Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е



Pdf көрінісі
бет8/184
Дата14.09.2023
өлшемі5,12 Mb.
#107916
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   184
Байланысты:
педагогика-таубаева

объект
ретінде емес, 
керісінше, оны белсенді позицияга қойып оқушы түлғасын 
субъект
ретінде кабылдауы қажет. Яғни эрбір баланың жеке дара тұлға екені 
ескеріліп, оның құндылығын басты мэселе ретінде қарастырған абзал. 
Бұл идеяның негізгі мақсаты - балаға құрмет көрсете отырып оның 
өзін-өзі жеке тұлға ретінде сезінуіне жағдай жасау, өзіндік санасын, 
өзін-өзі іске асыра алу, өз күшіне деген сенімділікті арттыру сияқты 
мүмкіншіліктерін дамыту. Білім беру үдерісінің тұлғаны дамытуға бағ- 
дарлануы оқушылардың білімді менгеру арқылы накты нэтижелерге 
кол жеткізе алатындығын басты назарға алады.
Барлық дамыған мемлекеттер білім беруге инвестиция жасау- 
дың ұтымдылығын бағалай отырып, оның нәтижелілігін негізгі басым- 
дық ретінде қарастыруда. Сондықтан білімнің практикалық құнды- 
лығын арттыру мақсатында оқушылар бойында қажетті сапаларды қа- 
лыптастыру үшін олардың 
функционалдьщ сауаттылыгын
дамыту 
қажеттілігі заман талабына айналды. Кең мағынадағы 
функционалдыц
сауаттылың
білім беру үдерісінің адамдардың көп жоспарлы қызме- 
тімен байланысын кіріктіретін 
тұлғаның элеуметтік багдарлану тәсі-
лі
ретінде түсіндіріледі. Функционалдык сауаттылықтың маңыздылы- 
ғы адамның қоршаған ортамен үйлесімді қарым-қатынасқа тез бейім- 
деліп, оз білімдерін өмірлік тәжірибеде тиімді пайдалана алуында.
Әлемдік деңгейдегі функционалдық сауттылық идеясына негіз- 
делген оқушылардың оқу жетістіктерін багалаудың халықаралык бағ- 
дарламалары: (РІ8А - Рго§гат Сог ІпІета(іопа1 8іи<іепІ Аззеззтепі), 
ТІМ 88 (Тгепсіз іп Маіһетаіісз апсі Зсіепсе Зіисіу), РІКЬ8 (Рго§ге55 іп 
Іпіегпаііопаі Кеас1іп§ Ьііегасу 8Ш(1у).
13


Қазакстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы- 
ның жаңа кезеңінде 12-жылдық жалпы орта білім беру негізінде жас 
ұрпакқа білім берудің мазмұны күрделеніп, окушылардың болашак кэ- 
сіптерін саналы түрде тандай білуге бейімдеу, сол аркылы білікті жэне 
кұзіретгі маман болып калыптастыру, ел мүдцесі үшін қызмет ететін 
ерікті азаматтар ретінде тэрбиелеу эр мектептің аса жауапты міндеті. 
Байқап отырғанымыздай, қазіргі кезде білім беру барған сайын қоғам- 
дық өмірдіц барлық саласына еніп, жалпылық сипатты иеленіп, тұтас- 
тай калыптасып жатқан үздіксіз білім беру жүйесінің бір маңызды бө- 
лігі ретінде карастырылады. Бұл салада мектеп пен жогарғы оқу орын- 
дарындагы сабақтастык, мектеп бітірушілердін болашак мамандық- 
тарын 
бейіндік оқыту
арқылы дұрыс таңдай алулары, сол тандаған 
кәсіптері арқылы эр тұпганың толық өздерін іске асыра алулары 
көзделген.
1.4. 
Білім беру саласындагы өзгерістерге эсер ететін фак-
торлар.
Білім беру феномені XXI гасырдағы стратегиялық басым- 
дықгардың біріне айналу себебі оның элеуметгік мэнінің өзектенуімен 
айқындалып, білім беру жүйесінде үздіксіз реформалар енгізілу үстін- 
де. Енді осы өзгерістерді туындататын негізгі 
факторларды
карас- 
тырып өтейік.
1) Жаһандану урдісі.
Бүкіл дүниежүзілік деңгейде мемлекет- 
тердің өзара ықпапдасуына әсерін тигізіп тұрған жаһандану үрдісі 
адамдардың планета көлемінде көрініс тауып отырған экологияның 
бүлінуі, су ресурстары үшін күрес, ғаламдык жылыну қаупі, мемле- 
кетгер мен кұрлыктардын экономикапық даму деңгейлеріндегі үлкен 
айырмашылықгар, ядролық кару зардаптары, саяси тұраксыздык жэне 
терроризм секілді ауқымды мэселелерді шешу әлемдік қауымдастық- 
тың бірлесе эрекеттесуін қажет етеді.
Ағылшын тілінен аударғанда «жаһандану» сөзі элемдік, жалпы, 
бүтін, бэрін камтушы мэнін білдіреді. Жаһандануды эрі дүниежүзілік 
кеңістікке ену, эрі әлемдік қарым-қатынасқа көпұлтты кауымдастық- 
тардың кіруі ретінде түсіндіруге болады. Сонымен, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет