Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е



Pdf көрінісі
бет108/301
Дата16.10.2023
өлшемі2,62 Mb.
#116485
түріОқулық
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   301
Байланысты:
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018

Педагогикалық 
әрекеттің 
инновациялық 
бағыттарына 
Конституция мен «Білім туралы» 
Заңда жарияланған жаңа білім саясатындағы, білім 
жүйесіндегі әлеуметтік
-
экономикалық жаңартулардың 
пайда болулары әсер етеді. Бұл саясаттың түпкі 
мағынасы 

білім беру мазмұнын гуманитарландыруға, 
оқу пәндері құрамының, көлемінің өзгеруіне, жаңа оқу 
сабақтарын енгізуге, мұғалімдердің педагогикалық 
жаңалықтарды қабылдауына қатынасын өзгертуінде. 
Мектеп тәжірибесін жаңарту жолдарына жеке 
тәжірибенің дамуы; басқалар жасаған тәжірибені алу
ғылыми жазылымдарды меңгеру; қателер мен 
сынақтар әдісі; эксперимент жатады.
Инновациялық әрекет кезеңдері
Инновация 
идеяның пайда болу кезінен бастап тәжірибеге енгенге 
дейін бірнеше кезеңдерден өтеді: білім беру және 
тәрбиелеу міндеттерін шешу туралы негізделген
ұсыныс, әлгі әдістеменің кең қолданылуы, толық 


103 
игерілуі. Инновацияның жасалуы және дамуы 
мәселелерді шешуге керек жаңа қағидаларға жеткенше 
жүргізіледі. Осындай ыңғай ұсынылған идеялар мен 
ұсыныстардың дамуын сақтауға, тәжірибелік әсерін 
талдауға, жаңалықтар енгізу көлемін сақтауға жағдай 
жасайды. Жұмыстың жаңа формаларын игеру үшін 
белгілі бір уақыт, соған сәйкес жабдықтау, 
мұғалімдерді 
дайындау, 
жаңаша 
жағдайларда 
ұжымдардың жұмысқа дайындаулары қажет.
Әртүрлі
жағдайларда жаңалықтарды қолдану 
сипаты мұғалімдердің мамандық деңгейіне, мектеп 
оқушыларының қабылдау дәрежесіне, өмір сүру 
салтына 
байланысты. 
Психологиялық 
және 
педагогикалық мақсаттың бірегейлігі идеяларды іске 
асыру үшін әртүрлі әдістер мен қосымша зерттеулерді 
талап етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   301




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет