Әдебиеттер тізімі
Негізгі әдебиеттер
1. Криминалистика негіздері : оқу құралы /. Г. Абуов. - Алматы, 2004
2. Криминалистика : оқулық / Е. Г. Жәкішев [и др.] - Алматы, 2005.
3. Криминалистика. Дәрістер жинағы /баспаға жауапты Б.М. Тастанбеков - Шымкент: М. Әуезов ат. ОҚМУ, 2017.
4. Криминалистика : Учебник для вузов / Под ред. И.Ф. Герасимова, Л.Я. Драпкина. - 2-е изд., перераб. и доп. - М. : Высшая школа, 2000.
5. Криминалистика : Учебник / Под ред. Н.П. Яблокова. - М. : Юристь, 2000.
6. Криминалистика : Конспект лекций. - М. : Изд.ПРИОР, 2000.
7. Криминалистикалық техника тарауы бойынша қысқаша дәрістер жинағы : Әдістемелік оқу құралы / Б. Салаев [и др.]. - Алматы : Жеті жарғы, 2005.
Қосымша әдебиеттер
1. Криминалистика / Россинская Е.Р. - М., 1999
2. Криминалистика : Учебник / Под ред. В.А. Образцова. - 2-е изд., перераб. и доп. - М. : Юристь, 1999.
№9 Дәріс тақырыбы: Аяқ ізі. Іздің жолы. Авто-көлік іздері. (трасология) және басқа да іздер.
Дәріс жоспары:
1. Адам аяғының іздері.
2. Транспорт құралдарының іздері.
3. Бұзу құралдарының іздері.
4. Басқа іздер.
Адам аяқ іздері
Оқиға болған жердегі адам аяғының іздерін зерттеудің нәтижесінде, қылмыс механизмі туралы ұғым алынуы мүмкін.
Ол іздердің жиынтығын тексергенде адамның қалай келгені, қалай әрекет жасағаны, қайда кеткендігі, жәбірлеушінің өзін қалай ұстағандығы туралы түсінүк алған жағдайлар мәлім.
Оқиға болған жерден қылмысты адамның кеткен іздері бойынша оны іздестүру мүмкіндігі туады, яғни қылмыс жасаған жерге жақындап келгенде қылмыскер қалдырған із бойынша жүргізіледі.
Аяқ іздері қылмыскерді әшкерлеу және аяқ киім мен кісіні Теңестірулау мақсатына да пайдалануы мүмкін. Теңестірулау мақсатын көздеп, табанның формасын, табан ойығының ені аяқ, саусақ із сандары, өз ара орналасуы, формасын пайдалануы ықтимал.
Әр түрлі тыртықтар, қатпарлар, тер жыртықтары, қажаулар, саусақтардың жоқ болуы, сондай-ақ папиляр өрнектері ерекше роль атқарады.
Аяқ киімдерден түскен іздерді зерттеу, қылмыскердің қандай аяқ киім кигенін, оның ұлттық ерекшеліктерін, оның размері жөнінде ұғым алуға мүмкіндік туғызады. Мұның үстіне аяқ киімнің ерекшелігі жөніндегі қорытындыда екіге бөлінеді, оны еске ала отырып сақтық жасаған жөн:
қазіргі заманғы әйелдер аяқ киімінің кейбір модельдері еркектердің іздерінен оны айырғысыз етеді:
қылмыскер ізінен адастыру үшін әйел аяқ киімін киюі немесе керісінше.
Жеке белгілердің үшінде аяқ киімнің тозу белгілері бойынша бағалы болып табылады. Теңестірулауға жататын жеке белгілер жарым-жартылай түскен табан іздерінен де байқауы мүмкін. Тергеу практикасы материалдан, автомобиль шинасы қаптарынан, иленбеген теріден тағы басқалардан қолдан жасалған аяқ киім іздеріне әлденеше мәртебе кездесті.
Мұндай аяқ-киімдердің өздері өте-мөте сипатты және өзіне тән жеке белгілер болады.
Оқиқа болқан жерден адам аяқ Іздерін іздестіру
Оқиға болған жердің орталығында қылмыскердің іздерінің айқын көрінуі барынша сирек кездеседі, өйткені әдетте бұларды оқиға болған жерге алғашқы келгендер таптап тастайды немесе іздерді қылмыскер қасақана жойып жібереді.
Демек, егер оқиға болған жердің орталығында қылмысты адамның аяқ іздері табылмаса онда бұларды шеттен яғни оқиға болған жердің орталығына жапарлас жерден қажымай-талмай жеріне жеке іздестүру керек.
Шеттен аяқ іздерін іздестүру ойдағыдай болу үшін, біріншіден, мқұият болуға, екіншіден, бір-бір сантиметрді шет қалдырмай участакты қарап көру қажет.
Егер қарап көрілетін участок шағын болса тергеушінің өзі тексереді, онда “қайыру” спирал системасы бойынша оқиға болған жердің орталығынан алшақтай отырып жүру өсынылады. Мұндай жүру системасына жергілікті жерді мқұият қарап шығу қамтамасыз етіледі. Егер үлкен аумақты қарап шығу қажет болса немесе қарап көру ісін тергеушімен полиция қызметкерлері қоса қабат жүргізсе, онда оқиға болған жердің шет–шеттерін участіктерге бөлінген дұрыс.
Достарыңызбен бөлісу: |