150
ҚОСЫМША В
«Коммуникативтік біліктілікті» анықтау тесті
Келтірілген дәлелдемелер қарым-қатынас
барысында сіздің бойыңыздан
табылады ма?
1.
Ӛз пікірімде тұруым даулы жағдайға әкеледі деп ойлаймын.
2.
Кӛп жағдайда қарым-қатынас барысында мен неге қол жеткізгеніме
түсінбеймін.
3.
Әдетте, ымыраға келу әңгімелесушінің ӛзін қалай ұстауына
байланысты болады.
4.
Қажетті адаммен байланыс жасау маған кӛп жерлерде қиындық
тудырады.
5.
Менімен әңгімелесуші адам ашулы күйде тұрса,
мен жағдайды
ӛзіме оңай бейімдеймін.
6.
Маған қажет емес болса да келісімге келетін кездер болады (немесе
мүлде басқа нәрсеге қажет болса да).
7.
Әңгіме ұзаққа созылған жағдайда ешкімнің кӛңілін қалдырмастан,
әңгіме желісін басқа арнаға бұра алмаймын.
8.
Менде бірінші болып тіл табысып кете алмайтын кездер болады.
9.
Кикілжің болмас үшін барлық жайларды қолданып кӛрсем де, кейде
келіспеушіліктер болатын жайттар кездеседі.
10.
Келіссӛз қалай жүріп жатырса да мен басты мақсатымды есімнен
шығармаймын.
11.
Әңгіме арнасынан басқа жайларды сӛз
еткен адамды бастапқы
тақырыпқа оңай әкеле аламын.
Дау-жанжалдан шығу – 1,9 дәлелдемелерге «жоқ», 5- «иә» деген белгі
қойсаңыз, 1 ұпайдан қосыңыз. Егер 2 ұпайдан аз жинасаңыз,
шиеленіскен
жағдайларда қиындықтарға тап боласыз. Сізге кикілжіңнен шығудың және
жағдайдың алдын алу жолдарын үйренген жӛн.
Егер 2-3 ұпай жинасаңыз, шиеленіскен жағдайлардан ӛзіңізді де, ӛзгелерді
де құтқару қабілеттілігі сізге тән.
Келісімге келу және өз пікірінде қалу – 2,6 дәлелдемелерге «жоқ», 10-«иә»
нұсқасын таңдасаңыз, 1 ұпайдан қосыңыз. Егер ұпай саны 2-ден тӛмен болса,
қалай мақсат қоятындығыңызға назар аударыңыз. Мүмкін
алға қойған
мақсатыңызды қағазға жазып, қайта оқу арқылы ойыңызды ӛзгертерсіз, себебі
мақсат нәтиженің бір жарты құрылымы болса, екінші жартысы ӛз пікіріңізде
қалу. Бұл үшін сізге қосымша біліктер қажет болады.
Егер 2-3
ұпай жинасаңыз, алға мақсат қойып, әңгіме барысында ӛз
пікіріңізде қала білесіз.
Келіссөз жүргізу – 3,7 дәлелдемелерге «жоқ», 11-«иә» деу арқылы ӛзіңізге
1 ұпай қоса аласыз. Егер 2 ұпайдан тӛмен жинасаңыз, әңгімелесуші адамның
пікіріне
оңай келісіп, бӛгде адамның «ойын ережелеріне» бағына салушылық
сіздің кемшілігіңізді танытады. Сізге әңгіме барысында бастамашыл болу,
әңгіме тақырыбынан ауытқымау біліктілігін игеру қажет.
151
Егер жауаптар 2-3
ұпайды құраса, келіссӛздің нәтижелі аяқталуы ӛзіңізге
байланысты. Себебі адамдармен қарым-қатынас барысында сіз тамаша
жетістіктерге қол жеткізесіз.
Коммуникация – 4,8 «жоқ», 12-«иә» десеңіз, 1 ұпайдан қосыңыз. Егер 2
ұпайдан аз жинасаңыз, сізге ӛзгелермен қарым-қатынас жасау қиынға соғады.
Бұл кемшілікті түзеу үшін, базалық коммуникативті дағдыларды:
қалай
байланыс орнату қажеттілігін және қарым-қатынас барысында жайлы
атмосфера құру біліктілігін меңгерген жӛн. Егер ұпай саныңыздың қосындысы
2-3 санын құраса,
адамдармен тіл табысу, айналамен қарым-қатынас жасау
барысында керемет қабілеттілік танытасыз.
Достарыңызбен бөлісу: