300
Білімнің саналылығы
–
білімнің, ішкі байланыстардың мән-ділігін
түсіну, талдай, салыстыра, дәлелдей, жан-жанты аша, бағалай және түсіндіре
білу. Оқушы: а) сабақтағы түсініктер мен айғақтар өзара қалай
байланысқанын, не қандай нәрсеге бағытталағандығын, не
қандай нәрседен
шығатындығын көрсете алады; ә) оқылатын құбылыс-тардың ортақ
ерекшеліктерін тауып, оларды салыстыра алады; б) құ-былыстың, оқиғаның
және т.б. себептерін аша алады; в) жан-жақты түсіндіріп, түйін және
қортынды жасай алады. Білімнің тереңдігі
бе-рілген білімнің басқалармен,
оған ұқсас білімдермен саналы байланыс-тығымен сипатталды.
Білімнің оперативтілігі оқушының ұқсас және вариативті
жағ-
дайларда білімді пайдалана алуға даярлығын қарстырады. Оқушы өз білімін
қолдана алатын жағдайлар көп болса, білімнің оперативтілігі соғұрлым
нақты көрінеді .
Білімнің жүйелілігі
кейбір
білімнің жиынтығын, иерархиясын және
тізбектілігін саналы түрде мойындауын, яғни, бір білімді екінші біреулері
үшін базалық білім ретінде мойындауын болжайды.
Білімнің беріктілігі
– барлық көрсетілген
сапалардың саны мен
тұрақтылығы. Ол интегралды сапа болып табылады.
Білім сапасының әр алуан түрлерін айта отырып, мынадай анықтама
беруге болады.
Білім сапасы
– оқушылардың оқу-танымдық іс-әре-кетінің
нәтижесін сипаттайтын салыстырмалы
тұрақты білім құрылы-мының
біртұтас жиынтығы.
Педагогика ғылымында білім сапасын мақсат пен нәтиже бірлігі
ретінде қарайды. Белгілі ғалымдар С.Е. Шишов пен В.А. Кальней білім сапа-
сын тұлғаның кәсіби, азаматтық біліктіліктерінің қалыптасуы мен мақ-сатқа
жетуі арқылы түсіндіреді. Осы айтылған тұжырымдарды сара-лай келе, білім
сапасын тек білім алудағы қабілет пен білімнің қалып-тасуы ғана емес, жеке
тұлғаның жалпы адамзаттық құндылықтарының,
жеке қасиеттерінің және
әлеуметтік қоғамға бейімделу қасиетте-рінің жиынтығы деп алуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: