Жуан буын
|
Жіңішке буын
|
Сөздің алғашқы буыны жуан болса, келесі буын да жуан болады.
Оқу – шы, қа – ла, ор – ман.
|
Сөздің алғашқы буыны жіңішке болса, келесі буыны да жіңішке болады.
Ән – ші, үй – де, өн – ер.
|
Сөздің соңғы буыны жуан болса, қосымша да жуан болады. Оқу – шы – лар, қалада – ғы – лар, орман – да.
|
Сөздің соңғы буыны жіңішке болса, қосымша да жіңішке болады. Әнші – лер, үйде – гі – лер, өнер – де – гі – лер.
|
Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар
|
1. Көмектес септік жалғауы
|
Баламен, қонақпен, сәнімен, т.б.
|
2. –нікі, (-дікі, -тікі), - тай, -тал, -дар, -еке, -тар.
|
Даланікі, әкетай, діндар, ағаеке, өсімтал.
|
3. –бей, -би, -кер, -гер, -қор, -паз, -қой, -кеш, хана, -кес.
|
Бейшара, балгер, жемқор, әсемпаз, сәнқой, емхана, жұмыскер, зиянкес.
|
4. -ов, -ова, -ев, -ева, -ин, -ина.
|
Әуезов, Жұмабаев, Сейфуллин, Жұмғазина, т.б.
|
Д Ы Б Ы С Ү Н Д Е С Т І Г І
Сөз бен қосымшаның жігінде немесе сөз бен сөздің аралығында дауыссыз дыбыстардың бірін – бірі өзіне ұқсата әсер етуі дыбыс үндестігі деп аталады.
|
Ілгерінді ықпал
|
Кейінді ықпал
|
Тоғыспалы ықпал
|
Түбір мен қосымшаның немесе сөздердің аралығындағы көршілес дыбыстардың алдыңғысының кейінгі дыбысқа әсер етіп, өзіне ұқсатуы
|
Түбір мен қосымшаның немесе сөздердің аралығындағы көршілес дыбыстардың соңғысының алдыңғы дыбысқа әсер етіп, өзіне ұқсатуы
|
Сөз бен сөз аралығында қатар келген дыбыстардың бір – біріне ілгерінді – кейінді ықпал етуінің нәтижесінде екеуінің де өзгеріске ұшырауы
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |