған кезде Әділ осы төбешіктерден асып, сай-салаларды шарлап кетті
Топырақи әлі дегдімеген. Ойпаңдар мен шұқанақтарда булары бұрқаңдаған іркінді сулар жатыр. Әр жерде — Қомақты, биік тобылғылардың түбінде тулақтай-тулақтай қар қалдығы көрінеді. Бірақ әлем өзгеше түрге енген. Төңірек күн сәулесіне бөгіп, манаурап тұр. Ауа хош иіске толы. Күшік жұпар шашушы нәрселердің бірі - өзі тапап келе жатқан сабағы жіңішке, күлтебас шөп екенін аңғарды. Тұмсығын тақап еді, жеуге жарамағанымен, иісі ұнамды көрінді. Аяқ асты жұмсақ, түп-түп болып тығыз өскен қалың шөп. Тереңнен көк кеулеп келе жатқаны байқалады. Кейбір түптердің ағынан көгі басым. Күшік жаңа тебіндеген көдені де иіскеді. Рахат! Тамаша! ПОРТРЕТ .
Кеуделі екен, ұзаққа шабар. Қысқа мойын, әрі шықшытты, езулі көрінеді, қайратсыз да болмас. Артқы аяғы да келісті, маймақ біткен – жүйріктік белгісі. Қасқыр алады деп кесіп айтпайын, бірақ түлкі тымаққа жаритынымыз анық.
Көктемдегі добал аяқ, сабау құйрық, шардақ қарын маубас күшік қазір үлкен тазыға айналған. Омырауы даладай боп, кеудесі іріленіп, іші тартылып, бойы кішігірім бұзауға жеткен. Денесімен салыстырғанда рабайсыз үлкен, шодыр төбелі басына түйе жапырақтай жалпақ, ұзын, шашақты құлақтары әсем кейіп беріп тұр. Аузын ашқанда көрінген, қаз- қатар тізілген үлкенді-кішілі сойдақ, аппақ азулар атан түйенің жілігін де омырып жіберетіндей.