Тастанбеков бекболат мутаевич криминалистика


Суық қаруды зерттеудің әдісі



бет40/63
Дата16.10.2023
өлшемі338,57 Kb.
#116323
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   63
Суық қаруды зерттеудің әдісі
Суық қаруды зерттеудің әдісі, басқада зерттеулер тәрізді бірнеше сатыдан тұрады:

  • алдын ала зерттеу;

  • бөлшектеп зерттеу (жеке-жеке):

  • салыстырмалы зерттеу;

  • сарапшылық эксперимент жүргізу;

  • бөлшектеп және салыстырмалы зерттеулер нәтижелерін бағалау және қортынды түзу;

  • зерттеу нәтижесін безендіру.

Зерттеуге келіп түскен материалдарды зерттеуді бастапқыды сараптама тағындау қаулысымен танысудан бастайды. Бұл құжат (сараптама тағайындау туралы қаулы) сараптама жүргізуге негіздеме болады. Бұл құжат негізінде сарапшыға туындаған мәселер жайында, сарапшының алдына қойылған сұрақтармен, қандай заттай дәлелдер зерттеу жолданғандығын, салысытру жүргізу үшін үлгілердің бар немесе жоқ екендігін, сонымен бірге істің мән жайымен танысуға (зерттеу нысанына қатысты) және сараптама жүргізуге қажетті маңызды басқада мәліметер алуға болады
Сарапшылық қарау
Зерттеуге келіп түскен нысандарды зерттеу алдымен оларды қараудан басталады. Сарапшылық қарау – бұл қарауға жататын нысан жайында ақпараттар алу дегенді білдіреді. Бұл процесте зерттелетін нысанның сыртқы жай-күйі, өлшемдері, түсі ерекше белгілері жайында ақпараттар және т.б. мәліметтер алынады.
Бөлшектеп зерттеу
Нысанда бөлшектеп зерттеу сатысы өз кезегінде төмендегі бөлімдерден тұрады:

  • салыстырмалы зерттеу;

  • сарапшылық эксперимент (тәжірибе) жүргізу.

Бөлшектеп зерттеу сатысында зерттеу сарапшы нысандағы басты негізгі белгілері мен оның қасиеттерін айқындайды. Осы айқындалған қасиеттер негізінде сарашының алдына қойылған сұрақтарды шешуде маңызды мәліметтер алынады. Қажет болған жағдайда эксперимент және салыстырмалы зерттеулер жүргізеді. Бұл сатының басты мақсаты зерттеудің толықтылығын қамтамсыз ету болып табылады.
Сарапшы эксперименті
Сарапшы экспериментінің мақсаты, бөлшектеп зерттеу сатысы сияқты болған жәйтті немесе оқиғаны жасанды жолмен қалпына келтіру арқылы алынған нәтижелерге бақылау жүргізу мен нысанды зерттеу болып табылады. Бұл әрекеттер барынша орын алған жәйтті қайталайтындай етіп жүргізу қажет.
Салыстырмалы зерттеу
Зерттелетін нысанның айқындайтын белгілер жиынтығын бөлу арқылы, сарапшы өзінің тұжырымының дұрыстығына көз жеткізеді. Ол үшін айқыгдалған белгілерді тисті топтағы белгілі нысанның беліглерімен салыстыру жүргізеді.
Мысалы, нысанның суық қаруға жатқызу мәселесін осы зерттелетін нысанның екі негізгі белгілерін анықтау барысыда шешеді. Олар:
- зерттеу нысанының дене жарақатын салуға арналғандық белгісін анықтау арқылы;
- зерттеу нысанының дене жарақатын салуға жарамдылығын анықтау арқылы.
Зерттеу нысанының дене жарақатын салуға арналғандық белгісін анықтау белгілеріне келесі жатады:
- нысанның сыртқы құрылымы немесе құрылысы белгілісуық қарулар үлгісімен сәйкестігі;
- нысанды суық қарудың түріне және тобына жатқызуға мүмкіндік беретін тиісті конструкциялық элементтер жиынтығының болуы.
Сараптама барысында алынған нәтижелер негізінде зерттеуге келіп түскен нысанға қатысты сарапшы тұжырым түзеді.
Сарапшы тұжырымы жүйелі түрде сараптама тағайындау туралы қаулыда көрсетілген сұрақтардың ретіне сәйкес түзіледі. Сарапшы тұжырымы толық, нақты, айқын және негізді болуы тиісті. Тұжырымда екі жақты түсінік беретін қорытынды болмауы тиісті.
Сарапшы қорытындысына зерттлеген нысанның және үлгі бейнесі, ерекшелкітері, зерттеу нысаны мен үлгінің сәйкес келген белгілерін көрсететін суреткесте қоса тігіледі.

Қортындысында айта кету керек, суық қару туралы негізгі мёлімет, қылмыскердің әрекетін дұрыс дәрежелеу үшін мүмкіндік бере отырып, қылмысты алдын ала болдырмау, суық қаруды заңсыз түрде иеленуге болмайтындығын және ақыры аур заттарға әкеліп соқтыру мүмкіндігін ескертуіміз керек.


Қортынды:

  1. Қылмысты дәремелеу сұрақтарын шеше отырып, қылмыскерді анықтап және оның кінёсін қоя білу керек, қылмысты жасауға не итермелегенін, оның себебі мен жағдайын, оқ-ататын қару мен суық қарудың іздерінің әрекеттері қандай болатындығы, әрбір айғақты затты зерттеп тексеру әрбір ішкі істер бөлімі қызметкерлерінің міндеті болып саналады.

  2. Қару мен оның іздерін қолдануды жан-жақты тексеру, зерттеу, тергеу мағлҮматтарын жинауға іс бойынша шындыққа көз жеткізуге, қылмыс жасаған адамды іздеп анықтап оны ёшкерелеуге, қылмыстық әрекетін дұрыс дәрежелеуге толығымен алғанда қылмыскерге қарсы күресті шешуге мүмкіндік туғызады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет