Тастанбеков бекболат мутаевич криминалистика



бет6/63
Дата16.10.2023
өлшемі338,57 Kb.
#116323
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63
Байланысты:
лекция крим

3—сұрақ: Криминалистика әдістері.
Кез-келген ғылым тәрізді криминалистика ғылымы да өз міндеттерін, ғылыми танымның белгілі бір әдістерін қолдана отырып атқарады.
Әдіс—бұл шындыққа келу тәсілі, табиғат пен қоғам өмірінде болып жатқан құбылыстарды танып-білу, оқып-үйрену және зерттеу тәсілі, Қандай да бір мәселені шешу, мақсатқа жету тәсілі, яғни нағыз таным жолы.
Келесі әдістер жалпы әдістерге жатады:
Зерттеудің жалпы әдісі—бұл нақты объектілерді оқып-үйрену жөніндегі, белгілі бір амалдар, ережелер және ұсынылған кеңестер жүйесі.
Жалпы әдістер барлық ғылымдарда және практикалық іс-әрекеттің барлық салаларында қолданылады және де өзінің түпкі мағнасын сақтай отырып, таным объектісіне байланысты спецификалық ерекшеліктерге ие болады.
Танымның жалпы әдістеріне мыналар жатады:

  1. Бақылау;

  2. Сипаттау;

  3. Өлшеу және есептеу;

  4. Салыстыру;

  5. Тәжірибе;

  6. Модельдеу;

  7. Математикалық әдістер;

  1. Бақылау—берілген құбылысты, объектіні оқып-үйренуді мақсат тұтатын алдын-ала белгіленген жоспар бойынша мақсатқа сай жүргізілетін мәліметтерді қабылдау процессі.

  2. Сипаттау—объектінің белгілерін нұсқап көрсету. Сипаттау жай кез-келген (қандай да бір заттың белгілерін сипаттау) немесе жүйеленген («сөздік портрет» әдісі бойынша адамның сырт пішінін сипаттау) болуы мүмкін.

  3. Өлшеу—және оның бір түрі есептеу. Бұл сандық сипаттарды немесе шамаларды анықтауға бағытталған танымдық процесс. Мысалы: оқ атылған қару жүйесін анықтау үшін оқты өлшеу.

  4. Салыстыру—екі немесе одан да көп объектілердің ортақ қасиеттері мен белгілерін, салыстыра отырып ара қатынастық зерттеу және бағалау. Ол объектілердің ұқсастығы немесе айырмашылығы жайында қортынды жасауды кеңінен қолданылады.

  5. Тәжірибе--қандай да бір құбылысты жүйелі түрде өзгертіп тұратын жағдай және басқа құбылыстар мен байланысы жағдайында, жасанды түрде қалпына келтіру.

  6. Модельдеу--ғылыми таным объектісін модельмен ауыстыру және де алынған нәтижелерді таным объектісінде қолдану мақсатымен, модельді оқып-зерттеу (салыстыра отырып зерттеу үшін үлгілер алу, тергеу тәжірибесі кезінде жағдайды өзгертіп кұру).

  7. Математикалық тәсілдер—біркелкілеу, теңестіру және криминалистикалық тіркеп белгілеу мәселелерін шешуде маңызды мәнге ие болады.

4—сұрақ: Криминалистиканың арнайы тәсілдері және оларды қолдану шегі.
Криминалистика әдістерінің үшінші тобын арнайы әдістер құрайды.
Арнайы әдістер—тек берілген ғылымда немесе ғылымдар тобында (бірақ барлығы емес) қолданылатын және де қолданылу саласы, кез-келген жалпы әдістердің қолданылу саласындағыдай жалпылама сипатта болмайтын, зерттеу әдістері .
Бұл әдістерді криминалистика дәлелдерді жтнау, зерттеу, бағалау және қолдану мақсатында, таным объектілерін, танудың міндеттері мен таным құралдарын есепке ала отырып жасайды.
Бұл әдістер бағыты мен зерттеу объектілеріне байланысты техника-криминалистикалық болып жіктеледі.
Техника-криминалистикалық әдістер қылмыс іздерін анықтауда, тіркеп белгілеуде, зерттеуді, сақтауды және қолдануды қамтамасыз етеді.
Оларға қаруды, қылмыс құралдарын, қылмыс болған жердегі өздерінің қалдырған іздеріне теңестірудің криминалистикалық әдістері жатады. Олар жасауда жаратылыстану және техника ғылымдарының жетістіктері қолданылады.
Құрылымдылық--криминалистикалық әдістер—бұл тергеулік және соттық іс-әрекеттерді тудыратын әдістер және де тергеуді ұйымдастырудың неғұрлым жалпы әдістері (жоспарлау әдістер, болжам жасау т.б.). Бұл әдістерді жасау құқық ғылымдарының жетістіктеріне негізделеді (қылмыстық іс жүргізушілік, құқық т.б.).
Криминалистикалық зерттеулерде маңызды роль атқаратын, басқа да әдістерге--қылмыстық іс бойынша дәлелдерді жинау, зерттеу, бағалау және қолдану мақсатымен, басқа ғылымдардан алынып, икемделген арнай әдістер жатады.
Физикалық және химиялық әдістер—микроскопия, люминисценттік талдау, хромография т.б.
Антрпологиялық, антропометриялық тәсілдер—сүйек қалдықтары арқылы адамның жеке тұлғасын анықтау т.б.
Воколографиялық және акустикалық әдістер—мақсаты адамды дауысы арқылы анықтау болып табылатын, воколографиялық сараптамаларды жасауда қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет