Экономикалық көрсеткіштер көліктің тасымалдау мүмкіншіліктерін, экономикалық тиімділігін, еңбек өнімділігін, құнын, ыңғайлылығын, жылдамдығын және т.б. сипаттайды.
Оларды нақтылы, шартты – нақтылы, пайдаланымды- техникалық және бағалық деп бөлуге болады.
Нақтылы немесе шартты – нақтылы көрсеткіштерге тасымал көлемі және арақашықтығы, жүк және жолаушы айналымы, жүк кернеулігі, көлік желісінің жиілігі, жүктің өнімділігі және тағы басқалар жатады.
Пайдаланымды – техникалық көрсеткіштер: тасымалдау және өткізгіштік қабілеттілік, жүйелілік, қауіпсіздік, жүріс жылдамдығы және мерзімі, жол сапардың жайлылығы, айлалылық.
Экономикалық (бағалық) көрсеткіштерге тасымалдаудың бағасы және тарифі, өздік құн, кіріс, тиімділік, меншікті капиталдық салым, келтірілген шығындар т.б. жатады.
Тасымалдаудың өздік құны экономикалық бағамдаудың ең маңызды жиынтық көрсеткіштерінің бірі, оның шамасына тасымал көлемі, арақашықтығы, жылжымалы құраманың жүк және жолаушы сиымдылығы, энергетикалық қорлардың шығыны, тәуліктік немесе жылдық жұмыстың мерзімі және басқа да факторлар әсер етеді.
Жүктер мен жолаушыларды тасымалдау мерзімі мен жылдамдығы көлік өніміне елеулі әсер етеді және көлік түрлері бойынша маңызы да әртүрлі болады. Жүктерді тасымалдаудың орташа жылдамдығы анықталады:
сағ (12)
мұндағы L – тасымалдау арақашықтығы,км;
- тасымалдау жылдамдығы, км/сағ;
tдоп- қозғалысты ұйымдастыру барысындағы қосымша уақыт, сағ.
Көлік тарифтері.
Тариф – көлік қызметін пайдаланғаны үшін төленілетін төлемдер бойынша белгіленген бағалардың жүйесі.
Негізін тасымалдаудың өздік құны құрайтын тарифтік белгіленген бағаның абсолюттік шамасы көлік нарығының канъюктурасына, көлік қызметіне деген сұраныс пен ұсынысқа байланысты болады.
Тарифтік төлемнің негізін тасымал арақашықтығы, бір мезеттік жөнелтулердің шамасы, жүктің сипаты, жылжымалы құраманың мамандандырылуы, тасымалды орындаудың аумақтық шартты жағдайлары құрайды. Тарифтер мемлекеттік аймақтық, салалық, еркін және келісімді түрде болады.
Автокөлік құралдары көбіне уақытша, шақырым бойынша және жасалынған немесе жүргізілген жұмыстарға байланысты тарифтерді алады.
Уақытша тарифтер. Белгілі-бір уақыт ішінде тасымал көлемі мен санын анықтау мүмкін болмағанда клиенттерге ұсынылатын тарифтер.
Тариф бір сағатқа жылжымалы құрам түріне және пробегті есептеу арқылы жүргізіледі.
Километр бойынша тарифтер. Жылжымалы құрам моделі мен түріне және пробег шамасына байланысты қарастырылатын төлемдер. Көбіне бұл тарифтер қалааралық тасымалда немесе автокөлік құралдары өз ішінде араласуында орындалады.
Жасалынған немесе жүргізілген жұмыстарға байланысты тарифтер. Бұл тарифтер белгілері жүкті тасымалдау мен жүк класына байланысты автокөлік қызметінде жүк тасымалдауда еркін баға бойынша тасымалдаудың өзіндік құны мен бәсекелік дәрежесіне байланысты анықталады.
Дәріс№10 Жолаушылар тасымалын ұйымдастырудағы ерекшеліктер. Таксомоторлы тасымалдар, олардың сипаттамасы тасымалдау үрдісін жедел-диспетчерлік басқару жүйесі. Автовокзалдар мен стансалар. Диспетчерлік аппарат және оның жұмысын ұйымдастыру. Халықаралық автомобиль тасымалдары, жүргізушілер экипажы мен жылжымалы құрамға қойылатын талаптар.
Автовокзал'(грек тілінен autos — өзі, ағылшын тілінен vauxhall — көңіл сергітетін мекеме) — қалааралық автобус жолдарының соңғы және тораптық пункттерінде жолаушылар мен автобус қызметкерлеріне қызмет көрсетуге арналған қала ғимараттары кешені. Ол жолаушылар үйі, ішкі көлік аумағы және вокзал алаңынан тұрады. Автовокзал ғимаратында жолаушылардың күту залы, кассалар, ана мен бала бөлмесі, қол жүгін сақтайтын қоймалар, кафетерий, сантехникалық тораптар, диспетчерлік қызмет, автобус жүргізушілері және әкімшілік бөлмелері т.б. болады. Автовокзал аумағында жолаушыларды автобусқа отырғызып-түсіретін перрон,рейс аралықтарында автобустар тұратын алаң, автобус қорабын жуатын қондырғылар т.б. орналасады. Автовокзал автобустар қозғалысын басқаруға арналған автоматты сигнал беру құралдарымен, радиобайланыс және теледидар құралдарымен жабдықталады.
Автовокзал мен автостанция ұсынатын ақпараттың міндетті тізбесі мыналарды қамтиды:
1) осы автовокзал (автостанция) бойынша автобустардың, шағын автобустардың жөнелтiлу және келу уақытын;
2) осы автовокзалдан жөнелтiлетiн барлық автобустардың, шағын автобустардың маршруттың барлық аялдау пункттерiне келу және тұру уақытын (автовокзал үшiн ғана);
3) кесте бойынша рейске жөнелтiлетiн автобустардың, шағын автобустардың үлгiлерi мен маркаларын;
4) облыс маршруттары бойынша, сондай-ақ осы автовокзалмен тура автобус қатынасы бар басқа облыстардың автовокзалдары мен автостанцияларының маршруттары бойынша автобустардың, шағын автобустардың қозғалыс кестесiн;
5) жол жүру және багажды алып жүру құнын;
6) жол жүру құжаттарын (билеттерiн) басқа рейске қайта ресiмдеу тәртібін, сондай-ақ сапар iске аспаған жағдайларда жол жүру мен багажды алып жүру құнын қайтару тәртiбiн;
Достарыңызбен бөлісу: |