Байланысты: КЕШЕН 107d6c74-9374-11e5-ae2b-f6d299da70eeОПИУД КАЗ ЛЕКЦИИ готовый
Дәріс№9 Жүк- және жолаушы ағыны, оларды зерттеу әдістері. Халықтың көліктік қозғалысы.Көлік жұмысының сандық және сапалық көрсеткіштері. Кәсіпорындар мен халыққа көліктік-экспедициялық қызмет көрсету.Тарифтерді құру және көліктік қызмет көрсетудің даму принциптері, көліктік қызмет көрсетудің сапасына қойылатын талаптар
аралық және соңғы аялдамаларды автокөлік құралдарының бос жүріс аралығын азайту мақсатында ірі жүк жинау орындарына жақын орналастыру;
қозғалысты ұйымдастырудың тиімді жүйесін қолдану.
Жүк ағындары белгілі-бір уақыттағы белгілі-бір бағыт бойынша тонналық жүк сандары.
Графикалық жүк ағындары сызба түрінде немесе жүк ағындарының эпюрасы түрінде ұсынылады. Жылжымалы құрам тасымалдауындағы қатынас жолдарында жүктің қисық сызықты қозғалысы түзу сызықтықпен алмасады.
Жүк ағындарының эпюрасы келесі түрде құрылады. Бірінші, белгілі-бір ұзындық масштабымен тасымал кезіндегі бір немесе бірнеше аймақтар белгіленеді. Содан соң осы сызыққа белгілі-бір масштапбен тасымал қашықтығын қоса алғандағы жүк саны сызылады: бірінші кезекте жүк, келесі де қабылдау пункті
Эпюр жүк тасымалының түзу және кері бағытта сызылады. Түзу және кері бағыттағы жүк ағындары қатынасының шамасы бағыт бойынша жүк ағындарының бірқалыпсыздық коэффициенті деп аталады.
Жүк ағындары эпюрасын тұрғызуда екі жағдай болуы мүмкін: барлық жүк жөнелтетін және жүк қабылдайтын пункттар.
Жүк ағындары картограмма түрінде ұсынылуы да мүмкін. Картограмма- аралас жүктердің арнайы қатынастағы автомобиль жолдары, көшелердегі жүк ағындарының картадағы графикалық бейнелеуі.
Эпюр мен картограмма жүк тасымалындағы жылжымалы құрамның маршруттық қозғалысын жасауда үлкен мәнге ие болу мүмкіндігін көрсетеді.
ҚЖК жүйесін жаңғырту жолындағы алғашқы кадам әлемнің түрлі елдерінің практикалық тәжірибесін зерделеу болды. Анықталған шешімдердің талдауы, шын мәнінде, жалпы пайдаланыстағы қалалық жолаушы көлігінің жұмысын ұйымдастыруда баламалы екі тәсілдің бар екендігін көрсетті.