дауынша адамның қарым-қатынас барысында түрлі жағдайларға бай-
ланысты өзін-өзі ұстауында жалпыға көп тарапған кинесикалық қа-
лыпты жағдайлар анықталған.
Интерактивті қарьш-қатынас
-
адамдардың өзара тығыз әре-
кетте болуларын, тығыз байланыста, көпшілік ішінде жұмыс істей
алуға бейімделуін қарастырады. Әр адам көпшілік ортада өзінің беде-
лінің жоғары болуын қалайды, басқаларға тек жақсы жақтарын ғана
танытқысы келеді. Ал адам өзінің қабілеттерін тек өзін
еркін сезінетін
ортада ғана жақсы көрсете алады. Сондыктан педагогикалык ұрдісте
толыққанды қарым-қатынас орнату үшін
ынтымақтастық ортаның
атқаратын рөлі өте жоғары. Педагогикалық әдебиетгерде көпшілік ара-
сында тұлғаның взін-өзі дамьггуына қатысты ұжымның атқаратын екі
қызметі аныктапған.
Біріншісі, ұжымның өзі тұлғаның өзін-өзі тэрбиелеу үрдісін
ұйымдастыруға жалпы жағдайлар туғызады
(ұжым тұлга бойында
жагымды әлеуметтік іс-эрекеттерге деген оң көзңарастарын,
ұжымдық іс-әрекетке қатысуга деген қызыгушылықтарын, қогамдық
борыш, белсенділік т.б. қасиеттерді дамытады).
Екіншісі, ұжым осы үрдісті тікелей ұйымдастырады (
тұлганың
санасын қалыптастырады, өзін-өзі жетілдіруге ынталандырады, өз
талаптарының нәтижелерін жоспарлап багапауда көмек көрсетеді).
Педагогика ғылымында А.С.Макаренко жеке тұлғаны
ұжымда
және ұжым арқылы тэрбиелеудің
жүйелі теориясын кұрастырып,
оның даму зандары тереңінен теория және практика тұрғысынан зерт-
теген. Қазіргі кезде педагогика ғылымында ұжым мүшелері арасын-
дағы
интерактивті қарым-қатынастар, ұжымды басқару ерекшеліктері,
ұжымдағы шағын топтардың пайда болуы, ұжымдағы шиеленістік
жағдайлар жэне оны шешу жолдары сияқгы мәселелер жан-жақты
зерттелуде.
Интерактивтік қарым-қатынас қазіргі педагогикалық техноло-
гиялардың негізін құрайды, оның барысында оқушылардың да, педа-
гогтардың да өздерін дамытуға, іске асыруға тиімді, қолайлы жағ-
дайлар жасалуы көзделеді.
¥жым ішінде бір адамның екінші адамға оң, жағымды көзқа-
расының қалыптасуы
Достарыңызбен бөлісу: