Тастанбеков бекболат мутаевич криминалистика



бет4/63
Дата16.10.2023
өлшемі338,57 Kb.
#116323
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63
Байланысты:
лекция крим

Дәлелдерді қолдану—бұл дәлелдермен жұмыс жасау және соларды негізге ала отырып, берілген қылмыстық іс бойынша дәлелдеу пәнінің ақиқаттығын орнату.

Жоғарғы айтылғандарды негізге ала отырып криминалистика ұғымына мынандай анықтама беруге болады:
Криминалистика—бұл қылмыс механизімінің заңдары, қылмыс пен оған қатысушыларға байланысты информацияның пйда болуы мен дәлелдерді жинау, зерттеу, бағалау, қолдану заңдылықтары жайындағы осы заңдылықтарды оқып-тануға және де соттық тергеу мен қылмысты тоқтатудың әдіс құралдарына негізделген ғылым.
Крминалистика пәнінің мазмұны, оның төрт бөлімнен тұратын бағыттар жүйесін анықтайды:

  1. Криминалистиканың жалпы теориясы;

  2. Криминалистикалық техника;

  3. Криминалистикалық тактика;

  4. Қылмыстың бөлек түрлерін тергеу әдістемесі;

Криминалистиканың жалпы теориясы—бұл криминалистика пәнінің бүтін бір ғылыми бейнесі болып табылады, дүниетанымдық принциптер, теориялық концепциялар, категориялар мен ұғымдар, әдістер мен байланыстар, анықтамалар мен терминдер жүйесі.
Криминалистикалық техника—бұл дәлелдерді жинау, зерттеу, қолдану және басқа да қылмысты ашу мен алдын алу шараларын жүзеге асыруға арналған ғылыми мәліметтер мен солардың негізінде жасалатын техникалық құралдар, әдістер мен амалдар жүйесі.
Крминалистикалық техниканы мыналар құрайды:
Техникалық құралдар—бұл түрлі аппаратура, құрал-саймандар мен материалдар.
Дәлелдер жинаудың техникалық амалдары—(қол саусақтарының нашар кұрінетін және кұрінбейтін іздерін табу амалдары әр-түрлі іздер алу амалдары т.б.);
Дәлелдерді зерттеу әдістемесі—бұл криминалистикалық зерттеу және сонымен қатар криминалистикалық сараптау құралдары мен әдістерінің мазмұны мен сипаты және оларды дұрыс қолдану жөнінде берілген кеңестер.
Криминалистикалық тактика - ғылыми мәліметтер мен тұжырымдар жүйесі және де оларды негізге ала отырып жасалып, ұсынылған соттық және алдын-ала жүргізілетін тергеудің ұйымдастыру мен жоспарлау жөніндегі, соттық тергеуді жүргізіп жатқан тұлғаның іс-қимыл сызығын анықтау жөніндегі, қылмысты жасау мен жасырылыуына себеп болған жағдайларды анықтауға қажетті дәлелдерді жинауға және зерттеуге бағытталған жеке процессуалдық (тергеулік және соттық) әрекеттерді жүргізу амалдары жөніндегі кеңестер.
Осылайша, тактика ең алдымен тергеуді ұйымдастыру мен жоспарлау жөніндегі жалпы жағдайларды зерттеп қарастырады.
Криминалистикалық тактика—жеке дара бөлек тергеулік іс-әрекеттерді жүргізудің арнайы тактикалық амалдарын жасаумен айналысады.
Криминалистикалық амал—бұл іс жүргізудің ең тиімді және рационалды тәсілі немесе іс жүргізуші тұлғаның, істі жүргізудегі ең орынды әрі мақсатқа сай келетін жолы.
Мысалға, уақиға болған жерді қараудың тактикалық амалы табылады. Ал, жауап алудың тактикалық амалы ретінде жауап алынып жатқан тұлғамен психологиялық байланыс орнатуды алуға болады.
Жоғарыда айтылғандардан шығатыны, криминалистикалық тактика әрбір процессуалдық әрекет үшін бірден бір амалдар кешенін жасайды. Бұл амалдардың жүйесі берілген процессуалдық (тергеулік) іс-әрекеттің (тергеулік қарау, таңдау т.б.) тактикасын құрайды.
Айта кету керек ең маңызды деген тактикалық амалдар заңда бекітілген, бірақ олардың көпшілігінің қолданылу аясы заңмен шектелмеген.
Сондықтан да жедел қызметкер, тергеуші немесе судья нақты істің мән-жайына байланысты қандай да бір тактикалық амалды таңдауға құқылы. Бірақ, кез-келген тактикалық амал заңды болуы тиіс, яғни заңға қайшы келмей, қылмыстық процесстің жалпы принциптеріне сәйкес болуы керек.
Тактикалық амалдар мен ұсынылған кеңестер, жоғарыда айтылғандардан басқа, тергеу процессі барысында криминалистикалық техниканың құралдары мен амалдарының ең тиімді түрде қолданылуын қамтамасыз етеді және керісінше қандайда бір тергеулік іс-әрекеттің тактикасы, криминалистикалық техниканың құралдары мен амалдарына байланысты болады.
Криминалистикалық техника және криминалистикалық тактика құралдары мен амалдары, тергеу және сот органдарының практикалық іс-әрекетінде жекелеген қылмыс түрлерін тергеу әдістемесі арқылы жүзеге асады.
Криминалистикалық әдістеме (немесе қылмыстың жекелеген түрлерін тергеу методикасы)—бұл ғылыми ережелер жүйесі мен оларды негізге ала отырып жасалып ұсынылыған қылмыстық жеке құрамдарын тергеу мен толықтыруды ұйымдастыру және жүзеге асыру жөніндегі кеңестер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет