«Тарихты оқыту әдістемесі» пәні бойынша ОҚУ-Әдістемелік кешен


Тарих пәнінің жоспарлары мен бағдарламалары



бет70/91
Дата10.11.2022
өлшемі1,14 Mb.
#49121
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   91
Байланысты:
«Òàðèõòû î?ûòó ?ä³ñòåìåñ³» ï?í³ áîéûíøà Î?Ó-?ä³ñòåìåë³ê êåøåí

Тарих пәнінің жоспарлары мен бағдарламалары.
Іс-тәжірибе сабағының мақсаты: Жалпы орта білім беру мекемелеріндегі Қазақстан тарихы және Әлем тарихы пәндері бойынша оқу жоспарлары мен оқу бағдарламалары туралы білім-біліктерін қалыптастыру.
Әдістемелік нұсқау: Қазіргі қоғам оқытушылардан үздіксіз, жүйелі де берік білім беруді іске асыру міндетінің орындалуын талап етуде. Әр мұғалім осы бағытта оқу үрдісінің жалпы мазмұнын білу, кәсіби терең білімнің болуы және білім беру құжаттарымен жұмыс істей білу талаптарын орындап, іске асыра білуі шарт. Студенттер Қазақстан Республикасы Жалпыға міндетті білім беру стандартын басшылыққа ала отырып, мазмұнымен танысуы қажет және оқу үрдісін ұйымдастырудағы оқу бағдарламаларымен танысу, тәжірибеде қолдану.
Білім беруді анықтайтын құжаттарға: білім стандарты, оқу жоспары, оқу бағдарламалары, оқулықтар жатады. Оқу үрдісін ұйымдастыратын әрбір оқытушы аталған құжаттармен жұмыс істей алуы керек. Себебі олар білім алудың негізгі құралдары болып табылады.
Студенттердің жұмыс түрлері:

  1. Тарих пәндері бойынша білім беру стандартының мазмұнымен танысу.

  2. Стандарт бойынша оқушылардың Қазақстан тарихы бойынша және Әлем тарихы бойынша білім-білік дағдыларын жазу.

  3. Пән бойынша типтік оқу, оқу жұмыс бағдарламаларымен танысу, тәжірибеде қолдану.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасы Білім беру Заңы. А., 2007ж.

  2. Қазақстан Республикасы білім беру концепциясы.

  3. ҚР Жалпыға міндетті білім беру стандарты. А., 2000.

  4. Қазақстан тарихы пәні бойынша типтік бағдарлама. А., 2006.

  5. Әлем тарихы бойынша типтік бағдарлама. А.,2006.

2 Іс-тәжірибе сабағы. 1 сағат.


Тарихты оқытуда белсенді және инновациялық әдістерді қолдану.
Іс-тәжірибе сабағының мақсаты: Тарих пәнін оқытудағы нәтижелі, сапалы білім көзі- интерактивті және инновациялық әдіс-тәілдерді білу, оны тәжірибеде қолдану дағдыларын қалыптастыру.
Әдістемелік нұсқау: Тарих пәні бойынша студенттің таңдауы бойынша келелі тақырып алынып, ол бойынша ойын түрлерін қолдану әдістемесінің жоспарын әзірлеу қажет, ның презентациясын әзірлеу.
Оқытудың ойындық формасына кіретін әдістерге – ролдік ойындар, конкурстар, жарыстар, тренингтер, интеллектуалдық шолулар, брейн – ринг т.б. іс-шаруалар өз кезегінде оқушылардың осы пәнге деген ынтасын арттырары сөзсіз. Қолданылатын ойын атауларын тізбелесек, олар: «Тарихи шынжыр», «саяхат», «Жас деректанушы», «ХХІ ғасыр көшбасшысы», «Проблемалық полемика», «Тестік конкурс», «Тарихи сахналық қойылымдар», т.б.
Студенттердің жұмыс түрлері:

  1. Тарих пәні бойынша сабақта ойын түрлерін қолдану әдістемесін көрсету:

  • іскер ойын;

  • рөлді ойын;

  • дебат;

  • танымдық-шығармашылық ойындар;

  • дамыта-оқыту ойындары т.б./

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Б. Әбділғұловп «Қазақстан тарихын оқытудың кейбір мәселелері», ||Қазақ тарихы №2, 2005ж.

  2. А. Қайдарова «Инновациялық тәжірибе ерекшеліктері», ||Қазақстан мектебі №1, 2005ж.

  3. Батталханова Е. «Инновациялық іс-әрекетке мұғалім даярлау жолдары», ||Қазақстан мектебі №3, 2002ж.

  4. Әбділғұлова Б. «Қазақстан тарихы сабақтарындағы танымдық тапсырмалар», ||Білім берудегі менеджмент №1, 2002ж.

3,4 Іс-тәжірибе сабағы. 2 сағат.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет