Тарих сабақтарында тарихи мәліметтер мен құжаттарды пайдалану.
Іс-тәжірибе сабағының мақсаты: Тарих сабақтарындағы теориялық материалды баяндаудағы мәліметтер мен дерек көздерін, құжаттарды қолдану әдістемесін меңгеру.
Әдістемелік нұсқау: Тарих пәні бойынша тақырып таңдап, хрестоматия бойынша құжаттарды қолдану әдістемесін меңгеру керек, оны тәжірибеде қолдану.
Студенттердің жұмыс түрлері:
1.Тарихи құжаттар мен мәліметтерді зерттеу методикасын меңгеру..
2.Мәліметті конспектілеу. Тарихи мәліметтердің сипаты: авторы, жасалу уақыты, жанры, негізгі идеялары, тақырыптары мен көркемдік ерекшеліктерін анықтау.
3.Тарихи мәліметтермен, құжаттармен жұмыс істеу оқушылардың зерттеушілік дағдысын калыптастырып, анализдеуге (сараптауға) үйретеді, ойлау қабілетін жетілдіру.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Төлебаева Т. Тарихи білім беру – жаңа кезеңде. ||Қазақ тарихы №4, 1995ж.
Тұрлығұл Т. «Тарихи таным және тәрбие», ||Қазақ тарихы №3, 2002ж.
Тұрсын Хазретәлі. Тарихты оқыту әдістемесі. Оқулық.
№ 6 Іс-тәжірибе сабағы. 1 сағат.
Тарихты оқыту жұмыстарын ұйымдастыру формалары.
Іс-тәжірибе сабағының мақсаты: Тарих пәндері бойынша тақырыптық сабақ жоспарын құру, әзірлеу, құрылымын меңгеру.
Әдістемелік нұсқау: Тарих пәндері бойынша , студенттердің таңдауы бойынша тақырып алынып, тықырып бойынша сабақтың тақырыптық жоспары жасалынады. Онда негізгі басшылық оқу бағдарламасы, оқулық, күнтізбелік-тақырыптық жоспар алынады.
Студенттердің жұмыс түрлері:
1. Тақырыптық сабақты жоспарлау.
2. Сабақтың жұмыс жоспары мен оның негізгі компоненттері.
3. Тарих сабағының дидатикалық жабдықтары.
Сабақ жоспарларын әзірлеу:
Мұғалім баяндаған жаңа материалды түсіну сабақтары.
Дағды мен шеберлікті қалыптастыру білімділікті тексеру сабақтары. Жалпылама немесе қайталама- жалпылау сабақтары.
Білімділік пен шеберлікті тексеру сабақтары.
Семинар сабақтар.
Ықпалдастық сабақтар т.б.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Короткова М.В., М.Т. Студеникин. Методика обучения истории в схемах, таблицах, описаниях. М.,1999.
Актуальные вопросы методики обучения истории в среднй школе./ под ред. А.Г. Колоскова . М.,1984.
Дайри Н.Г. Как подготовить урок истории? М.,1969.
№ 7 Іс-тәжірибе сабағы. 1 сағат.
Достарыңызбен бөлісу: |