Тас дєуірі кезењі, тарихи ескерткіштер



бет12/33
Дата18.11.2023
өлшемі0,9 Mb.
#124303
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   33
Байланысты:
Ұлы Дала өркениеті. Оқу құралы

1.6 «Қазақ» атауы туралы

Кез келген этникалық үрдістегі қолайлы жағдай ортақ территория мен ортақ тілден бастау алады. Ал оның ұйытқысы болатын табиғи - жағрапиялық жағдайларына байланысты шаруашылықтың бір типі (басшылық ететін, (ведущий)) қалыптасып дамиды. Осылардың нәтижесінде ортақ мәдениеттің негіздері қаланады және интеграциялану себептері өзіндік ортақ мәдениет дәрежесіне дейін көтеріледі. Жалпы ортақ мәдениеттен өзіндік этникалық сана-сезім туындайды. Ал этникалық сана-сезімнің нығаюы сол этностың әлеуметтік- территориялық ұйымын туғызады. Өз кезеңінде бұл ұйым этностың тұрақты тіршілігі мен біртұтастығын қамтамасыз етеді. Этникалық үрдіс желісінде этностың атауы қалыптасады. Этникалық атаулардың тікелей өз аты немесе әртүрлі себептерге байланысты жинақталған аты болады.


Көшпелілердің этникалық тіршілігі мен билік қатынастары – ру-тайпа төңірегінде өтеді. Оған қажетті алуан-типті күрделі құрылымдық қатынастар қызметін бір-бірімен тығыз байланысқан (мәселен, әлеуметтік-мәдени, шаруашылық, аймақтық, идеалық және т.б.) «жүйелер» (оны шағындалған жүйелер деп те айтуға болады) атқарады. Сонымен қатар, көшпелілердің саяси, әлеуметтік, этникалық сипаттары синкретті болғандықтан бөліп қарастыруға болмайды.
«Қазақ» атауының шығу тегі туралы мәселе ғылыми ортаны мазалағанына біраз уақыт болды. Бірақ әлі күнге дейін бұл мәселеге ғылымда дәл, тоқ етер жауап жоқ. Айтқандары тарихнамада талай пікір туғызды, айтыстар көтерді, әрқилы жарыққа шыққан жорамал –жорулар бірауызды шешімге келетін ой-түйіні тумай отыр. Алайда, ұлттың тарихын зерттеуде, оның арғы тегі мен мән-мағынасын анықтауда маңызды құралы болып сол ұлттық тілдің тарихына көңіл бөлінуі тиіс. Оның тілдік этимиологиясында әрбір халықтың тарихын түсінуге көмегі тиетін айғақтар баршылық.
Кейбір тарихшылар «қазақ» сөзін қазақ халқының ежелгі этникалық атауы десе, ендігілері оны мифиялық көріністерімен байланыстырады, келесілері «қазақ» терминінің құралуы екі сөздің «қас» және «сақ» ұғымдардың қосылуынан болды дейді, енді біреулері «қазақ» атауының қалыптасу негізіне «сословиялық» және «әулеттік» мағына беріп, оны жаужүрек ерікті күрескерлердің мемлекеттен бөлінуін айтады, сонымен қатар осы ұғымға исламдық мағына беретіндер де бар.
Назар аударып көңіл қоятын болжау-пікірлер мен дәлел-деректердің қайсысы дұрыс деген сөзі сұранып тұр. Осы мәселе бойынша тарихшылардың айтқан бірнеше ойларын мүмкіндігінше салып көрелік. Алғашқы болып «қазақ» терминінің қалыптасуын тарихшы Фишер көтерген болатын. Ол: «Можно бы было произвести его (қазақ сөзін айтып отыр) от арабского слова «гази», что значит военного человека, который сражается за веру и законы против неприятелей веры» - десе де, көшпелілердің тұрмыс-бітіміне сәйкес келмейтін ой тұжырымдады. Қазақстан тарихына арналған әуелгі шолу еңбегінде Левшин («Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких орд и степей». 1832ж. жазылған): «... тщетно трудились те, которые производили оное от «козы», от «кипчака», от «косы днепровской», от «словенского полководца «казака», «хазар» и т.д. Впрочем, несостоятельность сих мнений и без этого признана» - деп сөздің түп-төркінін ол жерден іздеудің өзі қателік десе де, бұл атауды татарлармен (моңғол) байланыстырады және әуелгі қазақ солардан шықты дейді. Сондағы қазақ халқының шығу тегі себебін татар-моңғол шапқыншылығы мен Алтын Орда уақытымен байланыстырып отыр.
Вельяминов-Зернов «қазақ» терминіне байланысты ұғымын ашып бермесе де, оны «Рождество Христово» уақытынан бұрын болған халықтың бірі деп санайды. Әрине, оның қорытқан ойы шындықтың әрі-берісін бейнеледі. Сонда да, қазіргі уақытта оның тұжырымын жоққа шығаратын және дәлелдейтін фактілік материалдар жоқ.
Ғылыми зерттеушілердің ішінде кеңінен тараған ұстанымдардың бірі «қазақ» сөзінің мағынасын «өз елінен бөлініп шығып, еркін жүрушілер, еркін адамдар, ер жүрек еріктілер, өкімет билігін қолына алуға орай күтіп, оқшау өмір өткізген адамдар» дегеннен шығарады. Осы тағлымның пайда болуына В.В.Радлов себепті, ол «қазақ» атауын «ерікті адамдар мен әулеттілердің өз елінен бөлініп, билік үшін күресте ұтылған, бірақ ыңғайы келсе шабуылдан тайынбайтындар»,- деп мағыналады. Радловтың соңынан осы пікірді Бартольд де қабылдады.
«Қазақ» терминінің шығу тегін ерте заманға апарған ғалым А.Н.Бернштам болды. Ол ежелгі замандағы қаспи және сақ тайпасының бірігуінен пайда болған, «қазақ» сөзінің қазіргі «еркін адам» дейтін мағынасы кейін шыққан ұғым деп тұжырымдайды. Бағзы заманда этникалық екі мүше қас – сақ – қазақ жасалуы мүмкін. Сөйтіп, «қазақ» терминінің бірінші сыңарынан Каспий теңізі атында сақталып қалған ең алғашқы «қас» тайпа атауы болса, екінші сыңарынан көшпенділердің бір кездегі ең ірі бірлестігін жасаған «сақ» атауын көреміз. Осыдан қазіргі «қазақ» этнонимі шықты. Қазақ сөзінің қазіргі мағынасы барынша кейінгі дәуірдің жемісі деп тұжырымдады Бернштам.
Қытай, араб, ұрым, орыс және т.б. елдердің жылнамаларынан «қазақ» сөзінің әртүрлі вариантта түсіндірілген және сол атаумен мәлім болған тайпалардың мекен құрған жерлерін де белгілеп отырды. Ал өмір сүрген уақытына келетін болсақ б.д.д. ІІ ғасырдан бастап белгілі. Сонда «қазақ» атауының кеңістіктегі төрт құбыласына таныс, әлемге әйгілі ат болғанын көреміз. Демек, «қазақ» атауы тек XV ғасырда ғана жарыққа шығып мәлім болмапты. Алайда, «қазақ» атауы тарихи кезеңнің әр уақытысында мәлім болса да, ол этникалық атауды білдірген-білдірмегені ғылымға әлі құпия болып отыр. Мысалы: кіші жүз құрамындағы жеті ру тайпалары «қарт қазақ» деп те аталып жүрді.
Көне түркі тілінде жазылған құлпытастарда осы «қаз» түбірінен туындайтын сөздер кездеседі, олар мыналар: қазғану, қазғандұқ, қазғантұқын, қазғанмасар және қазғақ оғлұм. Осы сөздер қажырлы қайрат жұмсау, күресу, талпыну, еркіндікке ұмтылу, ерлік істеу, табысқа қол жеткізу және мықты, берік, жойқын, алып мағыналарында кездеседі.
Сөйтіп, «қазақ» ұғымы әртүрлі мәндерге ие болды, олар:
1. Аңыздың пайымдауынша қазақ сөзі ақ-қаздың ұғымынан шықты дейді.
2. Қазақ сөзі түркі тілдеріне енгеннен бастап ХІІІ ғасырдың аяғына шейін «еркін жүрген жалғыз басты» ер жігіттің ерлік қасиетіне байланысты сөз рөлін атқарды. Соның ішінде бұл сүйікті сәбидің есімінің, жау жүрек қолбасшының, батырлардың, құрметті лауазымының да баламасы болған.
3. ХІІІ ғасырдың аяғынан бастап, бұл сөз хан, әмір, сұлтан жеңіл қаруланған атты жасағының атауы болады. Одан кейін Алтын Орданың ыдырауы қарсаңында хан әскерлерінің төменгі, жеңіл қаруланған бөлігінің атауына айналып, оның орнында құрылған ұлыстық хандықтардың нығаюына зор тірек болса керек.
4. ХV ғасырда қалыптасу үрдісі аяқталған қазақ мемлекеті мен қазақ халқының атауына ие болды.
5. ХV-ХVІІІ ғасырлардағы крепостнойлық езгіден қашқан орыс-украин кедейлерінің құрған жеңіл атты жасақтарының атауына айналды.
Қазақтың шежірелері мен аңыздары «қазақ», «алаш», «жүз» деген атауларды бір-бірімен байланыстырып шертеді. Осы ұғымдар көшпелі өркениетке тән қарым-қатынастар түзеу үстінде пайда болады. Бұл арада айтайын дегенім, қоғамдық ұйымдасуын білдіретін ру, тайпа, жүз тағы сол сияқты әр түрлі таксономиялық деңгейлер иерархиялық жүйе құрамындағы саяси құрылым, оның көрінісі болып билік қатынастары туысқандық, ағайындық жүйелермен бекітіледі. Сол себепті «бір атаның ұрпағы, бір тамырдың бұтағы» деген ұстаным әлеуметтік-мәдени, шаруашылық, экономикалық, экологиялық, тағы сол сияқты күрделі жүйелердің туыстық қатынастармен өзара үйлесуін білдіріп, жалпы тұтастықтың ұйытқысы ретінде билік қызметін атқарады. Сондықтан қазақ, алаш, жүз сөздерінің мән-мағынасы бір-бірімен тығыз байланыста.
Шәкәрім Құдайбердиевтің "Шежіресі" бойьшша Ақ Орданың өзбек және қазақ болып бөлінудің себебін тайпалар арасындағы келіспеушіліктен көреді. Ол: «Әбілхайыр ханның тұсында Қобыланды батыр Ақжол биді өлтіріпті. Бұны естіген Жәнібек сұлтан арғындардың мүддесін қорғап, Әбілхайырдан Қобыландыны сұрайды. Бірақ Хан оған келіспейді. Наразы болған Жәнібек, елімен бірге көшіп кетеді»,-деп баяндайды. Рузбиханның жылнамасы бойынша Ақ Орданың бөліну себебі Орда-Ежен мен Шайбан ұрпақтарының арасындағы тартыс деп көрсетеді. Ол: «үш тайпа өзбектерге қарайды... Олардың біреуі - шайбанилықтар және бірнеше ұрпақтар бойы болған хан билеушілер. Екінші тайпа - қазақтар, олар бүкіл әлемге күш қуатымен, жауынгерлігімен белгілі. Ал ушінші тайпа - манғыттар, ал олардан - Астрахань патшалары» деп қорытқан сөздерінен, сол уақытта «қазақ» және «өзбек» атауы этникалық бірлестіктен гөрі саяси бірлестік болғандығын байқатады.
Сонымен, Дешті Қыпшақтағы тайпалардың бір бөлігі Әбілхайырдың немересі Мұхамед Шайбаниді қолдап, Мауераннахрға қоныс аударып, өзбек мемлекетінің этникалық негізін қалады. Ұлы далада калғаны - қазақтар атанды. Алаш тайпалары Қазақ хандығының шеңберінде біріккеннен кейін ғана «қазақ» атауы саяси мағынадан ауысып, халықтың ортақ атауына айналды. Қазіргі уақытта алаш ұғымы ұлттық бірліктің негізі ретінде қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет