Суық қарудың түсінігі және түрлері Ссуық қару деп адамның бұлшық етi күшiнiң көмегімен тiрi адамды және басқада нысананы тiкелей жанасу арқылы дене жарақатын салу мақсатында арнайы әзірленген құрал.
Қару түрлері
Өзінің бағытталған мақсаты мен негізгі өлшемдері, сипаттамалары бойынша қару:
жауынгерлік;
азаматтық;
қызметтік қару болып бөлінеді.
Суық қаруларды түрлі негіздер бойынша жіктеуге болады:
1. Тікелей мақсаты бойынша:
а) азаматтық — бұл қару түрлеріне кейбір тұлғалардың өзін қорғауына, аңшылық, спортпен шұғылдануына, сонымен қатар кейбір ұлттардың ұлттық киімінің бөлшегіне жататын қарулар.
б) әскери — әскери және жедел-қызметтік мәселелерді шешу үшін мемлекеттік әскери ұйымдар қызметкерлерінің штаттық құралы.
2. Суық қаруларды әзірлеу тәсілі бойынша:
Суық қарулар белгіленген стандарттарға, техникалық жағдайларға, өндіру тәсіліне, материалына, құралдарына, кәсіби дағдысына сәйкес дайындалуы бойынша келесі түрлерге бөлінеді:
зауытта (фабрикада) әзірленген — конструкцисы, техникалық жағдайы стандарттарға сай әзірленген және маркировкалық белгісі бар.
Қолөнер шебері әзірлеген — тиісті стандарттарға, үлгілерге сай қару жасау шебері әзірлеген және өзінің жеке клеймосы қойылған қару.
Қолдан жасалған — арнайы кәсіби дағдысы жоқ, стандарттарға сай емес әзірленген қару.
Өзгертілген — нақты үлгілерге қосымша немесе кейбір элементтерін жою арқылы өңделген қару.
Пышақтың жүзінің қайралуы бойынша:
Біржақты қайралған;
Екі жақты қайралған.
Өндіру орыны бойынша:
отандық
шет елде өндірілген.
Стандартқа сәйкесті бойынша:
Стандартты
Стандартқа сай емес.
Денеге жарақат салу әрекеті бойынша:
а) шабатын (қылыш);
б) кесетін (пышақ және т.б.)
в) сұқпалы (найза, рапира, кортик, стилет, ине тәрізді штык);
г) сұқпалы-шабушы (ятаган, палаш);
з) сұқпалы-кесуші (шпага, қанжар, пышақ, штык-нож);
ж) ұрып-мыжғылау (нунчаки, шоқпар, булава).
Суық қаруды зерттеу барысында шешілетін мәселлер:
Ұсынылған нысан суық қаруға жатады ма?
Суық қарудың қандай түріне жатады?
Қандай тәсілмен әзірленген?
Ұсынылған суық қарудың конструкциясына өзгертулер енгізілген бе? Егер өзгерту енгізілген болса онда қандай тәсілмен енгізілген (өндірістік, қолдан жасау арқылы)?
Қаруды әзірлеу белгілеріне сәйкес осы қаруды әзірлеген тұлғаның кәсіби дағдысы қандай?
Лақтыратын қарулар— қашықтықта орналасқан нысананы адамның қол күші арқылы немесе басқа да механикалық құрылғының көмегімен бағыт алған оқпен (снарядпен) зақымдауға арналаған арнайы қару.
Тұрмыстық және өндірістік, спортпен шұғылдануға аралған снарядтар, конструкциялық жағынан ұқсас келетін қарулар суық қару түріне жатпайды.