Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е



Pdf көрінісі
бет263/282
Дата19.09.2023
өлшемі2,48 Mb.
#108736
түріОқулық
1   ...   259   260   261   262   263   264   265   266   ...   282
4)
 
Оқытудың жобалау технологиясы
. Бұл технологияның негізін 
американдық педагог Дж.Дьюи қалаған деп есептеледі. Жоба-лау 
технологиясы проблемалық оқыту технологиясының идеяларымен үндеседі, 
бірақ өзіндік ерекшеліктері бар. Оның басты айырмашылығы балаларға 
тапсырмалар берудің өзгешелігінде. Оқушыларға берілетін тапсырмалар 
олардың теориялық білімдерді нақты өмірлік тәжірибеде қолдана алуларына 
бағыттайды. Оқушылар өзіндік ізденіс үдерісінде алдарына қойылған
мәселенің немесе тапсырманың шешімін тауып, оның дұрыстығын дәлелдеп 
қорғап шығулары талап етіледі. 
Мұғалім бұл технология бойынша тек бағдар беруші рөлін ұстанады: 
оқушыларға әдебиет көздерін оқуды, өз беттерінше жұмыс істеу тәсілдерімен 


336 
таныстырып отырады. Ең ұтымды жағы - оқушылардың танымдық әрекетке 
қызығушылығының артуы. Оқушылар алған академиялық білімдерінің нақты 
өмірлік тәжірибедегі құндылығын, болашақта қажеттілігін осы жобалық 
тапсырмаларды орындау арқылы жақсы түсінетін болады.
Жобалау технологиясы бойынша оқушылардың өздік жұмыстарын 
орындау түрлері төмендегідей жіктелуі мүмкін: жеке іс-әрекет; жұптық іс-
әрекет; топтық іс-әрекет. Жобаны орындау үшін нақты бір уақыт мерзімі 
бекітіледі. Осы уақыт ішінде жобаны орындаушылар өздерінің меңгерген 
теориялық білімдерімен қатар, жеке тәжірибесі негізінде түрлі салалардағы 
жинақтаған білімдерін жүйелейді. Орындалған жобаның нәтижесі нақты 
және практикада қолданылатын болуы керек. 
Жобалау технологиясы мына талаптарға сай жүргізілуі тиіс: 
-
берілген тапсырманың шығармашылық тұрғыдан қызықты болуы,
жан-жақты ізденіс әрекетін талап етуі; 
-
күтілетін нәтижелердің практикалық, теориялық, танымдық
құндылығының жоғары болуы; 
-
жоба (жеке, жұптық, топтық) міндетті түрде өзіндік орындалатын іс-
әрекет болуы керек; 
-
жобаның мазмұнының нәтижелерге жету кезеңдері бойынша 
құрылымдануы; 
-
зерттеу әдістерінің қолданылуы: зерттеу проблемасын, мін-деттерін, 
болжамын анықтау, жинақталған мәліметтерді талдау, ста-тистикалық 
әдістерді қолдану; 
-
жоба тапсырмасын орындауда пәнаралық байланыс негізінде білім 
интеграциясының болуы ; 
-
орындалған жоба нәтижесінің қорытынды формасының мате-
риалдық сипатта өткізілуі: 
бейнефильм, альбом, презентация,сайт, мақала, 
т.с.
с.; 
-
жобаның көпшілік алдында талқылануы, қорғалуы, құнды-лығының
дәлелденуі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   259   260   261   262   263   264   265   266   ...   282




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет