Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е


кооперация – топ ішіндегі адамдар бір-біріне көмектесе отырып  ортақ мақсатқа жетуді көздейді.  2) конкуренция



Pdf көрінісі
бет54/282
Дата19.09.2023
өлшемі2,48 Mb.
#108736
түріОқулық
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   282
кооперация
– топ ішіндегі адамдар бір-біріне көмектесе отырып 
ортақ мақсатқа жетуді көздейді. 
2)
конкуренция
– топ ішіндегі адамдар бәсекелестік жағдайында бірі 
бірінен озып шығуға тырысады. Бұл бәсекелестікке таласуды шиеленіске 
бармайтындай етіп ұйымдастыру мұғалімнің құзырында.


51 
Педагогикалық 
үдерісіндебелсенді 
қарым-қатынас 
барысында 
оқушылардың өзара ақпраттармен алмасуларымен қатар олардың өза-ра 
ынтымақтастық 
әрекеттеріне 
бейімделулері 
маңызды. 
Сондықтан
мұғалімдер оқытудыңбелсенді әдіс-тәсілдер жүйесін жақсы меңгеруі қажет.
Перцептивтік қарым-қатынас
басқа адамның ішкі жан дүниесін 
сезіне алу (perceptio - қабылдау, сезіну, психикалық түйсіну қызметі). 
Перцепция – сезім органдары арқылы алынған ақпараттарды өңдеу мен 
танудың, түйсінудің психикалық қызметі. Әрине, даму үстіндегі тұлғаның
ішкі жан дүниесін түсіну күрделі үдеріс. Бұл қа-білет көбінесе 
психологтарда, дәрігерлерде, педагогтарда жақсы дамы-ған. Адамның өзін 
басқаның орнына қоя алып, оны сөзсіз түсіне алуы, сезінуі
эмпатия
деп 
аталады. Әсіресе мұғалім мен шәкірт арасындағы қарым-қатынаста эмпатия 
арқылы балалардың тұлғалық қасиеттерін бағалауға болады. Сонымен 
педагогикалық іс-әрекеттегі эмпатия – мұғалімнің өз шәкіртінің ішкі жан 
дүниесін сезіне алуынан, өзін оның орнына қоя алуынан байқалады. 
Педагогтың эмпатиялығы оқушылар-мен тығыз қарым-қатынастағы 
кикілжің, шиеленіс жағдайлардан тиім-ді жол тауып шығуына көп септігін 
тигізеді. 
Перцептивті қарым-қатынасты ұйымдастыру үшін оқушылар-дың 
психофизиологиялық, жас және дербес ерекшеліктерін жақсы меңгеру қажет. 
Неғұрлым мұғалім шәкірттерін түсінуге ұмтылған сайын оқушылар да 
мұғалімге түсінушілікпен қарайтын болады. Бұл жағдайда педагогикалық 
үдерісінің екіжақтылық сипаты айқын бай-қалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   282




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет