Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е



Pdf көрінісі
бет226/282
Дата19.09.2023
өлшемі2,48 Mb.
#108736
түріОқулық
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   282
Байланысты:
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018 (1) (1) (1) (2)


 
10.6.Мұғалімді сабаққа дайындау жүйесі.
Мұғалімнің сабаққа 
дайындалуы өзара байланысты екі кезеңнен түрады: сабақ жүйесін та-қырып 
бойынша жоспарлау және осы жоспарды әрбір сабаққа нақты-лап ойластыру, 


290 
басқа да жеке сабақтардың жоспарын құру. 
Тақы-рыптық жоспарлау.
Тақырыптық жоспарлау оқу бағдарламасының "белгілі бір бөлімінде, оқу-
тәрбие үдерісінің сабақ жүйесінде білім жетілдіруді анықтаудың ең қолайлы 
тәсілі. Бұл жүйеге дидактикалық негізгі мақсатқа байланысты, әр түрлі 
сабақтар, сонымен қатар оқушы-лармен сабақта және сабақтан тыс жұмыс 
жасауды ұйымдастыру кіре алады. Тақырыптық жоспарлаудың сәтті болуы 
мұғалімнің оқушыға берілетін білім қаншалықты дәрежеде, олар не меңгеріп, 
үйренуі ке-ректігін нақты анықтауына байланысты. Сол себепті де 
тақырыптық жоспарлау мұғалімнің белгілі бір тақырыпты қамтып, мұқият 
дайын-далуынан басталады. «Оқушылардың тәрбиесі, дамуының нәтижесі 
са-бақта бірден байқалмаса, бұл мәселелерді ұзағырақ уақытқа жоспарлау 
қажет. Тек осындай алдын ала жүргізілетін жұмыстың нәтижесінде 
тақырыптың 
жоспардағы 
"пайда 
болған" 
сабағын 
көруге 
болады.Тақырыптық жос-парлау жүйесін барынша сәтті, ғылыми тұрғыда 
ұсынған педагог М.И. Махмутов болды. 
 
Тақырып және сабақ бойынша жоспарлау. 
Сабақ жоспары – бұл 
шығармашылық ізденістің басы, сабақты әсерлі өткізудің құралы, 
дарындылықтың іргетасы және таланттың көрінісі. 
Сабақтыңмақсаты
- бағдарлама материалының мазмұнына, мектепте 
материалдық базасына, оқушылардың оқу материалы мен жұмысының 
сипатына сүйене отырып анықталады. Мұғалім оқушы-лардың түсініктермен 
жұмыс барысында белсенділігін оятатын мате-риалды іріктейді, қорытынды 
сұрақтар, мәселелік міндеттер арқылы бағыт-бағдар береді, сабақ 
құрылымын айқындайды. Сабақ жоспарын-да сабақ тақырыбы мен сабақ 
өткізілетін сынып, сабақтың дидакти-калық міндеттері, нақтыланған 
мақсаты, материалдың қысқаша маз-мұны көрініс табады, оқушылардың 
танымдық әрекетін, әдістерін, оқу құралдарын ұйымдастыру формалары 
анықталады. Бұл жұмысты орындағанда бұрынғы меңгерілген тірек білімдер 
өзектендіріледі, жа-ңа білімдер мен әрекет тәсілдері қалыптасады, оқытудың 
түрлі жағдай-лары оларды қолданудың дағдылары, оқушылардың оқу 
әрекетін ба-қылау және түзету, білмеуден білуге карай жылжуда қажет 
танымдық және практикалық іскерлікті сабақ үстіндегі оқу-танымдық және 
прак-тикалық міндеттерді шешуде дамыту керек. Оқу жүйесінде оқушының 
келесі сабаққа дайындалуы былай анықталады: 
-
оқушыларды тақырып бойынша құрылған жоспармен таныстыру; 
-
оқушыларды оқулықтың жекелеген бөлімдерінен хабардар ету, 
ғылыми және көркем әдебиет оқыту, жаңа материалды меңгертуге ықпал 
ететін пайдалы тәжірибелерді қолданып, бақылау өткізу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   282




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет