Тарту Қазақтың қаны бір, жаны бір жолбасшысы – мұғалім. Еліміздің азғана жылдық ояну дәуіріне баға беру үшін алты алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын – мұғалімдердікі. Бірге оқысқан, бірге оқытысқан, жылдарымыз бір



бет51/63
Дата18.05.2022
өлшемі302,54 Kb.
#34866
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   63
Байланысты:
Мағжан. Педагогика (копия)

Ішкі сезімдердің сыртқа шығуы. Жаңда болған әрбір ішкі сезім сыртқа шықпай, яғни денеге әсер бермей қоймайды, не бет өзгереді, не дауыс өзгереді, не жай денеде бір әсер болады. Мысалы, ұялғанда бет қызарады, қорыққанда дауыс, дене дірілдейді. Халық ішкі сезімдердің орны жүрек деп біледі. Бұл пікірде әжептәуір дұрыстық бар. Шынына келгенде әрбір ішкі сезімнің болуына ми себепші, бірақ ішкі сезімнен көп әсерленетін – жүрек. Мысалы, қуаныш уақытында жүрек жұмысын жылдам атқарады – «ойнайды», ал енді реніш уақытында жұмысын шабан атқарады – «қысылады».
Ішкі сезімдердің бөлінуі. Бірінші, ішкі сезімдер мінезіне қарап екіге бөлінеді: жағымды һәм жағымсыз ішкі сезімдер. Яғни қандай болса да ішкі сезім мінезіне қарағанда не жағымды, не жағымсыз болмай қоймайды. Екінші, ішкі сезімдер күшіне қарап бөлінеді. Күшіне қарағаңда сезімді екіге айыруға болады: жанның күйі һәм аффект жан күйі. Адамда бір ішкі сезімнің ұзақ болуы жан күйі деп аталады. Мысалы, адамда қайғы ұзақ болса, оның жан күйі де қайғылы мінезді болады. Кейбір адамдардың жаны өмір бойы бір күйде болады. Мысалы, туғаннан бері тарлық, кемдік, жоқтық, науқас көрмеген адам ылғи қуанышты, шат болады. Өмір бойы кемдік, тарлық көрген қу қанжыға адам жадырауды білмейтін болады.
Аффект. Тіпті күшті болған ішкі сезім аффект деп аталады. Аффект көбінесе кенет болады. Оны құйынмен ұқсастыруға болады. Ішкі сезім аффект дәрежесіне жеткен уақытта жанның басқа күштері әлсіреп, жұмысы шабандап қалады. Мысалы, ашу уақытта, қатты қорыққан уақытта ақыл жөнді жұмыс қыла алмайды. Аффект тым күшті дәрежеге жеткенде, не істеп, не қойғанын ойлай алмайды. Мысалы, күшті аффект уақытында адам төбелесіп қалады. Кісі өлтіріп тастайды. Кенет күшті болатын аффект адамның денесіне де күшті әсер береді. Бетті қуартады, қызартады. Денені дірілдетеді, күлдіреді, жылатады, кейде кенет шашты ағартады. Аффект нерв системасына күшті әсер береді, аффектіден соң адам әлсіреп қалады.
Ішкі сезімдер тағы екіге бөлінеді: өзімшілдік (эгоизм) ішкі сезімдер һәм көпшілдік (альтруизм) ішкі сезімдері. Кіндігі өзімізде болған, яғни біздің не әлсіздігімізді, не күштілігімізді көрсететін ішкі сезімдер өзмшілдік ішкі сезімдері деп аталады. Ұялу, қорқу, батырлық, ашу, жек көру, тәкаппарлық, күншілдік сықылды. Ал енді басқа адамдар һәм жаратылыс үшін болатын ішкі сезімдер көпшілік ішкі сезімдері деп аталады: достық, аяу сықылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет