ҚОРЫТЫНДЫ
1. Зерттеу проблемасына қатысты шетелдік және отандық психологиялық-
педагогикалық
әдебиеттерге
жасаған
талдау
нәтижесі
тұлғаның
коммуникативтік
креативтілігін
қалыптастырудың
шетелдік
ғылыми
еңбектерде психология саласынан зерттелгенін, қазақстандық зерттеулерде
білім алушының қарым-қатынас жасау мәдениетін, коммуникативтік
құзыреттілігін, ақпараттық-коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру
мәселелерінің жан-жақты қарастырылғанымен коммуникативтік креативтілік
ұғымдарының бірлікте зерттеу нысанына алынбағандығын кӛрсетті. Сондай-
ақ, болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби даярлығы мәселесінің жан-
жақты
қырларының
теориялық-әдістемелік
негізделгенімен,
олардың
коммуникативтік
креативтілігін
қалыптастыру
мәселесінің
арнайы
зерттелмегендігі себепті ӛзектілігінің басымдығы анықталды, «қарым-
қатынас»,
«коммуникация»,
«креативтілік»
және
«коммуникативтік
креативтілік» ұғымдарының мәніне жасаған талдау бізге зерттеу пәнімізге
сәйкес коммуникация – «субъектілердің тілдесуі арқылы жүзеге асатын қарым-
қатынас, ӛзара субъектілік түсінушілік» деп, ал креативтілік – «жаңа
проблемаларды анық қоюда, айрықша жылдам шешуде маңызды, ерекше
стандартты
емес
ойлаудың
жасампаздықпен
жарқ
етуі»
деп
тұжырымдауымызға мүмкіндік берді.
2. Ғылыми әдебиеттердегі ғалымдардың коммуникативтік креативтілік
феноменінің құраушыларына берген теориялық тұжырымдары мен жіктемесін
талдау негізінде зерттеу жұмысымызда коммуникативтік креативтіліктің
құраушыларын анықтадық: коммуникативтік қарым-қатынас, тілдік мазмұн,
креативті ойлау, мініез-құлықтық сапа, зияткерлік іс-әрекет, сөйлеу
мәдениеті және шығармашылық дарындылық. Сондай-ақ, диссертацияла
олардың мазмұны жан-жақты сипатталды. Коммуникативтік креативтілік
ұғымының мәні мен құраушыларын айқындау нәтижесінде зерттеу
проблемасының негізгі ұғымына анықтама беруге талпындық: «болашақ
бастауыш сынып мұғалімдерінің коммуникативтік креативтілігі оның ӛзара
субъектілік қарым-қатынасындағы жаңа маңызды проблемаларды қоюды және
оларды айрықша, жылдам, тиімді шешуді қамтамасыздандыратын кәсіби-
тұлғалық сапасы».
3.
Болашақ
бастауыш
сынып
мұғалімдерінің
коммуникативтік
креативтілігі қалыптасқандығын айқындау мақсатында мотивациялық,
когнитивтік, функционалдық компоненттері анықталды. Осы компоненттерге
сәйкес олардың ӛлшемдері болып коммуникативтік креативтілікке қажеттілік
түрткісінің болуы, креативтіліктің феномен және кәсіби тұлғалық сапа
саласынан білімдерінің кеңеюі; оны іс-әрекетте кӛрсете алуы (іскерлік,
дағдылары); коммуникативтік креативтілігін ӛзін-ӛзі бағалауы, ӛзіндік дамуын
қамтамасыздандыруы табылады. Осы ӛлшемдерге сәйкес кӛрсеткіштер
пассивтік (тӛмен), эвристикалық (орта), креативтілік (жоғары) деңгейлерді
белгілейді.
131
4. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің коммуникативтік креатив-
тілігін қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық мoдeлi жacaлды. Ол ӛзара
байланыстағы мақсаттық, мазмұндық, іс-әрекеттік, нәтижелік бӛліктерден
құралды. Мақсаттық бӛлім аталған қалыптастырудың басшылыққа алатын
әдіснамалық тұғырларын, ұстанатын қағидаларын дұрыс таңдауға мүмкіндік
берсе, мазмұндық – қалыптастыруды қамтамасыздандыратын оқу-әдістемелік
кешенді, дәстүрлі және инновациялық технологияларды (формалар, құралдар,
әдістер) қарастырды. Іс-әрекеттік бӛлім осы қалыптастырудың мазмұнын
жүзеге асырудың педагогикалық шарттарын, қалыптастыру кезеңдерін, бағалау
компоненттерін, ӛлшемдері мен кӛрсеткіштерні қамтиды. Жoғapы oқу
opындapындa болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің коммуникативтік
креативтілігін қалыптастырудың әдістемесі жасалып, оның тиімділігі
тәжірибелік-экспериментте тексерілді. Осы әдістеменің диагностикалық,
технологиялық,
процессуалдық
кезеңдерінің
мазмұны
қалыптастыру
экспериментінде біз айқындаған педагогикалық шарттар (тұлғалық-
дамытушылық,
дидактикалық,
ұйымдастырушылық)
негізінде
жүзеге
асырылды.
5.
Болашақ
бастауыш
сынып
мұғалімдерінің
коммуникативтік
креативтілігін қалыптастыруға арналған оқу-әдістемелік кешеннің («Тұлғаның
коммуникативтік
креативтілігін
қалыптастыру»
элективті
курс
бағдарламасы; «Креативті педагогика», «Қарым-қатынас мәдениеті» оқу және
электронды оқу құралдары; «Коммуникативтік креативтілікті дамытуға
арналған жаттығулар жинағы»; Педагогика, «Педагогикалық технология және
инновация» оқу модулі бойынша жеке сабақтар) жоғары оқу орнының оқу-
тәрбие үдерісіне ендірілуі олардың коммуникативтік, тілдік, креативтік тұлғасы
дамуының тиімді жүзеге асуын қамтамасыздандырды.
Зерттеу нәтижелерін
жоғары педагогикалық оқу орындарының бастауыш сынып мұғалімін кәсіби
даярлау үдерісіне, кәсіби біліктілігін жетілдіру орталықтарында, педагогикалық
колледждерде, жалпы орта білім беру, қосымша білім беру ұйымдарында
пайдалануға болады.
Зepттeудiң нәтижeci бoйыншa мынaдaй ұcыныcтap жacaуғa бoлaды:
1.
Болашақ
бастауыш
сынып
мұғалімдерінің
коммуникативтік
креативтілігін қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық негіздері,
студенттерге осы саладан теориялық білімдерді жүйелі меңгертуге ықпал етеді.
Коммуникативтік креативтілік ұғымының мәнін ашуда, құрылымын жасауда
және болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің коммуникативтік креативтілігін
қалыптастырудың моделін жасауда алынған теориялық тұжырымды ойларды
мұғалімдер
біліктілігін
жетілдіретін
институттардың
әдістемелік
бағдарламаларына енгізу керек.
2. Педагогикалық жоғары оқу орнының оқу-тәрбие үдерісінің болашақ
бастауыш
сынып
мұғалімдерінің
коммуникативтік
креативтілігін
қалыптастырудағы мүмкіндіктерін тиімді пайдалану қажет.
132
3.
Болашақ
бастауыш
сынып
мұғалімдерінің
коммуникативтік
креативтілігін қалыптастыру әдістемесін жалпы білім беретін мектептердің
оқу-тәрбие үдерісінде әдістемелік жұмыстарды атқаруда негізге алу қажет.
4.
Болашақ
бастауыш
сынып
мұғалімдерінің
коммуникативтік
креативтілігін
қалыптастыруда
ұсынып
отырған
оқу-әдістемелік
қамтамасыздандыруды
(«Тұлғаның
коммуникативтік
креативтілігін
қалыптастыру» элективті курс бағдарламасы; «Креативті педагогика»,
«Қарым-қатынас мәдениеті» оқу және электронды оқу құралдары;
«Коммуникативтік креативтілікті дамытуға арналған жаттығулар жинағы»;
Педагогика, «Педагогикалық технология және инновация», оқу модулі бойынша
жеке сабақтар) бірізділікпен, жүйелі жүзеге асырған дұрыс.
5.
Зерттеу нәтижелерін жоғары педагогикалық оқу орындарының
болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлау үдерісінде, мұғалімдер мен
оқытушылардың кәсіби біліктілігін жетілдіру орталықтарында, педагогикалық
колледждерде, жалпы орта білім беру, қосымша білім беру ұйымдарында
пайдалануға болады.
Зерттеу проблемасы ӛте күрделі болғандықтан және алғаш рет зерттеліп
отырғандықтан толығымен шешімін тапты деуге болмайды. Алдағы уақытта
оқушылардың коммуникативтік креативтілік әлеуетін дамыту, оқушылардың
креативті ойлауын дамытуға болашақ мұғалімдерді даярлау, студенттердің
коммуникативтік креативтілігін дамытудың интербелсенді әдістерін жобалау
және т.б. проблемалар арнайы зерттеу проблемасы болу керектігін қажет етеді.
133
Достарыңызбен бөлісу: |