Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е



Pdf көрінісі
бет219/282
Дата19.09.2023
өлшемі2,48 Mb.
#108736
түріОқулық
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   282
Байланысты:
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018 (1) (1) (1) (2)

 «Синквейн жазу» әдісі.
«Синквейн» француз тілінен аудар-ғанда 
белгілі бір ережемен жазылатын бес жолдан тұратын өлең деген-ді білдіреді.
Синквейн жазылу тәртібі: Бірінші жолға бір сөзден тұра-тын - зат есім. Бұл 
синквейннің тақырыбы. Екінші жолға синквейннің тақырыбын ашатын – екі 
сын есім. Үшінші жолға синквейннің тақы-рыбына қатысты іс-әрекетті 
сипаттайтын үш етістік. Төртінші жолға тақырыпқа қатысты бірнеше 
сөздерден құрал-ған сөйлем. Ол қанатты сөздер, дәйексөз немесе білім 
алушы тұрғы-сынан айтылатын мәнмәтіндегі сөйлем болуы мүмкін. Соңғы 
жол – бұл түйіндеме-сөз, тақырыпқа жаңа түсіндірім беріп және оған өзінің 
жеке қатынасын білдіруге мүмкіндік береді. Мүмкіндігінше синквейннің 
тақырыбы эмоционалды болуы тиіс. 
«Ақыл картасы» әдісі.
Ақыл картасымен жұмыс істеу техно-логиясын 
Тони Бьюзен қатысушылардың визуалды ойлау қабілетін да-мыту үшін 
құрастырған. Ережелер орындалуы керек. Қағаз көлденең жатуы тиіс. Ең 
негізгі элементі карта ортасында орналасады. Осы карта туралы адамның 
аты, кітаптың атауы, жоспардың атауы. Орталық мін-детті түрде түрлі-түсті 


283 
болуы тиіс, кем дегенде үш түсті. Ал қалған-дары осы орталықтың 
айналасында орналасады. Карта – бұл ағаш. Тұтастық – ол дөңгелек. 
Дөңгелек – тұтастықтың белгісі. 
Барлық тақырыпшалар міндетті түрде бір-бірімен байланысты болуы 
керек. Әйтпесе ол карта емес, тағы мәтін болып кетеді. Әсіресе ортадағы 
тақырыпты басқа тақырыпшалармен байланыстыратын сы-зықтар маңызды. 
Бұл сызықтардың әрқайсысының өзіндік түсі, формасы болады және бұл 
сызықтарда сөздер (тек сөйлем емес) жазылуы мүмкін. Мысалы, 
тақырыпшаларды гүл түрінде құрастыруға болады. Жасыл түсте-маңызды 
емес шаруалар, көк түсте-міндетті ша-руалар, қызыл түсте -шұғыл шаруалар. 
Суреттер ақыл картасындағы ең маңызды элементтер, осының арқасында 
картаны оқу және түсіну біршама жылдам болады. 
Әрбір маңызды желі немесе тораптан келесі топиктардың желі 
сызықтары тарайды (бұл, мысалы, шеңбер, немесе сопақша, немесе ромб). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   282




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет