Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е


Оқыту әдісінің мәні мен түсінігі



Pdf көрінісі
бет228/282
Дата19.09.2023
өлшемі2,48 Mb.
#108736
түріОқулық
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   282
Байланысты:
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018 (1) (1) (1) (2)

Оқыту әдісінің мәні мен түсінігі.
«Метод» (әдіс) термині - гректің 
«method» сөзінен шыққан, ол шындыққа жақындау, күтілген межеге жету 
жолдары деген ұғымды білдіреді. Педагогикалық практи-када мұғалімнің 
сабақ беруі мен оқушы әрекетінің тәсілдері бір-бірімен тығыз байланысты. 
Бұл ретте мұғалімнің оқу жұмысы және оқушының оқу әрекеті бір-бірімен 
тығыз байланысады және өзара әрекеттеседі. 
Оқыту әдісі үш белгісімен сипатталады
: оқыту мақсаты, мең-геру, 
оқыту субъектілерінің өзара әрекет ету сипаты. Оқыту әдісінің сипаты
бойынша: 
1)
мұғалім әрекетінің оқыту тәсілі мен оқушы әрекетінің оқу әрекеті, 
олардың өзара байланысы. 
2)
оқытудың түрлі мақсатына жетудегі олардың жұмыс ерекшелігі. 
«Оқыту әдісі» түсінігін анықтаудың негізгі тәсілдері. Оқыту әдісі

мұғалім мен оқушының бірлескен оқытудың практикалық міндеттерін 
шешуге бағытталған әрекет тәсілдері. Оқыту әдісінің б ұ л анықтамасы 
оқытудың кейбір мәнді сипаттамаларын көрсетеді. Оқыту әдістерінің 
логикалық құрылымы оқу материалының мазмұнын және оқушылардың оқу 
әрекетін құруға бағынышты. 
Оқушылардың танымдық әрекеттерінің сипатына қарай оқыту. 
Түсіндірмелі-иллюстративті әдісмұғалімнің дайын ақпаратты оқушыларға әр 
түрлі тәсілдермен жеткізуінен, ал оқушылардың оны қабылдап, есте 
сақтауынан тұрады. Бұл әдіс ақпаратты беруде ең тиімді тәсіл болып табы-
лады. Бірақ бұл әдісті қолданғанда алынған бі-лімді қолдана алуға керек 
іскерлік пен дағдысы қалыптаспайды. Реп-родуктивті әдіс оқушылардың 
оқытудағы икемділігі мен дағдысын қалыптастыру үшін қолданылады. Оның 
мәні мұғалімніңтапсырмасы бойынша әрекетті қайталаудан тұрады. 
Мұғалімнің әрекеті тәжірибеден және хабарлама үлгісінен тұра-ды, ал 
оқушының іс-әрекеті үлгі бойынша әрекетгі орындаудан тұрады. 
Мәселелік әдістің мәні мұғалім оқушылардың алдына мәселені қойып, 
өзі соны шешудің жолдарын, қарама-қарсылықтарды аша оты-рып, 
көрсетуден тұрады. Бұл әдістің бағыты ғылыми танымның үлгісін 
көрсетумен және ғылыми мәселені шешу мәселесінен тұрады. Оқу-
шылардың танымдық мәселелерді өзіндік шешуге бірте-бірте жақын-дауы 
мақсатында жеке іздестіру әдісі немесе оқытудың эвристикалық әдісі 
қолданылады. Оның мәні мұғалімнің мәселелі тапсырманы бір-неше бөлікке 
бөлуінен, оқушылардың оны шешудегі ізденістерінен тұрады. 
Оқыту әдістері бір-бірінен оқушылардың материал мазмұнының әр 
түрлерін игерудегі танымдық іс-әрекеттерінің сипатымен және оқушылардың 
осы іс-әрекетін ұйымдастырушы мұғалім іс-әрекетінің сипатымен 
ерекшеленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   282




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет